Магистрант,
Мынбаев Маханбет Бахытжанович
Тұран-Астана
Университеті, Қазақстан
Парламентаризм
құқықтық мемлекет құрудың басты
құралы
Адамзат өркениетінде билік атқарудың
әдісі болып табылған парламентаризм мәнгілік институт ретінде
қалыптасып келеді. Әртүрлі жүйелік құрылым
арқылы іске асырылатын болса да бүл институт, дегенмен, жалпы
міндеттеріне қарасақ, халықпен билікті жақындататын адамзат
мәдениетінің өте маңызды компоненті. Оның
мәні мен маңыздылығы қоғамдық және
мемлекетгік биліктің өзара байланысының нығаюы мен
күшею үрдісінде жатыр. Бүгінгі парламент - ол
қоғамда болып жатқан саяси реформалардың мәні мен
бағыттарын анықтайтын институт. Қазақстан
Республикасында парламентаризм институтының дамуының өзекті
болуы, мемлекеттік шешімдерді қабылдауына қоғам, билік,
бұқаралық ақпарат құралдары,
ұкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті өзара байланыстары
арқылы нақты қатыстыру механизмының кұру
қажеттілігіне байланысты. Өйткені, Қазақстандағы
барша әлеуметтік - саяси көптүрлік палитрасының
интеграциясы демократиялық дамудың кепілдігімен сенімді негізін
құруының жолы. Қоғамдық
сұхбатқа біздің еліміздегі барша саяси және әлеуметтік
аландағы субъектілерді тарту - ол өте күрделі мақсат.
Парламентаризм дамуына қатысты және оньщ институтының
құру жолдарына байланысты пікірлердің мазмұны
әртүрлі. Сондықтан, сұхбатты құрастыратын,
жан-жақты талдауға апаратын жағдайдың керектігі күмәнсіз.
Қазақстанда парламентаризм институтын құру
сұрақтарына байланысты ұйымдастыру практикалық
шаралардың басты мақсаты ол келісімдікке апаратын және де
әртүрлі басқару деңгейлерде шешім қабылдау
механизмдерін іске асыруының жалпы әдістерін табу. Осыған
орай, жалпы мақсаттардың арасынан мынандай міндеттердің
басымдылығы, менімше, анық көрінеді. Біріншіден,
парламентализм институтының даму негізі болып табылатын жалпы
қоғамдық және өзара партиялык сұхбат
механизмың құрастыру. Екіншіден, парламентаризм институты
болып табылатын маслихаттардың рөлін күшейту. Бұл
шараны Конституциялық реформаның бөлімі ретінде іске асыру
қажет. Үшіншіден, парламентаризм институты дамуына арналған
шаралардың ақпараттық-әдістемелік бағдарламасын
қамтамасыз етуі.
2007 жылы болған Конституциялык реформа
біздің Республиканы президенттіктен президенттік-парламенттік
түріне келтіру жолына салды. Бүгінгі Қазақстандық
парламент өзін-өзі жалпы әлемдік парламентаризм даму
үрдісіне қатысты екендігін толығымен сезінді. Дәлел
ретінде Қазақстан парламентының ТМД өзара парламенттік
ассамблеясындағы, өзара парламенттік одақтағы, ОДКБ, ОБСЕ және басқа
ұйымдардағы белсенді жұмысын атауға болады.
Жалпы саяси экономикалық контекстінде алсақ
парламентализм дегеніміз, ол анықталған
кұқықтық механизмдармен процедураларда негізделген,
қоғамда қалыптасқан ұжымдық шешімдерді
қабылдаудың тұракты саяси мәдениеттің түрі.
Жергілікті өзіндік баскару деңгейіндегі алғашқы
қоғамдык дәрежесін сақтай тұра, парламентализм
мемлекеттің эволюциялық үрдісіндегі өкілеттілік билік
деңгейінде өзінін кәсіптілік шеберлігіне жетеді.
Қазақстандық парламентаризмнің
қалыптасуы қоғамдағы түбегейлі саяси,
экономикалық және әлеуметтік өзгерістер
жағдайында болды. Қазақстан Республикасында кәсіби,
тұрақты қызмет ететін атқарушы және заң
шығарушы органдардың пайда болуы халықтық
өкілдіктің күрделі тарихи дамуының жетістігі еді.
Қазақстандық парламентаризмнің пайда болуы,
Конституциялық түрде рәсімделген мемлекеттік биліктің
легитимділігі тәріздес демократияның үлес салмағы
болатын. Қазақстандық парламентаризмнің дамуының
бастауы, ең алғаш рет 1990 жылы балама негізде өткізілген он
екінші шақырылымдағы Жоғары Кеңесті
қалыптастырған демократиялық сайлау, осыдан кейін 1994
жылғы он үшінші шақырылымдағы Жоғары
Кеңесті қалыптастырған сайлау еді. 1995 жылғы
Конституция негізінде заң шығарушы қызметті жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілдік
органы ретіндегі бірінші екі палаталы Парламент 1996 жылы 30
қаңтарда өз қызметін бастады.
Берік экономикалық өсу, еліміздің
жоғары даму қарқыны, саяси және
әлеуметтік-экономикалық уақытылы өзгерістер
жасауға және мақсаттар мен міндеттерді түзетіп
тұру қажеттілігін туындатты. Осындай айтулы оқиға,
Қазакстандағы жаңа саяси жүйенің
құрылуын айқындап берген 2007 жылғы
Конституциялық реформа болды.
