БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНДЕ КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАБИҒАТЫН ДАМЫТУ

 

Университет «Сырдария»

Ө.О. Жанаев

                                     

Жаңа нәтижеге бағдарланған оқытуда бейнелеу өнері пәнінің де бүгінгі талаптарға сай оқыту әдіс-тәсілдері сараланып қарастырылуда. Бейнелеу өнері пәнінде білім беру үрдісінің қалыптасып қалған жүйесі мен бүгінгі жаһандану жағдайындағы алшақтық дәстүрлі әдістемені жаңа әдіснамалық тұрғыда қарастыруды талап етеді.

Қоғамдық тәжірибедегі көркем-эстетикалық тәрбиенің негізгі функциялары жеке бастың көркемдік, рухани дүниетанымын сұлулық пен руханилық нормаларға сай эстетикалық идеал тұрғысынан қалыптастыру, олардың көркем талғамдарымен сұраныстарын, қажеттіліктерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Оқушыларды көркем тәрбиелеу бұл - балалардың өнерді сезіну, түсіну, бағалау, сүю және онымен ләззаттану қабілеттерін қалыптастыру процессі. Көркем тәрбие балаларды көркем-шығармашылық қызметке ынталандырудан көркем-шығармашылық қызметке, эстетикалық, сонымен қатар көркем құндылықтарды сомдауға дейін міндеттейтін қажеттілік».

Бейнелеу өнері пәні өзінің пайда болу, туындау табиғатынан шығармашылық пән, ол көркемдік қабілет, мәдени сана, рухани күш-қуат көзі. Көркемдік білім мен мәдениет мақсаты рухы таза, санасы биік жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Жас буынның рухани табиғатын аялап өсіру табиғаттың өз тылсым сырымен, қасиеттерімен сабақтас өрбуі тиіс. Бейнелеу өнері пәнінің көркем-шығармашылық және адамның қызмет түрлеріне сәйкестік табиғаты оның оқушы тұлғасын қалыптастыру мүмкіндіктерінің молдығын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдіру мақсатында көрсетіліп отырған «әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, Сонымен қатар оны жақсартута игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бейнелеу өнері түрлерінің өзіндік шығармашылық табиғатына сәйкес оқыту әдістемелерін жүйелеуді тілап етеді.

Жаңа қоғамдық формациядағы білім берудің мақсаттарына және мұндағы тұлғалық компонентке байланысты, оқушылардың өзіндік шығapмашылық қабілеттерін дамыту бейнелеу өнерінің көркем образдық принциптеріне негізделеді.

Бейнелеу өнері пәніне тән өзіндік спецификалық қызметтік-процессуальдық форма жас өспірімнің шығармашылық белсенділігін ынталандыруға, рухани, мәдени жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндіктер ашады. Сондықтан бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі ең алғаш оқушы-мұғалім қатынасындағы сабақ процесі мен өнердің шығармашылық процесстерінің үндестігі мен сәйкестігі жағдайындағы белсендіру әдістемелерін қолдану жолдарын қарастыруы қажет. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың көркемдік қызметтерін, білім-тәрбие іс-әрекеттерін белсендіру әдістемесі оқушы мен мұғалімнің ортақ білім-тәрбие қызметіндегі сабақ процесімен оқушы шығармашылық процесінің өзара көркем-мәдени және рухани қатынастық байланысы мен үндестігін, білім-тәрбиелік, көркем шығармашылық қызмет элементтерінің сәйкестігін қарастырады.

Мысалы. оқушының композициялық шығармашылық процесіндегі бояу, түстер реңттерін іздену кезеңінде мұғалімнің осыған сәйкес түстану, қолорит туралы көрнекіліктер, немесе табиғаттан мысалдар келтіру тәсілдері т.б. қолдануы. Оқушының сурет құрылымын түзу кезеңінде сызық, штрих, тон перцептивтік материалдық элементтердің әсерлі пластикалығы, нақыштылығы туралы түсінік беріп мысалдар келтіруі т.б. осы сияқты тәсілдер жиынтығының оқушы шығармашылық қызмет процесіне үндестігі, оның ой-қиялын, көркем образдық қабілетін дамытады.

Осы мәселелерге байланысты біз оқушы көркем қызметіндегі шығармашылық процесстің негізгі кезеңдерін көрсетеміз:

І. Бейнеленетін нысанды бейнелі-пластикалық қабылдау. Бейнеленетін нысан, зат, пішін, көрінісін, кескін-келбетін, кейпін, мінездемесін, қимыл-қозғалысын бейнелі қабылдау. Бейнелеу тәсілдеріне сәйкес, ұқсастыра қабылдау. Көркем пластикалы сызықтық, түстік, тондық сипатта қабылдау.

