Абдрахманова А.Т., Даниярова Ж.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
НАШАҚОРЛЫҚҚА
ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нашақорлықтың
алдын алуды жүзеге асыруда психологтың басты мақсаты –
адамға өмірлік таңдау жасауға болатыны әбден
мүмкін. Осы бағытта ғылымның айналысуы аз
болғандықтан оны зерттеу керектігін ескеріп жұмыс
жасадық.
Нашақорлық
(грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына
паталогиялық құмарлық. Нашақорлық–
бүкіл қоғамның қасіреті,
болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер
шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің
тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп
келеді. Нашақорлық – жеке тұлғаның толық
бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны
«биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни
есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды
жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды,
психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады,
мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға,
өзіне зиян келтіреді.
Нашақорлықтың
қалыптасуының екі негізі бар:
Отбасының
қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық
белгілері.
Сыртқы
факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің
сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.
Қазіргі
уақытта аддиктология нашақорлыққа, ішімдікке, темекіге
тәуелділікті зерттейді. Нашақорлық мәселесін
құбылыс ретінде қарастыруда оның бірнеше аспектісін
атап өтуге болады.
Әлеуметтік аспект. Нашақорлық
әлеуметтік «жұқпалы» ауру ретінде қарастырылады
және ол әлеуметтік топ ішінде таралады. Сондықтан
нашақор ортадан тыс өмір сүрмейді – яғни оның
ықпалынан есірткі қабылдайтын топ қалыптасады. Сонымен
қатар есірткі нашақорларға ғана емес, оның жақындарына,
қоғамға, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Психологиялық аспект. Нашақор кез келген жеке тұлға типінде
кездеседі және сананың өзгеруіне қажеттілік бүкіл
адамзатқа тән болып табылады. Зерттеушілер «
нашақорлыққа дейінгі» жеке түлға типін
қарастыруда бірінші орынға импульсивті мінез -
құлықты қояды. Бүл көзқарас бойынша
нашақорлық жеке тұлғаның тәртіпсіздігі
және қоршаған өмірге бейімделе алмаушылық болып
табылады. Нашақорлық мәселесін зерттеушілер
«нашақорлыққа дейінгі» жеке тұлғаны қарастыруда
жеке тұлға белгілерін атап көрсетті: эмоционалды кемлденбеу,
садисттік және мазохисттік көріністер, агрессивтілік және
шыдамсыздық, әлсіз бейімделу, тұлғааралық
қарым - қатынасқа түсе алмау т.б.
Нашақорлықтың қалыптасуында психологиялық аспект
жетекші болып табылады.
Экономикалық аспект. Есірткінің заңсыз таралуы
«көлеңкелі» ақша айналымына алып келеді. Сондай ақ
мемлекет нашақорларды емдеу мәселесіне қаражат
жұмсайда. Нашақорлықтың дамуының салдарынан
еңбек мотивациясы мен іс-әрекеті бұзылады.
Демографиялық аспект. Көбіне психоактивті заттарды ер адамдар мен
жеткіншектер қолданады. Нашақорлыққа тәуелді
ерлер мен әйелдердің ара қатынасы 10:1 құрайды.
Есірткіге тәуелділіктің қалыптасуынан жыныстық
инстинктер жойылады. Осы құбылыстардың салдарынан туу
деңгейі төмендеп, толық емес отбасылар көбеюде.
Моральдық аспект. Есірткі заттарын жүйелі қабылдағанның
әсерінен жеке тұлға девальвацияға ұшырайды.
Бірте- бірте нашақор мінез- құлқының
моральдық негізі бұзылады және «нашақорлық»
құндылықтар жүйесі қалыптасады.
Медициналық аспект. Дәстүрлі наркология нашақорлықты
ауру ретінде қарастырады және оны ұзақ емдеу
қажет. Нашақорлықты емдеу мен алдын алуда тек
медициналық көмек нәтиже бермейді.
Есірткі заттарына тән белгілер:
-
эйфория немесе жағымды әсердің
болуы.
-
тәуелділіктің
қалыптасуы ( психикалық және
ағза тәуелділігі)
-
психикаға және денсаулыққа зиянды әсері.
-
халық арасында
кеңінен таралуы.
Есірткі заттарының
психикаға әсер етуі: қоздырушы, тұнжыратушы,
тыныштандырушы және адамды шындық өмірден қате
қабылдауға алып келетін фантастикалық ойларды бастан кешіру.
