Абидиева С.Р.
КГУТИ
имени Ш. Есенова
Маңғыстау облысының
әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын жетілдіру
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының жыл сайынғы
Жолдауларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға,
Облысты, аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларды
дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаларына
сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі-
ЖӨӨ) 2012 жылы нақтыланған статистикалық деректер
бойынша 1640,1 млрд. теңгені құрады.
ЖӨӨ-нің нақты өсуі (НКИ) 2012 жылда 101,1%
құрады (2011 жылда – 99,7%).
ЖӨӨ-нің
нақты көлем индексі (бұдан әрі – ЖӨӨ НКИ)
салалар кесінінде өнеркәсіпте – 100%, ауыл шаруашылығында –
100,1%, ақпарат пен байланыста – 148,7%, көлік пен қоймалауда
– 107,3% құрады. ЖӨӨ өсу
қарқындарының 2011 жылмен салыстырғанда
құрылыста – 88,9%-ға, саудада – 99,1%-ға төмендеуі
байқалады.
Өнеркәсіптің үлесі 2011
жылғы 55,5%-дан 2012 жылы 56,6%-ға, көтерме және
бөлшек сауданың үлесі тиісінше 2,9%-дан 3,7%-ға дейін
артты. Құрылыстың үлесі 2011 жылғы 8%-дан 2012
жылы 7%-ға, көлік пен байланыстың үлесі тиісінше
8,5%-дан 5,5%-ға дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығының
үлесі төмен болып қалуда – 0,3%.
Маңғыстау облысы бойынша 2012 жылдағы ЖӨӨ
құрылымы
|
|
ЖӨӨ (млн. теңге) |
Жалпы көлемдегі үлесі
(%) |
2010 жылға қарағанда,
2011 жылдағы ЖӨӨ-нің НКИ (%) |
|
Барлығы: Ауыл шаруашылығы Өнеркәсіп Құрылыс Сауда Көлік және байланыс Өзге де қызметтер |
1 640 136 5305,0 927 088,2 114 751,8 61423,2 89 404,7 442 163,6 |
100 0,3 56,6 7,0 3,7 5,5 26,9 |
101,1 100,1 100,0 88,9 99,1 148,7 105,2 |
Халықтың
жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2011
жылдың қорытындысында 2945,9 мың теңге (19,6 мың
АҚШ доллары) деңгейінде қалыптасты, бұл – республика өңірлері
арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 1807,3
мың теңге немесе 12 мың АҚШ доллары).
ҚР – 1807,3 мың теңге

Облыс республика
өңірлері рейтингісінің 2012 жылдағы нәтижесінде
әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша - 9 орын,
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша - 4 орын алды.
Облыстың өнеркәсіптік
кәсіпорындары 2012 жылы қолданыстағы бағада 2170,8
млрд. теңгенің өнімі өндіріп, өнеркәсіптік
өнімнің нақты көлем индексі 2011 жылғы
деңгейіне 100,2% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің
жалпы көлемінде үлесі 94% құрайтын тау-кен өндіру
өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2037,1 млрд.
теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем
индексі 100,2% құрады.
Шикі мұнай 17644 мың тонна
көлемінде өндірілді немесе 2011 жылдағы тиісті
деңгейіне – 99,3%. Табиғи газ өндіру көлемі 2288 млн.
текше метр немесе 2011 жылғы деңгейіне 85,3% құрады.
Мұнай мен газ өндіру
көлемінің төмендеуінің негізгі себебі облыста игеріліп
жатқан көмірсутегі кен орындарының табиғи
түгесілуі болып табылады.
Өңдеу
өнеркәсібінде 70,9 млрд. теңгенің өнімі
шығарылып, өндіру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда
15,1%-ға азайды (НКИ - 84,9%). Төмендеу негізгі салалардағы өндіріс көлемнің
төмендеуімен байланысты.
