Абдрахманова А.Т.,
Жаманкулова Н.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЖАҒЫМСЫЗ
ЭМОЦИЯЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ
Өмір күткен және
күтпеген оқиғалардан тұрады. Олардың
кейбіреуі қуанышты болғанымен, кейбіреуі мүлдем
жағымсыз. Біз оларды өзіміздің
қажеттілігіміз бен жағдайды білуімізге байланысты сезінеміз. Егер жағдай жайлы қажетті ақпараттарымыз бар болса, ондай
жағдайға қалыпты әсерленеміз. Сонымен қатар,
берілген жағдай жайлы қажетті біліміміз көп болса, бізде жағымды эмоциялар туындайды. Керісінше,
қажетті ақпараттың жетіспеуі бізді қобалжытып,
ағзаның белсенді жүмысы туындайды. Сондай-ақ мүмкін реакциялардың бірінен жағымсыз
эмоция туындайды. Бірақ кейде адамға өзі мүлдем
білмеген, өзі үшін күтпеген және маңызды
жағдайларға дайын болуын қажет етеді. Мұндай
жағдайда, егер уақиға ұзаққа созылатын
болса, ағза реакциясы психологиялық және физиологиялық бұзылысқа алып келетіндей күшеюі
мүмкін. Онда эмоцияның қарапайым жиыны қобалжу немесе үрейге айналады:
адам стрестік жағдайда болады.
Қазір стресс жайлы
көптеген жазуда, бұл сөз әңгімелерде де жиі қолданады. Стресс - бұл қандай да бір әсерге жауап
ретінде туындайтын қысымды күй. Ол
өмірдің жүру барысын, адамның жұмысқа
қабілеттілігін және оның
жұмысының нәтижелілігін қандай да бір деңгейге
төмендетеді. Стресс теориясының негізін қалаушы
Канадалық ғалым Ганс Селье, XX ғасырдың 70-жылдарында дамыта бастады. "Стресс без
дистресса" атты ғылыми еңбегінде ол аталған эмоционалдық
күйді жағымды эфстрестер және жағымсыз дистрестер деп
бөледі. Соңғылары жүдеуге, қорғаныс
механизмінің бұзылуына, содан кейін жүйкелік,
психикалық, соматикалық ауруларға алып келеді.
Қазіргі таңда
үлкендерді жарақаттайтын оқиғалардың бірі -
бұл жұмыстан айрылу. Жұмысшыларда стрестік
күй жұмыстан айырылудан кейін ғана емес, жұмыстан
айырылып қаламын ба деген ұзақ мерзімді қобалжудан кейін де
туындайтыны дәлелденген. Мекеме жабылады деген сыбыс жиілеген сайын стресс те күшейе түседі. Ал
жұмыс ізденішулерге қатысты айтар болсақ, оларды стреске ең алдымен жұмысқа
қабылдаймыз деген жауап емес, сол жауапты күту және сонымен байланысты белгісіздікке алып
келеді. Алайда стресс сияқты
психологиялық күй адам өмірінің ажырамас бір бөлігі
болып табылады. Себебі, бұл жүйкелік және психологиялық
процестердің өзіндік бір
жаттығуы, адамды күрделі және қиын сынға
дайындау. Ол өмір үшін
қауіпті, бірақ өте қажет. Осы жұмыста біз
дистресті, яғни жағымсыз фактор ретіндегі стресті
қарастырамыз. Стрестің кері әсер ету мәселесі
тектен-тек алынып отырған жоқ, себебі біз онымен күн сайын
кездесіп отырамыз және де стресс бізде жүйкелік аурулар,
асқазан жарасы, артрит, астма, колит, стенокардия және т.б. аурулар
арқылы ізін қалдырады. Стресс
концепциясы мүлдем жаңа емес. Тарихқа дейінгі адамның
өзіне әлсіздену, жүдеу сезімі ауыр еңбек, суықтау
және ысыну, қан кету, кенеттен қорқудан немесе кез
келген аурудан кейін туындайтыны белгілі болған. Ол өз күшінен жоғары әсерлердің
реакцияларының ұқсастығын түсінбесе де, осы сезім туындаған кезде ол инстинкті
түрде өз мүмкіндіктерінің шегінен асқанын түсінген.
