Сатылған Махамбет Еркінбекұлы
ҚазҰУ-дың 3 курс студенті
И.A. Козлов қазақтың әдеттік
құқығындағы сот ісі туралы
XIX ғасыр мен XX
басында орыс зерттеушілері қазақтың сот
мәселесін көптеп зерттеді. Атап кететін болсақ олар: И.Крафт,
А. И. Алекторов, Л.Ф.Баллюзек, д’.
Андре және И. А. Козлов [1]. Осы еңбектерде сот ісінің
қазақ даласында жүргізілуі айқын баяндалған.
Сонымен қатар сот ісінің шешімдерінің ретті түрде
жүзеге асуы қарастырылады. Сот ісіндегі билердің ролі,
олардың жеке басының қасиеті, дауды шешуде әділдікке
жетіп, жеңілдеу мақсатын көздегені туралы да орынды берілген.
Қазақ қоғамында бидің алатын орнын ерекше ашып
берген И.Козлов болды. Оның берген мағлұматтарында бидің
басты екі қасиеті бойынша таңдалатаны айтылады 1) әдеттегі
құқтың білгірі болуы және 2) халық арасынан
жеке басының қасиетін алғы шарт ретінде қарастырылады
[2].
И.А. Козловтың қазақтың күнделікті
құқықтық нормалары мақаласында
көрсеткендей қазақ
соты-ол халық соты түсінігіне ие себебі, біріншіден, соттың
үкім шығаруы халықтық заңнамалық салт
дәстүрге сай, екіншіден,соттың басты органы- би халық
арасынын сайланады .Халық түсінігі бойынша би лауазымы
өзінің кіршіксіз адалдығымен табиғи ақылдылығымен
танылады. Би халықтың тірі тарихы заңгер және заң
басқарушы. Содан соң қазақ соты – жариялы
болуының басты себебі оның халықтық болуында.Ал
соңғысы ежелгі туыстық қатыныстарды қорғау
жүйесіне негізделеді[3].
Ара түсу жүйесі яғни
қазақтарда дамығаны сонша тіптен Би өз
руластарының арасына түссе де оны халық ерлік ретінде көреді.
Екі рулас адам соттасқан кезде әр ру өз азаматын
қорғайды. Соттың халықтық болуының басты
себебі күнделікті өмірдің біржақтылығы,
қазақтардың айналада болып жатқан
жағдайларға қызығушылық тудыруы.
Қазақ сотының ең
тамаша жақтары ол – сотталушыларды абыройға шақырып
татуластыру. Егер айыпталушы оз кінәларын мойындамаса және де
заңды дәлелдің болмауы бидің оны кінәсіз деп
шешуіне негіз болады. Егер екі
жақ ортақ келісімге келсе айыпталушы айыппұлдың
жартысын төлеуге тиісті.
Кей істерде (көбінесе халық
қайтарады)соттың күнделікті шешімі біршама өзгереді.Осы
орайда айыптаушы жеке өзі немесе айыптаушы таңдаған адам би
алдында ант қабылдайды .
Ал қарындас ісіне келетін
болсақ ол ежелгі заманнан орнатылған, қарындас
келісімінің басты мақсаты бір рулас және ағайын
адамдарды сот алдына апармай татуластыру.Қазіргі кезде қарындас
келісімі кең тараған.
Қорытындылай келе
қазақ сотының басты ерекшеліктері соттың жариялы да,
адал болуы. Бірақ қазақта кең тараған
туыстық қатыныасқа байланысты әділетсіз
үкімдердің қабылдануы да орын алып отырған.
1. Материалы по казахскому обычному праву. Алматы, 1998. 456 б.
2. Звание бия в народном сознании // //Қазақтың ата
заңдары. Алматы, , 2001. 95-96 бб.
3. Козлов И.А. Обычное право киргизов. // МОП, 1998. 300-304 бб.