Шакеева Д.
Т. экономика ғылымдарының магистрі, Нургалиева
Ш.Т. экономика ғылымдарының магистрі
Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
Қазақстан
АҚ-ғы кәсіпкерлік қызметтінің
тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Қазақстан
Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру
кезеңіне көшті. Нарықтық экономика еңбек
өнімділігінің өсуін, өндіріс тиімділігінің
барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады.
Кәсіпорынның өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі
бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын,
тиімділікті анықтау әдістерін айқындау маңызды болып табылады.
Қоғамдық
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі
бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің
өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорындар
әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда
тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп
көрсетуге болады: инфляция мәселелері; ресурстардың
болашақтағы бағаларының белгісіздігі; төлеу
қабілеті бар сұраныс; ел экономикасының дағдарыстан
шығуының нақты бағдарламасының
жоқтығы; инвестициялық саясатты қалыптастыру
тәжірибесінің нашарлығы; инвестициялық
бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік
мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі; қаржыландыру
көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.
Кәсіпкерлік
істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс
факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде
беріледі.
Экономикалық
ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік –
бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды.
Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын
жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім
өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске
қосып толық қамтуға және өндіріс
көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық
қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске
қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни
барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың
барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар
еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б.
яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың
әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қоғамның
өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни
адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер
өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі
төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді
қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы;
капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік
пайда.
Жаңа
қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру
үшін кәсіпкерлер тобын даярлау керек. Кәсіпкерлік
қабілеті қаражаты бар топты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі
қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын
білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің
гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын
табатын, іскер азаматтар болуы керек.
Акционерлік қоғамдардың экономикалық
тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс
анықтау үшін тиімділік критерийлері мен көрсеткіштерін
қалыптастыру қажет.
Қоғамдық өндірістің
экономикалық тиімділігінің жалпылама критерийі ретінде
қоғамдық еңбек өнімділігінің
деңгейі қызмет етеді.
Қоғамдық өндірістің
экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері
ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал
сыйымдылығы және қор сыйымдылығы қызмет етеді.
Қоғамның тиімділігін анықтау
тиімділік критерийлерін, яғни тиімділіктің мәнін ашатын басты
бағалау белгісін орнатудан басталады. Өндіріс тиімділігі
критерийінің мәні кәсіпорынның даму мақсаттарынан
шыға отырып, алынатын нәтижелерді барынша ұлғайту
немесе өндірілетін шығындарды барынша азайту қажеттілігінен
шығады. Мұндай
мақсаттарға төмендегілер жатуы мүмкін:
·
Кәсіпорын
өміршеңдігін қамтамасыз ету;
·
Тұрақты
өсуге қол жеткізу;
·
Құрылымдық
қайта құру;
·
Әлеуметтік
стратегия және т.б.
Осы мақсаттардың әрқилылығына
қарамастан басты орынға ең жақсы экономикалық
көрсеткіштерге қол жеткізу, ұзақ мерзімді даму
перспективасын есепке ала отырып, пайда көлемін ұлғайтуға
ұмтылу шығады.
Негізгі өндірістік қорлардың
рентабельділігі пайданың негізгі қорлардың орташа
жылдық құнына қатынасымен анықталады.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану өнім
өндірісінің ұлғаюын, жасалған өндірістік
потенциал қайтарымының артуын, жабдықтар балансының
жақсаруын, өнімнің өзіндік құнының
төмендеуін, өндіріс рентабельділігінің өсуін білдіреді.
Негізгі құралдарды неғұрлым
толық пайдалану өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде
жаңа өндірістік құралдарды енгізу қажеттілігін
азайтады.
Негізгі қорлардың табысты қызмет етуі
оларды пайдалануды жақсартудың экстенсивті және интенсивті
факторлары қаншалықты толық жүзеге асатынынан
тәуелді.
Негізгі қорларды пайдаланудың
тиімділік көрсеткіштерін 4 топқа бірікіруге болады:
·
негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері оларды
уақыт бойынша пайдалану деңгейін көрсетеді;
·
негізгі қорларды интенсивті пайдалану көрсеткіштері оларды
қуаты (өнімділігі) бойынша пайдалану деңгейін
көрсетеді;
·
негізгі қорларды интегралды пайдалану көрсеткіштері, эксенсивті
және интенсивті факторлардың әсерін ескереді;
·
негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама қорытындылаушы
көрсеткіштері.


Сурет 1. Негізгі
қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері


Сурет 2. Өнімді дайындаудың
толық еңбек сиымдылығының құрылымы
Еңбек өнімділігін кәсіпорындар
әрқашан арттыруға ұмтылады. Сондықтан олар
ұйымдық-техникалық шараларды жүргізеді. Осыған
байланысты кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттырудың
келесідей резевтері қолданылады:
·
өндірістің техникалық деңгейін жақсарту:
·
өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
·
құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін
қолдану;
·
жаңа технологиялық процестерді қолдану;
·
өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту;
·
шикізаттың
және жаңа конструкциялық материалдың сапасын арттыру;
·
өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:
·
қызмет ету
көлемін және нормаларын ұлғайту;
·
нормаларды орындамайтын
жұмысшылардың санын азайту;
·
есеп және есептеу
жұмыстарын толық механикаландыру;
·
өндірісті
мамандандыру деңгейін арттыру;
·
басқару
құрылымын жақсарту.
Өндірістегі құрылымдық
өзгерістер:
·
өнімнің жеке
түрінің көлемін өзгерту;
·
өндірістік
бағдарламаның еңбек сиымдылығын өзгерту;
·
жартылай дайын
өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін
өзгерту.
Сонымен бірге еңбек өнімділігін арттырудың
ішкі резервтері де болады. Оларға техника мен жұмыс күшін аса
тиімді қолдану және дамыту, жұмыс уақытын азайту,
шикізат пен материалдарды үнемдеу, құрал-жабдықтарды дұрыс
қолдану жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы
№ 415-ІІ. Қазақстан Республикасының Заңы
2.
Корпоративное управление: казахстанский контекст. Учебное пособие. Под
общей редакцией Филина С.А. – Алматы, 2009.
3.
Могилевский С.Д. Органы
управления хозяйственными обществами.–М.: “Дело”, 2001.