Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі еңбекақы және

          әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру жолдары

 

Елдегі жоғары өмір сүру стандарттарының қарқынды дамуы сол мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Тәуелсіздік жылдарындағы халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әл ауқатын жақсарту саласында жүргізілген реформалар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық басым бағыттарының бірі болды.

Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақ­стандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыз­дандырудың, міндетті әлеу­меттік сақтан­дырудың, жинақ­таушы зейнет­ақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыз­дандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның эконо­микалық және қаржылық мүмкін­дікте­рімен айқындалып отырады.

Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республи­ка­сының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың айқындап берген Қазақстанды дамытудың страте­гиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемле­кеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың  әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған, Қазақ­стан Республикасының 2050 жылға дейінгі дамуының страте­гиялық жоспарын жүзеге асыруда.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының (ХӘҚА) зерттеулері әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жетіспеушіліктерін де анықтады. Жұмыссыздықтың өсуі жарналардың жиналуына да әсер етті және жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындардың шығуын туындатты. Соған қарамастан көптеген елдердің үкіметтері әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономиканың құлдырау кезіндегі тұрақтандырудың тетігі ретінде қолданады.

Үстіміздегі жылы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан Дамуының басты бағыты» атты Ел басының Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басым­дықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру екендігі нақты айтылған. Осы мақсат­та жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар  ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтан­ды­рулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-эконо­микалық даму­дың маңызды құралы болып табыла­тынын көрсетті. Дамыған елдер­дің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, эко­номикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің –  қызмет­керлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

Қай кезде болмасын халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік қорғау саласының сарапшылары үшін міне биыл үшінші жыл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің, оның ішінде әлеуметтік сақтандырудың аса өзекті және маңызды мәселелерін бірігіп талқылау үшін Қазақстанда жиналу дәстүрге айналып отыр.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.

Халықтың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты мақсаты болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз азаматтардың әлеуметтік қолдауға зәру секілді белгілі бір топтарын жүйелі және тұрақты түрде ерекше қамқорлыққа алады.

Осы орайда зерттеу жұмысында жүргізілген жан-жақты талдаулар келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Әлеуметтік қорғаудың негізгі даму жүйесі ретінде қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік әл – ауқатына рационалды бөлудің бес субъектісі: мемлекет, аймақ, жұмыс беруші, жұмыскерлер мен қоғамдық қайырымдылық

Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты – қоғам мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер беруге, сондай-ақ мемлекеттің мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж топтары әлеуметтік қорғауға бағытталады. Ол экономикалық саясаттың келеңсіз зардаптарын азайтуды экономикалық тиімділікпен әлеуметтік әділеттілікті ұштастыруды мұрат тұтады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыру тұжырымдамасын дайындауда  негізгі бес институционалдық нысандарды  бөліп көрсетуге болады:

- мемлекет бюджеті арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік көмектер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет атқаратын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау (әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері);

- міндетті әлеуметтік сақтандыру;

- жұмыскерлер немесе жұмыс берушілер қаржылары арқылы жүргізілетін ерікті жеке сақтандыру;

- жұмыс берушінің қаржылары арқылы жүргізілетін әлеуметтік қорғау, яғни корпоративтік қаржыларды әлеуметтік қорғауда қолдану;

2. Аймақ деңгейіндегі әлеуметтік қорғау жүйесі ғылыми принциптерде қалыптасулары, әлеуметтік проблемаларды практикалық жүзеге асыру әдістерінен тұруы, унификацияланған көзқарастар мен ұсыныстарды дайындаудың мүмкін еместігін алдын ала анықтайтын аймақтық экономикалық, құқықтық демографиялық ерекшеліктерін ескерулері тиіс.

3. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасы ету саясатын жүзеге асыруда бірқатар кемшіліктер бар. Халықтың әлеуметтік осал категорияларын әлеуметтік  қорғау бойынша қабылданған жеке бағдарламалар аймақтық әлеуметтік саясаттағы күштердің өзара шиеленісуінің және координациялануының болмауын көрсетеді. Облыс деңгейінде сол немесе басқа проблемалардың болжамы мүмкіндігінің болмауын бюджеттік сияқты жеке тартылған қаражаттарды да жеткіліксіз түрде тиімді пайдалануын білдіретін аймақтың әлеуметтік дамуының өзіндік перспективті бағдарламасы жоқ.

4. Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.

Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

5. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

6. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (70-бабы)

2. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» кодексі

3. Д.Ә.Жампейісов – «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы»оқулығы

4.Экономика предприятия: Учебник / Под ред. Н.А. Сафронова – М.: Юрист – 2005 г.

5.Бухалков М. И. Внутрифирменное планирование: Учебник. – М.: Инфра – М, 2000.

6.Егоров Ю. Н., Варакута С. А. Планирование на предприятии. – М.: Инфра – М, 2001.

7.Х.Мұрсалов-«Еңбек ақы төлеу есебі»оқулығы

8. Самуэльсон П. Экономика Т.1.М.: НПО «Алгон», 1992.

9. Бухгалтерлік есеп және аудит. Алматы-2003 ж.

10. Қазақстан Республикасының . « Тұрғындарды еңбекпен қамту заңы » 23.01.2001жылғы 

11. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заң, 26.12.95, 2002ж

12. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030жыл.

13. Булатов А. С. «Өтпелі экономика кезеңінде еңбек ақыны реттеу» //Қазақстандағы еңбек //. -2004 жылғы .-01. 7-10 беттер 
14.
Берешев С. «Еңбекпен қамтудың ерекшеліктері » // Қазақстандағы еңбек .-2004 жыл. - 9 . 4-8 беттер
15.
Еңбек ақы қорына кіргізілетін төлемдер туралы //Бухгалтер.// -2007жылғы .-6 беттер.

 

Арнайы сайттар тізімі:

1.     http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P970000170_

2.     http://www.trk.kz.mht

3.     http://www.rusnauka.com/2_KAND_2012/Ecologia/2_99055.doc.htm

4.     http://leit.ru/modules.php?name=Pages&pa=showpage&pid=1223(Япония)

http://www.stat.kz