Тельтаев Б.Б. Алматы
Ішкі Істер Академиясы, Қазақстан
PhD Досанова А.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан
РЕПАТРИАНТ-ҚАЗАҚТАР:
АЗАМАТТЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫНАС
КОРРЕЛЯЦИЯСЫ
Азаматтық сәйкестілік
– адамның өз тәуелділігін белгілі бір қоғаммен
теңестіруі, сол қоғам азаматы ретінде республикамыздың
саяси өміріне, қоғам тұрақтылығына, болып
жатқан барлық жағдайларға мән-жай қарамайтын,
өзінің болашағын сол қоғаммен
байланыстырған немесе байланыстыратын тұлға ретінде
қарастырылуын айтамыз. Ол адамның мемлекеттің азаматы ретінде
өзіңді тұлға сезіну ғана емес, сонымен сол
мемлекетте болып жатқан іс-әрекет, оның негізгі талаптары мен
міндеттерімен бөлісу, тұтас кеңістік пен
қазақстандық қоғамның әлеуметтік
құрылымдарына ену арқылы шоғырлану сәттілігі,
бейімделу барысының күшеюі мен тұтастығын нақты
түсіну. Сәйкестілік қалыптасуының теориялық
әдіснамалық қырларын талдаумен қатар
экономикалық, әлеуметтік қатынастардың жаңа
жүйесінің жасалынуымен бірге жүзеге асатын жаңа
қоғамдық пайымдау мен дүниетаным
қалыптасуының, жаңа қарым-қатынас талаптарына
жауап бере алатын идеялар т.б. көрсетеді, яғни ұлттың
субъективті келбеті анықталып, азаматтық өзіндік
сәйкестілігі іске асады. Ол бір жағынан, Қазақстан
халқын сәйкестендіруді жалпы азаматтық және саяси
қауымдастық деңгейлеріне сай болу қажеттігін, екінші
жағынан, еліміздегі барлық ұлтаралық
қатынастардың қазақ халқының
ұлттық сәйкестенуімен ынтымақтастығын талап етеді
[1].
Э.Д. Сүлейменова:
«Сәйкестілік – уақыт өте өзгереді, толығады,
қалпына келеді. Кез-келген сәйкестілікті ұлттық,
азаматтық, мемлекеттік, тілдік т.б. өзгертетін
әлеуметтік-қоғамдық жағдай алмасуы,
миграциялық үдерістермен халықтардың қоныс аударуы,
ұлттық ерекшелік, халықтар арасындағы
қарым-қатынас, тілдік қажеттілік және жеке адамның
өзіндік көзқарасы болып табылады» [2, 6]. Егер көріп
отырғанымыздай, кез келген сәйкестілік түрі
қоғамдық жағдайларға байланысты өзгеретін
болса, онда «сәйкестілік дағдарысы» туындауы әбден
мүмкін. Ондай болған жағдайда адам өзін толықтай
ешбір қоғаммен сәйкестендіре алмайды. Оларда белгілі
дәрежеде «тежеліс» пайда болады. Мысалы, кеңес азаматы енді
Қазақстан азаматы қатарына өтуі. Бірден сезіну
әрине мүмкін болмайды, себебі, зерттеушілердің айтуынша
оған біріншіден, қоғамның психологиялық дайын
еместігі, екіншіден, мемлекеттегі сәйкестілікті ұлттық
ұстанымына сай етіп өзгертуге аса көңіл бөлінуі.
«Мемлекеттік – азаматтық сәйкестілік»
арақатынасында қазақстандық азаматтықтың
респондентттер тарапынан мойындалуы бір мәнді көрсеткіш орын алады.
Бұдан адамның азаматтық қоғамға →
мемлекетке → Қазақстанға қатыстылығы
көрініс табады.
«Сіз өзіңізді қай деңгейде
Қазақстан азаматымын деп есептейсіз?» деген сұрақ
арқылы Қазақстандағы
рептриант-қазақтардың азаматтық сәйкестілікті
сезіну деңгейінің көрсеткішін төмендегі кестеден
анық байқауымызға болады.