ІІ. Бейнеленетін нысанның көркем пластикалық пішінін анықтау. Зат пішінін бейнелі тұтас керу, пластикалық елестетіп салу. Бейне жазықтығында бейнелі күйде елестетіп сызықтық түсіру. Бейнеленетін нысанды жалпы түрде сызықтық, түстік, тондық бейнелік кейіпте елестетіп бейнелеу. Нысанды көркем-пластикалық елестетіп ой-жүйені саналы талдап бейнелеу.

ІІІ. Тұтас бейненің конструктивтік-пластикалық пішінін композациялық сомдау. Нәзік, жеңіл пластикалық сызықтармен, тәсілдермен зат пішінін тұтас жалпылық түрде құру. Бейнелеу тәсілдері, құралдары арқылы заттың бейнелі нақыштық пішінін және түйінін анықтап бейнелеу. Бейнелеу құралдарымен, тәсілдерімен бейненің композициялық - пластикалық тұтас негізін ұйымдастыру.

ІV. Көркем-пластикалық тәсілдер арнайы бейненің көркем образдық пішінін сомдау. Бейненің пластикалық мотивін, әсерлі көрініс кейпін, мән-мазмұнын бейнелі анықтау. Образдық ой-сезімді, түйінді түрлі шешімдер мен тәсілдерде ізденіп анықтау. Композициялық - образдық тұтастықты жүйелі қалыпқа келтіру.

Пластикалық, конструктивтік-композициялық, образдық тұтастықты, мазмұндық және пластикалық түйінді сақтап бейнелеу. Бейне кейіп-күйін, қалпын сезімдік мәнділікте бейнелеу тәсілдерін іздену т.б.

Осы тұтас шығармашылық процесс кезеңдерінде оқушының көркем образды өз мүмкіндіктері мен шама-шарқынша сомдау икемділіктері мен қабілеттерін шыңдау тәсілдерін қолданып отырамыз. Мұнда түрлі бейнелік, иллюстрациялық, демонстрациялық тәсілдер жүйесі қолданылуы мүмкін. Алайда бұл үлгі, тәсілдердің, оқу-тәрбиелік әдістемелердің барлығы жүйелі байланыста оқушылар жеке және жас ерекшеліктеріне сай қолданылады. Оқыту процесімен оқушы шығармашылық процесінің үндестігі, мұғалімнің белсенді эмоционалды-сезімдік тәсілдер қолдануы оқушы көңіл-күйімен де, шығармашылық ой-қиялымен де үндестікте болуы жан-жақты талданып ойластырылады.

Бейнелеу өнері сабақ түрлерінің көркем қызметтік-процессуальдық және шығармашылық функциясы оқушының білім мазмұнын, тәрбие негіздерін өзіндік тұлғалық тұрғыда қабылдауына, оны өмірдің түрлі құбылмалы өзгерістерінде шығармашьшықпен қолдануына ықпал етеді.

Бейнелеу өнері шығармашьшық пән болғандықтан оның оқу-тәрбие тәсілдері де оған сай үнемі жаңаланып түрленген жаңа технологиялық шығармашылық мотивте құрылуы тиіс. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарының жазықтықта бейнелеу, сәндік қол өнері, мүсіндеу, конструктілеу және дизайн негіздері, сәулет өнері түрлерін және қоршаған ортаны көркем-эстетикалық қабылдау сабақ түрлері оқушыдан белсенді шығармашылық ой және практикалық қызметті талап ететін оқытудың көркем образдық принциптеріне негізделеді. Қазіргі кезеңде әлде де жалаң схемалық-конструктивтік, жеке дара логикалық мақсатты көздейтін оқыту бағыттары кездеседі.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.     Ильин В.С. Формирование личности школьника: целостный процесс. - М.: Педагогика, 1984. - с.106.

2.     Выготский Л.С. Психология искусства // Под. общ. ред. Иванова В.В-2-е изд. испр. и доп- М.: Искусство, 1968.

3.     Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. –Москва: Педагогика, 1980. -288 с.

4.     Ералин Қ.Е., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. -Алматы, 1997.

5.     Кемешев Д.Ә. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулу. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2007 ж . – 47 б. 

6.     Болатбаев Қ.К. Болашақ  бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау процесінде халықтық педагогиканы қолдану: пед. ғыл. канд.дисс....авторефер.- Алматы,1995.

7.     Аманжолов С.А.Бейнелеу өнерін бастауышта оқыту: оқулық. -Астана,2000. -155 б.

8.     Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Монография. Қарағанды, 1996.-196 б.