филол.ғ.к. Ментебаева А.Е.
Қайнар университеті, Қазақстан
Қазіргі
ЖОО білім беру жүйесіндегі кейбір проблемалар
Әлемдік
экономикалық дағдарыс құрбандарының бірі – білім
беру жүйесі екендігі соңғы кезде жиі айтылып жүр. Мұның
өзі заңдылық та. Себебі экономикалық дағдарыс
өз алдына, біздің елімізде мақсатты түрде ғылым-білім
саласында үлкен өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Ескінің орнына жаңаның
келуі, бұрынғының түбегейлі өзгеруі қарама-қайшылықсыз
немесе кемшіліксіз болмайды. Дегенмен бұл заңдылықпен
күресу қажет, барынша қысқа уақытта
мұның алдын алып, білім беру жүйесіндегі бірізділікті
қалпына келтіру қажет. Бұл қазіргі біздің
қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезеңдегі ЖОО кейбір басты
проблемалары:
1. ЖОО моделі әлі бір жүйеге түскен жоқ, қарама-қайшылықты.
2. ЖОО оқытылып жатқан мамандықтар еңбек
нарығының сұранысына, талаптарына сай емес.
3. ЖОО білім беру ісі ғылымнан мүлде алшақ, өзара
байланыс жоқ немесе өте әлсіз.
4. ЖОО ғылыми-лабороториялық базасы, инфрақұрылымдары
жоқ, немесе бар болған күннің өзін тиісті
деңгейде емес.
ЖОО проблемаларын шешудің кейбір жолдары:
1.
Қазіргі уақытта әр студенттің
жеке тұлғалық қабілетіне сай білім берілуі тиіс.
2.
ЖОО оқыту ісіндегі әдіс-тәсілдерді
жетілдіру, жаңа сипатқа сай өзгертулер енгізу қажет.
3.
ЖОО профессорлық-оқытушылық
құрам өздерінің кәсіби білімі мен біліктілігін
жаңа талаптар үрдісіне сай икемдеуі қажет. Себебі жаңа
кредиттік жүйе бойынша білім беру ісін кейбір профессорлық-оқытушылық
құрамның өзі дұрыс түсіне бермейді. Оның
басты мақсаттары мен алынатын нәтиже студент үшін де,
оқытушы үшін де көмескі.
4.
Еліміздегі білім беру жүйесінің ең
төменгі сатысы мен ең жоғарғы сатысының арасында
жүйелі байланыс, жалғастық орнатылуы тиіс. Оқушы
мектепті ҰБТ-ді қалайда тапсыру немесе жоғары
көрсеткішті балл алу мақсатында тәмамдайды. ҰБТ
оқушыны білімнің келесі сатысына дайындамайды, керісінше,
университет аудиториясына келген талапкердің тесттік ойлау
жүйесімен ғана шектеліп қалғандығы айқын
аңғарылады. Жалпы қазіргі қоғамда ҰБТ
туралы қалыптасқан ұғымды түбегейлі өзгерту
қажет. Оның маңызы
мен мәні ата-аналар мен оқушыға дұрыс
түсіндірілсе құба-құп болар еді.
Мектеп
түлегі соңғы сыныпта кредиттің жүйемен жалпы
сипаттық тұрғыдан болса да таныс болғаны жақсы.
Себебі, талапкерге ЖОО келгенде мамандық пәндерінің
қиындығы өз алдына, білім беру жүйесінің
қиындығы тағы бір ауыртпалық тудырады. Себебі,
қазіргі ЖОО енгізілген кредиттік оқу жүйесі – студенттен
белгілі бір дайындықты, жүйе туралы толық
мағлұматты болуды талап етеді.
5.
ЖОО профессорлық-оқытушылық
құрамы міндетті түрде жүйелі және ақылы
ғылыми жұмыстармен айналысуы қажет. Ғылыми ізденіс
оқытушының білім өрісі мен қызығушылық
аясының кеңеюіне, жаңалықтардан дер кезінде
құлағдар болып отыруға көмектеседі. Өзіндік
ғылыми ізденісі жоқ оқытушы студентке заманауи
талаптағы білімді бере алмайды.
6.
Білім – ғылым – еңбек үштігін барынша
жандандыру қажет. Білімнің ғылымға,
ғылымның сапалы еңбекке жеткізетіндігін студент ЖОО
қабырғасында жүргенінде-ақ көріп, білуі тиіс. Ал,
бізде көп жағдайда керісінше, студент теориялық білімді
толық алып болғаннан еңбек жолына барғанда
тәжірибені теориямен байланыстыра алмай қиналады. Студент білім алуды
бастағанда-ақ еңбек нарығымен байланыстырылып, өз
мамандығының ерекшеліктерін меңгере бастауы тиіс. Олай
болмаған жағдайда енді ғана диплом алып, ЖОО бітірген маман
еңбек нарығында керексіз болып қалады. Ешбір жұмыс
беруші оларды жұмысқа қабылдауға
құлықсыз. Оның басты себебі – ЖОО-ның бітіруші
түлегі маман ретінде жұмыс жасауға дайын емес.
7.
Қазіргі таңда дайын білімді ұсынудан
гөрі студенттің өзіндік ізденістерімен алған білімі,
яғни нәтиже жоғары сапаға ие. Бұл жайлы
Конфуцийдің мынадай сөзі бар: «Маған айтып берсең –
ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң – үйренемін!» «Аш адамға балық
берме, қармақ бер» дейді мұндайда халық даналығы.
«Жоғары
оқу орындарында кәсіби сапалы маман даярлау өзара
байланысты екі мәселені шешумен анықталады. Оның бірі –
әлеуметтік тапсырысқа сай маманды кәсіби деңгейде
дайындаудың нәтижесі мен мазмұнының сәйкес болуы,
яғни кәсіби-педагогикалық міндет. Бұдан маманның
моделін жасау, біліктілік сипатын анықтау келіп шығады.
Ресейдің «Российская
газета» мерзімді баспасөзі бетінде журналист С.Бондаревтің «Казахстан
делает ставку на интеллект» атты мақаласы жарық көрді [2]. Мақалада автор Қазақстанның ғылым мен
білімді жетілдіру, жаңарту саласында жүргізген саясатын өте
жоғары бағалап, ТМД елдеріне үлгі боларлық істерін атап
өткен.
Шын мәнісінде де еліміздің экономикасы
ғана емес, ғылым салалары қарқынды дамып келеді,
алға қарай талпыну, әлемдік аренаға шығуға
деген ұмтылыс айқын байқалады. Жастардың терең
білім алуына, алған білім шетелдік арнайы оқу орындарында
жалғастыруға мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ,
гранттық ғылыми жобаларға қатыса алады.
Қоғамның, мемлекеттің ғылым
мен білім саласы мамандарынан жалғыз ғана талабы бар, ол – осы
салаға жаңашыл идея әкелу, жаңа сатыға
көтеру, халықаралық талаптар деңгейіне сай нәтиже
көрсету.
1.
Болашаққа көзқарас:
педагогикалық білім перспективалары // [Электронный ресурс]. – http://www.okmpi.kz/ru/node/144
2.
Бондарев С. Казахстан делает ставку на интеллект // Литературная
газета, от 19 октября 2012 г.