Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Экономика кафедрасы
Тақырыбы:Қазақстандағы
мұнай экспорты
Жетекші: PhD докторант
Болуспаев Ш.А
Орындаған : Экономика және бизнес Жоғары
мектебінің 2-курс студенті
Жанакова Б.Ғ
Алматы ,2013ж
Экономиканың басты саласы
ретінде мұнай өндіру және мұнай экспорты
маңызды болып саналады.Бұл
өнеркәсіптің түрі қазіргі уақыттағы
жоғары сұранысқа ие жетекші саланың бірі.Біздің
елімізде де мұнай өндіру,оны шет мемлекеттерге эскпорттау
қарқынды дамуда.Ол үшін бізде шикізат көзі
жеткілікті,Қазақстан ТМД елдері ішінде мұнай қоры
бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.Негізінен осы мұнайдың
қорын толығымен өндіретін болсақ алдағы 10
жылдың ішінде еліміз
әлемдегі мұнай өндіруші үздік бестікке енеді деп күтілуде.2009 жылғы есеп бойынша күніне
Қазақстан аумағында 1,54млн
баррель мұнай
өндірілсе,бұл көрсеткіш
2019 жылға екі есе арттырылмақ деп жоспарланып отыр. «Мұнай- газ» журналының
зерттеуі бойынша республика
көлемінде қазіргі таңда 30млрд баррель мұнай қоры дәлелденген.Негізгі қорлар
еліміздің батыс аймағында
:Теңіз,Қарашығанақ,Ақтөбе,Маңғыстау,Өзен
т.с.с мұнайлы аумақтарда барланған.
Қазақстандағы мұнай өндіру мен тұтыну 2010-2012 ж
y-өндіру,x-тұтыну

1-сурет
Бүгінгі
таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының
құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
агенттігінің оперативті деректері
бойынша 2012 жылы ЖІӨ-дегі мұнай-газ саласының
үлесі 35%-ды, 2009 жылы 20,8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша
- 21,8%-ды құрады.

2-сурет
Деректер бойынша 2013 жылғы
қаңтардағы ЖІӨ өсу қарқыны 4%-ды
құрады, ол жоспарланған жылдық деңгейден
2%-ға төмен. Сонымен
қатар, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің
бағалауынша, 2013 жылы экономиканың өсуі
әлдеқайда тұрақты болуы тиіс. Кейбір салалардағы
төмен базаны және мұнай өндірісі көлемінің
күтілетін өсуін ескере отырып,министрлік ағымдағы жылы
ЖІӨ өсуін
6%
деңгейде жоспарлап отыр.
Осылайша, Қашаған кен орнын әзірлеуді бастаумен байланысты
мұнай өндірісінің көлемі, болжам бойынша, 2013 жылы
82,0 млн. тоннадан 2017 жылы 102,0 млн. тоннаға артады.
Мұнай-газ компанияларынан
түсетін түсімдер 2009 жылдан бастап енгізілген салық
жеңілдіктеріне қарамастан, мемлекеттік бюджетте елеулі
көлемді құрайды. Мұнай-газ секторынан
Ұлттық қорға түсетін төлемдер 1371,4 млрд.
теңгені немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3%-ды құрады. 2009
жылы минералдық-шикізаттық кешеніндегі инвестициялар көлемі
3,2 трлн. теңгені (21,4 млрд. АҚШ долл.) құраған
болатын.
Қазақстан үшін мұнай
өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып,
мұнай тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі
күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық
жүйелерді ұйымдастыру
және қолда барын кеңейту жөніндегі
жұмыстарға баса назар аударылуда.2010жылы Қазақстан
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған бағдарлама қабылданған.
Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі ел экономикасындағы
мұнай-газ саласының рөлін тұрақты нығайтуды
көздейді.Мұнай
ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында
Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген
жағдайда. Мұнай экспорттау қуаттары мен
бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың
перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді
келісімдердің болуына, сұраныс деңгейіне және
әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға
сәйкес келуі тиіс.
Қазақстан
мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыттарын дамыту
және әртараптандыру мақсатымен мына жобаларды іске асыру
жөніндегі жұмыс жүргізілуде: Баку - Тбилиси - Джейхан
құбырына қосумен Қазақстан Каспий Тасымалдау
Жүйесін құру және Қазақстан-Қытай
мұнай құбырының өткізу қабілетін
ұлғайту. Қазақстандық мұнай экспорты көлемдерінің
негізгі бағыттары 3-кестеде көрсетілген.
2014
жылға дейінгі мұнай тасымалдаудың негізгі бағыттары:
|
№ |
Атауы |
2010 ж |
2011 ж |
2012 ж |
|
1 |
Мұнайды
және тұрақтандырылған газ конденсатын өндіру,
млн. тонна, оның ішінде |
80 |
81 |
83 |
|
|
Импорт |
7,0 |
7,5 |
8,0 |
|
2 |
Бөлуге
арналған ресурстар, барлығы: |
87,0 |
88,5 |
91,0 |
|
3 |
Ішкі
нарыққа жеткізу, барлығы: |
13,1 |
13,1 |
13,3 |
|
4 |
Экспорттық
ресурстар, * оның ішінде
бағыттар бойынша: |
73,0 |
73,0 |
74,0 |
|
4.1. |
Атырау-Самара |
15,0 |
15,0 |
15,0 |
|
4.2. |
Каспий
Құбыр Консорциумы |
28,0 |
28,0 |
28,0 |
|
4.3. |
Қазақстан-Қытай |
10,0 |
12,0 |
14 |
|
4.4. |
Ақтау порты |
11,0 |
10,0 |
10,0 |
|
4.5. |
темір жол бойынша |
7,0 |
6,0 |
5,0 |
3-кесте [ http://mgm.gov.kz/doc/proekt_otr_progr_230710_kz.doc]
Статистика жөніндегі агенттіктің
мәліметі бойынша ағымдағы
жылдың бірінші үш айында
1,003 миллион тонна мұнай өнімдері
593,3 миллион АҚШ доллары сомасына экспортқа шығарылды

