А.Р.Минасипова
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ЖАҒДАЙЫ НАШАР ОТБАСЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗҚҰЛЫҚТЫҢ
ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Қазақстан
Республикасы Ата Заңының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың
табиғи құқығы әрі парызы» делінсе,
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында «Әкелер мен
аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы»
туралы ескерілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің
әдепті, саналы, иманды, да ибалы, Отанының сүйікті және
кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз
жауаптылығын түсінуі керек. Олай болса, әрбір ата-ана
өз отбасында балалар тәрбиелеудің нәзік жақтарын
әр уақытта да ескеріп, міндетті түрде біліп отырулары керек.
Тұлғаның
қалыптасуында негізгі факторлардың бірі – ол
қарым-қатынас. Қарым-қатынас адамды толық
түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын,
жетілуін және индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін білуге
мүмкіндік туғызады. Тарихи қоғамдағы объективті
талаптар және қоғамның дамуындағы
әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын
анықтайды.
Қиын
жасөспірімнің жеке тұлға ретінде
қалыптасуының маңызды факторы отбасындағы
жағымсыз жағдалар болып табылады. Ата-аналар жасөспірімдермен
қарым-қатынасты жиі ауырсынып, кей кезде «дұрыс»
тәрбиелеуге кіріседі, түсініктемелер талап етеді, дауыс
көтереді, қорқытады. Бұндай ата-аналардың
балалармен қарым-қатынасы кездейсоқ, ауық-ауық
орын алтын әрекет сипатында болады. И.С. Конның пікірінше, жас
өспірімдердің мінез-құлықтарының
әлеметтік немесе психологиялық аспектілерінің барлығы
өмірдің қазіргі немесе өткен кезеңіндегі
олардың отбасылық жағдайларымен тығыз байланысты
болады. Әке мен ананың бала тәрбиелеу әдістеріндегі
ымырасыздығы жасөспірімге не жақсы, не жаман, нақты
жағдайда кімдікі дұрыс, ата-ананың қайсысына сену
қажет, кімді тыңдау керек екендігін дұрыс
ұғынуға кедергі жасайды.
Қазақтың
көрнекті ғалымы, профессор Қ.Б. Жарықбаев былай деген:
«Адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өмір
сүретін ортасына қоғамдық тікелей әсер етуінен
қалыптасып отырады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір
сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам
белгілі мазмұнға ие болады». Сондықтан адамның жеке
басының психологиясын ұғынуда оның бағытын
көрсететін компоненттерін әлеуметтік ортаны, білімін, нақтылы
кәсібін, танымдық ерекшеліктерін толық меңгеруді талап
етеді.
Әлеуметтік-психология
отбасылық жағдайды зерттегенде, оның
тұрақтылығын, некедегі рахаттану сезімдерін, ата-аналар мен
балалар арасындағы қарым-қатынастың балалардың
дұрыс қабылдауын, отбасылық бағалылық,
үлгілер, сонымен қатар жеткіншектердің болашақ
отбасылық өмірі жайлы бейнені жан-жақты қарастыру
арқылы өзінің көзқарасын қалыптастырады.
Әлеуметтік-психологиялық
зерттеулердің орталық мәселесі отбасының
дағдарысты кезеңдердегі сапалылық мәселесі және
некенің әсерлілігі.
Отбасылық
қанағаттану, немесе көбірек айтқанда некемен
қанағаттану әлеуметтік психологияда отбасыға әсер
ететін негізгі сапалық факторлардың әсерлігі мен
қызметінің толығымен, жан-жақты
қарастырылғандығы. Қанағаттанушылық -
отбасылық бір-бірімен арақатынасы дұрыс дәрежеде іске
асырылып, оның әрбір мүшелерінің
қарым-қатынасы оның қоршаған әлеуметтік
ортасымен байланыста болған жағдайда ғана отбасылық
некенің оңды іс-әрекеттерімен жүзеге асырлып
жатқандығын байқаймыз. Қанағаттанбаушылық -
жоғарыда айтылған отбасылық жағдаяттарға орай
жетістікке жетпеудің қатынасы.
Осылайша,
социологиялық және соған жақын әлеуметтік-психологиялық
теориялар девиантты мінез-құлықты әлеуметтік
үрдстірдің қоғам мен нақты
тұлғаның арасындағы
қарым-қатынастардың нәтижесі ретінде қарастырады.
Бір жағынан, біз қоғамның өзінде
мінез-құлықтың ауытқуын тудыратын себептер бар
екендігін көреміз, мысалы: әлеуметтік дезорганизация мен
тұлғалық ролін оның жеке тұлғасының
әлеуметтену үрдісінде түсінеміз. Ал, Т.А.Гурко (1987) отбасылық
қанағаттанушылыққа әсер ететін әр
түрлі факторларды зерттей келе, оларды жүйелеуге тырысты. Ол осы
факторлардың 4 тобын бөліп көрсетті: Бірінші топ
әлеуметтік- демографиялық және отбасылық
экономикалық мінездемесі бойынша әлеуметтік-экономикалық
зертеулерге, кескіндерге көбірек қатысты (кірістің
ұзақтылығы, ерлі-зайыптылардың жастық
ерекшеліктері, және олардың отбасылық өтілімдері,
балалардың саны). Екінші топ отбасылық өмір тіршілік әрекеттерінің
мінездемесіне негізделе отырып, отбасындағы қарым- қатынас
жасаудың әсерлі салалары анықталынды, мұнда Т.А.Гурко
отбасының сыртқы мінездемелік салаларын кірістірді: кәсіби әрекеті,
қарым- қатынасы және т.б. Үшінші топ
ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірлеріне қатысты
үй шаруашылығына байланысты шартары мен
мінез-құлық ерекшеліктері.
