Момынова С.Н., Жакаева Г., Сарсенбаева А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ӨЗІН-ӨЗІ ТӨМЕН СЕЗІНЕТІН БАЛАЛАРМЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Адам
өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік
ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін
сезінуіне көптеген факторлар әсер етеді. Қоғамда
балаға әсер етуші жағдайлар, оның жаңа
қалыптасып келе жатқан тұлғасына өз әсерін
тигізбей қоймайды. Бұл қандай да бір олқылығы бар
балаға кері әсерін тигізері сөзсіз. Қоғам
болған соң әртүрлі тағдырлардың кездесіп
жататыны белгілі. Мысалы: балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың
өзге балалармен тіл табысып, араласып кетуі қиындау.Бала
отбасының орнын еш нәрсемен ауыстыра алмайды. Олар да өздерін
қарапайым балалармен салыстырып, өзінің бір ретте болса отбасындағы
рөлін елестеткісі келеді.Сол сияқты, бет әлпетінде белгілі
бір кемшілігі бар немесе мүгедектер арбасына таңылған
адамдардың өз-өзімен болып, қоғамнан оқшау
қалып жатқандары да кездеседі.Олар көбіне, өз
сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, іштен уайымдағыш
болады, торығу сезімі басым болады. Көбіне тұйық
мінезді, үндемейтін,өзін төмен бағалайтын болып келеді.Көп
жағдайда балада өмірге деген сенімсіздік пайда болып, бұл
сенімсіздік оның дамуына кері әсерін тигізеді, яғни балада
өзіне деген баға, танымдылық белсенділік төмендеп,
қоршаған ортадан өзін оқшаулай бастайды. Бұл ретте өзін-өзі
төмен сезінетін балалардың мұғалімдерімен,
ата-аналарымен жұмыс жасап, жолдастары арасындағы
қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып
табылады.
Психологиялық коррекциялау жұмысының
мазмұны балалардың мінез – құлық ауытқуларын, өзін - өзі бағалау, талаптану деңгейі
мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан
тұрады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің
кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші
жылдарынан басталды, тура аудармасы
«исправление-түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке
тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер
етуде түзету жұмысына бағдарлама
құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және
педагогикалық екі бөлімде
қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке
жұмыс жоспарын жасап, оны
жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог
басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және
ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар
құрастырады. Р.С.
Немовтың пікірінше
«психокоррекция» ерекшелігі –психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге
әсер ету және оның
жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын
психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Қазіргі
кезде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін
-өзі бағалауы, қарым
– қатынас, мінез-құлық
туралы мәселелер зерттеушілердің назарын көптеп
аудартуда.Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде
өзін төмен сезінетін жасөспірімдердің өзiн-өзi
бағалауы маңызды болып табылады.
Өзін-өзі
бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруы
арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи
түрде жүргізіледі де өте қызықты болды.
Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне
енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп,
мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар
мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай
жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп,
өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады.
Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі
тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс
құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі
бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген
болуы мүмкін.
Мен №5
мектепте болып, сынып балаларына түрлі әдістемелер жүргіздім.
Бұл зерттеу жұмыстары маған сынып оқушылары туралы,
олардың өзін-өзі бағалау деңгейлері туралы
нақты мәліметтер алуға мүмкіндік берді.
Оқушының өзін-өзі бағалауын арнайы
жағдаят арқылы анықтау
Мысалы, мұғалім бақылау жұмысы кезінде
баланың дәптеріне қарап әдейі қате бар екенін
айтты делік (ол жұмыста қате болмаса да).
Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса,
мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды,
сөз таластыруы да мүмкін, т.б. Ал өзін дұрыс
бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды.
Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады.
Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса,
мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз
бетінше ойлау қабілетінен айырылады.
«Графикалық тест» баланың өзін-өзі
бағалауын анықтайды
Мақсаты: белгілі
уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі
бағалау деңгейін анықтау. Жүргізілу барысы: Мына
төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз
немесе белгі қойыңыз.
Интерпритациясы:
Алғашқы екі шеңбердің біреуін
таңдаған бала өзін жоғары бағалайды.
Ең соңғы екі шеңбердің біреуін
таңдаған бала өзін төмен бағалайды.
Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған
бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.
«Қандай кейіп?».
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың
сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала
оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып
қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды
теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы
(ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал».
Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім,
қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы
ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек
болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында
үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі
сіздердің қолдарыңызда.
Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың
сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің
еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан
әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір
өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері-
салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су
жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік
құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы
жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді
қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі
қанағаттандырылмайды.
«
Мақтаулар» жатығуы
Мақсаты:
Жаттығу баланы өзін-өзі бағалауын және
ұжымда беделін жоғарылатуға көмектеседі.
Нұсқау:
Балалар дөңгеленіп отырады. Әрбір балаға карточка таратылады.
Карточкаға бала «Бірде мен ...» деген сөзден басталатын жақсы
іс-әрекеттер жазады.Мысалы: «Бірде мен мектептегі құрбыма
көмек бердім», немесе «Бірде мен үй тапсырмасын тез орындадым»
т.с.с. Ойлануға 2-3 минут беріледі, содан кейін әрбір бала кезекпен
өзінің жазған позитивтік әрекетін дауыстап оқиды.
Әрбір бала өзінің жазғандарын оқып
болғаннан кейін, жүргізуші (ересек адам) осы
айтылғандардың бәрінен ортақ бір пікірге келуге
талпынады. Ал егерде балалардың өздері ортақ пікірге келуге
талпынса, онда оларға міндетті түрде мүмкіндік беру керек.
