Ермаханова Айнур, магистрант
«Астана» Университеті
«экономика»
мамандығы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу мен қолдау мәселелері және оларды тиімді
шешу жолдары
Жеке кәсіпкерлікті
реттеу мен қолдау саласындағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша
құны бар жаңа жоғары технологиялық
өндірістерді құруға ұмтылған шағын
кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға
бағытталған.
Қойылған
мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының
индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың
бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылым құрамында жеке
кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын
бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы
осындай мекемелер қатарына:
- мемлекеттік
және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;
-
үкіметтік емес мекемелер;
- коммер
циялық мекемелер кіреді.
Функционалды
бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы
былай анықталады:
-
бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы
кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау;
-
қаржылық қолдау;
-
ақпараттық - талдау жағынан қолдау;
-
кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы
қолдау;
-
материалдық-техникалық жағынан қолдау.
Ұйымдастыру
және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз
инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы
кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын
құрастыра аламыз.
Әрбір
кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы
әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті
шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік
мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың
басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Қазақстанда
тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңінде кәсіпкерлікті
мемлекеттік қаржылық қолдаудың жүйесі
қалыптасты: субсидиялау, жеңілдікті несиелер, дотация, салық
жеңілдіктері және т.б. Қаржылық қолдау беру
жүйесі біршама ықшамдалды. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық жағдайын күшейту,
республикалық бюджеттің қалыптасуының
тұрақтылығы арқылы қоғамдық
өндірістің басым бағыттағы және жоғары
мәнге ие салаларына бюджеттік субсидия бөлу әдісімен
мемлекеттік қолдаудың формаларын нығайту үшін
экономикалық алғышарттар жасалды:
-
макроэкономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету;
-
экономиканы жаңғырту және
әртараптандыру;
-
аймақтық деңгейде өндірістік
факторларды пайдалану тиімділігін арттыру.
Кәсіпкерлікті
қаржылық қолдау қазіргі әдіснамасы біршама
кемшіліктерге ие. Бұл алдымен отандық және импорттық
өнімді тең емес бағалық шарттарға қоятын
өндірілетін өнімнің төмен үлестік салмағы;
қаржылық қолдау жүйесі өнімді алуға тауар
өндірушілерді толықтай қызықтыра алмайтындығына
байланысты. Қаржылық қолдау алушылардың, ең алдымен
өнім алуға, өндірісті техникалық қайта
жарақтандыру мен замануи технологияларға өтуге
қызығушылықтарын тудыру үшін мемлекеттік қолдау
шараларының ынталандырушы рөлін күшейту талап етіледі. Осы
ретте қолдаудың бағдарламалаар түрде сараланған
нормативтері енгізілді, яғни өндірісті жаңартумен
айналысатындар, заманауи технологияларды қолдана білетін тауар
өндірушілер қаржылық қолдауды жоғарылатылған мөлшермен алады. Әлемдік
экономиканың жаһандануы кезеңінде мемлекеттік реттеудің
әдіснамасы көп нұсқалы талдамалық және
болжамдық есептеулерді қамтамасыз ететін
экономикалық-математикалық үлгілеу және олардың
бағдарламалық жүзеге асу құралдарын пайдалануды
ұсынады.
Кәсіпкерлік
қызметті субсидиялаудың шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің өнімдерді өткізу және қызмет
көрсетуден түскен кірісіне әсерін анықтау үшін
бір факторлы регрессия әдісімен эконометрикалық үлгі жасалды.
Эконометрикалық үлгі факторлық айнымалылар мәндерін
қолдана отырып субсидияның
b0 бірлікке
өзгеруі әсерінен ауыл шаруашылығы жалпы өнімінде пайда
болатын өзгерісін көрсететін бағалаушы үлгі
анықталды:
(1)
мұнда х –
кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген субсидия;
y - шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерді өткізуден
және қызмет көрсетудентүскен кірісі
- эконометрикалық үлгі коэффициенттері.
Үлгінің
нәтижелі көрсеткіші ретінде шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің өнімдерді өткізуден және қызмет
көрсетудентүскен кірісі (У), ал факторлық көрсеткіштер
ретінде кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген субсидия
көлемі (Х) алынды. Алынған үлгі келесідей көрініске ие:
У = 7,6*105
+ 31,2*Х
(2)
1 суретке
сәйкес бастапқы мәліметтер ретінде соңғы бес жыл,
яғни
2007-2011 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы
экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлік
салалары бойынша негізгі көрсеткіштер серпіні туралы есептілігінен алынды,
сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдау саласына бөлініп
жатқан мемлекеттік қолдау қаражаттарының тиімді
әсерін байқауға болады (Сурет 1).