Химия
өнеркәсібіндегі көлем «ҚазАзот» ЖШС-нде өндірісті қайта құру және жаңғырту
кезінде минералды азот өнімдері мен аммиак өндіруді уақытша
тоқтатуға байланысты төмендеді. Өндірісті
пайдалануға беру 2012 жылғы қыркүйекте болып
өтті.
Машиналар
мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдары
өндірісінде Қашған
кен орнын игерудің 2-фазасын іске асыру мерзімінің ауыстырылуына
байланысты, саланың негізгі кәсіпорындары – «Кеппел Казахстан» ЖШС
мен «KCOI» ЖШС өндірісті жүктеу проблемаларына жолықты.
Машина
жасауда «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-мен жасасылған 01.02.2012 жылғы № 226-16
шарттың түзетілуіне байланысты, «Каспий маңы машина жасау
кешені» ЖШС-ндегі тапсырыстар көлемі 50%-ға қысқарды.
Металлургияда
саланың негізгі кәсіпорындары «Ақтау құю зауыты»
ЖШС-нің қаржылық қиыншылықтарға байланысты
(айналымдық қаражатының болмауы) және «CaspianStal»
ЖШС-нде әкімшілік-басқарушылық кедергілерге байланысты
(құрылтайшылардың ауысуы) 2011 жылғы шілдеден бері
өнім шығару тоқтап тұрғандығы себепті, өнім
шығару көлемінің төмендеуі байқалады.
Облыстың
сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 9,2%-ға төмендеп, 8571,5 млн. АҚШ
долларын құрады. Бұл ретте, экспорт
8,4%-ға төмендеп (8058,2 млн. АҚШ доллары), импорт
20,9%-ға төмендеді (513,4 млн. АҚШ доллары).
Елдің
ДСҰ-на кіруіне дайындық жөніндегі іс-шаралар аясында,
облыстың 278 кәсіпорнында халықаралық сапаны
басқару стандарттары (ИСО) енгізіліп, облыстың тағы 29
кәсіпорнында халықаралық сапа стандарттарына өту
бойынша жұмыс жүргізілуде.
Негізгі
капиталға инвестициялар 2012 жылы 396,4 млрд. теңгені
құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 1,5%
көп. Бұл ретте, тау-кен өндіру
өнеркәсібінде 33,4%-ға, өңдеу
өнеркәсібінде 2 есеге өсу байқалады.
Инвестиция құрылымының негізгі
көлемін өнеркәсіп (74,8%), оның ішінде тау-кен
өндіру өнеркәсібі (60%) алады. Өңдеу
өнеркәсі – 10,2%, көлік және қоймалау – 9,3%,
жылжымайтын мүлікпен операция – 7,1% құрайды.
Облыс халықтың жан басына
шаққандағы инвестициялар көлемі (2012 жылы 698 мың
теңге немесе 4,6 мың АҚШ доллары) бойынша, республика өңірлері
арасында үшінші орынды алады (ҚР бойынша орташа – 322,6 мың
теңге немесе 2,1 мың АҚШ доллары).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 147,2 млрд.
теңгені немесе
2011 жылдың тиісті деңгейіне 85,8% құрады.
Төмендеу себебі – құрылыс-жинақтау жұмыстары
көлемінің 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда
21,6%-ға төмендеуі.
2012 жылы жалпы ауданы 558 мың шаршы метр тұрғын үй
пайдалануға берілді (2011 жылы – 501,2 мың шаршы метр
тұрғын үй). Бұл ретте, жеке тұрғын үй
салудың 1,3 есе өсуі байқалады.
Облыстағы тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі
2012 жылдың желтоқсанында 2011 жылдың желтоқсанына – 105,8% (ҚР бойынша – 106,0%), оның ішінде азық-түлік тауарлары
бойынша – 104,8% (ҚР бойынша – 105,3%), азық-түлік емес
тауарлар бойынша – 104,3% (ҚР бойынша – 103,5%), ақылы
қызметтер бойынша – 108,7% (ҚР бойынша – 109,3%)
құрады.
