Қазақ
халқының адамгершілік құндылықтарының психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері
АӘИУ-нің магистранты
Г.Билтекенова
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз -
оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі
бір сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерінің
бір-біріне, жанұяға, басқа адамдарға мемлекетке,
Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен
ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы
мақсат көздеген қызметі. Біздің елімізде адамгершілік
тәрбиесінің негізгі міндеті
- оқушыларды мораль рухына тәрбиелеу болып табылады, яғни
басқа сөздермен айтқанда, мораль оқушылардың
мінез-құлқының олардың бір-біріне,
жанұяға өздерін қоршаған адамдарға,
өз мемлекетіне, Отанына қатынасының негізіне алынуға
тиіс.
Сонымен қазіргі кезеңде
көпшілік арасында жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының мақсаты мен мазмұны әр адамға,
оның ой-өрісіне, сезіміне, мінез-құлқына
ықпал жасау тиіс.
Бұл орайда мектеп мұғалімнің
ролі өте зор, өйткені олар оқушылардың тәрбиесіне
байланысты міндеттерді шешеді және тәрбие әдістері мен
тәсілдерін жетілдіреді. Бұл міндеттер мұғалімнің
сауаттылықты, ізденімпаздықты, өз ісіне асқан
шеберлікті талап етеді.
Бейбітшілік, Еңбек, Бостандық,
Теңдік, Туысқандық, Бақыт бүкіл
адамзаттың ежелден арман еткен асыл мұраттары. Ең
әділетті, ең дұрыс күрес осы асыл
мұраттардың салтанат құруы жолында болады(1). Бұл
моральдық талаптар адам санасын да өмір сүреді,
мұның қайнар көзі көп.
Әр
адам ғылыми тұжырымдалған өнегелдік принциптер
көмегімен құлықтың әділеттілігін,
тәртіптің дұрыстығын бағалай алады, өз
өмірін қоғамдық үлгілер және мұраттар
мен салыстырады, мораль талаптары тұрғысынан өз
қылықтарына баға бере алады. Мектепте өнегелікке
тәрбиелеудің әдіснамалық негізін зерттеу объектісі
мораль болып табылатын мінез-құлық ілімі құрайды.
Ол философиялық ғылым.
Қазақтың ұлттық мінезі бітістерінің басқа ұлттарға қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл психология адамның мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі бір этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі.
Құлықтық тәрбие беруде
этнопсихологияның маңызы зор.
Қазақ этнопсихологиясымен көбірек айналысқан Ш.Уалиханов еді. Оның
еңбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі,
бұл ұғымды «халықтық психология»
ұғымының синонимі деуге болады(2). Этнопсихология зерттейтін
проблемаларға тоқталайық: Этностереотип – түрлі этнос
өкілдеріне ортақ ақыл-ой, моральдық
(құлықтық) психологиялық, дене бітімдерінің
біршама тұрақты және тұрлаулы бітістер.
Этноцентризм - әр ұлтқа тән
өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан
формалары.
Ұлттық
тұрпат – ұлтқа тән әдет-ғұрып,
таным-сенім, сезім, мінез ерекшеліктерінің жиынтығы.
Халық
рухы - әр ұлттың өзіне тән психикалық
ерекшелігі, олардың психологиялық жүйесінің жиынтығы.
Ұлттық намыс
– ұлт өкілдерінің ата-мекенін, тілін, тегін, салт -
дәстүрін ерекше қастерлеп, оның ар-намысын, абыройына
кір жуытпай, оны қызғыштай қарауы.
Ұлттық сана – ұлтты бір-бірінен ажырататын
саяси-экономикалық, рухани әлеуметтік қасиеттер жиынтығы.
Дәстүр - әр халықтың
әдет-ғұрпына әбден сіңген әдет-
ғұрып.
Еліміздің президенті «Менің арманым да, мұратым
да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу» атты
сөзінде былай деген: «Менің ойымша, қазақтардың
қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі
жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние.***
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген
халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік –
экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша
талап-тілектерін дүниеге әкелді.
Жас адамның
жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы «сегіз
қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздер мен
қисындары.
