Магистрант Асқарұлы
Ә.
«Тұран-Астана»
университеті , Қазақстан
Қазақстан Республикасында сот
жүйесін жаңғырту бағыттары
Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын жақында
ғана атап өттік. Сол тәуелсіздігіміздің
алғашқы жылдарынан бастап Елбасы ең негізгі
өзінің басты назарында ұстаған мәселе - Сот
жүйесін реформалау болатын. Осы 20 жылдың ішінде
Қазақстанның сот жүйесі біршама реформалық сатылардан
өтіп, қазір әлемдік стандартқа толық сәйкес
келетін сот жүйесі құрылып отыр. Негізінен бұл
қандай жүйе? Біріншіден, сот ашық, қол жетімді, жылдам
әрі тез өтетін болуы керек.
2010 жылдың 17 тамызында Ел басының
құқық қорғау және сот органдары
басшыларымен өткізген кеңейтілген кеңесінде
құқық саласындағы қолға алынатын
қайта құрулардың нақты бағыттары
көрсетіліп, Ел басының қолы қойылған жарлық
жарияланды. Осы жарлыққа байланысты он жыл көлемінде
нәтижелі жұмыс істеген Жоғары сот жанындағы сот
әкімшілігі Комитеті таратылып, оның құзыреті ҚР
Жоғарғы соттың ішіндегі сот қызметін ұйымдастыру
және жабдықтау жөніндегі департаментіне берілсе, сот
шешімдерін орындау және соған қатысты анықтама
амалдарын жүргізу құзыреті Әділет министрлігіне
берілді.
Бүгінгі күні Ақмола облысының соттарында -
сот төрелігінің жариялығы мен ашықтық
қағидасын іске асыру бағытында және сот билігінің
беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне,
бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді
орнықтыру және сот төрелігінің
жариялығы мен ашықтық қағидасын
іске асыру үшін сот процестерінде дыбыс-бейне жазба жүйелері
қолданылып келеді.
Облыстық
барлық соттарында судьялардың және сот кеңсесі
қызметкерлерінің жұмыстарындағы сапасыздық,
әуре сарсаңға салушылық және төрешілдік,
сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша азаматтардың
өтініштері мен шағымдарын жинақтау үшін арнайы
жәшіктер орнатылған. Бұл жәшік актілеу арқылы сот
кеңселері меңгерушілірінің қатысуымен ашылады. Сонымен
қатар, жәшіктердегі өтініштер мен шағымдар туралы
және «Сенім телефоны» бойынша барлық мәліметтер
Қазақстан Республикасы Сотының орталық БААТЖ
бағдарламасына енгізіліп, оның орындалуы қатаң
қадағаланып отырады. Яғни қарапайым азаматтардың
сот жұмысына байланысты өз пікірлерін осындай жәшіктер
арқылы, болмаса «сенім телефондары» бойынша хабарлап, ашық айтуына
мүмкіндеітері бар. Мұның өзі сот пен халық
арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ
жұртшылықтың сотқа деген
көзқарастарын нақты біліп отыруға игі
ықпалын тигізуде [1].
Сонымен
қатар Жоғарғы Соттың бастамасымен соттардың
ресми веб-сайтында «Сот актілерінің анықтамалығы» деген
айдармен баннер орнатылып, жаңа бағдарлама іске қосылды.
Бұнда халықтың интернет арқылы сот актілірімен таныса
алады.
Сот билігінің жариялығы мен ашықтығының бірі
облыс соттарында тоқсан сайын өтетін « Ашық есік» күні.
Ол соттағы жариялықты қамтамасыз ете отырып,
бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты
нығайту, жұртшылықтың көкейлеріндегі
сұрақтарына жауап алып, судьялармен бетпе-бет кездесу
мүмкіндіктерін беретін, ойларын ашық айтып, пікір білдіретін
іс-шаралардың айғағы. Соттар қызметіне
ақпараттық технологиялардың енгізілуі соттың
жұмысының жариялығы мен ашықтығын дәлелдей
түседі.
Осындай автоматтандырылған электрондық құжат
айналымы, сот процестерінде дыбыс-бейне жазба қондырғыларының
қолданылуы, ақпараттық-анықтамалық
дүңгіршектердің орналастырылуы, электрондық
қадағалау өндірісі соттар қызметін
ұйымдастыруға өзіндік серпін беріп, жұмыс
сапасының артуына айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы
бағытта Жоғарғы Соттың өткен 2012 жылы
заңдардың өзгеруіне байланысты көптеген жұмыстар
атқардық. Соның нәтижесінде қазір біз сот
процестерінің тез өтуіне, сотта қаралып жатқан
істердің жылдам бітуіне және кез келген азаматтың өз
құқын қорғау кезінде соттың алдында
өз правосын пайдалана алатын толық мүмкіндік жасай алатын
біршама қадамдарды жүзеге асырдық [2]. Бұл
қадамдардың нәтижесі биыл 2012 жылы 16 ақпанда
қабылданған сот жүйесін конституциялық заңды
және процесуалдық заңдарды өзгерту туралы
өзгеріске енгізілген заңдарға негіз болды. Мысалы,
аудандық, қалалық соттарда қаралатын істер,
аудандық, қалалық бірінші сатыдағы соттарда
бір-ақ рет өтуі керек. Бір рет бірінші сатыдағы сотқа
барып өз мәселесін дұрыс шеше алмаған адам, ол
қайтадан айналып осы мәселенің соңында соттарда
жүрмеуі керек. Бұрын осындай жағдайлар орын алып келген.
