Досмалова  Камила Ақылбайқызы

ҚазҰУ-дың 3 курс студенті

Қазақтың әдеттегі құқығын жинақтаушы Л.Ф.Баллюзек

Қазақтың әдеттегі құқығы қоғам ішінде өзінің реттеушілік мақсатта көптеген қызметті атқарды. Х1Х ғасырда Ресей тарпынан қазақтың әдеттегі нормалары өздерінің отарлау саясатын жүзеге асыру мақсатында жинала басталды. Оның ішінде қазақ тұрмысы, күнделікті өмірі туралы және құқықтық қатынастары туралы мағлұматтар  кеңінен жинақталды. Қазіргі күнде осы мәліметтер қазақ қоғамының өз ішіндегі құқытық мәдениеттің ерекшелігін осы мәліметтерді пайдалана отырып зерттеу мүмкіндігін аламыз. Осындай авторлардың арасынан Л.Ф.Баллюзекті ерекше атауға болады. Ол өзі орыс чиновнигі бола тұра қазақтың құқықтық мәдениетінің шынайылығын ашық жазған. Қазақтың сөз қадірін, өзара ішкі дауласуды жақтырмайтын, әркез шыныдыққа жақын халық деп көрсетеді. Сонымен қатар қазақтың бойындағы теріс қылықтар туралы көп мәлімет алуға болады.         Баллюзек 1865 ж  Торғай облысының генерал губернаторы болып тағайындалып, қызмет ету барысында бұрын орынбор қырғыздары басқармасының патшалық үкімет шенеуніктеріне, қазақ сұлтандарына, би мен ақсақалдарына орынбор қырғыздарының бұрынғы аймағынан  (Кіші жүз бен Орта бөліктері)  қазақтың әдеттік құқығы бойынша материал жинауды тапсырады [1]. Кейінен оны өңдеп,басылымға жібереді. Л.Ф.Баллюзек өзінің алғы сөзінде : "менің бұйрығым бойынша бұрын  Орынбор қырғыздары басқармасының лауазымды адамдары  жинаған қырғыз әдеттік құқығы : мәліметтерді жинастыруға қатысқандардың бәріне,соның ішінде ерекше үлес қосқан штаб-ротмистрі Сейдалин сұлтанға өзімнің шынайы алғысымды білдіремін"-дейді[2].    Л.Ф.Баллюзектің  материалдары қазақтың әдеттік ғырыптарын салыстырмалы зерттеуде үлкен қызығушылық танытады, себебі мұнда  бұрынғы әдеттік норма ретінде егжей-тегжейлі келтірілген. Баллюзектің материалында  қазақ  сот ісі, қылмыстық және азаматтық құқық, мұралық мәселесі, қарыздық міндеткерлікке байланысты ғұрыптар, ар-намысқа тіл тигізуге байланысты ғұрыптар,көші-қон кезінде тұрақтауға байланысты заңдар және қазақ халқының күнделікті тұрмысындағы заңдары келтірілген.  Бұл жинақ қазақтың құқықтық заңдар тарихын зерттеуде өте құнды фактілік материал болып табылады.Мазмұны жағынан бағалы материалдың құндылығы , оны қазақтардың өзі жинауында. Жинақтағы жеке тарауларға тоқтала кестек, қырғыз сот ісі заңында қарапайым адамға тіл тигізуден бастап жоғарғы қылмыстық іске дейін бірде бір қағаз, сиясыз шешіліп, сотталып отырған. Мұнда әділқазы міндеткерлігінің билерге жүктелгенін көрсетеді.  Бұл дәреженің бәріне бірдей берілмейтіндігі, тек туа дарынды сөзге шешен, бұрыннан келе жатқан халық дістүрлерін жетік білетіндер ғана иемденіп отырған. Билердің ешбір ғылыми теорияны білмесе де, жоғары білім алмаса да халық арасында асқан даналығымен әділ шешім беріп отырғанын көрсетеді.

         Жасалған істеріне байланысты айыпталу мәселесінде, айыпталушы ат-тон төлеп отырған. Ат-тон жазасының ауыр-жеңіліне байланысты көлемі артып отырған. Айыпқа :

- бір ат

- түйе мен шапан

- бір түйе,ат

- тоғыз[3]

Мұнда тоғыз ірі қара мал басы және қосымша заттар берілген.   Сонымен қатар айыпталушының ақталу мәслесі де қаралған. Егер айыпталушы ұрлық жасау үстінде ұсталып сотқа әкелінсе оның ақталуы тыңдалмаған, ұрлық жасаушы туысқандығы екенін пайдаланып ақталса, оның сол уақытта қай жерде болғаны анықталатын болған. Адам өлтіру бойынша  бастапқы кезде "қанға-қан, жанға-жан" деп адам өлтіргені үшін қайтарымы ретінде адам өлтіріліп отырса кейіннен билер мұның халық үшін де тиімсіз екендіне байланысты жаңа мынадай шешімдер шығарады: егер адам өлтірілген жағдайда оны қарулы қолымен кегін қайтаруды;өз руынының бір мүшесі айыпты болған жағдайда ру мүшелерінің бәрінің бірдей құн төлеуін; сүйек құн төлеу мәселесіне байнанысты шешімдерді алып тастауды ұйғарады.

         Жалпы Л.Ф.Баллюзек  материалында жоғарыда тоқталғанымыздай би мәселесі, айып төлеуге байланысты, кісі өлтіруге байланысты қандай шешімдер шығарылғаны, қарыз болған жағдайда қандай айып төлейтіні, адамға тіл тигізгу т.б  жағдайларда қандай шешім шығарылатыны жеке-жеке тарауларды топтастырылған. Қорытындылай келе Л.Ф.Баллюзек  бұл материалдар жинағында қазақтың әдеттік құқықты жинақтаушы ретінде қарап,  қазақ қоғамының сол тарихи  кезеңдегі әдеттік құқықтардың заңмен теңбе тең дәрежеде болғанын көреміз.

1.      Материалы по казахскому обычному праву. Алматы, 1998. 217-301 бб.

2.      Баллюзек Л. Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в малой киргизской орде силу закона. // МОП, 1998. 217 бб.

3.       Баллюзек Л. Суд без формальностей. //Қазақтың ата заңдары. Алматы, «ЖЕТІ ЖАРҒЫ», 2001. 93-94 бб.