Балтабаева Ж.Қ., п.ғ.д.,
Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА
ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Мемлекеттік
тіл – қай халықтың болсын сол елді мекендейтін
тұрғылықты халықтың тілдік коммуникация жасайтын
құралы. Бүгінгі ақпараттық қоғам
жағдайының өркениетті бағытына сай, өзгермелі
жағдайға тез бейімделгіш, терең білімді, бәсекелестік
жағдайда өресі биік,
азаматтық-тұлғалық
бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай,
қазақ тілін еркін меңгерген тілдік тұлғаны
тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының
біріне айналды.
Қазақстан
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында елімізде тұратын барлық этностардың
тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса
маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды
қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясатын дамыту
мақсаты мен міндеттері нақты қойылып, төмендегі
бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері белгіленді:
·
Мемлекеттік тілді меңгеру
бағыты;
·
Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң
қолдануына қол жеткiзу және оның қолданылу аясын
кеңейту бағыты;
·
Қазақстандықтардың
тiл мәдениетiнiң деңгейiн арттыру бағыты;
·
Лингвистикалық капиталды дамыту үшін
қолайлы жағдайлар жасау бағыты [1.3-5].
Еліміздің болашағы – жастарды
ұлттық негізде
ұлтжанды, адамгершілігі жоғары етіп тәрбиелеуге мемлекеттік тұрғыда назар аударып, қазақ
тілінің сөз мәдениетін меңгертуімізбен байланысты.
Мемлекеттiк тiлдi меңгеру бағыты мен көпшiлiктiң
қолдануына қол жеткiзу және оның қолданылу аясын
кеңейту бағыттары бойынша елімізде мемлекеттiк тiлдiң беделiн
арттыру мен қолданылу аясын кеңейту мәселелері бірнеше
жылдың көлемінде үздіксіз талқыланып келеді.
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің
дамуы мен қолданылуы ең бастысы ұлтаралық, адамдар
арасындағы тілдік қатынасты, яғни тілдік коммуникацияны игерумен
тығыз байланысты. Мемлекеттік тіл коммуникативтік-әлеуметтік қызмет атқара отырып, адамдар арасындағы
бейресми, ресми түсіністікті, пікірлесуді, өзара
қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Демек, мемлекеттік тілді
қолдану адамдардың пікірлесуі тұрғысынан, өзара
түсіністікке, сөйлесуге жетелейтін бағытта үйретілгенде
ғана дұрыс бағытқа қойылады
Білім берудің инновациялық технологиялары
оқытушыдан терең теориялық, психологиялық,
әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, студенттердің
жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді
талап етеді. Инновациялық технологиялар оқытудың интерактивті
әдістерін ұтымды қолданумен байланысты. Интерактивтілік
(ағылшынша interact – өзара әрекет ету) өзара
әрекет етуге қабілеттілігі немесе диалогтық қатынаста
болу дегенді білдіреді. Интерактивті оқыту технологиясы тіл
үйренуші мен оқытушы, тіл үйренуші мен тіл үйренуші
арасындағы тілдік қарым-қатынастың интерактивті қатысым сатысында
ұйымдастырылуын негіздейді.
Тіл үйренушілер белгілі тақырыпта сұхбаттаса отырып, нәтижесінде сыни ойлауды,
тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі
мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды,
ақылды шешім қабылдауды, дискуссияға қатысуды, кез
келген тілдік ортада интерактивті қатысым жасауды үйренеді. Интерактивті оқыту технологиясы шетелдік студенттерге
қазақ тілін меңгертуде коммуникативтік-танымдық
құзыреттілігін дамыту бағытын ұстанады.
Қазақ тілін интерактивті оқыту субъектілердің бір-бірімен ынтымақтастық
қарым-қатынаста бір бағытта бірлесе отырып өнімді
еңбектенуі, эмоционалдық және рухани
құндылықтарының үндесуі негізінде сипатталады.
Интерактивті оқыту технологиясы шетелдік студенттерге қазақ
тілін интенсивті, яғни жеделдете меңгертуде де бағдарлы
түрде қолданылады. Тілді меңгертудің
дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқыту
технологиясында оқытушы мен тіл үйренуші арасындағы оқу
әрекеті кезектесіп ұйымдастырылады: тіл үйретуші
оқытушының белсенділігі қазақ тілін меңгеруші студенттің
белсенділігіне орын береді. Оқытушы тарапынан ұсынылатын
деңгейлік тапсырмалар олардың инициативасы үшін жағдай
жасаушы болады.
