Шакеева Д. Т. экономика ғылымдарының магистрі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан
АҚ-ның
тиімділігін арттыру жолдары
Қазақстан
экономикасында акционерлік қоғам қатысушылар санының
қаржылық құралдарын тарту және маңызды
әлеуметтік міндеттерді іске асыруды ғана емес, сонымен қатар
қазіргі өркениетті қоғамдық қатынастарды
басқаруды да қамтамасыз етуде кең таралған
шаруашылық субъектісі болып отыр. Мұндай қорытынды
акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметті
жүргізу сферасындағы бірқатар
артықшылықтарға ие болуына байланысты. Біріншіден,
акционерлік қоғам ірі жобаларды іске асыру мен үлкен
өндірістерді дамыту мақсатында басым тұлғалар
санының капиталын мақсатты пайдаланып аккумуляциялау үшін
ең жақсы ұйымдық-құқықтық
форма болып табылады. Екіншіден, акционерлік қоғам
акционерлердің жоғалту тәуекелін олардың
қоғамның жарғылық капиталына салымдарының
мөлшерімен шектейді, ал қоғам міндеттері бойынша
қоғамның өзі жауапкершілікте болады. Үшіншіден,
акционерлік қоғамға қатысу үлесі айналымда
кең пайдаланылатын құнды қағаздар акциялармен
іске асырылады. Акцияның жоғары айналымдылығы бір
жағынан акционерлерге оларды еркін пайдалануға және
қоғамнан өз еркі бойынша шығуға мүмкіндік
жасайды, ал екінші жағынан оның қатысушыларының
құрамының ауысуынан тәуекелсіз акционерлік
қоғамның қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
Қарастырылып
отырған тақырыпқа сәйкес,
Қазақстандағы ірі АҚ-дың бірі байланыс
саласындағы «Қазақтелеком» АҚ мысал ретінде келтіруге
болады. «Қазақтелеком» АҚ-ның 51% акциясы мемлекет
атынан «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-қа жатады.
Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобы
инфокоммуникациялық қызметті пайдаланушыларының
мақсатты нарығын қамтиды. Компанияның орталық
офисі Қазақстанның астанасы – Астана қаласында
орналасқан. Компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Байланыс саласын дамытудың маңызды бағыттары жергілікті
телекоммуникация желілерін жаңғырту мен дамыту, деректер беру
желісін салу, жаңа қызметтер енгізу болып табылады. Бүгінгі
таңда «Қазақтелеком» АҚ өз абонеттеріне сапалы
байланыстан басқа бірқатар қосымша қызметтер
көрсетеді. Мысалы, пайдалануға электрондық АТС енгізу
республика тұрғындарына «8-ге» жеке пороль арқылы
шығуға да, қоңырау шалуларды қайта адрестеуге,
конференц – байланысты, оятқышты және көптеген
қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Енді телефон
басқа адамдармен хабарласуға мүмкіндік қана емес,
күнделікті әстерде алмастыруға болмайтын көмекші болып
келеді.
«Қазақтелеком»
АҚ-ның көрсетілетін қызметтерінің барлығы
дерлік телефон желілері арқылы жүзеге асырылады. Яғни
сөйлесулер де, интернет те, ақылды телефон да, қосымша
қызметтер де осы телефон желісінің болуына байланысты.
Сондықтан аса маңызды міндеттердің бірі телефон желілерін
қондыру болып табылады және барлық қызметтер осы
телефон желілеріне тәуелді болғандықтан
қондырылған телефон желілері көп болса, сәйкесінше
тұтыну көлемі де жоғары болады. Келесі кестеден осы жалпы
қондырылған телефондар саны мен олардың даму тенденциясын 1 кестеден байқауға
болады.
Кесте 1
Қондырылған телефон желілері (нөмірлер)
|
№ |
Көрсеткіштің аталуы |
2010ж. нақты |
2011ж. нақты |
2012жыл |
2013жыл |
||
|
жоспар |
нақты |
Жоспар |
нақты |
||||
|
|
Телефон аппатарттарын
желіге қосу: |
||||||
|
1 |
ЖТА саны |
42173 |
49258 |
52758 |
57591 |
52758 |
57591 |
|
2 |
ҚТС |
33447 |
39146 |
42246 |
45785 |
42246 |
45785 |
|
3 |
СТС |
8726 |
10112 |
10512 |
11806 |
10512 |
11806 |
|
4 |
Қондырылған ЖТА, нөмірлер |
3804 |
8483 |
6300 |
9195 |
6300 |
9195 |
|
5 |
ҚТС |
2670 |
6985 |
5500 |
7336 |
5500 |
7336 |
|
6 |
СТС |
1134 |
1498 |
800 |
1859 |
800 |
1859 |
Кестеден көріп
отырғанымыздай, желіге қосылған телефон
аппараттарының саны жыл санап
өсіп келеді. Мысалы, жалпы телефон аппаратының саны 2010 жылы 42173
болса, 2011жылы 49258 болып отыр, яғни, өсім 7085 бірлікті
құрап отыр. 2012 жылы осындай телефон аппараттарын қондыру
52758 бірлікке жоспарланса, жыл аяғында осы бірлік жоспардан алсып
түсіп, 57591 құрады. Ал, 2013 жылы бұл көрсеткіш
67755 бірлікті құрап отыр. 2012 жылдың жылдық есебімен
салыстырғанда, жалпы өсім 10164 болып отыр. 2010 жылы
қондырылған жалпы тефон аппараттары (нөмірлер) саны 3804
болса, келесі 2011 жылы 8483 бірлікті құрады. Ал, 2012 жылы 6300
бірлікке өседі деп жоспарланса, жыл соңында 9195 бірлікке жетіп
отыр. Жалпы өсім 2895-ті құрады. 2013 жылды осындай
қондырылған телефон нөмірлерінің саны 8000 болады деп
жоспарланса, жыл соңында 10539 бірлікті құрады. Осы жылы
жоспардан 2539 бірлік артық орындалды.
