Шнарбекова М.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы
Ельбаева З.У.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы
Мантаева Т.С
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РһD докторанты
Қазақстанда
өмір сапасының жаңа стандарттарының қалыптасу
мәселелері
Қазіргі кезде өмір сапасы идеясы –
әлеуметтік саясат контексінде
ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады,
себебі қоғам
мүшелерінің барлығына
социум өміріне қатысуға тең мүмкіншіліктер
мен шарттар жасау – барлық дамушы
елдерге тән алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады.
Экономикалық дағдарыс шарттарында
өмір сапасын жоғарылату мәселелері стратегиялық мән мен өзектілікке ие болып отыр, мемлекеттік
және муниципалдық
басқарудың
стратегиялық
мақсатына айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айқындаған
әлеуметтік саясаттың басты бағыты – «… барлық
қазақстандықтардың өмір сапасы мен өмір
деңгейін нығайту мен тұрақтылық пен
қорғанысты күшейтуді жоғарылату».
Өмір сапасы категориясының қалыптасуы экономикалық
жоғарылау мен әлеуметтік дамуды, ғылыми техникалық даму
мен әл-ауқаттың материалдық және
материалдық емес көрсеткіштерін сипаттайтын бір ортақ категорияның қалыптасу алғышарттарымен
байланысты. Материалдық қамтамасыз етілу шарттарында адамзат
әл-ауқатының күйін,
өмір деңгейінің жоғарылауының
әлеуметтік «бағасын», адамзат
дамуының сапалық көрсеткіштерін (қоғамдық
және жеке қажеттіліктер, құндылықтар
жүйесін және т.б) айқындау қажеттілігі туындайды.
Басқаша айтқанда,
қоғам дамуын тек сандық, экономикалық көрсеткіштер
арқылы бағалау емес, сонымен бірге, әлеуметтік индикаторлар негізінде бағалау қажеттілігі
туындайды. Осындай индикаторларды
қамтитын күрделі әлеуметтанулық
категория – өмір сапасы.
Американдық зерттеуші О.Тоффлер осы категорияны өмір стандарттарының
логикалық және тарихи
нәтижесі ретінде, яғни, «тұтынушының негізгі
материалдық қажеттіліктерінің» қанағаттану
деңгейінен «тұлғаның өзге
сұлулық, мәртебе,
индивидуализация мен сезімдік
қатынастарды» қанағаттану
деңгейіне өту кезеңі ретінде қарастырады. Негізінен,
оның өмір сапасы
категориясына көзқарасы адам мен қоршаған орта
арасындағы теңдікке
негізделген.
И.О.Потапованың интерпретациясында өмір сапасы өмір деңгейі мен өмір
салтының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Өмір сапасы мен
өмір деңгейі тығыз байланысты, дегенмен, өмір сапасы ауқымды түсінік ретінде адамдар
қажеттіліктерінің кең
спектірін қамтиды [1].
М.Н.
Руткевич алғашында тіпті өмір сапасы терминін пайдаланудан бас
тартқан, бірақ, кейін кейбір шарттарға байланысты оны
қолдануды мақұлдады. «Барлық жағдайларда «өмір сапасы» терминін марксистік
әдебиеттерде пайдалану позитивті
мәнде болады. Оның
мазмұны мен өмір салты
түсінігімен байланысының сипаттамасы айқындалып қолданылуы
керек,» - деп жазған [2].
Профессор
Аитов Н.А. «өмір сапасы»
түсінігі мен теориясын
қолдану тиімді емес деп
есептеген, себебі олар кездейсоқ
және жүйесіз көрсеткіштермен сипатталады мыс. Оның
пікірі бойынша, «өмір деңгейі» түсінігін пайдалану тиімдірек. Кейін
идеологиялық тыйымдар
алынғанмен, «өмір сапасы»
категориясы объективті және субъективті
себептерге байланысты теориялық жүйелендірілген жоқ. Кез
келген түсінік ретінде өмір
сапасы да нақтылануы қажет.
Осы категориямен өмір
деңгейі, өмір салты,
әл-ауқат және өмір шарттары секілді
түсініктер тығыз байланысты.
