Нақыпбекова Н.Ә.
№ 68 жалпы орта мектебі, Шымкент
қаласы, Қазақстан
Бастауыш мектеп
оқушыларының оқу іс
–әрекеті
туралы кейбір мәселелер
Оқу – іс әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажеттігі
білімді, дағды мен икемді
жүйелі түрде меңгеру болғандықтан бұл
мәселені зерттеу өзекті болып табылады.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті –
оқу. Оқу арқылы
балаға
қоғам
өзінің
ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын
оқу арқылы өзінен
бұрынғылардың
практикалық
әрекетке дайындайды. Білім
жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой
және дене еңбегінің
тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан- жақты білуге
мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты
керек ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына
көп талап қояды. Өйткені ұғыну өте
күрделі әрекет. Ұғыну
бірнеше кезеңдерден
тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі)
бала нені қалай оқу
керектігі жайлы
мағлұмат алады. Бұдан
кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.
Үшінші кезенде, ұғынғанын нәрсесін ойына
ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен
құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады.
Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала
шындықтағы заттардың
байланыс қатынастарын ажыратады,
бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға,
олардың айырмашылық,
ұқсастықтарын көре білуге үйренеді,
мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын
түсінеді. Мәселен, ”от жақса түтін шығады”
дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып
тұрғандығын бала байқайды да шындықтағы
нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланыстығын
түсінеді. Себеппен қатар нәтиже де болатындығына
баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп
аталынады. Бастауыш сынып
оқушылары оқу материалдарының мәнісіне терендеп бара
бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға
арашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада
онша дамымағаны көрінеді. Мұғалім оқушы
ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса,
бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке
жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның меніне
толық түсінбей қалады. Сондай-ақ,мұғалім
синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал
бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген
мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі.
Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін
дамытудың орнына оның ес қабілетін өсіруге ерекше
мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді
нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып,
әр нәрсені бір –бірімен салыстырғызып, талдап
жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың
танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу,
оның мағынасын түсінбей оқу жақсы нәтиже
бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп
мұғалімдері осы жайды қатты ескергендері дұрыс [1].
Психолог П.Я.Гальперин (1902-1988) өзінің “Ақыл-ой әрекетінің сатылап
қалыптасуы” теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен
сыртқы материалдық әректтерді (затты ұстап көру,
тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу,т.б.)
пайдаланады, сосын оның бейнесін елестеді. Содан соң дауыстап
және іштен айта алатын болады,сөйтіп сыртқы заттық
әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді. Баланың
білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы
екеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын
нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан
таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой
керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр
уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы
қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар
еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет.
Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының зердесінде де
«бәрін білуге» құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет
бар. Олар: «Қоянның аяқтары неге ұзын», «Ақтиін
неге ағаш басында тірлік етеді?», «Шалқалап тұрған шыбыңдар неге
құлап кетпейді?» т.б.осындай көп сұрақтар
қояды. Кейбір ата-аналар, тіпті мұғалімдер де
балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар
сұрақтарына жауап бермейді»сен мұны бәрібір
түсіне алмайсын», «жоғары сыныпқа барғанда
оқисыңдар» деп ұзын арқау, кең
тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ
біткенің бәріне жауап қайтара берудің қажеті
жоқ, бұл сұраулардың кейбіреулері осы жастағы
балалардың интеллектік мүмкіндіктерін көтермейді де, бірақ мына жағдай әр уақытта есте болуы тиіс. Егер
бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса, тілектері
қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып
–білуге құштарлығының болмауына әкелуі
ықтимал. Балалардың ақыл-ойын дұрыс дамыту үшін
оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ.
Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана
қарқыңды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1
сыныптың мұғалімі балаларға 9 санның екі және жетіден, алты және
үштен құралатындығын айтып: «9 саны тағы да қандай сандардан
құралады? - деп сұраса, олар:», «Төрт пен бестен»- деп
жауап береді. «Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша
қалады?», «Тоғыздан бесті азайтсақ ше?», «Сендер нені
аңғарасыңдар?» деп мұғалім ой сала
сөйлейді. Балалар:’’Қосындыдан бірінші қосылғышты
шегерсек, онда екінші қосылғышы шығады’’.-дейді.
Мұғалім тағы да ойын жалғастырып:’’Екінші
қосылғышты шегерсек
қайтеді? ’’Онда бірінші қосылғыш шығады’’,
-дейді бір оқушы.’’Олай болса; қосындыдан
қосылғыштардың біреуін шегерсек”,- деп мұғалім
сөзін сабақтай бергенде,”екіншісі шығады” деп бала
сөйлемді аяқтайды [2]. Міне, оқушының ойлау
белсенділігінің осылай дамуы, білім мен дағдыға
қанығудың негізі осылай қаланады, ол шамалардың
арақатынас мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл
жай бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптың
бағдарламасына геометрия мен алгебраның элементтерін кіргізуге
мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында шәкірттер заттар
мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден
туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа
жай жауап беріп қана қоймай, өздеріде сұрақ
қоя біліп, оның өз
бетінше шеше білуге машықтанады.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері
(себептері) болады. Тәрбиеші, не
оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның
әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса
қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да
өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да
(мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып
оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден
басқаша болады. Білім игеру үлкен саналықты, өз бетімен
жұмыс істеп үйренуді, өз мінез –құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не
үшін оқитындығын бар сана – сезімен
ұғынғанша, оған оқудағы формализмен
(мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу,
өмірмен байланыстыра алмау т.б.) құтылу қиын болады
[3].
Оқуға, білім алуға ұмытылуды тудыратын мотивтер
(себептер) балада бірден пайда бола
қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып
келеді. Мәселен, ол оқып
жазғанына ғана, алған
бағасының
жалпы санына ғана
мәз болады. Ата- анасынан қорқып жақсы
оқуға тырысатын не жолдас баласымен бәсекелесіп
жақсы
оқуға тырысатын балаларда болады. Баланың жасы
өскен сайын оның мотивтерінің де мазмұны
өседі. Мәселен, білімді адамның халқына мол
пайда келтіретінін, жұрттың ондай адамдарды құрметпен
сыйлайтынын түсіне бастайды.
Оқу
әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, кейбір
оқушылардың не себептен үлгерімі төмен болып, екінші
жылға қалып қоятындығы жайлы сөз болғанда,
төмендегідей себептері
анықталады. Үлгермеушілік негізінен екі түрлі себепке
байланысты туып отырады. Мәселен, бір жағынан, оқыту
тәсілдері мен бағдарламалардың ол қылықтары,
оқушыға берілетін білім мөлшерінің нақты
белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан, балаларды өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты (оқуға шамасы келмеу) болып отырады.
Қорыта келе бастауыш сынып оқушысының оқу
іс-әрекеті туралы бірқанша мәселелерді талқылап,
баланың ойлау әрекеті
өзінен –өзі
қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай
дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар
жүргізу қажет.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Б.С.
Волков. Младший школьник. Как помочь
ему учиться - М, 2004,
24-34 б.
2. А. Мустоятова.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру:
Алматы, Бастауыш мектеп 2006 №5 14 б.
3. М.Мухамедин. Оқушылардың шығармашылыққа
деген
қызығушылығын
қалыптастыру негіздері: Алматы, Ізденіс 2012.№4 121-123 б.