4-кесте
Италияға ағымдағы жылы құны 12,5 млрд
болатын 15 млн. тонна шикі мұнай тасымалданған. Қытайға
елімізден 8,4 млн. тонна, Нидерландыға 7,2 млн, Францияға 5,8 млн, Румынияға 3,2 млн. тонна шикізат экспортталды. Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында мұнай және газ конденсаты экспорты 48,2 млрд. АҚШ долларына артты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% жоғары.Қазіргі
қолда бар инфрақұрылым елімізге келесідей бағыттар
бойынша әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік
береді:құбырмен Ресей арқылы Қара
теңізге,Әзірбайжан мен Түркия арқылы Жерорта
теңізіне,құбыр және танкерлер арқылы
Қытайға және т.с.с Орта Азия елдеріне.2010жылғы
Қазақстан Республикасы
Премьер министрінің баяндамасында: «2020жылға қарай
күніне мұнай экспорты 3 млн
баррельге жетеді»-деп жоспарланған.Мұндай көрсеткіштерді
мамандар Қашаған кен орнының жұмыс бастауымен
байланыстырып отыр.
Қазақстандағы
мұнай құбырлары картасы
[ http://www.oilportal.kz/?q=node/285]
Мұнай өндіру және
мұнай экспорты саласы елдің
және оның жекелеген өңірлерінің дамуына
маңызды әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді, шын
мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға
тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да
салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнай өндіру кешені кәсіпорындарының
жұмысы өңірлер мен бүкіл мемлекет
аумағындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік
бағдарламалардың іске асырылуымен байланысты.
Жақын болашақта елдің мұнай-газ
секторы серпінді дамитын болады, бұл өндірістік, әлеуметтік
және экологиялық бағыттағы объектілер
құрылысын қамтитын салаларды кешенді дамытудың ел
үшін бірыңғай жоспарларын әзірлеу жолымен барлық
мүдделі тараптардың қызметін үйлестіруді талап етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1)
ИПС «Әділет » ,http://adilet.zan.kz/rus/docs/P100001072_/compare
2)
Қазақстандық портал «zhelide.kz» уикипедия
бөлімі
http://wiki.zhelide.kz/index.php/geografiya/6-lemdik-m-naj-biznesi-zh-ne-m-naj-ory.html
3)
ҚазМұнайГаз http://www.kmg.kz/kz/press/company_news/reports/
4)
Қазақстан Республикасының мұнай
газ саласын дамытуға арналған бағдарламасы ,http://mgm.gov.kz/doc/proekt_otr_progr_230710_kz.doc
5) Қазақстан мұнай газ және энергетика
кешендерінің қауымдастығы http://www.kazenergy.com
6) Краткии анализ страны , http://www.oilportal.kz/?q=node/285
7) Информационно аналитическии центр нефти и газа, http://camng.kz/kz/3-k/172-1072-kaulysy.html
8)Нефтяной расклад-
Статистика-
forbes.kz http://forbes.kz/stats/neftyanoy_rasklad