Олар әлеуметтік-экономикалық және философиялық
әдебиеттерде кеңінен қолданылады, дегенмен, әр түрлі авторлар олардың
мазмұнын түрліше қарастырады. Негізінен «өмір сапасы» мен «өмір
деңгейі» түсініктерінің нақты анықтама және
олардың көрсеткіштер айқындалған
жоқ. Көбіне олар
өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың
көрсеткіштері өзара
ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл түсініктерді бір -
бірінен ажырату маңызды.
Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып
табылады. Өмір деңгейі адамның тұтыну саласындағы
өмір шарттарымен айқындалады және адамның жалпы
әл-ауқатының әлеуметтік – экономикалық
көрсеткіштерімен өлшенеді. Бұл көрсеткіштер табыс,
тұтыну, тұрғын үй мәселесі, білім беру,
денсаулық сақтау салалары және т.б. Олар статистикалық көрсеткіштер
жүйесімен бірге субъективті
бағалау пікірлері арқылы өлшенеді.
Өмір
сапасы адамның өмір шарттарының ауқымды жүйесін
және өмір деңгейін,
сонымен қатар, қоршаған орта экологиясына,
әлеуметтік әл-ауқатқа, саяси жағдайға, психологиялық жайлылыққа
жататын құрылымдарды да қамтиды. Өмір сапасын
өлшеу үшін жан-жақты,
нақты статистикалық мәліметтердің өзі
жеткіліксіз, аталмыш көрсеткіштер
адамдардың қажеттіліктері мен субъективті бағалауларының
сәйкестілігін айқындау қажет. Негізінен, өмір сапасы – тұлға
қажеттіліктері мен өз өмірін субъективті бағалауына
тәуелді объективті – субъективті сипаттамасы. Өмір сапасының
кейбір объективті құрамдас бөліктері адам санасында
нақты бейнеленуі мүмкін, екіншілері салыстырмалы, ал
үшіншілері тәжірибе деңгейіне, мәдени капиталға,
құндылықтарға байланысты көкейкесті болмауы
мүмкін. Субъективті бағалау маңыздылығы ерекше, олар
аймақтар, әлеуметтік,
демографиялық топтар бойынша жіктелінуі мүмкін және
қоғамның
көңіл-күй бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Өмір
сапасының субъективті бағалауын өлшеу қоғамда
әлеуметтік қысымның пайда болуы мен қалыптасуы туралы
мәліметтер береді. Жоғарыда айтылғанның негізінде
өмір сапасына мынадай анықтама беруге болады: «өмір сапасы» – объективті
көрсеткіштер мен адамдардың мәдени ерекшеліктеріне,
құндылықтар жүйесіне және
қоғамдағы әлеуметтік стандарттарға тәуелді
өзінің жағдайын қабылдаумен материалдық,
әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерінің
қанағаттануын субъективті бағалау негізінде сипатталатын
халықтың өмір шарттарының жүйелі сипаттамасы [6].
Өмір деңгейі категориясы
көптеген әлеуметтанулық және экономикалық
жұмыстардың негізінде теориялық және әдістемелік деңгейде салыстырмалы
кеңінен зерттелінген. Экономистер аталмыш категориясы зерттегенде
өмірлік қажеттіліктер өндірісіне және
тұтыну ресурстарымен қамтамасыз ету мен бөлінісіне жауапты
экономикалық институттардың қызмет етуіне
(өнеркәсіптер, министрліктер және т.б.) ерекше мән
береді.
Әлеуметтанулық зерттеулерде табыстарды
әлеуметтік әділетті бөлінуіне және халықтың барлық
таптарының қажеттіліктерінің қанағаттануы
мен әлеуметтік
қауымдастықтардың өздерінің өмірлік
әл-ауқаттарын субъективті бағалауларына ерекше назар
аударылады. Бұл өмір сапасын
әлеуметтік категория
ретінде қарастыруға негіз болады. Көптеген әдебиеттерді
талдау бұл түсініктің
біржақты қарастырылмайтынын айқындауға мүмкіндік
береді. Негізінен,
көзқарастарды үш
топтамаға бөлуге болады.
Бірінші топ зерттеушілерінің пікірі
бойынша, өмір сапасы – бұл
индивидтің, әлеуметтік топтардың және
қауымдастықтардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде пайдаланатын материалдық және рухани құндылықтарды
сипаттайтын экономикалық
категория. Олардың көзқарастары бойынша, бұл
категорияның мәні
өмірлік
әл-ауқат
көлемін айқындайтын сандық көрсеткіштер жүйесімен
сипатталады [3].
