Байтелиева Қ.
«Туран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, Қазақстан
Сәндік қолданбалы өнер
саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Қазіргі
таңда сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте
тігу және көркемдеп тігу өнері көкейкесті
мәселенің бірі.
«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз
айтқандай қайта жаңғырып,жастар тәрбиесіне
арқау болып отырған
халық қолөнері бұл күнде
қоғамымыздың ортақ әлеуметтік
қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі
кезде қолға алынып,жалыұпен қайта қауынып,
жүректерден орын алуда.
Қазіргі таңда жалпы білім
беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп
келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл
өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік
өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын,
бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы
орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды
қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны
тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру
қажет.
Өсіп келе жатқан
жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде
эстетикалық және көркемдік тәрбие беру.
Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның
әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты
қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде
адамдардың сезімі, талғамы,көзқарасы, идеясы
қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі
бүгінгі таңда айрықша мәнге ие.Оқушыларға
эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың
өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қазақ қол өнері өзінің
төлтума бітім қасиетімен, көркемдік
мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың
ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның
бірі-кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жалғалтпай
үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде
халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін
дерелік кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: үй
бұйымдарын, төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестеленген.
Қандай өрнек болмасын, адам, баласы өзін қоршаған
дүниеден алатыны мәлім [1].
Қашанда кесте өнерінің түр-түсі,
үйлесімділігі, әдемілігі, қайталанбастығымен
ерекшеленеді. Ол географиялық, мәдениеттік жағдайымен
қатар тарихына да байланысты болған.
Біздің еліміздің тарихы арыда жатыр, ата-бабаларымыз
киімдеріне, ат-әбзелдеріне, үй бұйымдарына өрнек сала
білген. өрнектердің орналасу композициясыда ерекше. Ғасырлар
бойы өрнектің кестенің орналасуы өзгеріп (шетінде,
ортасында, бұрышында), пішіні өлшемге сай болып келген.
Бүгінгі күнде өрнектердің орналасуы, өлшемі,
пішімі тігушінің талғамына, фантазиясына байланысты. Кез келген
шығармашылықта тұр үйлесімділігі маңызды роль
атқарады, яғни ол адамның ішкі дүниесімен үндесуі
керек. Бұйым колориті көбінесе өзінің шығатын,
пайдаланатын жерінің эталоны. Бұйым өңімен
көптеген түстердің үйлесуі үшін олардың
өздерінің заңын білу керек. Осы барлық
түр-түстерді екі топқа бөлуге болады [2].
Ертеден келе жатқан қолөнердің бір
түрі кесте тігу өнері болып табылады.
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті
әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты
түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу
барлық халықтарға да ортақ өнер.
Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен
төсек –орын жабдықтары, батырлар мен сауыққойлардың
(салдардың) бас киімі, қалыңдық пен
күйеудің бас киімі, белбеуі, үй іші мүліктері яғни
жиһаздар кесте өрнегінің жиі безендірілетін еді. Халық
салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні
бүгінге дейін сақталуда. Оның себебі
әдемі,ұнасымды кесте ою өрнегінің барлық
түріне бірдей қолдануға тиімді. Осы сияқты бізбен,
машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп
кестелеу деп атайды.
Сондай-ақ кесте тігу деп – мата, тері, киіз
т.б.материалдардың бетіне әртүрлі жіптермен, зермен, әр
алуан суреттермен өрнектер салынып тігілетін қолөнердің
бір түрі болып табылады. Кесте тігуде кейде моншақ, інжу, маржан
т.б асыл тастар тағылады.
Кесте өнері қазақ халқына ертеден енген
өнер екндігін тарихтан байырғы сақ, ғұн,
үйсін өнерінде кестені зерлеп, маржандап, түктеп тігу
тәсілдері кездескендігін аңғаруға болоды.
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз
сынайды», «адам өнерімен әсем,аң жүнімен әсем»
деген мақалдарда аз емес. Кесте өнері осы айтылғандай
нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп
өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына
тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу,
айқыш-ұйқыш тігу, басып
тігу, қайып тігу, тепшіп шалып тігу.
Кесте тігу
үшін жіп, мата, ине, оймақ, қайшы, кергіш қажет.
Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың
қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігі,
номеріне байланысты болады . Жіптің ұзындығы 50-60
сантиметрден артық болмайды. Кергіште кестелеген кезде
оймақтың қажеті жоқ. Қайшының ұшы
үшкір, ұзындығы 20-30 сантиметрдей болады. Кестені ілгекті
бізбен кестелейміз. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді
пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селдір
матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте
дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу шеңберге салып,
үстінен үлкен шеңберді кигізеді де, көреді. Жұмыс
жылдамырақ жүруі үшін инені екі қолымен бірдей шанши
білу керек. Кейбір кестелер кергішсіз тігіледі: матаны бас бармақ пен
шынашақтың көмегімен сол қолдың үш
саусағы біркелкі етіп керіп тұрады. Матаға инені оң
қолдың ортаңғы саусағымен шаншиды. Егер
суреттің размері кестелейтін бұйымның көлеміне
сәйкес келмесе, онда суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
Қоңырқай түсті маталарға сүретті
көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп,
сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен
сызылады. Мәуіті, барқыт және жібек маталарға суретті
төмендегідей әдіспен түсіреміз. Сурет салынған
темекінің жұқа қағазын матаға салып, сурет
нұсқасының бойымен көктеп шығады, сосын
қағазды еппен жыртып алып тастайды, сонда мата бетінде жіппен
тігілген сурет нұсқасы қалады. Ал үлбіреген ашық
түсті матаға сурет түсіру үшін бірінші суреттің
үстіне басқа бір матаны жабады да, үстін әйнекпен
бастырамыз, ал әйнек астына лампа қойылады. Әйнектің
үстіне кесте тігілетін матаны жауып, лампаның жарығы
көрсетіп тұрған суреттің нұсқасын
қарындашпен матаға түсіріп аламыз [3].
Кестелеу кезінде
жіпті түйіншектеуге болмайды. Кестелеуді бастар алдында жіпті
матаға төмендегі тәсілдермен бекітеді: бірінші – инені
бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап аламыз, ол жер артынан
кестемен жабылып кететіндей болу керек, екінші инені бір рет шаншып алып, жіпті
матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет
шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын тастаймыз да
оның үстін кестемен бастырамыз. Кестені бітірер кезде кестелер
отырған жіпті жиі шаншып суреттің астына жібереміз, үшінші
екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан
сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарамыз,
яғни жіпті ақырына дейін тартпайды да, инені қайта
төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған
ұшын батыра тартады. Енді барып кестелеуді бастай беруге болады.
Халықтың
кесте тігу өнері мен өрмек тоқу дәстүрі тым
әріден басталады. Музейлердің экспонаттары мақпалға,
мауытыға, жібекке кесте тігу техникасын жетік меңгерген
беймәлім шебер әйелдердің өнерлері жөнінде сыр
шерткен. Кестелердің көпшілігі сурет бойынша тігілген, ал
суреттердің негізінде өсімдіктер алынған. Түсті жібек
жүн және алтын, күміс түстес оқа жіптерден
әйелдер мен ерлер киімдері, бас киімдер, әйелдердің
үйде киетін аяқ киімдері, сондай-ақ үйді
әшекелейтін заттар, тұсқа ілінетін киімдер, түскиіздер
және т.б. кестеленіп тігіледі. Қыздың ұзату тойында
киетін киімдері – сәукеледен бастап, аяқ киіміне әшекейленіп
тұратын кесте, өте әдемі ою-өрнек композициясы
және кестені мұқият жасауы бұрынғы шеберлер
қиялының бай екендігін дәлелдеген.
Еркін
кестелеудің – бұл түріне мата бетіне түсірілген суретті
кестелеуді жатқызуға болады.
Шым кесте – сурет бойынша
кестелеудің бірнеше түрі бар. Шым кестемен өсімдіктің
жапырағын, гүлді, сондай-ақ геометриялық ою-өрнек
кестеленеді.
Сонымен, қазақ
қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым
технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп,
өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ
халқының қолөнеріне қызығушылығын
арттырып, шеберлігін дамытуға сенімдіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.
Әбдіғаппарова Ү.М.
Қазақтың ұлттық ою өрнектері. Алматы.
Өнер. 1999ж 152 бет.
2.
Қасиманов С.Қазақ халқының
қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995.
3.
Ералина А. Халық шеберлері
шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында
қолдану. Шымкент
1997.