Абылайханова
Т.А. – аға оқытушы, Такирова Н.Б. - магистрант
С. Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан
Еңбек
нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі
Еңбек
нарығы-экономикалық жағдайын көрсететудің айнасы,
тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен
динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша,
кәсіби-біліктілік, демографиялық
және басқада көрсеткіштерінің
құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек
нарығында айқын көрінеді. АҚШ-тың еңбек
нарығының белгілеріне тоқталсақ: жұмыссыздық
деңгейі 5-6 %, аумақтық және фирма аралық
жағынан жұмыс күші қозғалысының
жоғарылауы, жұмыскерлердің әлеуметтік жағынан
әлсіз қорғалуы және олардың
кәсіподаққа кірмеуі, еңбек қатынастары мен
әлеуметтік сфераны басқарудың орталықсыздандырылуы.
Еңбек нарығындағы жұмыспен қамтудың
американдық саясаты еңбекке қабілетті халықтың
көпшілігі үшін жоғары еңбек өнімділігін талап
етпейтін жұмыс орындарын жасауға бағытталған.
Жұмыссыздық сырттай қарағанда төмендейді,
бірақ төмен табыс алатын жұмыскерлер саны көбейіп,
еңбек ақы төлеуде айырмашылық болады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды
басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің
мағынасы, жұмысшы
нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс
істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім
деңгейіне байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым
жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды.
Сонымен қатар 2-3 жылда мысалы заң факультетін бітірген түлек
білімін жоғалта алмайды.Өйткені оның жұмыс орнында
алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден,
төменнен бастап, жас маман бірденені өзгертуге мүмкіндік
алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету,
репутациясын орнату. Жапония үшін жұмыс күнінің
ұзақтығы ерекше. Шамамен ер кісі жұмыс орнында аптасына
57,7 сағат өткізеді. Ол американдықтардан және
батыстағылардан 10 сағатқа артық [1].
Швециядағы жұмыспен
қамтуты басқару. 20 ғасырдың екінші жартасанда, 60
жылдар соңында , шетел бақылаушылары Шведциядағы тез
экономикалық өсудің
саяси реформа көлемінде, әлеуметтік кикілжіңсіз қоғамда келісіп дамыған деген
баға берген..
Кейбіреулері шведтік
экономиканың араласын атайды, өйткені нарық қатынастары
мен мемлекеттік басқару үйлеседі. Өндіріс сферасында жеке меншік және тұтынудың
ортақтығы болатын. Соғыстан кейінгі Швецияда- еңбек пен
еңбек нарығы арасындағы ерекшелік болды. Кәсіпкерлер
мен ірі кәсіподақтардың қатысуымен еңбек
ақыны келісе шешті, яғни орталықтандырылған жүйе.
АҚШ пен Швеция
елдеріндегі еңбек нарығындағы жағдайларды салыстыра
қарастырсақ, Швецияда АҚШ-қа қарағанда
еңбек нарығы саясатының бағдарламасына
жұмсалған шығындар үш еседен жоғары
болғанымен, халықты жұмыссыздықтан
қорғаудың белсенді шараларына жұмсалғаны екі есе
- 70%. Швецияға қарағанда АҚШ-та жұмыспен
қамтылғандар саны төмен, тек жас тобы ішінен 16-дан 19 жас
аралығындағы жастардың жүмысқа қамтылуы
Швеция және басқа елдерге қарағанда жоғары.
Оның себебі, АҚШ-та мектептің жоғары сынып окушылары
мен студенттердің ішінде жұмыс жасайтындардың саны көп
[2].
Ресей
ғалымдары елдің экономикалық дамуындағы табысқа
жетуде негізгі факторлардың бірі ретінде ұлттық
дәстүрге негізделген еңбек қатынастарының бес
жүйесін ұсынуда.
Көптеген
елдердің еңбек қатынастары мен нарық үлгілері
ұқсас жағдайда болады. Американдық үлгіге
Ұлыбритания үлгісі жақындаса, Жапондық үлгіге
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үлгісі
ұқсас. Бірқатар елдерде (Франция, Италия) ішкі еңбек
нарығындағы еңбек қатынастарын реттеуді қолданса,
ал кейбір елдерде (мысалы, Ұлыбритания) сыртқы еңбек нарығындағы
реттеуге басты назар аударады [3].