Кейінірек ол әдеттен тыс
күш жұмсаған кезде, мейлі ол салқын суда шомылу, тау шыңдарына өрмелеу немесе
үзіліссіз жаяу жүру болсын, мынадай кезеңдерден
өтетінін байқауы тиіс: алдымен оған өте қиын
болады, содан кейін ол оған
үйреніп кетеді және "екінші демі" ашылады, ақырында
күшінен айрылып, жұмыс
істеуін тоқтатуға мәжбүр болады. Бірақ
тарихқа дейінгі адам мұндай үш фазалық реакцияның
кез-келген шамадан тыс жұмыс кезіндегі тірі ағзлардың мінез-құлқын
анықтайтын жалпы заңдылық екенін түсініп
қойған жоқ шығар.
Ол ең алдымен өзін тамақ және баспанамен
қамтамасыз етуі керек, ал ішкі
ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, үш
фазалық жалпы бейімделгіш синдром
немесе биологиялық стресс сияқты түсініктерді ол ойланып
жатпайды. Алайда, бұл
идеяның бұлыңғыр бейнесі осы уақыттың
өзінде оның миында болған және оларды ұзак
уақыт бойы талдау мен интуитивті сезіну тілінен нақты ғылыми тілге - сананың
ауыстыруын күтіп отырады.
Стресс концепциясы мүлдем жаңа емес. Тарихқа дейінгі
адамның өзіне әлсіздену, жүдеу сезімі ауыр еңбек,
суықтау, ысыну, қан кету, кенеттен қорқудан немесе кез келген аурудан кейін туындайтыны белгілі болған. Ол өз күшінен жоғары әсерлердің
реакцияларының ұқсастығын
түсінбесе де, осы сезім туындаған кезде ол инстинктті түрде
өз мүмкіндіктерінің шегінен асқанын түсінген. Кейінірек ол
әдеттен тыс күш жұмсаған кезде,
мейлі ол салқын суда шомылу, тау шыңдарына өрмелеу немесе
үзіліссіз жаяу жүру болсын, мынадай кездерден өтетінін байқауы тиіс, алдымен
оған өте қиын болады, содан кейін ол оған үйреніп кетеді және "екінші демі" ашылады,
ақырында күшінен айрылып,
әлсізденеді.
Алайда, бұл
идеяның бұлыңғыр бейнесі осы уақыттың
өзінде оның миында болған және оларды ұзақ уақыт бойы талдау мен интуитивті сезіну тілінен
нақты ғылыми тілге - сананың сыны
арқылы тексерілетін және интеллектіге түсінікті тілге ауыстыруын күтіп отырады. Аса ауыр
күшке деген стереотипті реакция проблемасымен Г.Селье 1926 ж. айналысты. Адамнан көп қан кеткеніне қарамастан, олардың
бәрінің бірдей тәбеті
қашып, бұлшық еттері әлсіреп, қандай да бір
әрекетке деген қызығушылығы
болмай, жүдеп кетеді, олардың бет-бейнесінің өзі
оның ауырып отырғанын дәлелдейді.
Өмір сүру процесінде адамның жағымды (стеникалық) күйімен қатар жағымсыз (астеникалық) психикалық күйі де туындауы мүмкін. Мысалы, сенімсіздік психологиялық күй ретінде адамда тек дербестіктің жоқ болуы, өз-өзіне сенімділіктің жоқтығынан ғана емес, сонымен қатар экстремалды жағдайлардағы қандай да бір өмірлік ситуациялардың жаңалығынан және анық еместігінен де туындауы мүмкін. Мұндай жағдайлар орындалып жатқан әрекеттің күрделілігінің нәтижесі ретінде психикалық қысымды күйдің туындауына алып келеді. Күрделі
ойда тапсырмаларын шешу де эмоционалдық қысымсыз жүзеге аспайтынын ескеру қажет. Эмоционалды қысым проективті интеллектуалды әрекеттің қажетті жағдайы болып табылады, себебі саналы түрде бағалауға болжамдарды
эмоционалды
таңдау
септігін
тигізеді. "Эмоционалды шешім" интеллектуалды шешімнен біршама озып кетеді. Жағдайды эмоционалды түрде алдын-ала сезіну адамға мынадай мүмкіндіктер береді:
Ауру себептеріне қарамастан
белгілері бірдей болып табылатын аурудың
патогенетикалық негізі қандай? Оның даму механизмін қазіргі ғылыми әдістермен зерттеуге болады ма? Бұл
синдромды құрама элементтерге
бөлуге және биохимия, биофизика морфологиясының нақты терминдерімен
бейнелеп көрсетуге болады ма?
