Право/Гражданское
право
Ахметова И.А., Усенбаева И.М.,
Ғалы Ж.О., Мусраунова А.С.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Бала құқығын қорғау – басты міндет
Қазақстан
Республикасының болашағы – қазіргі жас ұрпақ,
дәлірек айтсақ - балалар болып табылады. Ол балалардың
құқықтары, денсаулығын, бостандығын қорғау
керек. Яғни, олардың өмірін,
денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң болуы
шарт. Бұл заңдар бала құқығын
қорғаудың негізгі механизмдерін құрайды. Атап
айтсақ, ең алғаш 1948 жылы 10-желтоқсанда
қабылданған «Адам құқығының
жалпыға бірдей декларациясы» болды, одан кейін 1959 жылы
қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,
міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20
қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция»
қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.
Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы
Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар
құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл
заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады.
Құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың
құқығы заңмен бекітіледі.
Құқық қорғауды ата - аналар, бағып -
қағу және қамқорлыққа алу органдары,
сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың
түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан
болатын қиянаттан қорғайды. Қазақстан
Республикасында балалардың мүддесі қорғала отырып,
ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан
және баланы бағып - қағуға беруден айыруға
байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда
қарастырылған. Бала мүліктік
құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата -
аналарының және отбасының өзге де
мүшелерінің күтіп бағуы
құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер,
зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп
түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға,
білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Балаларға
қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде
жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі
жағынан қорғауға алынған.
ҚР
балалар құқығын қорғау заңының 4-бабында: «балалардың
тең құқықтылығы -тегiне, нәсiлiне
және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк
және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге
көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық
жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа
заңды өкілдерiне қатысты өзге де
мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең
құқыққа ие» делінген.
Яғни бұл Заң балаларды қоғамдағы
толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық
мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту,
әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары
негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге,
елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың
бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің
басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан
Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi
құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi [1].
Егемендiгiн жариялаған сәттен бастап
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның және
көптеген басқа да халықаралық ұйымдардың
мүшесi болды, бұл оған халықаралық
қоғамдастықтың толық
құқықты мүшесi болуына мүмкiндiк бердi.
Республикада халықтың үштен екiсiн 18 жасқа дейiнгi
балалар мен бала туу жасындағы әйелдер құрайды.
Ұлт денсаулығы проблемасының маңыздылығы мен
өзектiлiгiн түсiне отырып, ана мен бала денсаулығын
қорғау бiздiң мемлекетiмiздiң, денсаулық
сақтау органдарының, қауымдастықтың басты
назарында тұруы тиiс [2].
Күнделікті
өмірде қазір болатын, осы сәтте болып жатқан
жағдаяттар шеңберінде өмір сүру
денсаулықтың бір кепілі болып табылады. Осыған байланысты
Я.Корчак «егер балаға бүгінгі күні қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын қанағаттандыра алмасақ, ол
бала ертеңгі күні қалай өмір сүре алады.
Оған қазіргі минуттағы ойыны, қарым-қатынасы,
тірі табиғатпен байланысы, сурет салуы, ойыншықтарын шашып ойнауы
қымбаттырақ. Осы үлкен сезім үстіндегі сезінетін
эмоциясы оған мәнді. Сондықтан тәрбие кезінде «сен
ертең сондай боласың дегеннен гөрі» қазіргі сәтін
қадірлеңіз. Теріс қылықтарын қазір
түзетіңіз, қуанышын қазір бөлісіңіз» деген.
Я.Корчактың бұл сөзі баланың психикалық
денсаулығы мәселесімен өте тығыз байланысты. Өйткені
қазіргі әлеумет ортасында бала бар шын көңіл күйімен
өзін дамытушы әрекетпен айналысып жатса, оған ересектер өздерінің
ақ көңіл ниетімен әріптес болып, ақиқат
дүниенің бір сырын ашуға көмегін тигізіп, екеу ара
үйлесімді қарым-қатынаста болса, бұл психикалық
денсаулықтың кепілі [3].
Кейінгі кезде өзекті
бір мәселеге айналған салауатты өмір салты психикалық
денсаулықтың бірден бір жолы болып саналады. Салауатты өмір
салты адамның рухани қажеттілігі. Сондықтан да 2001 жылы «Бөбек»
Қорының президенті С.А.Назарбаева жас ұрпаққа
рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында білім бері саласына «Өзін-өзі
тану» пәнін енгізді. Бұл пән бүгінгі күні өзінің
өміршеңдігін, қажеттілігін, Қазақстан
мемлекетінің гүденуіне ықпал ететін бағдарлама
екендігін дәлелдеді [4].
Балаларды қорғау– ең алдымен, балалар
өмірін, оның құқықтарын, пікірі мен дін
бостандығын қорғау. Оны күш көрсетуден,
зорлық-зомбылық жасаудан және психологиялық
жәбірлеуден қорғау. Балалар еңбегін қанаудан
қорғау. Баланың білім алуына, демалуына, бос уақытын
тиімді пайдалануына құқығы бар. Адамгершілігі мол ұрпақ
өсіріп, әділетті де өркениетті қоғам
қалыптастырғымыз келсе, біз – үлкендер осы мәселелерді
ескеруіміз тиіс.
Әдебиеттер:
1. Баланың құқықтары
туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ ҚР Заңы.
2. Қазақстан Республикасында ана мен
бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы.
3. Как
любить ребенка. кн.о воспитании: Сб.:Перевод с
польск. / Корчак, Я. - М. : Политиздат, 1990. - 493 с.
4. http://www.enu.kz