Сайлыбаева Қ.Ә., Бисмакова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЫҚПАЛЫ

 

Оқу мен тәрбиені  оңтайластыру мен олардың  тиімділігін  көтеру әрбір  психолог өз шәкіртінің  темперамент типін  мүмкіндігінше  нақты аңықтап алған жөн. Осы тұрғыдан  мұғалімдерге кеңес: холерик  оқу істерін мейлінше жиі бақылауға  алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қарым қатынас жасауға тіпті болмайды – қатынасқа сай келсеңіз жауап әрекеті болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін қойып тыңдап, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсеңді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет.

Флекматик қызғылықты, белсеңді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оқпақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп,  әрқандай іс-әрекетте көрсеткен  белсеңділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қошеметтеп бару керек. Ескертулер мен  ұнамсыз бағаны  мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек.

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процесстердің жемісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді.

     Жасөспірімдердің темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері де байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатрия жағдайында зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенумен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология дәлелдеп отыр.

     Түрлі темпераменттердің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ қоюға болмайды. Кез келгеннің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, жаман жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе – бұл осы адамның сана-сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал керісінше, адам темпераментіне еріп өзіне өзі ие бола алмаса, темпераментінің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады.

     Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераментіне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс, Павлов ілімі жүйке жүйесінің типтері өмір барысында өзгеріске түсетіндігін, бұлардың тума ерекшеліктері мен қоса қоғамдық тәрбиенің әсерімен қалыптасатын типтері де болатындығын, жүйке жүйесінің типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті. Мәселен, қозуы аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып, тәрбиешілер холериктері ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге, флегматиктері жайбарақаттыққа салынбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеуі тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн.

Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе, мінез-құлықтық кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент  өзгешеліктері еске алынып отыруы тиіс. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өздері тіленіп қатысатыны өте жақсы әдет. Бірақ бұларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Әсіресе, сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені олар жұмылып кіріскенімен, жылдам суып қалатын балалар.

Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін мінез бітістерін, сезім мен эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Ерік темпераменттің кез келген түрінен  де алдыңғы қатардан орын алу қажет. Ерік – жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі болып саналатын орыс қолбасшысы Суворов ерік – жігерінің аса күштілігінен  темпераментінің жетегінде кетпей, ерлік істерінің небір керметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан.

Сонымен, біздің ойымызша темпераменттің тұлға ретінде қалыптасуында алатын орны зор деуге болады. Оқу мен тәрбиені оңтайластыру, олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір психолог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алғаны жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Сонымен қатар, оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру да өте қажет.

Флегматик болса қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір ісінен екінші ісіне ауыстыра бермеген жөн. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қошеметтеп отыру керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл түлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре отырып қатынасу керек. Сонымен қатар тұлғаның қай мазмүнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты.

Темперамент типтері жайлы теорияларды қарастыра келіп, олардың ғасырлар бойы ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан мәселелердің бірі екеніне көз жеткіздік. Оған деген қызығушылықтың төркіні – жасөспірімдер бойында болатын дара өзгешіліктер. Өйткені темпераменттің қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Жасөспірімдер арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар да темперамент табиғатымен байланысты, мысалы эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы, еске түсіруі, қабылдағанды бекітуі, т.б. Осылай темперамент психикалық процестердің желісінде көрініс таба отырып әр тұлғаның ерекшеліктерін айқындауға да мүмкіндік береді.

 Қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілдік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабылетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы  тума қасиеттердің бірі – темперамент ерекше орын алады деп санаймыз.