Қиындық,мектептегі
жылдарда өзінің эмоцианальды көңіл-күйін
бейнелеудің техникасы әлі қалыптасу үстінде
болғандықтан,мектеп оқушысының сыртқы реакциялары
ересектер эталонына сәйкес келмеуінен туындайды. Өзара түсіну
қарым-қатынастағы серіктерден бір-бірінің пікірімен санаса білу ептілігін талап етеді.
Осындай позицияны ең алдымен мұғалімнің ұстануы қажет.
Себебі, интелектуалды дамуының шектеулі және өмірлік
тәжірбиесінің аздығынан оқушылар мұғалімнің
тәрбиелік-білім берушілік мақсаттарын сезінбеуі,қабылдамауы
мүмкін. Мектеп балалары мінез-құлқын қазіргі
күнгі қызығуларымен байланыстырады, ал мұғалім
ұзақ мерзімдегі қызығулары мен мақсаттарына
басшылық жасайды. Әр күн сайын ұзақ мерзімді
бағдарламаны жүзеге асырып
отыру үшін мұғалім, балалардың тілектері мен
ұмтылыстарын түсінуі, пікірлермен санасуы қажет.
Орын алып
отырған жағдайға, өзіне, өзгенің
көзімен қарай алуы
-әр адамның жалпы мәдениетінің, кәсіби
шеберлігінің маңызды
құрамдас бөлігі. Ептілікті шынайыландыруға екі тәсіл: идентификация және
рефлексия мүмкіндік береді.
Идентификация өзін
қарым-қатынастағы серігінің орнына қою
үшін, серігі атқаратын рөлді
өзіне алдым деп елестету, серігі құрған
тәсілмен өз
мінез-құлқын ойша құру, оның позициясына
енуінен тұрады. Өзін өзгенің орнына қою
алғашқыда көрінгендей жай нәрсе емес. Өзін
басқаның орнында елестету қажетті нәтижені бермеуден
бұрын өзара түіністікті күрделендіруі мүмкін.
Бұл екі адам арасындағы
өзгенің көзқарасына шынайы қатынас білдірудің
орнына айналадағылар көзқарасының иллюзиясының
туындауынан болуы мүмкін. Оқушы, мысалы, қосымша өз
көзқарасын білдіреді. “Мен оның орнында болсам, бұлай
жасамаған болар едім.”
Нәтижесінде, ерке –шолжаң оқушыны жазалаған мұғалімнің
шынайы қылығы оқушыға түсініксіз болып қана
қоймай, ақтауға лайықсыз, қисынсыз болып
көрінеді, іштей наразылығын тудырады. Идентификацияның
қиыншылығы, көп күш жұмсауды қажет ететіндігінен, үйреншікті
көріністердің, сондай-ақ іштей жайсыздықты сезінуді
өзгертуден тұрады. Рефлексия - бұл өзін және
қарым-қатынастағы серіктерінің өзін қалай
қабылдайтындығын өздігінен тануы мен сезінуі,өзіне өзгенің көзімен
қарауы.
Қазіргі
таңда баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда педагогтар
ықпалы мен жауапкершілігіне
көп жүк артады. Педагог пен баланың өзара әрекеті
жүйелік құрылымды көрсетуін, табысты бағытта
алдымен теориялық негізде
қарастырылуын қажет етеді.
Өзара
әркеттесу – бұл серіктестің жауапты әркетінің
жүзеге асуына бағытталған әрекеттерді жүйелік
түрде орындау құбылысы. Алынған жауап, ықпал
етушінің де жауапты әрекет етуіне алып келеді.
Өзара
әркеттесу компоненттері:
1) адамдар;
2) адамдардың
өзара байланысы;
3) бір-біріне
ықпал етуі;
4) қарым-қатынас
субъектілерінің өзара келісімді өзгерістері.
Өзара
әрекеттесудің екі негізгі түрі:
- қызметтік,
(интеграция).
- қақтығыс,
бәсекелестік.
Америка
зерттеушілері Стейнберг және Миллер
пікірлерінше өзара
әрекет бақылауға және түсінушілікке
бағыттала білуді ұсынады:
- бақылауға
бағытталу – жағдайы бақылау, басқа адамдардың
мінез-құлқын
басқара білуі, басымдылық көрсете білуге
ұмытылыс;
- түсінісуге
бағытталу – жағдайда түсінуге және басқа
адамдардың мінез-құлқын түсінуге және қақтығысты
болдырмауға ұмытылу.