Екінші
топтың авторлары өмір сапасын материалдық, рухани
және әлеуметтік қажеттіліктердің
қанағаттану деңгейі ретінде қарастырады. Бұл категорияны олар негізінен, халық өмірінің
әлеуметтік көрсеткіштерімен
сипаттайды, яғни
«жаңа адамның қалыптасуына әсер ететін
әлеуметтік, рухани және
материалдық қажеттіліктердің үйлесімді дамуы» [4].
Үшінші топ
өмір сапасын халық
және оның жеке топтары үшін жасалынатын өмірлік құндылықтар
жүйесін қолдану саласында
қалыптасатын өндірістік қатынастарды сипаттайтын категория ретінде
қарастырады [5].
«Өмір
сапасы» категориясын айқындау мен әлеуметтік-экономикалық сипаттауда әр түрлі
көзқарастарды талдау негізінде оның екі бағытын айқындауға
мүмкіндік береді кең және тар түсініктемесі. Өмір сапасы зерттелінген
жұмыстарда оның мазмұнына
әлеуметтік қамтамасыз етілу, еңбек шарттары,
қоршаған орта күйі, бос уақыт құрылымы мен көлемі
секілді көрсеткіштер енгізілген [6].
Мұндай бағытта өмір сапасы категориясы нақты экономикалық
сипаттамадан айырылып және өмір шарты секілді категорияның ажырамас бөлігі
болады. Сондықтан біз тар анықтамасын
ұстауға бейімделеміз
және өмір деңгейі
ретінде табыстарды, халықтың қызметтерді пайдалану деңгейі
мен қоғамдық қажеттіліктердің
қанағаттану деңгейі ретінде қарастырамыз. Мәні бойынша
өмір сапасы – өзінің күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандыру кезінде
индивидпен (отбасымен, әлеуметтік топпен, қоғаммен) қолданылатын материалдық және рухани мүдделерді сипаттайтын
әлеуметтік-экономикалық категория. Осы зерттеуде өмір
деңгейі тікелей тұтыну
саласымен бірге қарастырылады. Ол негізінен экономикалық
құндылықтармен байланысты, яғни өндірістің қызмет етуімен
қанағаттандырылатын барлық қажеттіліктер.
Өмір
деңгейін тұтыну саласымен шектей отырып және оны
адамның басқа іс-әрекет саласынан бөле отырып, біз адамдардың басқа
іс-әрекет аспектілерін елемейміз деген сөз емес. Керісінше,
әлеуметтік-экономикалық категория ретінде өмір
деңгейінің
өндіріс, алмасу, саяси
өмір және т.б. үрдістер кезінде қалыптасатын
қоғамдық қатынастардың жиынтығымен байланысы ешбір күмән
туғызбайды.
Әрине,
өмір сапасы өмір салтына орасан әсер етеді. Белгілі бір
әлеуметтік топтың бос
уақытын өткізуі,
өзінің мәдени және білім деңгейін
жоғарылатуы, өзгелермен қарым-қатынасқа
түсуі, демалуды ұйымдастыру
және т.б. өмір салты мен
өмір сапасы оның
мүмкіншілігіне тәуелді.
Өмір
салты құрылымында
халықтың іс-әрекет түрлері екі үлкен топты
құрайды:
1.
жұмыс уақыты кезіндегі іс-әрекет;
2.
бос уақыт кезіндегі іс-әрекет.
Іс-әрекеттің ішкі
құрылымының формасы арқылы жұмыс
уақытында еңбек саласына, әлеуметтік топқа,
еңбекті ұйымдастыруға
қарай жұмысбастылықтың сипаттамасы
айқындалады. Жұмыс уақыты кезіндегі іс-әрекетті
терең зерттеу өмір
салтының маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, жұмыс
уақыты кезіндегі іс-әрекет формалары мен өндірістегі
еңбек өнімділігі бос
уақыттағы іс-әрекеттің бірқатар түрлеріне
әсер етеді, оның құрылымы өмір салтында
отбасылық-тұрмыстық, мәдени, бос уақыт,
қоғамдық және т.б. іс-әрекеттің орны мен
мәнін айқындайды.