Бөлшек сауда көлемі (107,9% немесе
101 млрд. теңге); жүк айналымының көлемі
(101,7% немесе 7,6 млрд. тонна/км), байланыс қызметінің
көлемі (102,1% немесе 8,1 млрд.
теңге) бойынша оң динамика байқалады.
Кәсіпкерлік секторында жұмыспен
қамтылғандардың саны 2012 жылы 8,6%-ға өсті (83,8
мың адам). Халықтың экономикалық белсенді тобының
құрылымындағы олардың үлесі 31,6% құрады (2011 жылы - 31%).
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының барлық
бағыттарын іске асыру 2012 жылы басталды. Облыс бойынша 25,5 мың
жұмыс орны құрылды (2011 жылы 25,4 мың жұмыс
орны).
Жұмыспен қамту органдарына
өтініш жасаған 5,0 жұмыссыз жұмысқа
орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2,9 мың
адам қатысты.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі
(ашық еңбек рыногында) 2012 жылы 5,7% құрады (2011 жылы
– 5,8%).
Жаңаөзен
қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын
шешу жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған кешенді
жоспардың іс-шараларын іске асыруға үш жыл ішінде 36623 млн.
теңге (34387,3 млн. теңгесі игерілді), оның ішінде
республикалық бюджеттен – 27510,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен
– 6 793,0 млн. теңге, өзге қаражат көздерінен –
2319,7 млн. теңге бөлінді.
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту
бойынша жұмыс 2013 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан
– 2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға сәйкес
құралды.
2013 жылдың қаңтар-тамызында
өнеркәсіптегі көлемнің өсуі байқалады,
өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі
101,4% құрады (1467,5 млрд. теңге). Мұнай
өндірудің 2012 жылғы осындай кезеңдегі деңгейіне
1,7%-ға өсуі (11,9 млн. тонна) байқалады.
Табиғи газ өндіру 4,1%-ға
төмендеді (1457,4 млн. текше метр).
Өңдеу өнеркәсібінде
16,9%-ға өсу қамтамасыз етілді (58,1 млрд. теңге).
Азық-түлік өнімдері өндірісінде – 56,6%-ға,
металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде - 23%-ға,
машина жасауда - 19,6%-ға, тері және теріден жасалатын
өнімдер өндірісінде – 2,8%-ға өсу байқалады.
Нақты көлем
индексі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда –
112,4% (38,6 млрд. теңге); сумен жабдықтауда, канализациялық
жүйеде, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылауда
– 124,1% (12,2 млрд. теңге) құрады.
Бағалау бойынша 2013
жылдың соңына қарай өнеркәсіптік
өнімнің НКИ – 101%, оның ішінде кен өндіру
өнеркәсібінде – 101%, өңдеу өнеркәсібінде –
109,1% құрамақ. Мұнай өндірудің
күтілетін көлемі 18 млн. тоннаны (2012 жылға – 106,5%),
табиғи газ өндіру 2,6 млрд. теңше метрді (2012 жылға –
94,3%) құрайды.
Сондай-ақ,
ағымдағы жылы
облыстың сыртқы сауда айналымының 21,7%-ға
өсуі байқалады, ол 2013 жылдың қаңтар-шілдесінде
2012 жылдағы деңгейімен салыстырғанда 6002,3 млн. АҚШ
долларына дейін жетті. Бұл ретте, экспорт 18,7%-ға артты (5474,6
млн АҚШ доллары).
Ауыл шаруашылығы жалпы
өнімінің көлемі 2013 жылдың
қаңтар-тамызында 4308,5 млн. теңгені немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне
98,8% құрады. 2012 жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда мал басының барлық түрінің,
оның ішінде түйенің – 14,3%-ға, жылқының –
2,6%-ға, ірі қара малдың – 3,8%-ға, қой мен ешкінің – 18,9%-ға
төмендеуі байқалады.