Адамдардың
бір-бірін қабылдауы барысында әртүрлі шарттарға
байланысты қателіктер мүмкін болады: кереметтілік,
тартымдылық, өз-өзіне қатынасы.
Кереметтілік факторының әркеті серіктестіктердің
тең болмауы кезінде көрінеді. Мұндағы қателік
қандай да бір маңызды көрсеткіш бойынша бізден жоғарыда
тұратын адамды көздестірген кезде біз оған
неғұрлым оңды бейімде тұрамыз. Кереметтілік туралы
ақпарат алу көзі:
- адамның
киімі, айрықша белгілері, шаш үлгісі, бағалы заттары т.б.;
- адамның
мінез-құлық ерекшелігі, өзін ұстай білу ерекшелігі.
Тартымдылық факторының ықпалымен басқа
адамның жеке қасиеттері асыра бағаланады немесе жеткілікті бағаланбайды.
Мұндағы қателік адам сырттай қаншалықты тартымды
болса, соншалықты басқа да қатынастарда да жақсы болып
көрінеді.
Өз-өзіне
қатынас ерекшелігі факторының ықпалымен, бізге жақсы
қатынас жасай білетін адамдар жоғары бағаланады да, нашар
қатынас жасайтындар төмен деңгейде бағаланады.
Таптауырындылықтықтың
салдарынан:
- басқа
адамның бейнесіне қарапайым түрде қарау
(танымдылық процессін қысқартуға көмек береді);
- алдын-ала көз
жеткізудің пайда болуына алып келеді.
Таныс емес
адамдар туралы ойлағанда, тұтас топқа қатысты саясат құру
барысында таптаурындар үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар таптаурындар жеке адамның мінез-құлқын бұзуыда мүмкін, кейде жақын адамдардың мінез-құлқын түсіндірген кезде таптаурындар қолданылмай қалады.
Қарым-қатынас
бағдары(стратегия)
1)
«Бақылаушы» бағдары-серіктестің өз әрекет ету
жоспарын қабылдауын талап етуге
ұмтылу;
2)
«түсінуші» бағдары-серіктеске бейімделу.
Қарым-қатынас сипаты:
1)
ашық-өзінің көзқарасы айтылып,
басқалардың да бағыты да ескеріледі;
2)
жабық-бағыттары ашылып көрсетілмейді;
3)
аралас:
а) бір
жақ екінші жақтың бағытын, өзінің
бағытын ашпастан, анықтауға ұмтылады;
б) серіктестердің
бірі басқаның ой-пікірімен санаспай отырып өзінің
бағытын ашып көрсетеді. Қарым-қатынастың
өзара әрекеттесу құбылысы ретінде жоғары
тиімділікке ие болу үшін келесі шарттар орындалуы қажет:
а)
қарым-қатынас субъетілерінің мәртебесіне тәуелсіз
психологиялық бағыттарының тепе-теңдігі.
б) серіктестердің
белсенді коммуникативті рөлін тең деп қабылдау.
в) бір-бірін
психологиялық қолдау.
Қарым-қатынас
құралдары екі топқа – вербалды (сөздік) және
вербалды емес – болып бөлінеді. Вербалды құралдар
сөздік әркеттің мазмұндылығн, ал сөздік
емес – оның мәнерлігін анықтайды.
Вербалды
және вербалды емес әрекеттердің бірігуі
қарым-қатынас субъектілерінің бір-біріне ықпал ету
процесін құрайды. Мұндай ықпал ету қабылдау мен
өзара түсінісу механизмдерінің екеуімен тиімдірек болады. Қабылдау
астарында (немесе перцепция) әлеуметтік психологияда басқа
адамның сыртқы түр-әлпеті мен
мінез-құлқының бағалануы негізінде
қалыптасатын бейнесі түсіндіріледі.
Стреске біртұтас стереотипті
реакция жайлы концепцияны толық қалыптастыру
үшін факторды түсіндіретін екі көзқарасқа
сүйену қажет: біріншіден,
ұйылығы бірдей, сапасы әр түрлі агенттер бірдей реакция
туғызбайды, екіншіден, бір агент
туғызған, стрестің бір деңгейі әр түрлі индивидтерде түрліше байқалуы мүмкін. Сапасы әр
түрлі агенттер өзінің әсері бойынша
ерекшеленетінін, сонымен қатар олардың стрессорлық
әрекеті аурудың өзара
қатынасы екі жақты болып табылады: ауру стресті және стресс ауруды туғызуы мүмкін. Бейімделуді талап ететін кез келген
агент стресті туғызады, ал кез келген ауру стрестің кейбір
көріністермен байланысты.