Барлық есірткі және психоактивті заттар бірнеше топқа
бөлінеді:
Сора түрлерінен
жасалған есірткілер.
Гашишемания. Бұл топқа әр түрлі сора түрлерінен
өңделетін есірткілер жатады - анаша, марихуана, гашиш, банг, киф,
хусус, план, харас, дагга.
Апиынды есірткілер. Соңғы жылдары апиын есірткілері кеңінен
тарала бастады. Бұл топқа апиыннан өңделген заттар
жатады: морфин, кодеин, промедол, просидол, фентанил, метадон, героин т.б.
Бұл заттарға тәуелділік тез қалыптасады. Апиында
тамырға егу немесе шегу арқылы қолданылады. Уланғанда
эйфория, қозу басым болады. Ауыз қуысы құрғайды,
ыстығы көтеріледі, басы ауырады және терлеу пайда болады.
Тыныс алу және жүрек қан - тамыр жүйесі бұзылады.
Абстиненция синдромы есірткі қабылдаған соң бірнеше
сағаттан кейін пайда болады және 5-7 күнге созылады.
Психикалық жағынан алаңдаушылық, өлімнен
қорқу сезімі байқалады. Адамның ұйқысы
бұзылады, қорқынышты түстер көреді.
Сондай-ақ көңіл-күйі өзгермелі болады: өзін
өзі жоғары бағалайды, кейде депрессия, тітіркену, агрессия,
және апатиялық жағдайда болады. Героин - апиындардың
ішіндегі ең кең тараған түрі және
есірткінің ең ауыр түріне жатады.
Психостимулятор есірткілері - бұл топтағы есірткілерге тән белгі:
ойлау қарқыны жылдамдайды (үстірт жеңіл
тұжырымдар) Психостимулятор әсерінен қоршаған заттарды
қабылдау нашарлайды. Түрлері: кокаин, эфедрин, первитин, амфетамин.
Алғаш қабылдағанда шаттық сезімі пайда болады, кейін
жағымды сезімдермен жалғасады., Есірткі әсерінен
сананың қызметі белсенді жұмыс атқарады.Адам көп қимылдайды,
көп сөйлейді, өз мүмкіндіктерін жоғары
бағалайды. Психостимуляторға тәуелділік тез
қалыптасады: сирек қабылдағанда 2-3 аптадан соң
және тамыр арқылы 3-5 рет қолданған соң.
Психостимулятордың ерекшелігі психикалық тәуелділік тез қалыптасады.
Есірткі қабылдау тілегі тәуелділік қалыптаспай жатып пайда
болады. Сондай - ақ депрессия үзақ уақытқа
созылады және абстиненция синдромында өзін өзі өлтіруге
тырысады.
Депресантты есірткілер. Бұл топтағы заттарға барбитурат,
транквилизаторлар жатады. Тамырға егу арқылы
қабылдағанда басқа ұрады, көз қарауытады,
заттар жүзіп жүргендей елестейді, көз қарашығы
үлкейеді және тері қызарады. Бүл жағдай бірнеше
секундқа созылады. Кейін тепе -теңдігі бұзылады, тез
қимылдайды. Адамның қоршаған ортаға деген
қатынасы өзгереді, адамдарға жағымды қатынас
жасайды.Көтеріңкі көңіл -күй 2-3
сағатқа созылады.Содан кейін терең үйқыға
кетеді. Ұйқыдан тұрған соң өзін әлсіз
сезінеді, зейіні бұзылады, интеллектуалды процестердің
қарқындылығы төмендейді.
Галлюциногендер. Галлюциноген заттары миға қатты әсер
етеді. Галлюциноген заттарына улану
салдарынан жасанды психоз туындайды. Анықталғандай галлюциногендер бірнеше синапстар
қызметіне араласып, оны толық бұзады. Бір рет қабылдағанның әсерінен нейрон мен синапстар
қызметі 2-3 күнге дейін
қалыпқа келмейді. Тіпті бұл
заттарды мидан алып тастаған
жағдайда да синапс жасушалары қалыпты қызмет
атқармайды. Мысалы: ЛСД затын бір рет қабылдау салдарынан бас ми
толық жарақаттанады және психикада өшпестей із
қалдырады. Психикасы тұрақсыз
адамдарға есірткі орны толмастай әсер
етеді. Өзін өзі сезінудің бұзылуы және
галлюцинация қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін
тудырады. Нашақорларда агрессия басым болады. Уақыт өте
нашақор мақсатты әрекет ету қабілеттілігінен,
белсенділігінен айырылады, көңіл күйі төмендейді,
үрейлену, қорқыныш маниясы, қорқынышты
галлюцинациялар пайда болады.