Кесте 1 −
Репатриант-қазақ студенттердің тілдік сәйкестілігі мен
азаматтық сәйкестілік корреляциясы (%)
|
Толық есептеймін |
34,6 |
|
Айтарлықтай дәрежеде |
7,0 |
|
Жартылай есептеймін |
34,7 |
|
Есептемеймін |
2,0 |
|
Жауап беруге қиналамын |
11,9 |
Респонденттер өздерін
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде толық есептеймін – 34,6 %, жартылай есептеймін – 34,7 %
көрсеткішін берді. Өздерінің тұрақты тілдік
сәйкестілік көрсеткішінің жоғары көрсеткішін
берген респонденттер де азаматтық сәйкестілік мәселесіне
келгенде айтарлықтай алшақтық байқалады.
Азаматтық сәйкестілік
трансформациясы − өте
күрделі және ұзақ қалыптасатын үдеріс.
Әрбір азаматат үшін өзін Қазақстан азаматы
ретінде сезінуі, тануы бірдей емес, әркелкі іске асады, себебі көп
жағдайда тұлғалар азаматтық сәйкестілік дегенді
өзінше түсінеді. Оның күрделілігі
респонденттердің осы сұраққа айтарлықтай дәрежеде – 7 %, жауап беруге қиналамын – 11,9 %,
есептемеймін – 2 % жауаптарында көрініс табады.
Салыстыру ретінде
репатриант-қазақтар мен жергілікті қазақтардың
азаматтық сәйкестікті сезіну көрсеткітерін қарап
көрейік, төмендегі 2-кестеде жергілікті
қазақстандық респонденттердің азаматтық
сәйкестілікті сезіну көрсеткіші бейнеленген[1].
Кесте 2− Жергілікті
қазақтардың азаматтық сәйкестілікті сезіну
көрсеткіші (%)
|
Толық есептеймін |
76,7 |
94,5 |
|
Айтарлықтай дәрежеде |
11,9 |
3,4 |
|
Жартылай есептеймін |
5,3 |
1,1 |
|
Есептемеймін |
0,6 |
0,8 |
|
Жауап беруге қиналамын |
5,5 |
0,2 |
Бұл көрсеткіштер
арқылы қазақстандық респонденттердің
азаматтық сәйкестілігі оңтайлы жүзеге асуының
даму қарқынына анық көз жеткізуге болады. Ал бұл,
сөзсіз, азаматтардың мемлекет ішінде өмір
сүруінің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайларымен
анықталады. Бүгінде респонденттердің – 94,5-ы өздерін
Қазақстан азаматы санайды. Ал жартылай
санаймын – 1,1 % көрсеткіші мен айтарлықтай санаймын – 3,4 % көрсеткішінің
төмендеуі респондентттер арасында азаматтық сәйкестілік
деңгейінің өскенін байқатады.

Сурет 1 − Жергілікті қазақтар мен
репатриант-қазақтардың азаматтық сәйкестілік корреляциясы
(%)
Қазақ халқы
өзінің «қазақтығын» толығымен сезіну
мүмкіндігіне тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана
қол жеткізді. Қазақ елі бүкіл жер жүзіне өзінің
тәуелсіздігін, өзінің мәдениетін, мемлекеттік тілін
таныта білді.
Н.Ә. Назарбаев: «Әр
ұлтты оның санасына қарамастан, басқалар оларды ол
ұлт өкілдерінің өздерін қалай сыйлайтынына
қарай сыйлайды» [3, 280].
Екі кестедегі аталмыш
айырмашылықтың себебін анықтау үшін, яғни
азаматтық сәйкестілігі жартылай жүзеге асқан немесе
ҚР азаматтық сәйкестілігін сезіну деңгейі төмен
репатриант азаматтарға келесі сұрақты қою
маңыздылығы артып отыр.