Сурет 1 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден
түскен кірісі, млн. теңге
Ескертпе: зерттеу нәтижесінде автормен
құрастырылған
Жыл сайын өсімді 10% деп алыну себебі келесідей. ДСҰ нақты өнім үшін қолдау
деңгейін өнім құнының 5%-дан 10%-ға дейінгі
меже аралығын белгілеген. Қазіргі таңда Үкіметпен
көрсетіліп жатқан қолдау деңгейі бұл межеден
әлдеқайда төмен. Демек, бізге кәсіпкерліктің
барлық түрін қолдауды қысқартпай, керісінше
қолдауды арттыруға мүмкіндігіміз бар. ДСҰ отандық
шағын және ортакәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін
қолдау шараларына жан-жақты және қатаң
қарайды. Субсидия түрлерінің халықаралық сауданы
бұрмалау әсеріне қарай әртүрлі
категорияларға бөледі. Біріншісі
саудаға теріс ықпал етпейтін шаралар – «жасыл себет», екіншісі
саудаға теріс ықпал ететін шаралар – «сары себет», үшіншісі
саудаға теріс ықпалын жоғары дәрежеде көрсететін
шаралар – «тыйым салынған субсидиялар». Қазақстанға қатысты бұл
қиындықтар тудырмайды. Себебі, ДСҰ экспорттық
субсидиядан басқа қолдау түрлерін шектемейді.
Сурет 2-ке
сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің өнімдерді өткізуден және қызмет
көрсетуден түскен кірісі факторлық көрсеткіштер
әсеріне 2012-2015 жылдар аралығында болжам көрсетілген.
Басқа көрсеткіштер тұрақты деп алғанда,
кәсіпкерлікті қолдау мақсатында субсидия мөлшерін жыл
сайын 10%-ға өсіру жағдайында әр 1 млн. теңге
субсидия әсері кәсіпкерліктің жалпы өнімінің
312,4 млн.теңгеге өсуіне алып келеді
(Сурет 2).

Сурет 2 - Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерді
өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кірісіне
факторлық көрсеткіштер әсерін болжау
Ескертпе: зерттеу нәтижесінде автормен
құрастырылған
Үлгі бойынша
бір факторлы регрессияның сызықтық функциясының
параметрлері анықталды: α = 7,6*105, b0=312,496785644118 шамасында. Үлгі жасау барысында y айнымалысына хфакторының
әсерінің тығыздығын бағалалайтын корреляция
коэффициенті анықталды, ол [0; 1]
аралығында орналасқан,
яғни R = 0,881737456,
бұл x факторының y
факторына, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері кірістеріне
кәсіпкерлікті субсидиялау әсерінің күштілігін көрсетеді. Алынған нәтиже
негізінде сызықтық функцияны тиімді үлгі ретінде алуға
болатынына көз жеткіздік. D=R2=0,7774609425, детерминация
коэффициенті y-тің мәндерінің ішінде x-ң
мәндерінің үлесінің 76% екендігін көрсетеді,
және ол 0≤D≤1 аралығында жатыр, бұл да осы
үлгінің мәнді әрі сенімді екенін дәлелдейді, ал
қалған 24% ескерілмей қалған факторлар үлесі.
Эконометрикалық үлгі бірқатар
ұйғарымдар негізінде
жасалғандықтан оны
статистикалық талдау қажет. Бұл ұсынылған
үлгінің бастапқы пікірге қайшы келмейтіндігін
және оның болжау құралы ретінде тиімді екендігі туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін Фишер
коэффициентін анықтаймыз. Бұл бір факторлы
регрессия үшін Фишер критерийі, яғни Fфакт=10,480779анықталды
және Fкесте
мәнінен жоғары болды (Fфакт=10,4) > (Fкесте=4,96),
яғни бұл үлгідегі көрсеткіштері шынайы және
тұрғызылған үлгінің маңызы бар. Сонымен,
мынадай қорытынды жасауға болады: Fкесте-бөлісіне
Fфакт жатпайды, яғни
ұсынылатын регрессия үлгісі маңызды. Олай болса x, y
мәліметтері мәнді, маңызды. Икемділік коэффициентіне
қарап мынадай шешімге келеміз: Эух=0,8,
яғни субсидия мөлшері 1%-ға өссе, басқа факторлар
өзгеріссіз болғанда шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің табысы 0,8 %-ға өседі.
У = 7,6*105 +
31,2*Х үлгісінен у айнымалысына субсидия факторының күшті
әсер ететінін анықтауға болады. Детерминация коэффициенті мен
Фишер критерийінің есептік мәні 76 % дәрежедегі
мәнділік деңгейінде үлігінің барабарлығын
(адекватность) көрсетеді. Үлгі барабар болып есептелінеді, егер
нақты нөлдік гипотезаға қайшы келмесе, бұл
дегеніміз – факторлар кеңістігінің бақыланатын
аумағында нəтиже көрсететін есептік мəн шартты
математикалық үмітке тең болады. Факторлық
көрсеткіштердің коэффициенттері кәсіпкерлік саласын
мемлекеттік қолдаудың оң әсерін анықтайды.
Жасалған
үлгі кәсіпкерліктің одан әрі дамуы мен субсидия
түріндегі мемлекет тарапынан қолдау шараларының тікелей
байланысты екендігін көрсетті. Бұдан субсидияның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден
түскен кірісіне тиімді әсер ететіндігін,
сондай-ақ субсидия тетігінің кәсіпкерліктің дамуына
оң ықпал көрсететінін байқаймыз. Үлгі бойынша
субсидияның кәсіпкерлік салаларының дамуына тиімділігіне
дәлел болатын үш критерий қолдалынады:
1.