Ауыл шаруашылығындағы НКИ-ін жыл
соңына дейін 2012 жылға 100,2% деңгейінде қамтамасыз
ету жоспарлануда.
Облыстың азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді
тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Тұтыну бағаларының
индексі ҚР бойынша орташа болғанда 103,1% болғанда, 2013
жылдың тамызында 2012
жылдың желтоқсанына 102,6% құрады.
Азық-түлік тауарларына арналған баға – 2,1%-ға,
азық-түлік емес тауарларға арналған баға –
2,9%-ға, ақылы қызметтер – 3%-ға ұлғайды.
Шағын және орта кәсіпкерлікте
жұмыспен қамтылғандардың саны 2013 жылдың 1 қыркүйегіне 27,5
мың адамды құрады немесе 2012 жылдың осындай датасымен
салыстырғанда 14,2% көп. Онда жұмыспен
қамтылғандардың саны 84,0 мың адамды
құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 2013 жылдың
қаңтар-тамызында 244,6 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне 105,0%
құрады. Бұл ретте, инвестициялар көлемінің
өнеркәсіпте 8,2%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру
өнеркәсібінде 1,2 есе өсуі байқалады (саланың
жалпы көлемдегі үлесі – 63,7%).
Құрылыс жұмыстарының
көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңіне 3,8%-ға артып, 94,4
млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың
қаңтар-тамызымен салыстырғанда
құрылыс-жинақтау жұмыстары (6,4%-ға) мен
күрделі жұмыстар (11,4%-ға) көлемінің өсуі
байқалады.
Бір қызметкердің орташа айлық
атаулы жалақысы ең
төменгі күнкөріс минимумын (23900 теңге)
қамтамасыз етіп, 192379 теңгені құрады. 2012 жылғы
тамызға орташа айлық атаулы жалақының
ұлғаюы 9,4%-ды, нақты кіріс – 3,8% құрады.
Халықтың жан басына
шаққандағы атаулы ақшалай кірісі 2013 жылдың
шілдесінде 95243 теңгені құрады. 2011 жылдың шілдесімен
салыстырғанда атаулы кіріс 13,9%-ға, нақты табыс –
8,1%-ға ұлғайды.
Облыс бойынша 2013 жылдың 8 айында 18283
жұмыс орны құрылды (2012 жылдың 8 айында – 16618
жұмыс орны). Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс
бойынша ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке 0,6%
құрады (01.09.2012
жылға – 0,9%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық
еңбек рыногында) 2013 жылдың 2 тоқсанында 5,5%-ды
құрады (2012 жылдың 2 тоқсанында - 5,7%).
Бағалау бойынша 2013 жылы экономикалық
белсенді халықтың саны 274,2 мың адамды құрады.
Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 259,0
мың адамға дейін артып, жалпы жұмыссыздық деңгейі
5,6% құрайды.
Бөлшек тауар
айналымының көлемі 2013 жылдың қаңтар-тамызында
57,8 млрд. теңгені, НКИ – 120,7%; жүк айналымы – 5,1 млрд. тонна/км, НКИ – 112,5%, байланыс
қызметінің көлемі – 5,2 млрд. теңгені, НКИ – 99%
құрады.
Экономика салаларында қалыптасып
жатқан өсу қарқындарын есепке алғанда, 2013
жылдың қорытындысында ЖӨӨ-нің нақты
өсуі 2013 жылғы деңгейіне бағалау бойынша 103,4%
құрамақ. Тұтастай алғанда, ЖӨӨ 1797,9
млрд. теңгені, халықтың жан басына
шаққандағы ЖӨӨ 3100 мың теңгені (19,7
мың АҚШ долларын) құрамақ.
Әдебиеттер тізімі
1.
Сайт www.mangystau.gov.kz;
2.
Сайт mangystau.stat.udpn.k.