Кесте 3 – Респонденттердің
азаматтық сәйкестілігі мен мемлекетке тәуелділігін сезіну
корреляциясы (%)
|
Қазақстан азаматы |
52,5 |
|
КСРО азаматы |
– |
|
ТМД азаматы |
– |
|
Ресей азаматы |
– |
|
Өзге мемлекет азаматы (атаңыз) |
21,8 |
|
Жауап беруге қиналамын |
24,8 |
Респонденттердің – 52,5 %-ы
Қазақстан азаматымын деп
санаса, өзге мемлекет – 21,8 %,
жауап беруге қиналамын – 24,8 %
деген. Кестеде берілген жауаптар азаматтық сәйкестілік
дағдарысының көрінісін береді. Бұл мәліметтерге
қарап, төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
– азаматтық
сәйкестілік, ең алдымен, тұлғаның мемлекетке
қатыстылығын сезінуімен байланысты, адам өзін белгілі бір
қоғаммен байланыстыра отырып, оның мүдделерін
өзіне біріктіре қарап, осы қоғамдағы болып
жатқан жағдайлар туралы өзінің
көзқарастарымен өзара қатынас сипатында
қарастырылады;
– репатриант-
қазақтар студенттердің өздерін Қазақстан
азаматы ретінде толықтай сезіне алмауына қоғамдағы
оларға деген бірқалыпты көзқарастың болмау себебі
әсер етіп отыр;
– азаматтық
құқықтарының теңдей қорғалмауы,
көп жағдайда олардың әлеуметтік
жағдайларының төмендігі;
– қоғамға
белсенді араласу үшін олар бүгінгі Қазақстан
Республикасындағы құқықтық заңнамалар
мен қалыптасқан нормаларды, саяси-экономикалық,
қоғамның әлеуметтік жағдайын толық
түсінбеді;
– егер толықтай
Қазақстан азаматы болып сезіну үшін
төлқұжаттағы мәлімет қажет болса, онда
репатриант-қазақтар үшін азаматтық алу
үдерісінің қиындығы мен бейімделу барысындағы тілдік
кедергінің болуы әсер еткен.
Репатриант-қазақ
студентердің азаматтық сәйкестілік пен мемлекеттік тілге
қатысты көзқарастарын тереірек білу үшін мынандай
сұрақтар қойылды.
Сіз кімді отандастарым деп есептейсіз?
Мемлекеттік тілді білу Қазақстан
тұрғындарының азаматтық борышы дегенмен келісесіз бе?
Өз ұлтыңыздың тілін
білмегеніңіз үшін Сіздің ұлттық намысыңыз
қорланды ма?
Қазақ тілін білмегеніңіз үшін
қиналған кездеріңіз болды ма?
Мемлекеттік тіл туралы берілген
мәлімдемелердің қайсысы сізге тән?
Қандай тілдерді білу қажет деп санайсыз?
Кесте 4 – Респонденттердің отандастарды
анықтау көзқарасы (%)
|
|
Иә |
Жоқ |
Білмеймін |
|
Өзге ұлттан болса да Қазақстандықтарды |
32,7 |
65,3 |
2,0 |
|
Ана тілін білетін өз ұлттастарымды |
79,2 |
18,8 |
2,0 |
|
Өз ана тілін білмесе де өз ұлттастарымды |
14,6 |
83,2 |
2,0 |
|
Діни көзқарасымды бөлетіндерді |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
Кестеден алдымен – 79,2 %
ана тілін білетін ұлттастарымды отандастарым деп санаймын, ал өз
ана тілін білмейтін ұлттастарымды – 83,2 % отандасым деп санамаймын
көрсеткішін көріп тұрмыз, екіншіден, Қазақстанда
тұратын басқа ұлт өкілдерін – 65,3 % отандасым деп
санамайды, тек – 32,7 % оларды отандасым деп санайды, үшіншіден,
діни қөзқарастағы көрсеткіш – 2 % ғана
анықталған. Олай болса респондентттер ана тілін білетін
қазақтарды толық өз отандастарым деп санайды.
