магистрант
Мынбаев Маханбет Бахытжанович
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан
Қазақстандық
парламентаризмнің қалыптасу тәжірибесі
Кез келген қоғамның саяси жүйесі
әрқашан дамуда және өзгерісте болады. XIX, XX
ғасырларда және XXI ғасырдың басында
Қазақстан халқы мәні және түрі
жағынан үлкен айырмашылығы бар 4 саяси жүйенің
ауысуын басынаң өткізді: дәстүрлі «номадтық»,
ресейлік «императорлық-монархиялық», кеңестік
«псевдо-федералистік», қазіргі заманғы
«республикалык-демократиялық». Қазақстан
қоғамының құрылымдық саяси салаларын
өзгерістер мен маңызды трансформациялық бастамалар
қамтыған. Мемлекеттегі билік құрылысы мен
ұйымдасуы егеменді мемлекетті құру кезінде аса үлкен
маңызға ие болды. Мемлекеттіліктің болмысы
егеменділіктің қалыптасуымен не бұл мемлекеттіліктің
құлдырап, басқаларға тәуелді болуымен
анықталады.
Трансформация кезеңіндегі басқа да
мемлекеттерге де сиякты Қазақстан үшін биліктің саяси
құрылымының тиімді үлгісін таңдау, биліктің
шиеленіссіз өзара әрекеттесуін ұйымдастыру мәселесі
тұрды. XX ғасыр аяғында Қазақстан өз
тарихының жаңа парағы - тәуелсіздік
қарсаңында тұрды. КСРО-дағы реформалар шеңберінде
Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін
бекітуге бағытталған белсенді қадамдар жасалды.
«Қазақ ССР Президенті лауазымын қалыптастыру туралы
және Қазақ ССР-ның Конституциясына (Негізгі
Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақ ССР қабылдаған заңға сәйкес
президент институты бекітіліп, 1990 жылдын 24 сәуірінде
Республиканың Жоғары Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты
Қазақ ССР-ның түңғыш Президентін сайлайды.
1990 жылдың 25 қазанында елдің жоғары заң
шығарушы органы егеменді Қазақстан қазірғі заман
тарихында үлкен бетбұрыс болған «Қазақ ССР
мемлекеттік егеменділігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл елде
мемлекеттік биліктің үстемдігін және оның сырткы саяси
қарым-қатынастарда оның тәуелсіздігін жариялау туралы
мемлекеттің алғашкы ресми бағдарламалық
мәлімдемесі болды. «Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан
халқының тілегін білдере, бірігу мен халықтар
достастығын бекітуді маңызды мақсаттардың бірі ретінде
есептеп, республиканың барлық азаматтарының лайықты және
тең жағдай өмір сүруін қамтамасуз етуге, адам
құқықтарының Декларациясын және ұлттың
өзін-өзі анықтау деген құқығын
мойындай, қазақ ұлтының тағдыры үшін
жауапкершілікті сезіне, адамгершілік демократиялық
кұқыктық мемлекетті құру шешімін сезіне отырып,
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынын мемлекеттік
егеменділігін жариялап, осы декларацияны қабылдайды.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
егеменді мемлекет бола отырып, басқа мемлекеттермен егеменді
республикалардың Одағына ерікті түрде бірігеді және
келісім-шарт негізінде өзара қарым-қатынас жасайды.
Қазақ ССР Одақтан ерікті түрде шығу
құқығын өз үлесіне қалдырады.
Еріксіз түрде Қазақ Автономды
республикасының алғашкы Құрылтай съездінде (4-12
қазаң, 1920ж. Орынбор) Қазақ АССР-ның енбекшілері
кұқықтарының Декларациясының
қабылданыуымен, ОСК және СНК сайлаумен қазақ
халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық
мемлекеттілігін қалыптастыруға бағытталған 1920
жылдардағы оқиғалар еске түседі. Бірақ
тоталитарлық-коммунистік режим жағдайында тәуелсіздік пен
егеменділік жоққа шығарылып, тек 1990 жылдың
қазаңында ғана Қазақстан шын мәнісінде
тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік алды. Сонымен,
Егеменділік туралы Декларация Қазақстан тәуелсіздігінің
саяси-құқықтық қайнар көзі бола
отырып, кейінірек Қазақстан дамуының болашақ
үлгісін анықтаған болатын.
90 жылдардың басындағы саяси жағдай
ерекшеліктері Қазақстан қоғамының барлық
күштерінің бірігуін талап етті. Үш славян
мемлекеттерінің жетекшілері 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежде,
Белоруссия басшыларының (кезінде Никита Хрущевтің) резиденциясында
келесі құжатқа қол қойды: «КСРОдағы
халықаралық құқық ретінде және
геосаяси шынайылылық ретінде өз өмір сүруін
тоқтатты». 16 қазаңда 1991ж. Қазақ ССР-ның
Президентін сайлау туралы жарлыққа қол қойылды.
Мемлекет басшысы басталған реформаларды жалғастыруда бүкіл
халықтың сенімін алу үшін Қазақстан
Президентінің бүкіл халықтық сайлауын өткізу
саяси шешімін қабылдайды. 98 пайыз
Қазақстандықтардың қолдауына ие болып, 1
желтоқсан 1991 жылы Н.Ә.Назарбаев бүкіл халықпен
сайланған тұңғыш президент болды. Парламентпен емес,
бүкіл халықпен сайланған президенттің саяси беделі
халықаралық аренада да, елде де өлшеусіз жоғары болды.