Қорытынды ретінде балалармен
«әрбір адам қандайда бір талантқа ие болады, ал оны
байқау үшін айналамыздағы адамдарға зейінмен,
қамқорлықпен және мейірімділікпен қарауымыз
қажет» деген сияқты әңгімелер жүргізуге болады.
Зерттеу
нәтижесiнде өзiн-өзi бағалауының бiршама айырмашылығы
байқалды. Кесте бойынша
көрсетілген оқушылардың
өзін-өзі
бағалауындағы айырмашылықтарын білдіретін
нәтижелерді сипаттайық.
«Сезімдер»
атауы тренингі.
Мақсаты:
Эмоциональдық сферамен байланысты тәжірибелер мен білімдерді
молайту, эмоциональдық күйін басқара білуге үйрету.
Қорытынды: Қатысушы жасөспірімдер тренингке
белсенді қатысып, тапсырмаларды
орындады. Барлық эмоциялар мен сезімдердің тізімін класс
болып жасап, ең көп аталған сезімдер таңдап алынып,
кестеге түсірілді.
Олардың
көріну аймақтары анықталды. Барлық сынып бойынша кесте
жинап алынып, орташа көрсеткіштері анықталды.
5-кесте.
Балалардың сезімдері мен эмоцияларының басқара білу
нәтижесі
|
«Сезім» атаулары |
Бұл сезімдерді сезінетін орындар |
|||||
|
үйде |
көшеде |
мектепте |
жаңа ортада |
достардың арасында |
басқа жерлер- де |
|
|
Әркезде |
||||||
|
Ашу |
17 |
16 |
10 |
9 |
14 |
3 |
|
Қуаныш |
22 |
11 |
20 |
13 |
22 |
12 |
|
Көңілсіздік |
12 |
5 |
7 |
19 |
4 |
5 |
|
Бүгін |
||||||
|
Жалғыздық |
5 |
10 |
12 |
6 |
6 |
8 |
|
Қорқыныш |
8 |
20 |
15 |
14 |
8 |
18 |
|
Таңқалу |
5 |
15 |
18 |
20 |
14 |
10 |
Балалар
өздерінің сезімдері мен эмоциялары туралы тереңірек ойланып,
талдап, көрінетін аймақтарын анықтады. Өздеріндегі жағымсыз сезімдерді біліп,
олардың келесі жағдайларда басқарып отыратындықтарын
айтты. Өздері тізім жасап, өздері анықтағаннан кейін
қызығушылықтары оянып, талдау тиімді жүзеге асты. Балалар
өздерінің сезімдерін басқара білуге үйренді.
«Менің
өмірім» тренингі.
Мақсаты:
Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз
жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз
қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ойқорытынды жасай
білуге үйрету.
Қорытынды:
Балалар ортаға шығып, айналасындағы
құрдастарының сұрақтарына жауап берді.
Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және
жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді
қамтыды. Жасөспірімдер сұрақтарға шын ниетпен
жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау
жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады.
Мынадай
сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды:
«Сенің қандай жағымсыз және жағымды
қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?»,
«Қандай мәселелер сені толғандырады?», т.б. Балалар
қызығушылықпен қатынасып, өздерінің
ғана емес, жолдастарының да жағымды және жағымсыз
қасиеттерін біліп, салыстырып, олардан құтылу жолдарын
бірігіп шешті.
Ұрпақ
- өміріміздің жалғасы, болашақтағы әр
мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер
тірегі екні белгілі. Республикамыздың жастарына ең сапалы білім
берумен қатар еліміз егеменді, тіліміз мемлекеттік болуына байланысты
жастардың жағымды мінез-құлқын дамытып, оларды
адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіпке, қоғамның
лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі
басты мәселелердің бірі. Біздің қоғамымызда
жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын
талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа
тәрбиелеуге баса назар аударылуда.
Қазіргі бәсекеге қабілетті
заманда артықшылықтармен қатар кемшіліктерде баршылық. Жағымды
әлеуметтік
тәжірибенің
жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының,
құндылықтар
жүйесінің, әдет
қалыптары мен
эстетикалық
талғамдарының
жетілмегендігі және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз
белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы
аймақтарға
жұмсауын
таңдауға
ықпал етеді, бұл
олардың мінез - құлқынан, өзін -өзі
бағалуына, қарым - қатынасының
қалыптасуының әлеуметтік
бейнесінен көрініс
береді. Бұл ауқымды
рөл балалар мен
жасөспірімдердің дер
кезінде әлеуметтік
педагогикалық, психологиялық және медициналық
көмектің
көрсетілмеуінде жатыр.Жасөспірімдер
арасында қаталдық пен агрессивтілік пайда болып,
қылмыстық әрекеттер орын алуда. Осындай
жағдайларға байланысты жасөспірімдердің
мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп,
дұрыс бағыт-бағдар беріп,түзету жұмыстарын
жүргізулері шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Развитие и
корр. графо- моторных навыков у детей 5-7 лет. Иншаков О.В
2.Методика
игры с корр. развив. технологиями.
Степанова О.А.,
Вайнер М.Е.
3.Психол. коррекция агрессивного поведения детей.
Смирнова М.П.
4.Коррекция
нарушения психол. здоровье дошк. и мл. Школьников Богданова М.Г.
5.Психол.коррекция
умственного развития школьников. Исаев Д.Н.