Есірткі қолданумен байланысты әлеуметтік, денсаулық
мәселелері психоактивті заттар, адам және орта арасындағы
күрделі өзара әрекет етуінің салдары болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер есірткі заттарының
фармакологиялық және денсаулыққа әсер етуін
қарастырды және осы медициналық-физиологиялық
тұрғыда емдеу жұмыстары жүргізілді.
Нашақорлық мәселесін тек физиологиялық мәселе
ретінде емес, әлеуметтік жағдайда есірткі қолданатын жеке
тұлға мәселесі ретінде қарастыру керек. Бұл
тұрғыда профилактикалық, емдеу және
реабилитациялық жұмыстар жаңа мазмұн мен
мүмкіндікке ие болады.
Бихевиоралды бағыт. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше
адамға әлеуметтік орта «үздіксіз» әсер етеді.
Қалыптасқан нашақордың қоғаммен байланысы
топ мүшелерімен ғана шектеледі. Психологиялық
тұрғыда нашақор ауру мен эмоционалды стрессті ауыр
өткізетін жеке тұлға типіне жатады. Егер ол өзі
сияқты адамдармен байланыста болмаса, сенімділік сезімін жоғалтады.
Әлеуметтік дамуында «зарар тарту» себебінен нашақор кез келген
жауапкершіліктен қашады, сенімсіз, достық қатынасты
«қауіпті әлем» деп санайды.Әлеуметтік қажеттіліктен
«нашақорлық топ» болып бірігеді, бірақ оның иерархиясы
жоқ, себебі бәрі бірдей бір-біріне деген қатынаста еш
жауапкершілік алмайды. Сондықтан сол топқа кірген адамды
шығару қиын, себебі сыртқы өмірден алмаған
жағдайды сол топтан алады. Мұндай топта ол өзін еркін сезінеді. Топтан шыққан
жағдайда ол өзін басқа әлемге тап болғандай
сезінеді және қоғам мен отбасы нашақорды
түсінбейді, қабылдамайды. Қоғам нашақорға
қарсы болады, бірақ қоғамның өзі осы
аурудың туындауына жауапты. Нашақор мінез-құлқы
есірткі алуға бағытталғанда заңды, милицияны,
ата-ананы, ақшаның жоқтығы еш бөгет бола алмайды.
Сондықтан нашақорда мінез-құлық жоғары
бейімделген. Сау кезіндегі мінез-құлқы бақытқа
жетуге, жеңілдікке кепілдік бермейді, ал есірткі әлемдегі
мәселені «жоюлы» түрінде көрсетеді.
Когнитивті бағыт. Нашақорлықтың себептерін бақылау
локусы концепциясы арқылы түсіндіреді. Раттер пікірінше кейбір
адамдар өздерінің әрекеттерін ішкі себеппен байланыстырады,
ал кейбіреулері сыртқы жағдаймен түсіндіреді.
Нашақорлар есірткі заттарын қолданғаны үшін
өзгелерді кінәлайды немесе жағдаймен байланыстырады.
Сондықтан олардың есірткіні тастай алмауының себебі ішкі
бақылаудың жоқтығы. Бұл бағыт адам мен
туындаған жағдайдың өзара әрекеттесуінің
қиындығын төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар
есірткі затын қолданғанда қиялда кері кету, ойлау маңызын жояды, көру қабылдауында
шеткі жүйе кеңейеді, вербалды емес мінез-
-құлықты тану төмендейді.
Психоаналитикалық бағыт. Психоаналитикалық
зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі
дефект ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар тәуелділік
регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктерін
қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға
фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді.
Ал егер ол өз өзіне тұйықталса, психикалық
бұзылысқа ұшырайды. Мұндай адамдар үшін есірткі
эйфория туғызу арқылы фрустрациядан арылу жолы.