Экономикалық. кәсіпкерлікті қаржыландыруға
қолжетімділігін кеңейту үшін субсидиялау тетігін жетілдіру.
2.
Әлеуметтік. Мемлекет
субсидия сияқты қаржылық тетіктер арқылы
экономикалық субъектілер арасында қаражаттарды қайта бөле
отырып олардың әл-ауқатын арттырады.
3.
Өндірістік. Кәсіпкерлік қызметті
жарақтандыру үшін мемлекеттік қолдау ала отырып,
өндірісті жандандыруға, заманауи техника мен технологиялар енгізу
арқылы рентабельділікті арттыруға ұмтылады.
Саланы дамыту
үшін бөлінетін субсидияның оң ықпал көрсету
кезінде қаржылық бұзушылық жасауға және
кейін оны бүркемелеуге алығашарттар жасайтын теріс жақтары
бар. Бұл субсидияны пайдалану тетігін анықтауды нақты
жүргізуді талап ететін субсидиялауды регламенттейтін арнайы ережелердің
жоқтығы немесе мемлекеттік қолдаудың осы түрін
жүзеге асыруда ортақ әдістеменің болмауынан,
салалық министрліктерімен субсидиялау тетігін жетілдіру мәселелері
болмауынан, сондай-ақ қойылған мақсаттардың
соңғы нәтижеге сәйкес келмеуінен орын алады. Қаржылық
бұзушылықтардың кең тараған түрлеріне
субсидияны мақсатсыз пайдалану, олардың тиімсіз пайдаланылуы
жатады. Бұзушылықтар ішінде үлкен үлесті берілген
субсидияларды заңсыз пайдалану алады. Көп жағдайда
субсидиялар жасанды көтермелеген бағалау арқылы пайдаланылады,
бағдарламалар мен арнайы құжаттамада
қарастырылмаған шығындарды өтеу жүргізіледі,
жүргізілген бір жұмысты қайталап есептеу, сонымен бірге
жанар-жағар май материалдарын белгіленген нормадан жоғары
деңгейде жұмсауға пайдаланылады. Субсидияны заңсыз
пайдалануға сондай-ақ мақсатты бағдарламалар мен
құқықтық актілерде қарастырылған
шараларға қатысушы қатарында жоқ субъектілерге беру
жатады. Көп кәсіпорындар субсидия түрінде көп
қаражат алу үшін есептілікті бұрмалайды.
Көрсетілген
бұзушылықтарды жою үшін әлемдік тәжірибеде
түрлі шаралар жасалады. Мысалы, Австрияда субсидиялаудың
әрбір бағдарламасына мемлекеттік қаражатты бөлу
тиімділігін көрсететін көрсеткіштерге, қатаң регламенттерге,
субсидия алушылар үшін субсидиялау саясатының ашықтығы
мен ақпараттық қамтудың толықтығына
негізделген мемлекеттік субсидия бөлудің жалпы стратегиясы
қалыптасқан. Францияда субсидия алуға үміткер
субъектілер екі критерий бойынша тексеріледі: мақсаттық сипат
және субсидия тиімділігі, сонымен бірге субсидия алушылардың
қызметінің түрі мен мақсатына қарай субсидиялау
тәуекелі бағаланады.
Мемлекеттен
кәсіпкерлікті қолдауға қаражаттардың
бөлінуі және пайдалануы жөнінде жүргізілген талдау
бөлінген қаражаттардың толық көлемде
игерілмеуінің себебін анықтады – бұл мақсатты
бағытталған трансферттерді жоспарлау сапасының
төмендігінен, аймақтарда инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру тетіктерінің жетілмегендігі, республикалық және
жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарламаларға жауапты
администраторлардың жоқтығы.
Қорытындылай
келе, бөлінетін қаржылық қолдау ерекшелігін және
оның экономика салаларының дамуына әсерін ескере отырып
бюджеттік қаражаттар көлемін жоспарлау мәселесін қайта
қарау қажет екенін байқаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты»
атты кезекті Жолдауы // Егемен Қазақстан.- 2012 .-27
қаңтар
2.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:
оқу құралы; – Алматы // 2009.-218
3.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының
ресми сайты - http://www.damu.kz/
4.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының
бизнес-порталы: «Бизнестің жол картасы-2020» - http://www.dkb2020.kz/
5.
ҚР Экономикалық даму және сауда
министрлігінің веб-порталы - http://www.minplan.kz/
6.
ҚР Статистика Агенттігінің веб-порталы - http://www.stat.kz/
7.
ҚР
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің веб-порталы - http://www.azkrk.kz/
Резюме
В данной научной
статье рассмотрены вопросы поддержки и государственного регулирования
предпринимательской деятельности, а также пути решения данных проблем.
Summary
This
article questions the scientific support and business regulations, as
well as solutions to these problems.