Ал мемлекет 10 желтоқсан 1991 ж. «Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы деп жарияланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына
Президенттің қол қоюы және жаңа тәуелсіз
мемлекеттің шынайы егемендігін жариялау тарихтағы өмірлік
маңызға ие болды. Егеменділікті жариялаумен Қазақстан
Республикасы парламентаризмінің тарихы басталды. Қазіргі заман
жағдайында парламентаризмнің қалыптасу және даму
процесі үлкен қызығушылық танытты.
25 наурыз 1990 жылы Қазақстанда
Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесіне
шақырылымына Қазақстан тарихында алғаш рет
тұңғыш демократиялық сайлау өткізілді. 1990ж.
пайда болған алғашқы парламент 1990 жылдың
сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етті.
Ескі номенклатуралық элитаны кетіру оның мәні болып табылды.
Қазақстан территоряисында ешкашан заң шығарушы
және өкілдік органға мұндай бәсекелескен сайлау
өткізілмеген. Сайлау алдындағы күреске 360 депуттаттық
мандат үшін 2 мыңнан аса үміткерлер қатысып,
республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 жуық
адам сайланды. Бұл саяси жүйенің трансформациясын білдірді.
Өзіндік заңнама негізін салу қазақстандық
парламенттің маңызды мақсаттарының бірі еді. Бұл
бір палаталы парламент Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кұрылыс негіздерін және тәуелсіздігін бекітетін «Мемлекеттік
егеменділік туралы Декларацияны», «Мемлекеттің тәуелсізідігі
туралы» Конституциялық Заңды, алғашқы
посткеңестік Конституцияны (28 қаңтар 1993ж.)
қабылдады; 265 заң қабылдап, жеткілікті деңгейдегі
заңнамалық негізді салды. Сонымен, Қазақстан
Республикасының егеменділігін және тәуелсіздігін
дамытуға кажет заңнамалық негіз, ұлттық
тәуелсіздікті, Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті
қамтамасыз етудің сапалы жана кезеңіне ауысу бастамасы
салынды. Алайда КОКП жетекші рөлімен тығыз байлынысты және
тәуелді болуы Кеңестің билік құрылымы ретінде жағдайы
басқа жүйелі сипаттамалардың өзгеру сәтінен
бастап құлдырай бастады. Байланыстырушы элемент ретінде коммунистік
партияның саяси алаңнан кетуімен жүйе құлдырады.
Күрделі әлеуметтік-экономикалык және саяси жағдайлар
биліктін заң шығарушы және өкілдік органының
тұракты негізде жұмыс істеп, қызметінің өзгеруін
талап етті. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес
Жоғарғы Кеңес биліктің бөліну принципін
жүзеге асыруды қиындататын үлкен өкілеттіктерге ие
болды. Бұл өкілді органға үкіметтің
қызметіне араласуға немесе оны ауыстыруға мүмкіндік
берді. 1993 жылдың күзінде Кеңес түріндегі
өкілдік органдар жүйесі құлдырады. Өзін-өзі
таратудың бұқаралық процесі парламенттің
өзімен Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін
мерзімнен бұрын тоқтату туралы Заң қабылданады.
Тереңдетілген реформаларды жалғастыру үшін Президенттің
тікелей қатысуымен және басшылығымен
құрастырылған жаңа Конституцияны қабылдау туралы
республикалық референдум үлкен маңызға ие болды.
Нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында тұрақтылықты
қамтамасыз ететін биліктің бөліну принципінің
нақты жүйесі жарияланған Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы қабылданады. 1995
жылғы Конституция негізінде өз қызметін 1996 жылдың 30
қаңтарында бастаған жаңа екі палаталы парламент
қалыптасты.
1999 жылдың күзінде Орталық Азияда
алғаш рет Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісіне парламенттік типтегі саяси партиялардың
құрылу процесін тездеткен және жандандырған
пропорционалды өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша (10
депутат), Парламентке саяси партиялардың сайлануына мүмкіндік
берген аралас тәсілмен сайлау өткізілді. Мажоритарлы бір мандатты
округтерде 547 үміткер тіркелді (1 орынға 8 адам). 2007 жылғы
Конституциялық реформа Қазақстанда жаңа сападағы
саяси жүйенің пайда болуына мүмкіндік берді деп айтуға
болады. Парламенттің өкілеттіктерінің кеңейтілгендігін
сипаттайтын Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулар
президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару
түріне ауысуға мүмкіндік берді. Оның
құрамындағы депутаттар санының ұлғаюы
Мәжіліске сайлану тәртібін өзгертті, мемлекетке саяси
партияларды қаржыландыруға рұқсат беріп, жергілікті
өзін-өзі басқару институтын күшейтті. Парламенттік
көпшілік негізде үкіметтің қалыптасуы және қызмет
етуі маңызды, себебі Премьер-Министрді және оның кабинетін
бекітуде негізгі рөл Мәжіліске тиесілі болды. Үкімет
құрамын парламенттік көпшіліктегі Фракциялар
қалыптастырады.
Сонымен Қазақстан Республикасының
Парламентіне демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінде
және конституциялық механизмінде жетекші рөл берілді.
Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет ретінде
біртіндеп бекіту саяси-құқықтық механизмдері бар
дамыған парламентаризмге деген талпынысын білдірді.
Әдебиеттер:
1.
Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от
ханской власти к президентской республике. -Алматы, 1995.
2.
Декларация
о государственном суверенитете Казахской ССР, 1990.
3.
Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт
становление и эффективность механизма власти. -Алматы, 2000.
4.
Перспективы Казахстанского Парламентаризма как важнейшего
института демократизации устойчивого развития страны. // Материалы
международной научно-практической конференции. -Астана, 27 мая, 2005 г.
5.
Алаш-Орда. Сборник документов. Состовитель Н. Мартыненко.
- Алматы, 1992.