Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ т.ғ.к., доцент  Әуезова Қ.Т.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты Кокченова Н.К.

 

Қазақстан Республикасындағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту мақсатында Шағын және Орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар

Кәсіпкерлер қоғамның неғұрлым тұрақты және бірқалыпты таптарының бірі  екендігіне күмән жоқ. Кәсіпкерліктің, оның ішінде қазақстандық кәсіпкерліктің, көп ғасырлық тарихы бар, уақыт өткен сайын ол өз нысанын өзгертті немесе даму үстінде болды, бірақ өз негізін сақтады.  «Кәсіпкерлік» терминін XVIII ғасырда ағылшын экономисті  Ричардом Кантильон еңгізді, ал был введен в научный оборот в XVIII веке английским экономистом Ричардом Кантильоном, ал «кәсіпкерлік» түсінігін талдау А. Смит, Ж.-Б. Сэй және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.    

Кәсіпкерлік теориясының негізгі ережелері мынадай:

·  Кәсіпкерліктің ролі жаңа техника мен технологияны қолдану базасында өндірісті қайта құрудан тұрады.

·  Кәсіпкерлік барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән.

·  Саяси-шаруашылық орта кәсіпкерліктің қалыптасуы  мен одан әрі дамуында маңызды роль ойнайды.

Егер «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерінің эволюциясына келсек, атақты экономистердің келесі цитаталарын келтіруге болады:

·  1725 ж. Ричард Кантильон, ағылшын экономисті: «Кәсіпкер – нарық жағдайында қызмет етуші адам».

·  1797 ж. Бодо, американдық экономист-зерттеуші «Кәсіпкер – кәсіпкерлік іске жауап беретін, кәсіпорынды басқаратын, ұйымдастыратын, жоспарлайтын тұлға.».

·  1876 ж. Френсис Уокер, американдық экономист-статистик: «Капитал ұсынып және одан пайыз алатындар мен өзінің ұйымдастыру қабілеттерімен пайда табатындарды ажырата білген жөн деп санаймын».

·  1975 ж. Альберт Шапиро: «Кәсіпкер – бұл әлеуметтік-экономикалық механизмдерді ұйымдастырып бастамашылық білдірген адам. Тәуекел жағдайында әрекет етіп, ол сәтсіздік жағдайында толық жауапкершілік артылады».

Барлық көрсетілген анықтамалардан кәсіпкер өз жауапкершілігі мен тәуекеліне сүйене отырып бизнесті жүзеге асырады және экономиканың дамуына негіз болатындығын анықтаймыз.

Кез келген дамыған елдердің «бейнесін» ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер құраса да,  өндірістік әлеует пен ғылыми-техникалық деңгейді айтарлықтай анықтайтын үлкен капиталдың экономикалық қуатын, нарықтық шаруашылық жүйесі бар елдердің өмірінің негізі шағын кісіпкерлік болып табылады, ол барлық әлеуметтік топтар мен бөлімдердің өркендеу мен даму үшін күресте мүмкіндіктерін теңестіруден көрінетін іскерлік өмірдің неғұрлым белссенді нысаны.

Экономиканың шағын секторын тауарлар мен қызметтерді жаппай сатып алушылармен тікелей байланысты және көбіне жергілікті нарықтарда қызмет ететін  бір-бірінен тараған кәсіпорындар жүйесі құрайды. Нарықтық конъюктураға жедел бейімделіп, нарыққа қажетті икемділікті береді. Шағын кәсіпкерліктің   бұл қасиеті тұтынушылар сұранысының жедел дифференциациясы мен жекешеленуі жағдайында ерекше роль ойнайды. Тауарлар мен қызметтердің тұтынушыға жақындауы, және де шығын келтіретін басқару құрылымының болмауы қосымша шығындардың азаюына және тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының азаюына алып келеді. Шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын белсенді түрде құра отырып, экономикалық дағдарыс, технологиялық жаңғырту, жекешелендіру кезінде босап шығатын жұмыссыздар санының айтарлықтай кемуіне алып келеді.  Шағын кәсіпорындарда икемді жұмысқа алу мен еңбек шарттары кең таралған, бұл өз кезегінде көптеген жқмысшыларды қызықтырады. (толық емес жұмыс күні немесе апта, жылжымалы еңбек графигі және т.б.). Бәсекелестік ортаны қалыптастыруда шағын кісңпкерлңк айтарлықтай үлес қосады. Кейбір салаларда тар мамандануда және жаңа техниканы қолдануда ірі корпорацияларға бәсекелес болып, монополиялық позициясына кедергі келтіреді.

