Аменов А., Жекеева С.С.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы

 

Елбасы Н.Назар­баев инновациялық білім беру жүйесін да­мыту қажеттігін жиі көтеріп жүр. Қазақстан Рес­публикасында Білім беруді дамыту туралы 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламада электрондық оқулықтарды енгізу мәселелеріне айрықша мән берілген.

Инновациялық білім беру – білім сапа­сын жақсартудың негізгі тетігі. Жалпы, ин­но­вациялық өнім кез келген салада бар. Сол сияқты білім жүйесіне де жат емес. Қа­ғаз кітаптың шығу тарихы тым тереңде. Бі­лім беру ошақтарының негізгі құралы бағзы заманнан осындай оқулықтар болып келді. Қағаз кітап, әрине, қажет, оны ешбір құ­рал­­­мен алмастыра алмайсың. Десек те, бү­гінгі күні компьютер, ғаламтор, яғни ақ­па­раттық технологиялар үстемдік құрған дәуірде тап­тырмас көмекші міндетін атқара алатын оқу­лықтың жаңа түрлерін ойлап табу қа­жет­тігі туындады. Осыған орай, әр түрлі әдістемелік құралдарды пайдалана отырып сабақ оқу ақпарат заманындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік құрал ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі қызметі – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және диагностикалық, аналитикалық, ақпараттық іс-әрекетін дамыту. Осыған байланысты әдістемелік құралдың құрылымы да, мазмұны да жыл өткен сайын жаңара түсуде.

Әдістемелік құралдың ең негізгі ерекшелігі – күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру.

Осыған орай әдістемелік құралдың жүргізу әрекеті былайша тізбектеледі:

                   әдістемелік құралдың мақсаты мен міндетін айқындау;

                   мәселелік оқыту технологияларын пайдалану жолдарын үйрету;

                   еркін және шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;

                   әдістемелік құралдың ұйымдастыру, басшылық жасау;

                   жылдық, айлық, өзіндік, жеке жоспарлар жасау;

                   оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар, ережелер, т.б. дайындау;

                   аналитикалық, диагностикалық материалдар дайындау;

                   білім мониторингін шығару;

                   озат тәжірибені тарату;

                   әдістемелік құралға материал әзірлеу;

                   ақпаратты технологияларды пайдалана отырып, виртуалды семинарлар, интернет-форумдар, өзара ақыл-кеңестер жүргізу.

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педогог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Педагог-маман даярлығына, кәсіби шеберлігіне, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін үйренуге қойылар талаптар да өзгеше. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға бірден-бір көмек беретін тұлға, ол - әдіскер.

Ғылым жаңалығын түрлендiруде өз үлесiн қосу арқылы жасаған нәтижелi жұмысы өзгелердiң тәжiрибесiн толық көшiрмей, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзу керек.

Жинақтай айтсақ, ол – оқыту методикасына әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижелегi арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалық биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгiрiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру. Мұғалiмнiң пәндер, ғылымдар арасындағы байланысты жетiлдiрудегi өзiндiк үлесi, оқушыларға бiлiм стандарттарын оқыту мазмұнын игеруiне тиiмдi өзiндiк бақылауы, талдауы.

Білімді жастарды дайындау қажеттілігін қанағаттандыруда оқу процесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Маңызды мәселе оқу орындарында білім беру әдістемелік құралдарын өңдеу және білім беру жүйесінде іnternet-технологияларды пайдалану болып табылады. Бүгінгі таңда мектепте информатиканы оқытуға арналған білім беру әдістемелік құралдары өте аз, осы бір кемшіліктің орнын толтыру көзделген болатын.

Мектеп мұғалімі әдістемелік құралдан өздеріне керек тақырыптық күнтізделік жоспарды, сабақ жоспарларын, тесттерді, білім беру стандартын таба алады. Әдістемелік құралға жазылу мүмкіндігі тағы бар. Әдістемелік құралдың диаграммалар бойынша бейнелеу түбегейлі зерттеу бөлімінде баяндалады. Жоспар бойынша курстық жоба кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Информитика пәнінен ұсынылып отырған әдістемелік құралда информатиканы оқытудың жаңа технологиялары негізінде жасалған сабақ үлгілері және оқушылардың ойлау қабілеттерін ұштау, танымдық қабілеттерін шыңдау мақсатында тест, бақылау жұмыстарының үлгілері берілген. Жинаққа енгізілген сабақ және сыныптан тыс шаралар жоспарын информитика пәні мұғалімдері көмекші материал ретінде қолдануларына болады.

Сонымен       мақаламызды    қорытындылай   келе      Елбасымыз         Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Осыған байланысты ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында әр түрлі әдістемелік құралдар басып шығарылуы қажет. Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің жоғарылайтынын көрсетеді. Сөз соңын, А.П.Ершовтың «Ақпараттық  сауаттылықтан -  ақпараттық мәдениетке» деген нақыл сөзімен аяқтағым келеді.