Еңбек
қатынастарын реттеудің жаңа түрі - әлеуметтік
әріптестіктің қалыптасуын шетелдік тәжірибе бойынша
қарастыру. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, үш
жақты қарым-қатынаста болудың түрлі
ұлттық үлгілері бар. Әрқайсысының
үлкен айырмашылықтарына қарамастан, оларды ортақ
қағидалар мен мақсаттар біріктіреді. Әріптестік
қоғамның тұрақтылығына негізделіп, оны
нығайтудың факторы болып табылады. Мысалы, Францияда
әлеуметтік әріптестік ұлттық деңгейде де,
кәсіпорынның өзішінде де жүзеге асырылады.
Францияда
жұмыспен қамту басқарма жүйесі әлеуметтік
әріптестікке сүйенеді, ол кез-келген жағдайда, әсіресе
дағдарыстық жағдай пайда болғанда барынша тиімді шешім
береді. Сонымен қатар, аймақтык агенттіктің жергілікті кәсіпорындармен
және ұйымдармен әрдайым байланыста болуының үлкен
мәні бар.
Англиядағы
жұмыспен қамту қызметінің маңызды атқаратын
қызметтерінің бірі арнайы үкіметтік және жергілікті
бағдарламаларды жасау, онда жұмыссыздарды, мысалы, жоғары
білікті, бұрынғы басшы қызметкерлерді еңбекке орналастыруға көмектесу мен қолдау карастырылады.
Әлеуметтік
әріптестік тек жоғары дамыған нарықтық
қатынастар мен мемлекеттік реттеу негізінде ғана мүмкін
болады. Бір мезгілде әлеуметтік әріптестік үш
субъектінің-жалдамалы жұмыскерлердің,
кәсіпкерлердің және мемлекеттің белсенді бағытын
және олардың келісім міндеттемелеріне жауаптылығын
көрсетеді. Нарықтық экономикасы дамыған
көптеген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі
категориядағы адамдарға, әсіресе жастарға
дифференциалды түрде қарау көзделген.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына
жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде
арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай
дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980
жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды.
Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе
бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер
белгілі бір жағдайда және берілген саланың
кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт
ұстанғанда мүмкін болады (кесте 1).
Кесте 1Еңбек нарығын реттеу үлгісі
|
Еңбек
нарығын реттеу үлгісі |
Қолданыстағы
үлгісі |
Ерекшелігі |
Ескерту
|
|
Америкалық
үлгі |
Жұмысқа
алу мен жұмыстан шығу еркіндігі; Фирма деңгейінде
ұжымдық-келісімдікті реттеу |
Тұрғындардың
еңбек нарығына кірудің қиындығы |
Жұмыссыз
кедейлердің көптігі |
|
Шведтік
үлгі |
Жұмыс
орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта
даярлауға көп шығын жұмсау |
Еңбек
нарығына жастардың жұмысқа орналасу
қиындығы |
Еңбек
ақы төлеудің төмен болуы |
|
Жапондық
үлгі |
«Өмірлік
жалдану» жүйесінің
қолданылуы |
Бұл
жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі |
Жастардың
қызмет ету аясының тар болуы |
|
Қазақстандық
үлгі |
Еңбек
нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту
саясатын іске асыру |
Еңбекке
орналастыру бойынша жалпы қоғамдық жүйенің
жұмыс істемеуі |
Жас
маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға
қолдау көрсетудің жоқтығы |
|
Ескерту
- Шетел тәжірибесіне байланысты автордың
құрастырған үлгісі |
|||
Осы мақсатта жастар арасындағы
жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама
жасалып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымен
жастар үшін жұмыс орынын құру шараларына ерекше орын
берілге, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын
қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын
шығындарды өз мойнына алады.
Сонымен қорыта келе, шетелдік
тәжірибенің кемшіліктері мен жетістіктерін қарастыра отырып,
Қазақстан өзінің ұлттық еңбек
нарығы үлгісін жасауы қажет.
Әдебиеттер
1.
Еңбек
қатынастарын реттеудің шетелдік тәжірибесі/
Материалы международной научной конференции
«Казахстанско-российское сотрудничество: проблемы и перспективы». Атырау,
2004.Б.127-130
2.
Буланова В.С. Волчина
Н.А. Рынок труда: Учебник – М: 2000
3.
Джумабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Оқу
құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2003