Азаматтық
сәйкестілік азаматтық құқық пен мемлекеттік
тілге көзқараспен тікелей байланысты. Азаматтық сәйкестілік
айтарлықтай дәрежеде респондентттердің мемлекеттік тілге –
мемлекеттің негізгі рәміздерінің біріне
қатыстылығымен байланысты анықталады. Қазақстанда
ұлттық идеология «кеңестік» сәйкестілікті
«қазақстандыққа» ауыстыруда. Жаңа мемлекеттілікке
байланысты азаматтық сәйкестілік пен бейтараптылық
көрсеткіштерінің бірі – мемлекет азаматтарының тілдік
дағдыларының бірі болып отыр. Қазақ тіліне деген
қатынастың өзгеруі, оны игерудің мәлімделген
деңгейі қазақ тілінің өз әлеуметтік
құзыретін бірте-бірте күшейтіп келе жатқанының
белгісі бола алады. Қазақстан азаматтары өздерін
қазақ тілімен сәйкестендіргілері келеді. Мемлекеттік тілді
білу туралы мәлемдеме – бұл мемлекетке қатысты
бейтараптылықты өзінше мойындаудың бір түрі, ол
азаматтық өзіндік сәйкестілік тұрғысындағы
мәліметтермен тұжырымдалады [4, 104].
Мемлекеттік тіл – бұл
саяси-құқықтық ерекше мәртебеге ие тіл,
анықталған мемлекет аумағына таралған тіл,
аталған елде мекемелердегі іс жүргізуге, сот істерін, білім беру
халықтың ұлттық құрамына қарамастан
енгізілген тіл, қоғамда максималды қызмет атқаратын,
«Қазақстан Республикасының тілдік саясат
қағидаларына» сәйкес мемлекеттік және
қоғамдық маңызды қызметтер атқаратын тіл [5].
Респонденттердің
мемлекеттік тілді білу азамматтық борыш деп санау көрсеткішін
төмендегі кесте арқылы көрсеткіміз келеді.
Кесте 5 – Респонденттердің
мемлекеттік тілді білу Қазақстан тұрғындарының
азаматтық борышы дегенге көзқарасы (%)
|
Келіспеймін |
Келісемін |
Жауап беруге қиналамын |
|
7,9 |
88,1 |
3,0 |
Республиканың азаматтары қазақ
тілін білулері керек, тілді білу
Қазақстан тұрғындарының азаматтық борышы
деген пікірмен респонденттердің –
88,1 %-ы келіседі, ал – 7,9 %-ы бұл пікірмен келіспейді.
Мемлекеттік тілді білу, біріншіден, олардың ертеңгі күнге
деген нық сенімін қалыптастырса, екіншіден, жақсы жұмыс
табуына септігін тигізсе, үшіншіден, адам қанша тіл білсе,
соншалықты оның тілдік санасы өте кең, білімі мол
болады. Республикадағы басқа ұлт өкілдері үшін
қазақ тілін білу қоғамдық қажеттілік болу
керек. Өз
ұлтыңыздың тілін білмегеніңіз үшін Сіздің
ұлтты намысыңыз қорланды ма? % деген сұраққа жауабын келесі кестеден көруге
болады.
Кесте 6 – Ұлттық тілді
білмеудің ұлттық намысқа әсері (%)
|
ешқашан |
75,2 |
|
кей кезде |
5,0 |
|
жиі |
7,0 |
|
әрдайым, |
6,0 |
|
жауап беруге
қиналамын |
7,0 |
Кестеде берілген мәліметтер
респонденттердің ұлттық тілді толықтай білмеудің
салдарынан негізінен намыстары қорланбағанын көрсетеді – 75,2 %.
Бірақ кей-кезде – 5 %, жиі – 7 %, әрдайым – 6 %
көрсеткіші бұндай жағдайлардың кездесетіндігінен
хабардар етеді.