«Қазақтелеком»
АҚ-ның әрі қарай дамуы да осы негізгі
экономикалық көрсеткіштердің өсуіне байланысты болады.
Яғни экономикалық көрсеткіштер неғұрлым
жоғарылайтын болса онда компанияның рентабельділігі, сонымен
қатар әрі қарай өз мүмкіндіктерін кеңейте
түсуге мүмкіндік береді.
Күшті және әлсіз жақтарды,
мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау негізінде Бағдарлама
шегінде мына міндеттер анықталды: ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
цифрлық телерадио таралымды дамыту; интернет желісінің
қазақстандық сегментін дамыту; электрондық
қызметтер мен «электрондық үкіметті» дамыту;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және
IТ-қызметтерінің секторын дамыту; жоғары технологиялық
жабдықтың отандық өндірісін дамыту;
ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту.
Ақпараттық технологиялар мен
телекоммуникациялардың конвергенциясы келесіге тиесілі
құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігін
анықтайды: конвергентті қызметтердің
ұғымдық аппараты;
интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті
лицензиялау; радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын
қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.
Қорытындалай келе
қазақстанда нарықтық қатынастарға
сәйкес пайда болған, кәсіпкерлер мен қатар жай
азаматтардың басым санының инвестициялық процеске
қатысуына мүмкіндік беретін, шаруашылық субъектінің
ерекше ұйымдық-құқықтық формасы болып
табылатын акционерлік қоғамдарға үлкен мән
беретіндігі байқалады.
Акционерлік
қоғамдар өзге іскер ұйымдармен салыстырғанда
бірқатар артықшылықтарға ие және ірі бизнесті
ұйымдастырудың тиімді формасы болып табылады. Акционерлік
қоғамдар заңды тұлға болып табылады және
өз бетінше толық шаруашылық қызметін басқару
туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстанда акционерлік
қоғамдар шаруашылық субъектілерінің жалпы санында
қомақты үлесті алады.
Қазақстан
экономикасында акционерлік қоғамға қатысушылар
санының қаржылық құралдарын тарту және
маңызды әлеуметтік міндеттерді іске асыруды ғана емес,
сонымен қатар қазіргі өркениетті қоғамдық
қатынастарды басқаруды да қамтамасыз етуде кең
таралған шаруашылық субъектісі болып отыр.
«Қазақтелеком»
АҚ бүгінгі таңда сапаны қамтамасыз ете отырып,
телекоммуникациялық қызметтер нарығындағы өз
болашағын айқындап отыр. Аталған артықшылықтармен
қатар бірқатар мәселелерді атап өтуге болады.
Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың
өзекті мәселелерінің бірі корпоративтік
басқарудың сапасын жоғарылату болып табылады. Бұл үшін
меншік иелерінің құқына, жекелеген компаниялардың
мүдделерінің балансын сақтау және тұтастай
корпоративті құрылымға байланысты мәселелердің
тиімді шешімін табу өте маңызды.
Бірге қызмет ету үшін
ұйымдастырушылық топтағы тұлғалардың
бірігуі: біріншіден акционерлік компания жасауда жеке, заңды
тұлғаның қатысуын; екіншіден басқарудың
қажетті ережелерін жасау, онсыз басқару тиімсіз екендігін
көрсетеді. Осы принциптерді сақтау корпорацияның тиімді
қызмет істеуі үшін аса маңызды мәселелердің бірі.
Отандық
экономикадағы ірі бизнесті жүргізудегі әрекет етіп
отырған акционерлік қорғамдардың қызмет
тиімділігін арттыру үшін келесі бағыттағы ұсыныстарды
жасауға болады:
· Акционерлік қоғамдардың заңды
тұлғалармен қатар жеке тұлғаларды тартуымен
байланысты өз жұмысын ұйымдастыруда ашықтылық,
әділдік және теңдік қағидаларын қатал
ұстану;
· Акционерлік қоғамды басқару қызметінің
күрделілігіне байланысты басқарудың тиімді
әдіс-тәсілдерін қолдану, соның ішінде корпоративтік
басқаруды;
· Тұтынушыларға қызмет көрсетуде оларды ынталандыру
шараларын кеңейту;
· Қызмет көрсету аймағының
құрылымындағы ауылдық округтардың үлесін
көбейту;
· өзінің көрсететін қызметтерінің бағыты
мен спицификасы туралы тұтынушыларды үнемі ақпараттық
қамтамасыз ету.
Аталған бағыттағы шараларды іске асыру
акционерлік қоғамдардың қызмет тиімділігін
жоғарылатуға өз ықпалын тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
«Бағалы қағаздар туралы» ҚР
Заңы 05.03.1997.
2. Қазақстан Республикасының «Акционерлік
қоғамдар туралы» заңы. Алматы: ЮРИСТ, 2008.
4. «Қазақтелеком» АҚ
есептік құжаттары
5.
Корпоративті басқару: қазақстандық мазмұн.
Оқу құралы. С.А. Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы,
2010ж.
6. Қазақстан
Республикасында ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Астана, 2010.