Бұл бағыттағы жұмыс
еліміздің саяси партиялары мен қоғамдық
бірлестіктерінің белсенді қатысуымен бірнеше жыл бойы
жүргізілді. Осының барысында Елбасымыз басқарған
демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау
бойынша Ұлттык комиссия жұмыс жасады, коғамдық пікір
зерттелінді, Қазақстанның алдағы дамуы туралы
мәселелер әр түрлі саяси күштермен ашык диалог
негізінде дәйектелді. Мүндай жүйелі жұмыстың
нәтижесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламенттің
Конституциялық Заңды қабылдауы болды. Конституциялық
реформаның басты бағыты биліктік құзіреттілік пен
жауапкершілікті қайта бөлу, Парламент рөлін
ұлғайту, яғни Қазақстан іс жүзінде
президенттік республика үлгісінен президенттік - парламенттік баскару
формасына өтті. Күшті президенттік биліктің сақталуы
барысында еліміздің саяси жүйесіндегі Парламенттің
күшеюі әр түрлі билік тармақтарының
арасындағы қатынасты теңгеруге мүмкіндік жасады. Осымен
қатар басты үкіметтің парламенттік көпшілік негізінде
қалыптасуы - яғни, атқарушы билік заң шығарушы
биліктің өзіндік жалғасы болды және бұл іс
жүзінде биліктің екі тармағы арасындағы
қақтығысты ең төмен деңгейде етеді.
Үкімет мүшелері партияның өкілдері болып табылады
және олардың басты міндеті сол партияның бағдарламаларын
және саяси бағдарларын орындау. Конституциялық
реформаның басты құрамдас бөлігі пропорционалдық
сайлау жүйесіне көшу – Парламент Мәжілісінің
партиялық тізім бойынша қалыптасуы. Көптеген
демократиялық дамыған мемлекеттерде осы пропорционалдық
жүйе қолданылады және парламенттік көпшілік
үкіметті қалыптастырады, маңызды мемлекеттік
қызметтерде болады және мемлекеттік шешімдерді қабылдайды.
Бірақ та, парламенттің болуы парламентаризмді білдірмейді.
Парламентаризмнің қалыптасуын анықтаушы фактор, әлемдік
тәжірибе көрсеткендей оның үкіметпен өзара
қарым-қатынасы. Егер де парламент үкіметті және мемлекеттік
биліктің басқа да институттарын қалыптастырса, осындай
жағдайда ғана парламенттік республика туралы айтуға болады.
Парламентаризмнің дамуы бұл өзіндік
мақсат емес, ол қоғамға, жеке адамға қызмет
етуде ғана мәніне ие болады. Осыған орай, қазіргі
әлемде қалыптасқан парламенттің әр түрлі
типтерін, парламенттік қызмет түрлерін, парламенттің
әлеуметтік рөлін салыстырмалы талдау өте маңызды.
Ең алғашқы Парламент XIII
ғасырдың өзінде қалыптасқанмен, оның
әр түрлі елдердегі құрылымы, қызметтері, сайлану
түрлері және қоғаммен байланыс үлгілері әлі
күнге қалыптасу және даму деңгейінде. Бұл
тәжірибені зерттеу жаңа саяси құбылыстардың,
қазіргі замандағы институттардың және қатынастар
мәнін түсіну үшін қажет. Ертедегі грек ойшылы
Аристотель атап корсеткендей саясаттан тысқары тұрған адам
болмайды, өйткені ол адам табиғатының өзінде.
Сондықтан да, қазақстандық Парламенттің басты
мәселесі қоғамдағы әр түрлі топтар мен
жіктердің мүдделерін ескере отырып жалпы азаматтық келісімге
жету.
Қазіргі парламентаризм - жан-жақты және
динамикалық құбылыс. Мәселені терең түсіну
және оның даму бағыттарын айқындау,
қазақстандык парламентаризм мен басқа да әлемдегі
қалыптасқан үлгілерді түсінуге және салыстырмалы
талдау жасауға мүмкіндік беретіндігі шүбәсіз.
Жалпы тарихтағы бірінші жазылған заң
шығарушылық орган «төрт жүздіктің кеңесі»
(ертедегі Грек басқарушысы Солон заңдары бойынша) және «бес
жүздік кеңесі» (оның ізбасары Клисфен реформасы бойынша).
Олар болашақтағы парламенттердің өзіндік
алдыңғы үлгілері болды. Мерзімі бойынша 1265 ж., Англияда
ең алғаш парламент деп аталған арнайы мемлекеттік орган
құрылған еді. Осыдан кейін испандық кортестер,
француздық штаттар және бүкіл әлемде-парламент деп
аталған заң шығарушылық органдар пайда болды.
Қазіргі парламент - бұл жалпы мемлекеттік өкілдік орган,
оның басты билік тармақтарының ішіндегі қызметі
заң шығарушылық билікті жүзеге асыру. Ғылыми
әдебиеттердегі анықтамаларға келер болсақ,
мәселен «Үлкен энциклопедиялық сөздік» бойынша
парламентаризм дегеніміз, парламенттің артықшылық жағдайындағы
заң шығарушылық және атқарушылық билік
қызметтерін анық айқындаған мемлекеттің саяси
үйымдасуының жүйесі.
Қазіргі ғылымдағы парламентаризмді
зерттеудің әр түрлі анықтамаларын қарастыру
барысында парламентаризм күрделі және жан-жақты дамып
жатқан құбылыс екенін көреміз.
Әдебиеттер
1. Конституционный
закон «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов».
2. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт
становления и эффективность механизма власти. Монография. -Алматы: КазГЮА,
2000.
3. Зиманов С.
Конституция и Парламент Республики Казахстан. -Алматы: Жеті жарғы, 1996.
4.
Мамонов В.В. Парламент и Правительство Республики
Казахстан: их взаимоотношения, система сдержек и противовесов // Научное
издание. -Астана: Институт законодательства Республики Казахстан, 2005.