Нугманова Т., Жекеева
С.С
М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Әлеуметтік педагогтың автоматтандырылған жұмыс орнын
құрастырудың қажеттігі
Соңғы жылдарда автоматтандырылған ақпараттық
жүйелер
оқу
мекемелерін және оған тиісті объектілерді
басқару тәжірибесінде кеңінен қолданыла бастады.
Бұл бағытта ең бірінші жасалынатын қадам – бұл
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) жасау.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түрлі
ақпараттық массивтерді, оның ішіне деректер базасы да кіреді,
басқаруға арналған. Бұл жүйелер
өзінің ақпаратын өңдеу функциялары бар
анықталған қолданушы интерфейсін ұйымдастырады.
Мұндай жүйелердің мүмкіндіктер жиыны өзіне
қолданылатын объектінің құрылымын түзетеді
(инкапсуляцияланған ақпарат), оның құрамдас
бөліктерімен жұмыс істейді - толықтыру, өзгерту, жою
(мұндай объектінің ролін деректер қоры атқарған
жағдайда жазбалар), кәдімгі қарап шығу, элементтерді іздеу.
Мектепте
құжаттар жыл сайын өзгертіледі, мұғалімдер мен
оқушылар сыныптан сыныпқа, мектептен мектепке ауысады. Осыған
байланысты мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер мен
оқитын оқушылар туралы деректерді жүйелеу, сақтау
және өзгерту проблемасы туындайды. «Әлеуметтік педагогтың
автоматтандырылған орнын құрастыру» ақпараттық
жүйесі осы проблемаларды шешуге, еңбекті көп
қажетсінбеуге және керекті ақпаратты іздеу уақытын
үнемдеуге мүмкіндік береді, ақпарат жылдам
өңделеді және ақпаратты дұрыс емес енгізу мүмкіндігін
болғызбайды. Бұған ұқсас ақпараттық
жүйе біздің мектептің көлемінде әзірге жоқ.
Жұмыстағы жасалған бағдарламаның негізгі
мақсаты болып әлеуметтік педагогтың жұмысын
автоматтандыру болып табылады. Атап айтқанда, жыл бойы
атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау,
ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық
жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы
көрсеткішін анықтау, орындалатын жұмыс туралы есеп дайындау,
тәртіп бұзған немесе бұзушылық жасаған
оқушылар және олардың ата-аналары туралы ақпаратты
деректер қорында өзгерту, сақтау, басып шығару
және тағы да басқа негізгі функциялардың орындалуын
деректер қорына енгізу және оны көрсету.
Нақтылай айта
келгенде, «Әлеуметтік педагогтың автоматтандырылған жұмыс
орнын құрастыру» ақпараттық жүйесін
құрудың мақсаттары:
–
Әлеуметтік педагогтың жұмысын
автоматтандыру;
–
Әлеуметтік педагогқа қажетті
құжаттар базасын жасап, қажетті материалдарды
өңдеу, ортақ пайдалану, іздестіруді жеңілдету;
«Әлеуметтік
педагогтың автоматтандырылған орнын құрастыру»
ақпараттық жүйесі келесі талаптарға жауап береді:
–
Ақпараттың
толықтылығы мен қанықтылығы;
–
Қолданушының сұраныстарына жауап
қайтару үшін минималды уақыт жұмсау;
–
Ақпараттық жүйеде жұмыс
атқарудың қарапайымдылығы мен түсініктілігі.
Берілген
жобаның қолдану облысы болып «Қараағаш орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі болып табылады. Мектепте құжаттамалар
жасалынады, есеп берулер дайындалынады, жұмыс істейтін қызметкерлер
мен оқитын оқушылар жайлы ақпарат сақталынады. Ал
автоматтандырылған жұмыс орнының негізгі
тағайындалуы: әлеуметтік педагогтың жұмыс істеу
процесін жеңілдету.
Әлеуметтік
педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз
құзырлығының шеңбері бойынша көмек
қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға
тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек
көрсету және консультациялар беру. Бұл 1-сурет
әлеуметтік – педагогикалық кешенінің құрылымы сызбасында
айқын көрінеді.

1 – сурет.
Әлеуметтік – педагогикалық кешенінің құрылымы
Берілген жобада
құрылатын бағдарламалық өнімге оның жасалуы
кезінде толық орындалуға тиісті болатын бірнеше жалпы талаптар
қоюға болады: жүйенің тұрақтылығы,
яғни ол қандай жағдай болмасын, тіпті
қолданушының қате әрекеттерінде де өзінің
жұмысқа қабілеттілігін жоғалтпау керек. Барлық
енгізілетін ақпарат логикалық бақылаудан өту керек,
ақпараттың жоғалуына әкеп соқтыратын барлық
әрекеттер екі рет растағаннан кейін орындалуы керек; деректер
қорының бүтіндігін қамтамасыз ету, яғни
жүйеде сақталатын деректер қолданушының қандай
болмасын әрекетінен зақымданбау керек; жүйенің
функционалды толықтығы, бұл дегеніміз үйрететін
жүйе тапсырушы тапсырған барлық функцияларды қамту
керек; жүйедегі кез келген этапта кез келген батырманы басқан кезде
не қайтарылу керек немесе қандай ба бір белгіленген жұмыс
орындалу керек.
Қазіргі
тұрғылықты өмірде технологиялар маңызды
рөль атқарады. Қоғам арасындағы ешбір процесті
ақпарат алмасуынсыз елестету мүмкін емес. Байланысты
уақытында жеткізу үшін әртүрлі құралдар мен
байланыс жүйелері қолданылады. Осыған байланысты
адамның практикалық қызметінде ақпаратты өңдеу
құралдарды және қазіргі перспективті әдістерді
рационалды пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары
дәрежелі мағынаға ие болады. Сондықтан да адам
өмірінің барлық салаларын автоматтандыру қажеттілігі
туады.