Өмір
салтының көрсеткіштері
мынадай негізгі іс-әрекет салалары негізінде жүйеленеді,
еңбек, тұрмыстық сала,
қоғамдық – саяси өмір, мәдениет. Сәйкесінше, өмір салтының
құрамдас бөліктері айқындалады: өндірістік іс-әрекет
саласындағы қатынастар, материалдық және рухани
қажеттіліктерді қанағаттандыру нысандары,
әлеуметтік-саяси қатынастар, рухани іс-әрекет.
Жоғарыда
айтылған негізінде, біз
академик
А.К.Кошановтың
анықтамасын
қолдаймыз: «өмір салты
қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен
қажеттіліктердің
жүзеге асырылу үрдісі кезінде материалдық және рухани
құндылықтарды
тұтыну, бөлу саласында
қоғам мүшелерінің іс-әрекетінің белгілі бір әдістері мен нысандарының
жиынтығын айқындайтын саяси – экономикалық категория ретінде
сипатталады» [7].
Сонымен
қатар, халықтың өмір сапасы өзгермелі және динамикалық, ал өмір салты керісінше, тұрақты болады және өзгерістердің
баяулығымен сипатталады.
Өмір
салтымен салыстырғанда,
өмір сапасы
қысқа тарихи уақытта
және бір әлеуметтік жүйе шеңберінде өзгере
алады. Мысалы, қысқы
мерзімді экономикалық дағдарыстар
кезінде халықтың өмір сапасы біршама төмендейді, ал өмір салты, яғни осы
қоғамқа тән адамның
мінез-құлқы елеулі
өзгерістерге ұшырамайды.
Өмір
деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы адамдардың материалдық
және рухани құндылықтарды пайдалануы туралы салыстырмалы түсінік береді, сонымен қатар, осы қажеттіліктердің
қанағаттану деңгейін сипаттайды. Өмір
деңгейінің жоғарылауы
өмір сапасы мен әл-ауқатының
жоғарылауының экономикалық алғышарттары болады.
Әл-ауқатты өмір деңгейімен салыстырғанда,
ауқымдырақ қарастыру керек, мұнда тек біз
тұтынатын қызметтерді қарастыру мен қатар, осы
тұтыну кезінде тұлғаның мәдени деңгейі, дүниетанымының
жетілдіруіне, денсаулығының жақсаруына қалайша
әсер ететінін қарастырамыз. Ол өмір сапасының ажырамас
құрамдас бөлігі болып табылады. Өмір сапасы салыстырмалы кең
әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларды қамтиды
(әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік әлем және
т.б).
Жоғарыда
баяндалғанға сәйкес өмір сапасының екі
концептуалдық моделі қалыптасады:
объективті және психологиялық. Біріншісі, өмір сапасын
әр түрлі статистикалық
көрсеткіштердің
(мүліктік жағдай, табыс, тұтыну индекстері,
жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі, экологиялық жағдай және
т.б) жиынтықтарының
нәтижесі ретінде айқындайды. Психологиялық модель бойынша
өмір сапасының негізгі мәні
индивидтердің қоршаған орта мен олардың эмоционалды
көңіл-күйлерінің әсерінен қалыптасатын
субъективті сезімдерімен айқындалады.
Өмірдің
объективті параметрлері мен субъективті сезімдердің арасындағы
байланыс бірінші көзқарас секілді сондай айқын емес. Адамдармен
бірдей өмір сапасының көрсеткіштері түрліше
субъективті бағалануы мүмкін
(оптимистер және пессимистер). Индивидтер өздерінің
өмір сапасын бағалау кезінде көбіне оны танитын ауқатты адамдардың өмір сапасымен салыстырады. Жоғары өмір сапасы
адамдарда жаңа жоғары
қажеттіліктердің қалыптасуына әсер етеді
және олар өздерінің қазіргі күйлеріне
қанағаттанбау сезімі пайда болуы мүмкін.
Психологиялық
бағытта қарама-қайшылықтар жиі туындауы мүмкін.
Объективті жақсы өмір сапасы төмен субъективті
бағалануы мүмкін, керісінше, төмен өмір сапасы позитивті бағаланады.
Сондықтан
өмір сапасын айқындау
кезінде тек статистикалық
көрсеткіштерді емес, сонымен бірге,
адамдардың субъективті
бағалауы мен әлеуметтік көңіл-күй секілді
сипаттамаларды ескерілуі керек. Сонымен
бірге, тарихи
қалыптасқан әлеуметтік
танудың атомистік және органикалық дәстүрлеріне
негізделу керек.