Тіл үйрету сабақтарында
интерактивті қатысым жасауға бағытталған жеке,
жұптық және топтық жұмыс түрлері
ұйымдастырылады, интерактивті ойындар қолданылады,
құжаттармен және түрлі ақпараттармен
шығармашылық жұмыс жасайды. Интерактивті
оқыту технологиясы оқытушының жоспарлы ұйымдасқан
жетекшілігі арқылы тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді
меңгеріп, оны тілдік коммуникацияда орынды қолдана білу
нәтижесін жетілдіреді. Инновациялық оқу жұмысы
оқу үрдісіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, білім
беру технологияларын орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар –
кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар,
телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық
технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі,
өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер,
соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара
жетістіктер.
Интерактивті оқыту жеке тіл үйренуші шетелдік
студенттермен жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс
түрінде ұйымдастырылады. Тіл үйрету сабақтарында интерактивті әдістерді қолдануда
тіл үйретуші студенттерді екі немесе төрт топқа бөліп,
әр топтың белгілі бір тілдік жағдаятқа дискурс
жүргізуін ұйымдастырады. Екі студенттің өзара
сұхбатына үшінші немесе төртінші студент қатысып,
сұхбаттың мазмұнды, қызықты әрі
көңілді ұйымдастырылуына мән беріледі.
Сұхбатқа қарсы топтың студенттері өздерінің
сұрақтары мен ұсыныстарын, тақырыпқа
қатысты тың деректерін білдіре алады. Сөйтіп, диалог
полилогқа айналуы мүмкін. Қарым-қатынастың мұндай әдіс бойынша
ұйымдастырылуы шетелдік студенттердің қазақша
сөйлеу мәдениетін жетілдіреді, тілді меңгертудің
қиындығын жеңілдетуге көмектеседі.
Шетелдік студенттердің қазақша
сөйлеу мәдениетін интерактивті әдіс арқылы жетілдіруде
тіл үйретуші оқу тобындағы әр студентпен жеке
жұмыс жүргізе алады. Мұның себебі әрбір тіл
үйренушінің қазақ тілін үйрену нәтижелігін
көрсететін өзіне арналған жеке деңгейлік тапсырмалары
болады. Тіл үйренушілердің тілді меңгеру қабілеті
әр түрлі. Деңгейлік тапсырмаларды орындауда тілді
меңгеру мүмкіндігі төмен студенттер озат студенттерден
көмек алса, ал қазақ тілін жоғары деңгейде
меңгерген студенттер топтық әрекетте артта қалмау
үшін білімі төмен достарына көмектеседі. Интерактивті
оқыту технологиясы студенттерге қазақ тілін меңгеруді
бірігіп шешуді үйретеді. Дидактиканың интерактивті әдісі
шетелдік студенттердің
бір-бірімен достық, сыйластық қарым-қатынаста
болуын қамтамасыз етеді. Жұптық, топтық қарым-қатынаста студенттер жақын танысып, қазақ тілін
бірігіп жұмыс істеу арқылы әрі қызық, әрі
жеңіл, әрі тиімді меңгереді.
Мемлекеттік тілді интерактивті технология арқылы
меңгертуде тіл үйретуші дидактикалық жұмысты
ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде қызмет
атқарады да, тіл үйренуші студенттердің белсенділігі
жоғары дәрежеде болады. Интерактивті қатысымда тіл
үйретуші шетелдік студенттердің қазақша сөйлей
алмайтындығын біле тұрса да, студенттердің белсенділігіне
назар аударуы керек. Тіл үйретуші студенттердің
қазақша сөйлеу
мәдениетін жетілдіруде
субъектілер арасында болатын интеракцияны қалыптастырудың
шарттарын белгілейді.
Интерактивті қатысым жүйесін жасауда тақырып мазмұны
бағдарлама бойынша таңдап алынады. Тақырып мазмұнына
сәйкес мақсаттары белгіленеді. Жұмысты жоспарлау, тапсырманы
бөлу, студенттердің әрекетін бақылау, бағалау.