Қоғамдық пікір және есірткі өшпенділік пен
кінә сезімін күшейтеді. Нашақордың өзге адамдармен
қарым-қатынасқа түсе алмауының себебі оның
толық емес «менінің» салдары. Психоаналитикалық
бағыттың көптеген авторлары нашақорлықты
мастурбацияның бір түрі ретінде қарастырса да, зерттеу
бойынша психосексуалды дамудың оральды кезеңінде болатын ішкі
жекелік қақтығыс деді. Регресс түсінігінің
мәні жеке тұлға өмірі оңай болған,
қорқыныш, қиыншылық болмаған даму кезеңіне
қайта оралады. Яғни регресс дегеніміз «меннің» ауру мен
фрустрация алдындағы әлсіздігі. Бұл бағыт психоанализде
сынға алынған жоқ. Бірақ психоаналитикалық
тәсіл арқылы тәуелділікті емдеу мүмкін емес. Себебі
нашақорлық «ата-ана-бала» қатынасының және
балалық шақтағы соққының салдары емес деген
тұжырымдар айтылды. Нашақорлық
жеткіншек шақтағы ересектер мен бала арасындағы қарым-қатынастағы
қақтығыстың салдарынан немесе жеткіншектер
ортасының психикалық қысымының негізінде
қалыптасады. Қарым-қатынас сферасы
нашақорлықтың дамуына негізгі тәуелділік
«құмарту»жеткіншек жастан дамиды.
Трансактты анализ. Э.Берн
теориясында нашақорлыққа нақты түсінік бермеген.
Жеке бас даму қажетіне «ата-ана» , «ересектер» , «бала» бір-бірімен
бірлестігі қойылған, әркім өз қызметін
тепе-теңдік сақтай отырып атқару қажет, олай
болмағанда балада «эго» уланады. Зерттеушілердің пікірінше
нашақорда бір эго-күйі басым. Нашақорлық ойын ретінде
де қарастырылады, онда әр қатысушы (отбасы мүшелері,
қоршаған адамдар) белгілі позицияда болады. Ойын жалпы алғанда жасанды қылық, онда
кездейсоқтық болмайды. Шынайылық болмаса кандай да бір
әдеттегі жағдайда жеңіліс болады. Ойында
әрқайсысы өз пайдасын ойлайды, бірақ мұндай
жағдайда қатысушылар дамымайды, өзгермейді, яғни
мәселені шеше алмайды, жазылуға әрекет етпейді. В.А
Петровский пікірінше «өзін өзі тану тәсілі және
шынайылыққа талпыныс ретінде көрінеді».
Жүйелі бағыт. Жүйелі кешенде жүйелі отбасылық терапия
қолдану. Бұл «отбасылық ауру», «отбасылық мәселе»
болып қарастырылған.Нашақор өзіне жақын
адамдарға тәуелділік қалыптастырады. Отбасында шындықты
қабылдауға кедергі келтіреді, ішкі отбасылық
мінез-құлық, өзара қимыл бұзылады, содан
барып психологиялық тәуелділікке келеді. Егер отбасында
үлкені (әкесі, шешесі) психоактивті затқа тәуелді
болса, онда балаға әсер етеді.Мұндай отбасында өскен
бала қалыпсыз жүйенің элементі болып табылады және
аурудың дамуының факторларының ықпалын сезінеді.
Өсе келе ол тәжірибесін ересек өмірде қолданады
және есірткіге тәуелді болады немесе өз өмірін
есірткіге тәуелді адаммен байланыстырады. Бұл бағыттар
ықпалы, теориялар, концепциялар толық феноменге түсінік бере
алмады, тек нашақордағы тәуелділік дамуына
психологиялық модель жасауға мүмкіндік берді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Пятницкая И.Н. Наркомании.-М.: Медицина, 1994
2.
Б.М.Левин, М.Б.Левин. Наркомании и наркоманы.-М.: «Просвещение», 1991
3.
Буянов М.И. Размышление о наркомании. М: 1990
4.
Гаранский А.Н. «Наркомания». СПб.2000
5.
Бабаян Э.А. Гонопольских М.Х. Наркология. Учеб.пособие-2-е изд.-Медицина,
М.,1990
6.
Гурски С. Внимание – наркомания! Пер. С польск.:-М.: Медицина, 1988
7.
Белогуров С.Б. Популярно о наркотиках и наркоманиях. -2-е изд., испр. и доп.-СПб.:
«Невский Диалект», 2000
8.
Данилин А.Г. Кокаин, первитин и другие психостимуляторы //Серия «Врачи
предупреждают». –М., 2000
9.
Суханбердина А.С. «Наркомания-социальное зло». А. НИЦ. Ғалым., 2002
10.Популярная медицинская
энциклопедия, Ташкент, главная редакция энциклопедий, 1993