Ол дегеніміз:
- көшпелі мал шаруашылығын жете меңгеру;
- еңбек сүйгіштік пен қиыншылыққа
төзе білу;
- ел намысын қорғау;
- жаудан беті қайтпау;
- ата-тегін жадында сақтау;
- сөз асылын қастерлеу;
- тапқырлық пен алғырлық, ат
құлағында ойнау;
- ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау,
құдайы қонақтың меселін қайтармау,
көрші хақын жемеу т.б.)
Десе де, біз біреулер айтып жүргендей, жылқы
мінезділіктен айрылған «қой мінезді» момын, жуас, намысы
жаншыған халық емеспіз.
Ж.Аймауытов пен М.Әуезов «Қазақтың
өзгеше мінездері» атты мақаласында былай деген : «Қазақ
елі ұйымшыл, әрі жауынгер, биі - әділ, намысқой, адамы
ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға
табанды, қайғыра да, қуана да алатын халық екен»**.
Қанымызға әбден сіңіп кеткен
жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық
пен ұраншылық, күндікшілік пен күншілдік,
арызқойлық пен жалақорлық, жалқаулық пен
шалағайлық, осындай келеңсіз қасиеттер әлі
күнге дейін алдымызға оралып, азамат талабына бейімделуге
бөгет жасауда. Бұл
жәйіт еңсемізді көтертпей отыр, осыны сана сезімімізден
шығармауымыз қажет.
Қазақ халқы өзінің
қадір-қасиеттерін өз ұрпақтарын сақтап
келеді. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау
ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан
тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленулері тиіс.
Қазаққа тән қасиеттерінің бірі – ол отансүйгіштік.
Халқымыз ата-мекенін аялап,
елінің тілі мен мәдениетін,
әдебиет пен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып,
қадірлеп қастерлеуде.
Руын, жүзін білу мақсатын білуі — ынтымақты
ел болуға бағытталған. Ер азамат үшін туған
халқын жан-тәнімен сүю, оның шаруашылығы мен
мәдениетінің өркендеп көркейуіне бар күш-жігері
мен білімін, еңбегін жұмсап, үлес қосу перзенттік парыз
болған.
Қаз дауысты Қазыбек-би былай деген: «Алтын
ұяң – Отан қымбат … туып - өскен елің
қымбат, кіндік қиып, кір жуған жерің қымбат»,
«Отан от басынан басталады»** - деген сөз бекер айтылмаған»(3).
Отанға деген сүйіспеншілік өз ата-анасын, өз
үрім-бұтағын жанындай жақсы көрмесе, ержеткенде
ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетіні екі талай.
Қазақ перзенті
қай жерде жүрсе де өзінің іс-әрекеті,
мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген
сүйіспеншілік қасиеттерін тайға таңба басқандай
айқын байқатып отыруы тиіс. Қазақтар өз
ата-бабасының тарихын, шежіресін біліп, оларды талдап таратуға
ерекше мән берген абзал.
Ата-бабаларымыз
кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудан сан рет
қорғап, өзінің шыбын жанын пида еткен.
Халқымыздың батырлары: Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет,
Кеңесары мен Бауыржанды қадір тұтып, қастерлейміз.
Намысқойлық
дегеніміз – бұл әр этностың өз халқының ар
- ожданын, имандылық қадір-қасиетін көздің
қарашығындай сақтай білуі мен қажетті жерінде бұл
үшін жанын пида етуден көрінетін қасиет.
Қазақ халқы
«Арым жанымның садақасы»,- деп ар намысты бәрінен де
жоғары бағалаған.
Халқымыз сөз
құдіретінің психологиялық астарын жақсы
аңғарған. Оған куә мына мақалдар: «Тіл тас
жарады, тас жармаса бас жарады».
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.»
Шебер де, шешен
сөйлей білу – адамның асыл қасиеттерінің бірі
есептелініп, мұны олар өзгелерге психологиялық жағынан
әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп
санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің
салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетін ұшқыр
ойлы, «орақ ауыз, от тілді, күміс көмей» болып келеді. Ол
халқының бастан өткізген, тар жол, тайғақ кешулерін,
арман тілегін, мұң зарын, өмірлік
құндылықтарын бірер тіркеспен ғана тайға
таңба басқандай етіп, яғни «тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін» ғана айтады.