Интерактивті
қатысымның мақсаты – шетелдік
студенттердің қазақша сөз мәдениетін
қалыптастыру үрдісінің барлық деңгейінде
өзара бірлескен әрекетке жағдай жасау. Оқу
тобындағы әр студенттің психологиялық,
педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке деңгейлік
тапсырмалармен жұмыс істете отырып, оқу тобындағы жеке
топтардың ұйымшылдығын, достық
қарым-қатынасын дамытуға назар аударады.
Шетелдік студенттердің қазақша сөз
мәдениетін қалыптастыруда тілдің грамматикалық
құрылымы мен лексикасын меңгертіп қоймай, интерактивті
қатысымда (мәтін құрастыруда) қазақша ойлау
мәдениетіне тәрбиелеу мақсаты қойылады. Мемлекеттік
тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан интерактивті
технология арқылы оқыту қазіргі кезеңдегі
инновациялық технологияларды бір-бірімен сабақтастырып,
қазақ тілін интенсивті меңгеру мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Қазақ тілін интерактивті оқыту
технологиясы арқылы меңгерту шетелдік студенттердің
коммуникативтік-танымдық, лингвомәдени және
әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерін
қалыптастырады. Шетелдік студенттерге қазақ тілін
интерактивті оқыту технологиясының
дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы
оқытушының топтық
интеракцияның әдістемесін меңгеру шеберлігіне байланысты.
Интерактивті оқыту моделі:
проблемалық шығарма әдістері, презентация, пікірталас, топпен
жұмыс, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау
әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, тренинг т.б.
Интерактивті оқыту технологиясы
тіл үйренуші мен оқытушы, тіл үйренуші мен тіл үйренуші
арасындағы тілдік қарым-қатынастың интерактивті
қатысым сатысында ұйымдастырылуын негіздейді. Тіл үйренушілер
белгілі тақырыпта сұхбаттаса отырып, нәтижесінде сыни
ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде
күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды
салыстыруды, ақылды шешім қабылдауды, дискуссияға
қатысуды, кез келген тілдік ортада интерактивті қатысым жасауды
үйренеді.
Тіл үйрету сабақтарында
интерактивті қатысым жасауға бағытталған жеке,
жұптық және топтық жұмыс түрлері
ұйымдастырылады, интерактивті ойындар қолданылады,
құжаттармен және түрлі ақпараттармен
шығармашылық жұмыс жасайды.
Интерактивті оқыту жүйесі (жоғары
белсенділікті дамыту) оқу тобындағы тіл үйренушілердің
белсенді қатысумен ұйымдастырылатын оқу үрдісі.
Қазақ тілін шетелдік студенттерге меңгертуде интерактивтік
оқыту технологиясын қолдану арқылы интерактивті қатысым
жасау үшін тілдік жағдаяттарды дидактикалық талаптар
негізінде сұрыптап, жұмыс оқу бағдарламасына енгізеді.
·
Қазақ тілін интерактивті әдіс
арқылы меңгертуде тіл үйренуші студент
өзін-өзі еркін,
батыл сезінеді. Қазақ тілін меңгеру арқылы
қазақ халқының ұлттық
салт-дәстүрлеріне, тарихы мен
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қызығушылығы
арттады. Тіл үйренуші студенттердің лингвистикалық,
коммуникативтік-танымдық, лингвомәдени және
әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктері
сабақтастықта қалыптасады.
·
Шетелдік тіл үйренуші студенттер топтық,
жұптық негізде интерактивті қатысым жасауға
дағдыланады. Интерактивті қатысым кезінде тіл үйренуші
өз пікірін дәлелдеп қорғауға, қателігін
көрсете білу мен мойындауға, сұхбаттаса отырып
ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді.
·
Интерактивті қатысым жасау арқылы тіл
үйренуші студент өзінің тілдік жағдаятта
қаншалықты деңгейде тілдесім жасай алатындығын
аңғарып, өз білімін деңгейін бағалау және
бақылау дағдысын меңгереді.
·
Интерактивтік оқыту технологиясы тіл үйренуші
студенттерді мәселені
бірігіп шешуге үйретеді. Қазақ тілін шетелдік студенттерге
меңгертуде ынтымақтастықпен сұхбаттаса отырып,
ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс істеуін жоғары
көрсеткішке жеткізеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен
қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттiк
бағдарламасы.
2. С.С.Кашлев. Технология
интерактивного обучения. – М: «Наука», 2005.