Егер кімде кім сізді қорлайтын
сөз айтып жатса, онда сіз жүрегіңізге жақын
қабылдамасаңыз ештеңе болмайды, алайда сіз оған қатты әсерленсеңіз,
өзіңізді қорлады деп есептесеңіз, онда ауыр денелік бұзылыстар дамуы мүмкін. Егер
адамның жұмыстағы бастығы жағымсыз, ұрысқақ болса, онда жұмысшы
осы қақтығыстарды қатты уайымдайтын болса, мұнда
шешуші рольді өкпе емес, адамның ренішке деген реакциясы
атқарады. Бейімделу дефектісі
салдарынан туындайтын аурулар үшін Селье өз пікірінде атап
ұсынды: "бейімделу аурулары". Бейімделу аурулары, мысалы,
гипофиз гормондарының шектен тыс бөлінуі, қанға
секрецияның шамадан тыс бөлінуінен
туындауы мүмкін. Анықтаушы жағдай стреске деген жеке
сезімталдық болады. Бір стрессордың әсеріне жауап ретінде
ауру әрбәр индивидте туындай бермейді.
Бұл факт реттеуші факторлардың
әсерімен байланысты. Реттелу эндогенді (мысалы, генетикалық, бейімділік, жас, жыныстық белгілер) және
экзогенді (түрлі гармондармен,
дәрілік препараттармен емдеу, т.б.) болуы мүмкін. Реттеуші
факторлардың әсерімен стресстің жеңіл
деңгейінің өзі патогенді болуы мүмкін және бейімделу ауруын туғызуы
мүмкін.
Стресс өзінің
эмоциогенді және жағымсыз әсерімен барлық тіріге
ықпал етеді. Жануарлар ыстық пен
суыққа әсерленеді, оған бейімделеді, ал егер бейімделу
жүзеге аспаса организм жойылады. Ал адам болса жоғары ұйымдастырылған тірі ағза және ол стреске бейімделе отырып
3 кезеңнен өтеді. 1-кезең -
үрей реакциясы. Оған негізінен организмді жаңа ситуацияға
бейімдейтін физиологиялық өзгерістер
тән. Егер жағдай ұзаққа созылса, организм өзінің қалыпты жағдайына қайта келгендей
әсер қалыптасады. Бұл қарсылық көрсету
фазасы, бұл кезде организм сырттай қалыпты жағдайда болғанымен,
өзінің резервтерін шығындай бастайды. Алайда, резевтер шексіз емес, егер стресс ұзаққа
созылса, олар тез азайып кетеді. Бұл кейде өлімге, көп жағдайда соматикалық,
психоматикалық, жүйкелік ауруларға алып келетін жүдеу
фазасы.
Психологиялык көмек
көрсету арқылы үрей, гиперсезімталдық, сенімсіздік, стрестің жойылуына жағдай жасауға болады.
Адам өз эмоцияларын басқару
дағдыларын меңгеріп, өзін сыртқы қауіп
төндіретін факторлардан қорғай
алады. Сондықтан стресс концепциясын дамытатын жаңа психологиялық жетістіктер қазіргі жағдайда дұрыс
ұйымдастырылса психотерапия, психокоррекция, психопрофилактиканы
үлкен әлеуметтік күшке айналдыра
алады.
Әдебиеттер
тізімі
1. Селье Г. Стресс без
дистресса. - М., 1982.
2.
Китаев-Смык Л.А. Психология стресса. - М., 1983.
3.
Ладанов И.Д. Управление стрессом. - М., 1989.
4.
Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов. В 3 кн. - 3-е изд. - М., Изд. «Владос», 1999.
5.
Немчин Т.А. Состояние нервно-психического напряжения. - Л., 1983.
6.
Тигранян Р.А. Стресс и его значение для организма. М., 1988.
7.
Вилюнас В.К. Психология эмоциальных явлений. М., 1976.
8.
Додонов Б.И. В мире эмоций. Киев, 1987.
9.
Изард К.Е. Эмоции человека. - М., 1980.
10.
Симонов П.В. - Эмоциальный мозг. Физиология. Нейроанатомия.
Психология эмоций. - М., 1981.