Қазақтың
бұндай қасиетін басқа елдің ұлт
өкілдері көре білген
мысалы: «Қазақтар өз өнеріне жетік келеді. Бұл
қасиет жұрттың бәріне де, оқыған
білімділерге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да
жарлыға да тән қасиет», - деген неміс саяхатшысы А. Брем
(1929-1884).
Бүкіл халық
ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі
тұрғысынан баяндау–барлық адамзатқа ортақ
халықтың психологиясының зерттеу нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып,
жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана,
әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа
біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық
еңбек, дене т.б. тәрбие түрлеріне қатысты
талаптық нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностық
жалын мінез-құлқы, іс - әрекетінің ішкі астарлары
сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез –
құлықтың заңға сіңген, тез
өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл
мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі(4).
Адамгершілік
құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің
арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде дариды. Көзге
көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды
қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер
тәлімгердің қолынан ғана келеді.
Бірақ
біз, педагог қауымы, бала жанының бағбаны бола алып жүрміз бе? Жүрегі
таза, ниеті ақ, пейілі кең, пәк періште күйінде мектеп
табалдырығынан жаңа аттаған жас бүлдіршін азамат
қатарына қосылып кетіп жатыр ма? Міне, осындай сұрақтар
кімді болса да мазалайтыны даусыз. Өйткені, қоғамдағы
жат қылықтар қайдан шығып жатыр?
Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге
болады. Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның
тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның
қатысы бар. Олардың барлығы бір мақсатта
болғанымен, бір ойдан шығуы мүмкін емес қой деген
пікірдің де туындауы ғажап емес. Бірақ баланың
қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын
мұғалімнің есте ұстар жағдайлары жетерлік.
Балаға жүрек жылуы қашанда қажет және ол
ешқашанда артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген
сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала “менің
ата-анам да осындай болса”, деп армандауы
мүмкін. Мұғалімді тек жақсы қырынан
таныған оқушы үшін оның айтқаны анық,
дегені дәл болып көрінеді.
Жас ұрпақтың құлық
тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез
ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық
қадір-қасиет дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен
мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың
өмір сүру жағдайына, әлеуметтік -
экономикалық және
географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады.
Халқымыздың
рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым,
екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім,
әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық
ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде,
әлеуметтік, табиғи-географиялық материалдық
мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты.
Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық
мінез-құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар
сезім көріністері, дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары пайда болды.
Ұлттық
мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі
арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан
әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі
деп ұғамыз.
Қазақ
халқының адамгершік іс-әрекетіне келетін болсақ, ол
көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін
шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес
халықтармен қарым-қатынаста қалыптасады. Біздің
халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті
құрметтейді. Қазақтардың адам рухының
мәңгілігіне сену саналы тәртібі мен мінез
құлқының қалыптасуының
адамгершіліктің негізі болып табылады.
Қазақтардың
өзін қоршаған әлеуметтік және табиғи
ортаға мейірбандықпен, қайырымдылықпен және
ізгілікпен қатынас жасауын айрықша айтуға болады.
Олардың көшпенді өмір салты өздерін табиғаттың
бөлігіміз деп қарауға үйретеді. Сондықтан
қазақтардың санында және қанында табиғат
өмірін қорғау - халықтың және адамның
өмірін сақтау деген түсінік айқын қалыптасады.
Қазақ халқының мінез-құлқында орын
алған өзара көмектесу, баға жетпес моральдық
сүйемелдеу байқалады. Адам баласының өмір
тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет
көрсету өшпес дәстүрге айналған.
Пайдаланған
әдебиеттер
1 Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. — Алматы:
Дәуір, 2000.-173 б.
2 Адамбаев Б. Алтын сандық. -
Алматы: Жазушы, 1989. - 105 б.
3 Арғынбаев X. Қазақ
отбасы. - Алматы: Қайнар, 1996. - 288 б.
4 Аспендияров С.Д. История Казахстана с
древнейших времен. - Алма-Ата: Казахстан, 1992. - 302 с.