Шетелден келген
репатриант-қазақтар орыс тілін білмеуі салдарынан жиі
қиналатындығы белгілі, ал олардың ішінде қазақ
тілін білмеу салдарынан қиналғандары болды ма деген
сұраққа төмендегідей жауаптарды алдық, оны келесі
кестеден көруге болады.
Кесте 7 – Қазақ тілін
білмеудің қиындықтар туғызуы (%)
|
ешқашан |
86,1 |
|
кей-кезде |
3,0 |
|
жиі |
2,0 |
|
әрдайым |
4,0% |
|
жауап беруге
қиналамын |
7,0 |
Бұл
сұраққа респонденттерден – 86,1 % ешқашан, – 5 %
кей-кезде – 3 % жиі, – 2 % әрдайым, – 4 % жауап беруге
қиналамын деген жауаптар алынды.
Кесте 8 – Мемлекеттік тіл
туралы төмендегі мәлімдемелердің қайсысы Сізге
тән? (%)
|
№ |
Мәлімдемелер |
иә |
жоқ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Мен қазақ тілін көбірек қолдануға тырысамын
|
91,3 |
4,0 |
|
2 |
Менімен қазақ тілінде сөйлессе, мен де
қазақ тілінде жауап беруге тырысамын |
66,3 |
30,7 |
|
3 |
Менімен орыс тілінде сөйлессе, мен қазақ тілінде жауап
беремін. |
50,5 |
46,5 |
|
4 |
Менімен орыс тілінде сөйлессе, мен орыс тілінде жауап беруге
тырысамын |
22,8 |
74,3 |
|
5 |
Менімен қазақ тілінде сөйлессе, мен орыс тілінде жауап
беремін |
4,0 |
93,1 |
|
6 |
Қазақ тілін білмейтіндердің арасында қазақ
тілінде сөйлескен маған ұнамайды |
22,8 |
74,3 |
|
7 |
Орыс тілін білмейтіндердің арасында орыс тілінде сөйлескен
маған ұнамайды |
24,8 |
72,3 |
|
8 |
Маған қазақ тілінде сөйлеген жағдайда мен
ыңғайсызданамын |
5,0 |
92,1 |
|
9 |
Маған орыс тілінде сөйлеген жайдайда мен
ыңғайсызданамын |
57,4 |
39,6 |
|
10 |
Маған орыс тілінде де қазақ тілінде де сөйлескен
бірдей ыңғайлы |
5,9 |
91,1 |
Ескертпе: Кестедегі мәлімдемелер жанына қойылған
реттік сан оны диаграммада белгілеу барысын жеңілдетті.
Ұсынылған кестеде келтірілген
мәліметтерге сәйкес: қазақ тіліне қатысты айтар
болсақ, респонденттердің қазақ
тілін көбірек қолдануға тырысамын, иә − 91,3 %,
жоқ − 4 %,
қазақ тілінде сөйлесе, қазақ тілінде жауап
беремін иә − 66,3 %,
жоқ − 30,7 % деп
жауап берген.
Репатрианттардың
жауаптарына қарай олар қазақ тілін толықтай
пайдаланады, сондай-ақ ол тілде бір-бірімен пікір алмасады, яғни
тілдік сәйкестілік көрінісінің тұрақтылығын
аңғартқандай; оларда қазақ тілімен қоса
басқа тілді де қосып сөйлеу үдерісі байқалды,
келтірілген мәліметтегі − 30,7 % орыс тілі немсе өзге де
тілдер болуы мүмкін, себебі репатриант-қазақтардың
тілдік құзыреті мен тілдік бейнесінің әртүрлі
екенін айтқан болатынбыз. Біздің қоғамда қазақ-орыс
қостілділілігі басымдық танытуда. Бұл ойымызды
төмендегі көрсеткіш деректері де дәлелдей түскендей, менімен орыс тілінде сөйлессе, мен
қазақ тілінде жауап беремін иә − 50,5 % жоқ − 46,5 % жауап
бермеймін деген, бұндағы − 46,5 % респонденттердің
орыс тілін үйренді, ол тілде қатынас жасайды деген сөз.
