Экономические науки/15.Государственное
регулирование экономики
Куандык Жалгас
магистрант 1
курса, специальность ГМУ
Казахский университет технологий и бизнеса
Нарық
жағдайында саланы басқару жүйесін жетілдіру
Елімізде
нарықтық шаруашылық жүйесінде барлық
деңгейде мемлекеттік реттеудің және нарықтың
ықпал ету саласын шектеуге, құзыретін, қызметтерін
және міндеттерін нақты бөліп, олардың өзара
іс-әрекет ететін оңтайлы механизмін табуға ерекше роль
берілген.
Нарық жағдайында саланы басқарудың
ұйымдасу формасы саланы
құру туралы шешім қабылдаған билік
құрылымдар деңгейіне тікелей байланысты, өйткені
соңғы нәтижесінде нарық жағдайында саланы басқару
механизмінің ерекшеліктерін, преференцияларын және кепілдік
жүйесін анықтайды.
Басқару
әсері нарық
жағдайында саланы басқару механизмы арқылы
жүргізіледі, ол ендігі негізгі элементтерді қамтиды:
-
басқару қызметтері, олардың маңыздыларына жататындар:
жоспарлау, ынталандыру, ұйымдастыру және бақылау;
-
басқару әдістері;
-
басқару принциптері.
Біздің
пікірімізше, нарық
жағдайында саланы оперативті басқарудың оңтайлы
нұсқауы арнайы экономикалық аймақты дамыту
компаниясын қалыптастыру болып
табылады, оның құрамында бақылау немесе одақтасу
акциялар пакеті бар, мемлекеттік ұйымдар, заңды және жеке
тұлғалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қызмет
көрсету саласындағы мекемелері, қаржы институттары,
сақтандыру қоғамдары, кеме жүзу компаниялары,
авиакомпаниялар, сауда-өнеркәсіптік палаталар және т.б. болуы
мүмкін.
Экономикалық
көрсеткiштер нәтижелерi мен оған әсер етушi факторлар
арасындағы өзара байланыстарға талдау жасау ерекше
мәнге ие. Өндiрiс үрдісiне қарай нәтиже
шамасының өзгеру заңдылықтарын бiлу – стратегиялық
жоспарлы басқарудың қажеттi шарты болып есептелiнедi.
Факторлар арасындағы болжамдаудың
шынайлылығы мен жоспардың нақтылығы арасында тiкелей
байланыс бар: болжам дәлiрек болған сайын, жоспарды анық,
толық және дұрыс қабылдауға мүмкiндiк
туылады.
Корреляциялық-регрессиялық талдауға
төмендегi тренд модельдерi пайдаланылады:
![]()
![]()
Демек, ![]()
Бұл есептеулерде детерминация
коэффициенті және
өңделген детерминация коэффициенттері мына мәндерді
қабылдайды.

Регриссиялық талдау ендігі нәтижелерді берді: таза
табыстың өсіңкілік серпініне қарай көптеу
регрессияның коэффиценті R = 0,93, детерминация коэффиценті R2=0,97,
яғни бұл есепке алынған факторлардың өзара
әсері жоғары екендігін және олардың арасындағы
байланыстың тығыз екендігін көрсетеді. Ол таза табыстың
ауытқуының 97% зерттелетін фактормен болып отырғандығын
көрсетеді. Ал қалғаны (3%) басқа факторларға
байланысты болып келеді. Демек, таза табыс пен жүктерді
тасымалдаудың арасындағы байланыс өте тығыз.
Берілген
мәліметтер арасындағы байланыс тренд болып табылады.
Территориялық
шоғырлану, процестердің жоғары өсіңкілігі,
көптеген түрлерді тасымалдаудың маусымдылығы тасымалды
бизнес-жоспарлау мен басқару үшін ең күрделі
салалардың бірі етеді. Бизнес-жоспарлауды жетілдіру мен басқару
механизмін жетілдіру өзара тығыз байланысты. Теңіз және
басқа тасымал күрделі өндірістік-шаруашылық кешені
болып табылады, онда өндірісті және басқа іс-әрекет
салаларын, мысалыға құрылысты оперативтік басқару бойынша
қызметтер шоғырланады.
Литература:
1. ҚР Президентінің«Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру туралы» 2013 жылы 16
қаңтарда № 466 Жарлығы// Егемен Қазақстан.
2013жыл, 17 қаңтар.
2.Н.А.Назарбаев.
«Әлеуметтік-экономикалық модернизация Қазақстан
дамуының басты бағыты»
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2012
жыл 12 қаңтар.
3. «Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003
-2015 жылдарға арналған стратегиясы»
4. Пралиев Г.С., Бисеков А.Т. «Проблемы устойчивого
развития АПК. Альпари. 2008.