Қазақстанның ішкі
саясатының негізгі
стратегиялық міндеті алғаш рет 2007 жылы ХДП «Нұр Отан»
сайлау алды бағдарламасымен айқындалған Өмір сапасының
Ұлттық стандарттарын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстандық өмір
сапасының ұлттық стандарттары мыналарды қамтиды:
1.
Жан басына шаққандағы жоғары табыс көрсеткіші;
2.
Әлеуметтік сәйкессіздіктерді
төмендету; орта тапты қалыптастыру;
3.
Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық
сақтау жүйесі. Минималды сапалы медициналық көмек
көлемін нығайту;
4.
Еліміз бен әлемде сұранысқа ие жоғары деңгейлі және қолжетімді білім
беру. Бәсекелестікке
қабілетті мамандарды даярлау;
5.
Адамның конститутциялық
құқықтары мен
еркіндіктерінің басымдылығы;
6.
Қоғамдық тұрақтылыққа,
ұлтаралық және конфессияаралық келісімге кедергілерді жою;
7.
Азаматтар мен олардың
меншіктерін қылмыстық іс-әрекеттерден сенімді
қорғау;
8.
Қала мен ауылдың дамуында өзара сәйкестілікке
қол жеткізу;
9.
Әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау: еуропалық
өмір деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік
көмектің адрестік жүйесі;
10. Мәдениет пен ғылымның
жоғары деңгейі;
11. Қызмет көрсету саласын дамыту.
Көлік, байланыс, телекоммуникация, демалыс пен туризм [8].
Осылайша, өмір сапасының
Ұлттық стандарттары -
мемлекет пен саясаттың өзге
субъектілерімен жүзеге асырылатын адамзат қажеттіліктерін
қанағаттандырудың өзіндік эталоны болып табылады.
Сондықтан соңғы жылдары мемлекеттік билік өмірдің жоғары стандартарын
қамтамасыз етуге бағытталған. 2008 жылы ҚР елбасы Н.Ә. Назарбаев
айқындағандай: «...
өмір сапасының стандарттары
енжарлық мінез-құлықтың жоғарылауына
әкелмейтін адамзат капиталын және Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыруын дамытудың эффективті нарықтық
құралы болуы керек» [9]. Елбасының «Әлеуметтік жаңғыру:
Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам»
мақаласында айқындалғандай, қазіргі даму
кезеңде Қазақстанда
әлеуметтік жаңғыру барлық
қазақстандықтардың өмір сапасын
жоғарылатуға, кедейлер санын азайту мен әлеуметтік
маргинализациялаудың алдын-алуға бағытталуы керек. Халықтың өмір сапасы тек
қаржылық ресурстармен ғана емес, сонымен қатар, қоршаған ортаның шарттарымен
де көп жағдайда байланысты болады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Социальная политика, уровень и качество жизни: Слов.
С.69; Социальная политика: Толков, слов. С.177; Курс экономики:
Учебник / Под ред. Б.А. Райзбсрга. С.601
2.
Руткевич.М.Н. Социалистический образ жизни и его развитие. – «Вопросы философии», 1975
№5. С.49
3.
Ракицкий Б.М.
Стратегия благосостояния. М., Молодая гвардия, 1983. с.27-28
4.
Володарский Л.М.
Главная задача. М., Мысль, 1976. С25. Пастушенко А.И. Социально-экономические
особенности роста благосостояния трудящихся. М., Высшая школа, 1977. С.27
5.
Попов Н., Милошевский А. Совершенствование экономического
содержания социологического образа жизни . Рефератный сборник. ИНИОН. М., 1982.
С. 94
6.
Шаталин С.С. Методологические проблемы анализа народного благосостояния. «Вопросы
экономики», 1980, №10. С. 8
7.
Социально-экономические основы образа жизни в регионе.
Алматы, Наука, 1986, с.26
8.
Предвыборная платформа
Народно-Демократической партии «Нур Отан // http://www.ndp-nurotan.kz/site/content/19
9.
Назарбаев Н.А. Рост благосостояния граждан Казахстана –
главная цель государственной политики: послание народу Казахстана. – Астана,
2008. – 63 с.