Экономические
науки/14. Экономическая теория
1 курс
студенті Калиева Ж.Б.
Қазақстан,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ, Есеп және Аудит
мамандығы
Қазақстан Республикасы
мамандықтарының жалақылары
Мазмұны: Жалақы немесе еңбек
ақы түсінігі. Қазақстандық
мамандықтардың орташа есеппен ең аз және ең
көп алатын жалақылары. Жалақы мәселесі жайлы
Қазақстандағы шаралар.
Тақырыпты бастамас
бұрын, кіріспеге мән беру керек. Еңбекақыға
бірнеше анықтаманы әр елде әрқалай береді, бұл елдің
менталитетіне, түсінігіне, психологиясына тікелей байланысты, бірақ
түбі бір болатын түсініктеме әрқашан да бар.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі
үшін сапасына, санына және шығарған қажетті
өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты
жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің
құнына тең және ақшалай түрі болып
табылады.[1, 150б.] Былайша
айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің
жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға
кеткен шығындардың бір бөлігі.
Жалақының ең
кең тараған екі нысаны бар, бұлар: кесімді және
мерзімдік жалақы. Бұл екеуін ажырату үшін олардың
қай кезде қолдануға болады және болмайтынын зерттеп
қарастыру керек. . Еңбакақыны нормалау негізгі екі әдіс:
орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы
жүзеге асырылады. Басқаша сөзбен айтқанда
орталықтан деген ол – мемлекеттік қызметкер, ал
келісімшарттық реттеу – мемлекеттік емес мекеме қызметкерінің
жалақысын реттеумен ерекшеленеді. Жалақының ең аз
мөлшері — ҚР Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне
қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға
төленетін ақшалай төлемдердің ең аз
мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін ҚР
Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.[2,182
б.] Қазақстанда бұл мәселе дұрысталмаған
сиякты, себебі, елімізде әлі жұмыссыздық пен инфляция
мәселесі жоғары болмаса да орташа деңгейде өсуі
байқалуда. Қазақстандық жас мамандарды жұмыс
орнымен камтып оларға жалақының өмірдегі сүру
деңгейіне және өмірде жаңа қадамдар жасауға
көмектесуде дұрыстап ұйымдастырып төлеудің
өзі қазіргі заманда проблемалардың бірі деп ойламын.
Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша бірнеше
қызықты көрсеткіштерді ерекше атап өтуге болады. 2013
жылғы маусым айында орташа жалақы 88 296 теңгені
құрап, өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда
8,7% пайызға көтерілген. Ең жоғары жалақы
Атырау облысында – орташа 164 мың теңгені
құрап, тұтастай алғанда еліміздегі 2013 жылғы
маусымдағы жалақыдан 1,9 есе жоғары болып отыр.
Ең төмен жалақыны Солтүстік Қазақстан
облысының тұрғындары алатын болып шықты – 60 400
теңге. Бұл республикалық деңгейдегі жалақыдан бір
жарым есе аз.[5]
Ең көп табатын
елімізде қаржыгерлер мен сақтандырушылар. Бұл
саланың қызметкерлері айына – 175-300 мың теңгеге
дейін табатын көрінеді. 2013 жылғы маусымдағы ғылым,
кәсіпкерлік пен техникалық қызметтер саласындағы
жалақы 169 100 теңгені құрады. Ең аз
еңбекақы орман шаруашылығы мен балық шаруашылығы
саласында сақталуда – 42 600 тенге. Ал жаңа
мәліметтер бойынша ол статистика агенттігінің сайты бойынша мынадай
көрініс табады:

Сурет 1-
ҚР өңірлері бойынша орташа жалақы [5]
2014 жылғы
қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық
атаулы жалақысы 104654 теңгені құрады. Атаулы
жалақы индексі 2013 жылғы қаңтарға 105,5%, ал
нақты жалақы индексі 101,0% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы
кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 207,3
мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге
асады), кәсіби, ғылыми және техникалық
қызметтінде – 197,8 мың теңге, қаржы және
сақтандыру қызметінде – 179,2 мың теңге белгіленді.
Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық
шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 52,5 мың
теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға
төмен.