Төртінші топ отбасының қанағатанушылық
факторы- бұл, яғни ерлі-зайыптылардың арасындағы
қарым-қатынас мінездемесі: махаббат және әріптесіне,
жолдасына деген құрмет, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген
сенімділігі, ортақ көзқарастары,
қызығушылықтары, бағалылықтары, мотивациясы.
Отбасылық
бейнені зерттеудің қызығушылықтары -
эмоциональдық үлгілер және отбасылық аңыздар.
Отбасы туралы бейнелердің қасиеті екі жақты іс-әрекеттердің
негізінде пайда болады: белсенді немесе енжар, жағымды және
жағымсыз эмоциональдық күй.
Отбасылық
берекесіздікті шақырудың себебі, әр түрлі болады,
олардың арасындағы әр түрлі себепті байланыстар
көптеп кездеседі. Осындай топтардың анықталынған белгілері
бойынша алғышарттары болады. М.М.Плоткин және В.И.Ширинский (1997)
отбасындағы тәрбиелік қызметтердің бұзылу
себептерін келесі топтарға бөледі:
1) макроәлеуметтік мінездемелердің себебі, яғни
әлеуметтік- экономикалық
саладағы дағдарыстық құбылыстар, бұл
отбасындағы тәрбиелік әлеуетке әсер етеді;
2)
психологиялық-педагогикалық мінездемелердің себебі,
отбасы ішілік және отбасындағы балалардың
тәрбиеленуімен байланысты;
3) биологиялық мінездемелердің себебі ( физикалық
және психикалық ауру ата-аналар, балаларындағы
берекесіздіктің тұқым қуалаушылығы,
отбасындағы мүгедек балалардың болуы).
Біздің
көзқарасымыз бойынша отбасы қызметінің
бұзылуларын үш топқа бөлуге болады. Бұл топтарды
бөлудің маңыздылығы жағдайлары нашар отбасыларына
қатысты көптеген сатылар мен кезеңдердің болуы
әсер етеді.
Бірінші топ -
әлеуметтік-экономикалық факторлар, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық салаларына байланысты сатылап дамуы,
материалдылық жеткіліктік және өмір деңгейлері, сонымен
қатар мемлекетке әлеуметтік саясаттың әсерлілігі.
Екінші топ -
әлеуметтілік-мәдениеттілік факторлар, мәдениеттің
дамуымен қоғамдық саладағы отбасылық
үлгідегі қарым- қатынастың байланыстылығы,
оған қоса отбасы ішілік мәдени
құндылықтардың ерекшеліктері.
Үшінші
топ - психофизиологиялық факторлар, отбасы мүшелерінің
психологиялық және физиологиялық деңгейлерінің
дұрыс қамтамасыз етілуі, ортақ психологиялық климат
және отбасындағы тұлға аралық қарым-
қатынас жасаудың мінездемесі.
Бірақ
бұрын баланы тәрбиелеуде тек қана жағдайы нашар
және жағдайы жақсы отбасылар деп бөлінсе, ал
қазір типология өте үлкен түрлілікпен ерекшеленеді.
Сонымен
жоғарыда айтылған мәселелерді тұжырымдай келе, біз
келесідей қорытынды жасай аламыз: жағдайы нашар отбасында девиантты
мінез-құлықтық жеткіншектің негізгі
мінез-құлық ерекшеліктерінің
бұзылғандығы анық байқалып тұрады.
Бәрімізге белгілі, яғни отбасы қарым- қатынасында
күрделі жүйелілік, отбасында әрқайсысының өзіндік
анықталған орны бар,
әрқайсысының өзіндік қызметтері бар,
басқалардың қажеттіліктерін өздерінің іс-әрекеттерімен
қанағаттандырушылар, қандай да бір ортақ
іс-әрекет туындаған кезде бір-бірін қолдау деңгейі
дұрыс жүргізілген жағдайда ғана ол
толыққанды отбасы деп саналады да, отбасы мүшелері бастарынан
ешқандай отбасылық дағдарысты өткізбейді. Міне осыдан кейін,
әлеуметтік ортада дұрыс қалыптасқан отбасының
бейнесі көрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Формирование личности в переходный
период: от подросткового к
юношескому
возрасту. – М.: Педагогика, 1987. – 486с.
2. Тесленко
А.Н, Керимбаева М.С, Джакупова Г.А. Профилактика подрастковый девиации: теория
и практика. Астана, 2005. – 320с.
3. Кравцова Т.М. Психологические аспекты
изучения проблемы девиантного поведения //
ҚазҰУ
хабаршысы. Психология және социология сериясы. №3/4 (18/19), - С. 33-39.
4. Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. –М.:
Просвещение, 1995. – 358с.
5. Завалихина
Р.С. Коммуникативные средства коррекций девиантного поведения: дисс на соис
степ канд псх наук. – Новосибирск.: НГУ, 2004
. - 206 с.