Сөйтіп бір істің өзі жылдар бойы шешілмей, созылып
қарай беретін. Қазір біз осы мәселені жойдық. Екінші
мәселе, әрине, сот ісі болғаннан кейін айтысып жатқан
тараптардың бір жағы сот шешіміне наразы болады. Ұтылады немесе сот тексермейді деген
мәселелер болады. Осы мәселені қалай жөндеуге болады.
Мұндай жағдайды жөндейтін апелляциядық сатыдағы
сот. Яғни, бірінші сатыдағы соттың қабылдаған
шешімі аппелияциялық сатыда тексерілмей, күшіне енбейтін болады.
Сондықтан аппелияциялық сатының құзыретін
кеңейтіп, егер бірінші сатыдағы соттың кейбір
мәселелерді толық анықтауға мүмкіндігі болмайтын
болса немесе кейбір себептермен селсоқ, үстірт қарап келген
болса, апелляциялық сатыда толық тексеріліп, өзінің
шешімін қабылдай алатын болады. Апелляциялық сатыдан кейінгі
қабылданған соттың шешімі бірден күшіне еніп, ол
орындалуға жіберіледі. Бұрынғы созылып кеткен уақытты
біз әлде қайда қысқартып, жақсы жүйеге
келтірдік қазір. Негізгі бағыттардың бірі деп айтуға
болады. Екінші, біздің көтеріп отырған негізгі мәселе
деп айтсақ болады. Елбасы өзінің жолдаған Жолдауында
сот туралы тоқталып өткен мәселенің бірі – халық
сотқа сенуі керек. Әрбір соттың табалдырығын
аттаған адамның «мына сотта мен әділдік табамын» деген сенімі
болуы керек. Сенім қалыптасу үшін не істеу керек, ең алдымен
сол істі қарайтын судьялардың кәсіптік деңгейі
өте жоғары болуы керек. Олар әділ болуы керек, таза болуы
керек, қарап отырған ісіне бейтарап болуы керек. Олар алдына келген
тараптарды қараған кезде тек қана заңды негізге алып, әділетті
шешім қабылдау керек. Міне, осы бағытта көптеген
жұмыстар атқардық. Судьялардың кәсіптік
деңгейін көтеру мәселесі, судьяларды арнайы оқытудан
өткізу мәселесі, судьяларға сот мәжілісін
өткізудің тәсілдерін өткізу, екі тарапты бірдей
тыңдау, әділ шешім қабылдау – бұның барлығы
біздің Жоғарғы соттың тарапынан ұйымдастырылып
жатқан жұмыстардың негізгілері деп айтқым келеді [3].
2011 жылы қыркүйек айында Қазақстан судьялар
қауымдастығы бүкіл дүниежүзілік судьялар
қауымдастығының толыққанды мүшесі болып
қабылданды. Бұл дегеніңіз, біздің
Қазақстандағы құрылған сот жүйесінің
бүкіл әлемдік стандарттарға сәйкес екендігін
көрсетеді. Бізде қазір көптеген талаптар бойынша
қазақстандық сот жүйесі алдыңғы
қатарлы әлемдік стандарттарға сәйкес келіп
тұрған жерлері бар. Бірақ әлі де сот жүйесін
жетілдіретін тұстары бар. Еуропа елдерінде Германияда, Францияда,
Ұлыбритания мемлекетінде, көрші Ресей, Эстония, сонымен қатар
Шығыстағы тәжірибелерін қарадық [4].
Ең маңыздысы және сот
жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат - сот
жүйесінің халықтың сенімінен шығуына қол
жеткізу. Президенттің
тапсырмаларын мен толықтай қолдаймын. Судьялардың,
бүкіл сот жүйесінің жеке жауапкершілігін арттыру, өз
жұмысын, біліктілігін жақсарту қажет. Судьялар лауазымына
үміткерлердің бәрі міндетті түрде арнайы қайта
даярлаудан өтуі қажет деп санаймын. Ол үшін еліміздің
Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Әділ сот
институтының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы
сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған
ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасы, 2007.
2. Назарбаев
Н.Ә. Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында: Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
-Астана: Елорда, 2005. -48 б.
3. Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға
арналған стратегиялық жоспары.
4.
Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы.