Жекеева С.С, Аманжолова А.Ж., Джакупова М.С.
М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан
12 жылдық оқу
бағдарламасындағы электрондық оқу
құралының алатын орны
Егемен елімізде
жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғамның
барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі
таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің
ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге
жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі
бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жылдық білім
беру моделі.
Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа
Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел
тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын
жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл
мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008
жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін
айқын көрсетті.
Осыдан-ақ,
мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына
байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап
отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен
еліміздің білім мазмұны мен құрылымының
әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазіргі
таңда қоғам алдына қойылып отырған басты
міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл әлем
жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік
деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге
жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып
отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге
өтуімен астасып жатыр[1].
Еліміз
12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде
алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және
соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының
алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12
жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл
түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру
орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір
мұғалімнің өз ісін қайта қарауды,
білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын
жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық
орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін
әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз
кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар
қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу
құралдарының педагогикалық, әдістемелік,
психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді[2].
12 жылдық
білім берудің мақсаты:
–
өз ойын еркін айта алатын;
–
өзін көрсете білетін;
–
өзін-өзі
дамыта алатын;
–
жоғары білімді;
–
ұлттық тілді;
–
тарихты жетік меңгерген;
–
бәсекеге қабілетті;
–
отандық, әлемдік мәдениеті бойында
қалыптасқан;
–
шығармашылығы дамыған
тұлғаны қалыптастыру.
Бұл
мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:
–
тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін
ұйымдастыру;
–
құзіреттіліктерді қалыптастыру
және дамыту;
–
оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі,
мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің байқалуы мен
қалыптасуына жағдай жасау.
Осы 12 жылдық
оқу бағдарламасына көше отырып, бұл бағдарлама
аясында электрондық оқу құралының алатын орны да
бөлек. Электрондық оқу құралы дегеніміз –
мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық
оқу құралының құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқу
құралы оқушының уақытын үнемдейді,
оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және
оқушының ұмытып қалған материалдарын еске
түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне
көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің
жанында жазуы болады.
Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен
олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып
отыр.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері
ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде
ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді
пайдалану болып табылады[3].
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық
бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар
құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген
қызығушылықтың артуы мультимедиалық
технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық
құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты
өткізудің жаңа мүмкіндігін – қашықтан
оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің
өзіне оқу уақыты мен орнын таңдауына, екіншіден,
қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген
адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолдануға,
төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір
мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан
қашықтан оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін
арттырады.
Әдебиеттер:
1.
12 жылдық білім беруге өтудің
эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім
және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана, 2001
жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі. 2001. - 7б
2.
12 жылдық мектептің негізгі орта
буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. 2006. 8-10б.
3.
Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық
оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы
әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика
негіздері» республикалық журналы, №2, 2002. 3 б.