Бажикова Д.,  Жекеева С.С

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімі үшін

автоматтандырылған ақпаратық жүйені құрастыру

 

Ұялы байланыс компаниясының басты мақсаты абоненттерге қызмет көрсету болып табылады. Ұялы байланыс – жылжымалы абоненттерге қызмет көрсетуге арналған жалпыға қатынаулы телефондық байланыс. Ұялы байланыс жүйесі – өте күрделі және икемді техникалық жүйе, ол конфигурация нұсқалары бойынша және орындалатын функцияларының жиынтығы бойынша сан алуан болып келеді.

Ұялы байланыс белсенді даму салаларының біріне жатады. Бұл тек шетелдік қана емес, Қазақстандық статистикадан байқалады. Алғашқы сәттен бастап ұялы байланыс Қазақстан нарығы дамуының бағыттары мен үрдістерінің анықтаушы рөлін атқарып келеді. Ұялы байланыс нарығындағы белсенді қызмет істеудің арқасында алғаш рет GPRS/EDGE технологиясы пайда болды, тұтастай ел аумағындағы миллиондаған абоненттер Ұтқыр Интернет, WAP, MMS сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алды. Ол дыбысты және ақпараттың басқа түрлерін таратуды, соның ішінде факсимильдік хабарламалар мен компьютерлік деректерді таратуды қамтамсыз етеді. Соңғы жылдары біздің елімізде және шетелде радио жиіліктерді пайдаланушылардың санының күрт өсуі байқалады. Абоненттерге қызмет көрсету бұл байланыс қызметін, төлем жұмыстары бойынша және басқа да абонентпен қатынас бойынша жұмыс жасау. Техникалық қызмет көрсету жұмысын техникалық бөлім өз қолына алады. Ал абоненттермен жұмыс жүргізуді абоненттік бөлім атқарады.

Қазіргі жаңа технологияларды қолдану арқылы бұл желілердің абоненттеріне дыбыстық хабарламаларының жоғары сапасын, байланыстың сенімділігін және жасырындылығын, радиотелефондардың кішігірімділігін, желіге рұқсатсыз қол жеткізуден қорғанулығын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ұялы байланыс нарығында ірі монополистік ұялы байланыс компаниялары қызмет көрсетуде. Бұл компаниялардың абоненттік бөлімдерінде ISBERG, Cboss, Чикаго сияқты бағдарламалар қолданылады. Ал кішігірім, бюджеті аз байланыс компаниялар үшін мұндай бағдарламаларды қолдану экономикалық жағынан тиімді емес. Сондықтан шығынды аз талап ететін, бірақ тиімділігі, сапасы, орындайтын қызметтері жағынан алдында атап өткен бағдарламалардан кем түспейтін абономенттік бөлім үшін бағдарлама құру мәселесі туындады.

Күнделікті ұялы байланыс операторына он мыннан астам абоненттер қосылады, соның ішінде жаңа абоненттер ғана емес, қайта қосылған абоненттер бар. Әр абонентке дербес тіркеу беті ашылып, идентификаторлық нөмір беріледі.

Жобаланатын ақпараттық жүйенің мақсаты мен міндеті:

-          абоненттік қорын ендіру жұмысын қамтамасыз ету (енгізу, ақпаратты жою, редакциялау);

-          абоненттермен келісім шартқа отыру және бұзуды қамтамасыздандыру;

-          абоненттерден төлем қабылдауды бақылау;

-          сөйлесу мен қызмет тарификациясын қамтамасыздандыру;

-          абонент өтінімі бойынша тарифтік жоспарды ауыстыру;

-                   есеп беру жұмысын қамтамасыздандыру.

Интерфейс ол басқару бағдарламаларымен қосымшаның, қол жеткізу және де қолданушыдан тыс жасырылған механизмдер, құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, компьютерде немесе одан тыс сақталынған қор және басқа ақпараттардың сыртқы қабығы.

Кез-келген қосымшаның басты мақсаты - құжат, дерекқор, жазу-сызу немесе бейнелермен ең жоғары ыңғайлылықпен  жұмыс жасауды қамтамасыз ету. Сондықтан интерфейс кез-келген қосымшаның ең маңызды бөлiгi болып табылады

Жақсы өңделген интерфейс қосымшамен жұмыстың оралымдылығына кепiлдiк бередi және ақыр соңында, онының коммерциялық жетiстiгiне әкеледі.

Бұл жоба шеңберінде жасалатын программалық өнiм интерфейсінің сипаттамасына  назар аударайық.

Бағдарламаның «Негізгі беті» 1-суретке сәйкес бейнеленген. Дизайны тақырыптың мағынасына сай таңдалынған. Жоғарғы бөлігінде программа аты бейнеленген.

Сурет 1. Басты форма

Мұнда администратор мен операторлар өз логиндары мен құпиясөзін енгізіп бағдарламаға кіре алады.

Жүйемен администратор мен операторларлар жұмыс істейді. Жүйеге оператор басты формадан өткеннен кейін 2-суретке сәйкес бет ашылады.

Сурет 2. Абоненттер бөлімі

-            Мұнда оператор абонентке байланысты барлық қажетті ақпаратты  енгізіп сақтай алады. Басты меню Файл, Категория,  Сұрыптау, Анықтама бөлімдерінен тұрады. Файл бөлімінде: Excel-де шығару; Кесте жайлы ақпарат; Пайдаланушылар; Sim-карта нөмірлері қарастырылған. Категория бөлімінде мынадай мәліметтер сақталады: тариф және қызмет. Сұрыптау бөлімінде  фамилия және абонент нөмірі бойынша сұрыптау жүргізіледі. Анықтама бөлімінде бағдарлама жайлы мәлімет жазылады.

Оператор абонентті абоненттік қорда тіркеген соң, тіркеу формасын баспаға шығарады. Тіркеу формасы 3 суретте бейнеленген.

Сурет 3. Тіркеу формасы

Егер бағдарламаға оператор ретінде кіретін болсақ, онда келесі шарттар ашылады.

Бұл  жоба  құрастыру барысында берілген тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен жұмыс істеу, тақырып бойынша қажетті материалдарды іздестіруге арнап  жиналған материалдарды  жүйеге келтіру жөнінде тәжірибелік дағдылар қалыптасты.

Жобада ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімі үшін автоматтандырылған ақпаратық жүйені құрастыру технологиясы қарастырылды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құрастыру үшін Delphi бағдарламасы қолданылды. Деректер қорындағы мәліметтерді жинастырып, сақтау үшін MS Access-тің негізгі функцияларына талдаулар жүргізіліп, жұмысты орындау барысында олар кеңінен қолданылды. Бұл бағдарламаны болашақта ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімінің жұмысын автоматтандыруда қолдануға болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімінің операторларының жұмысын көп жеңілдетеді деген ойдамыз.