Темірбеков А.Е., магистрант

«Тұран-Астана» университеті.

 

Сыбайлас жемқорлық қылмысының ұғымы

және оның белгілері

Сыбайлас жемқорлық қылмысы болып ҚР ҚК 176-бап үшінші бөлімінің г) тармағы, 193-бап үшінші бөлімінің а) тармағы, 209-бап, 307-бап үшінші бөлімінің а) тармағы, 308-бап, 310-315-баптар төртінші бөлімінің в) тармағы, 380-бап қарастырған қылмыстар мойындалады. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК-нің 13 тарауында берілген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады. Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа зиян келтіреді.

Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі байқалады. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға және оларға теңелген адамдарға қатысты қылмыстық істер саны 23,8 % (922-ден 1141-ге дейін) өскен.

ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) мәліметтері бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмысына жататын қылмыстың жеке түрлері арасында пара алу фактілері 8,3% (302-ден 327-ге дейін), бөтен мүлікті иемдену немесе шығындану - 33,3% (99-дан 132-ге), билікті және лауазымды құзыретті асыра пайдалану - 5,3% (57-ден 60-қа дейін), қызмет бойынша әрекетсіздік - 2,1% (17-ден 36-ға дейін), қызметтік жалған іс - 27,6% (453-тен 578-ге) өсті. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы негізінен сот арасында жіберілген (0-ден 22-ге), ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында - 79,7 % (59-дан 106-ға дейін), әділет - 13,6% (22-ден 25-ке дейін), қорғаныс министрлігі - 3,5 рет (2-ден 7-ге дейін), селолық округтер мен аудан әкімдері 22,9% (83-тен 102-ге дейін). Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік органдарда кеңінен таралған жағдай болып қалуда. Сыбайлас жемқорлыққа жақын тұратын мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласы, инвестициялық және жекешелендіру үдерістері, рұқсат беру және лицензиялау жүйелері, бюджеттік қаражат пен жерді бөлу, салық жинау, басшылық орындарға тағайындау және мемлекеттік қызметке орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі.

ҚР қылмыстық кодексінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады - жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК-нің 307-бабында берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады. Келесілер мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі:

-  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

-  заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар;

-  еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;

-  мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар.

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс, сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау үшін тәсіл болып табылады. Лауазымды қылмыс, сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы:

-тездету және әр түрлі процедураларды, ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер, бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік қаражатты және жер учаскелерін заңсыз пайдалану, ақша үшін лицензиялар және басқа рұқсат құжаттар беру;

-мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу, тендер мен мемсатып алған кезде асыра сілтеушілік;

-монополияға қарсы заңнаманы және шынайы бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас жемқорлыққа және ықпал жасаудың сыбайлас жемқорлық саласын жасауға дейін бару, дауыс берген кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату және сот шешімдерін сату және БАҚ-қа пара беру. Бұл қылмыстың объектісі басқару тәртібіне, орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады. Коммерциялық немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану қаралып отырған баптың заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны жөнінде айта кеткен жөн. Мұндай сыбайлас жемқорлық қылмыстың объективті жағы 307-бап 1-бөлімінің диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның өз қызметтік өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса, онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян әкелсе, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса”. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар іс-әрекет жасамау болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.
Бұл қылмыстың субъектілеріне ҚР ҚК 307-бабының 1-3 бөліміне “Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану” сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарды немесе соларға теңелген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарды жатқызады. 

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктеріне айтарлықтай зиян әкелуі мүмкін,мемлекеттік органдар беделін түсіруі, басқа қылмыс жасауға және оларды жасыруы мүмкін.

Бұзылған құқықты қорғау үшін билік немесе басқару органына жүгіну сотқа құқық қорғау туралы талаппен жүгінуге кедергі болмайды, егер заңнамалық актімен басқа ештеңе қарастырылмаса. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық құқықты қорғау сотпен, арбитраждық сотпен немесе төрелік сотпен құқықты мойындау арқылы жүзеге асырылады, құқықты бұзғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оны бұзу қаупін жасайтын іс-әрекеттің жолын алу, міндетті нақты орындауға мәжбүрлеу, шығынды, тұрақсыздық төлемді өтеу, келісімді заңсыз деп мойындау және т.б. Құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген шығынды толық өтеуін талап ете алады, егер заңнамалық актімен немесе келісімшартпен басқа ештеңе қарастырылмаса. Шығын деп құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиіс шығыс аталады, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты зиян), сондай-ақ осы адам құқығы бұзылмаса алатын кіріс (ала алмаған пайда) болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы, 1998 жылғы 2 шілде

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілде

4. Положение об Агентстве Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 29 января 2004 г.

6. Основы противодействия коррупции: Учебное пособие. (под ред. И.И.Рогова, К.А.Мами, С.Ф.Бычковой), Алматы: ОФ «Транспаренси Казахстан»,  ОФППИ  «Интерлигал в Казахстане», 2004

7. Закон Республики Казахстан от 4 мая 2008 года №31-ІҮ «О ратификации Конвенции Организации Объединенных Нации против коррупции».    «Казахстанская правда» от 6 мая  2008 г.

 

Р е з ю м е

В статье рассматриваются понятие коррупционных преступлений.

S u m ma r y

        In article are considered concept of corruption crimes.