Оған қоса, респондентттердің маған орыс тілінде сөйлеген
жағдайда мен ыңғайсызданамын көрсеткіші −
57,4 % көрсеткен болса, жартысына жуық үлес орыс тілінде
сөйлеуде − 39,6 % ыңғайсызданбайтынын
көрсетіп отыр. Бір
қарағанда бұл көрсеткіштер шетелдерден келген
қазақтардың орыс тіліндегі құзыреттілік
деңгейінің алдыңғы кестеде келтірілген
мәлеметтермен салыстырғанда артқандығын
көрсетеді. Бірақ төмендегі мәліметтер бойынша
репатриант-қазақ студенттерінің қостілділік
үдерісі толық қалыптасып бітті деп айту қиын, себебі маған орыс тілінде де, қазақ тілінде де
сөйлескен бірдей ыңғайлы иә − 5,9 %
болса, жоқ − 91,1 %
екендігін көрсетеді. Олар тек, менімен
орыс тілінде сөйлессе, мен орыс тілінде жауап беруге тырысамын иә − 22,8 %
десе, жоқ − 74,3 %
деп жауап берген. Осылайша қарым-қатынас жағдайындағы
тілді таңдау, қолдану көрсеткіші студенттерде біркелкі емес.
Кесте 9 – Респонденттердің тілдерді білу
қажет деген көзқарасы (%)
|
|
Келісемін |
Келіспеймін |
Жауап беруге қиналамын |
|
Қазақ тілі |
97,0 |
2,0 |
1,0 |
|
Орыс тілі |
60,4 |
19,8 |
19,8 |
|
Ағылшын тілі |
82,2 |
5,9 |
11,9 |
|
Қытай тілі |
73,3 |
9,9 |
16,8 |
|
Араб тілі |
40,6 |
20,8 |
38,6 |
|
Түрік тілі |
34,7 |
178 |
47,5 |
|
Басқа тіл |
34,7 |
9,9 |
55,4 |
Тілдік сәйкестіліктің
жоғары көрсеткіші ретінде респонденттер қазақ тілін
атайды. Репатриант-қазақ студенттер басқа да тілдерді білу
керек деп санайды.
Осылайша мемлекеттік тілге
қатысты көзқарасын айқын берген
репатриант-қазақ студенттердің азаматтық
сәйкестілік корреляциясын (34,6 %) жергілікті
қазақтардың азаматтық сәйкестілігінің
жоғарғы корреляциясымен (94,5 %) салыстыра қарағанда,
оларда азаматтық сәйкестіліктің диффузиялық
құбылысы бар екені толық аңғарылды.
Репатриант-қазақ студенттердің төмен көрсеткіші
бұл үдерістің толық қалыптасып болмаған,
сонымен қоса,
«Қазақстан азаматтығын алуға асықпау» үрдісіне
сай келді. Азаматтық сәйкестілік – тұлғаның
өзін мемлекет азаматы ретінде сезініп қана қоюы емес,
нақтысында, жас репатриант-қазақтардың сәйкестену
үдерісі. Олар үшін жаңа Қазақстан
қоғамы мен оның құрылымдық және т.б.
жүйелеріне еш ауыртпалықсыз тез интеграцияланып кетуіне мүмкіндіктің
болмағандығынан көрініс береді.
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін
қалыптастыру тұжырымдамасы. – 1999, мамыр – 23. http://www.egemen.kz/indexold.php?act=readarticle&id=2192.
2.
Cүлейменова Э.Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая идентичность // Язык и идентичность: Материалы международной
научно-практической конференции. – Алматы, 2006. – С. 15-25.
3. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. –
Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б.
4. Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы негізгі заң актілері. –Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 44 б.
5. http:// www.azattyq.org/content/...anna_genina/1884804.html.