Мұндағы ең бай аумақ деп – Атырау және
Маңғыстау өңірлері, ал ең төменгі
көрсеткішті – Солтүстік Қазақстан өңірі
мәлімдеп тұр.[5]
Статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып,
қызықты мәліметтерге тап боламыз. 2013 жыл бойынша
Қазақстан бойынша жалақыны ең көп және
ең аз мөлшерде алған тұлғалара туралы біле
отырамыз. Ең жоғарғы жалақыны Алматы
қаласындағы беделді индустриалды компанияның атқарушы
директоры алады екен. Оның жалақысы – 10-20 мың доллар
аралығында деп көрсетілген. Компанияны 2019 жылы IPO-ға
ауыстыру туралы шешім осы жалақыға себепкер болып отыр.
Сондай-ақ, қыркүйек айында қалтасы
қалыңдаған азаматтар Маңғыстау («Production
Manager», айлық – 7-12 мың доллар), Оңтүстік
Қазақстан (Маркетинг бөлімінің бастығы,
айлық – 500 мың теңге), Атырау (Қаржы директоры,
айлық – 3 мың доллар) және Шығыс Қазақстан
(жерасты кенінің бас инженері, айлық – 419 675-524 596
теңге аралығы) облыстарында бар екен. Соңғы айдағы ең
аз айлық Ақтөбе (офис-менеджер, айлық – 25-78
мың теңге аралығы), Алматы облысы (спорт репортері,
айлық – 50-500 доллар аралығында) және Қостанай
(оператор, айлық – 38 500 теңге) облыстарында тіркелген.[3, 172б.]
Бірақ бұл алайда тіркелген мәліметтер бойынша
есептеледі. Өкінішке орай, тіркелмеген, заңдастырылмаған
әлі қаншама тұлғаның еңбегі әлі
күнге дейін дұрыс бағаланбаған. Осы мәселені
шешуде мемлекет әлі талай өзгерістер мен реттеулерді
жүргізеді деген ойда қаламыз. Сондай өзгерістер
қатарына ҚР Президентінің жолдауы нақты демеуші
және себепкер болып табылады. «Қазақстан – 2050»
стартегиясынан алатын мәліметтер бойынша
Елбасы Үкіметке 2015 жылдың 1
шілдесінен азаматтық қызметшілерге еңбекақы
төлеудің жаңа моделін жасап, енгізу тапсырылды. Осы орайда
алдағы уақытта білім беру саласы қызметкерлерінің
жалақысын – 29% дейін арттыру көзделді. Бұған
қоса 2050 жылға дейін Қазақстанға
ұлттық білім берудің барлық буындарын жақсарту
бойынша елеулі жұмыстар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, 2050 жылға дейін
Қазақстанға ұлттық білім берудің
барлық буындарын жақсарту бойынша айтулы жұмыстар
атқарылмақ. Сондықтан да жастардың орта
техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген
ұлттық жүйесіне көшу қарастырылмақ.
Президент Жолдауында Жастар саясаты мәселесі мен олардың озық
білім алуын қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалған
жоқ. Елбасы жоғары үлгерімі бар студенттерді
қолдаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігіне
тоқталып, Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан
бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды
қамтамасыз етуді тапсырды.[4] Бүгінгі күні біртұтас
қазақ қоғамын, оның ішінде негізінен жастарды
жұмылдырған «Қазақстан – 2050» стратегиясы елдің
жалпыұлттық идеясына айналып отырғандығын да ерекше
атап өткеніміз жөн. Ал бұл қолдау біздер – студенттер үшін
арнайы жасалынған нәрсе. Сондықтан да біздің парыз
Қазақстан Республикасын алдағы дамыған мемлекеттер
қатарына қосу болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Экономикалық
теория: Оқу құралы /
Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова,
Т.П.Табеев. – Алматы: Қазақ Университеті, 1999. – 280б
2.
Байболова А. «Қазақстан Республикасындағы еңбек
нарығының жағдайы және даму болашағы» //
Экономика және статистика, №2, 2005
3. Н.Ә.
Назарбаев. Қазақстан –
2050. Қазақстан халқына жолдауы.
4. ҚР
Статистика агенттігінің сайты.