Шағын кәсіпкерлік ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарын қалыптастыруда  белгілі бір роль ойнайды, ол өндіріс профилін өзгертуге, халық шаруашылығының барлық салаларының тепе-теңдігін, пропорционалдылығын қамтамасыз етуге, қызметтің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді.  Мысалы, АҚШ-та барлық ғылыми-техникалық прогрестің  50%-ы шағын кәсіпорындарға тиесілі, НИОКР-ға бағытталған барлық инвестицияның  2–3%-ын ғана тұтынады. АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қоры жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, шағын кәсіпорындар секторы ірі фирмаларға қарағанда бір жұмысбастыға шаққанда 2,5 есе көп жаңалық еңгізеді екен. Орташа есеппен осы салаға жұмсалған бір доллорға шағын кәсіпорындар ірі фирмаларға қарағанда 17 есе көп  жаңалық еңгізеді.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлеуметтік шиеленістерді азайтады,  себебі ол «орта таптың» қалыптасуына негіз болады және қоғамдық психологияны, халықтың негізгі бөлігінің көзқарастарын өзгертеді,  Осы ретте, «орта тапқа» қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайда белсенді қызмет етуге дайын өз балаларының болашағын, отбасының қалыпты жағдайын ескере отырып, жалпыға ортақ мораль нормалары мен іскерлік этиканы бұзбай, берілген мүмкіндіктерге қолдануға дайын адамдардың барлығын жатқызамыз.  

Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы саяси тұрақтылыққа септігін тигізеді. Кәсіби мақсаттарға жетуге арналып құрылған кәсіпкерлер ұйымы саяси өмір субъектісіне айналады, өйткені ол мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен, халықаралық ұйымдармен байланысқа түседі.

Қазіргі кезде өндірсі дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік мыналарды қамтамасыз етеді:

·  ЖІӨ-нің негізгі бөлігінің өндірісін (ЕО елдері бойынша орташа 70%, Жапонияда  - 61%, АҚШ-та - 40%);

·  Еңбекке жарамды халықтың көпшілік бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеді (ЕО елдері бойынша орташа 72%, Жапонияда  - 78%, АҚШ-та - 54%, Оңтүстік Кореяда - 75,3%);

·  «Орта тапты» қалыптастыруға әсер ету арқылы қоғамның әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып табылады.

Шағын кәсіпорындар экономиканың жеке секторы ғана емес, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйенің элементі, шаруашылық кешеннің тұтас құрылымын қалыптастыратын буын болып табылады.  Олар ірі және орта кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста болады, инновациялық процестерді жеделдетуде және халық шаруашылығының құрылымын қайта құруға белсенді қатысады. 

Қазіргі кезде Германияда 5800 ірі кәсіпорындармен бірге 3,3 млн шағын кәсіпорындар мен қолөнер кәсіпорындары, өндірістік және өндірістік емес саладағы, саудадағы жеке кәсіпкерлер, «еркін кәсіптер». Олар салық төлейтін кәсіпорындардың 99%-дан астамын құрайды. Осылайша ірі кәсіпорындар барлық неміс кәсіпорындарының  1%-ын құрайды. Германиядағы жұмыс орындарының 70%-ын шағын кәсіпорындар қамтамасыз етеді, барлық жас мамандардың 80%-ын оқытады, барлық салық айналымының 45%-ын төлейді, неміс экспортының  30%-ын құрайды, 2013 жылы Германиядағы инвестициялардың 46%-ын және жалпы қлттық өнімнің  57%-ын қамтамасыз етті (ЖҰӨ). Шағын және орта кәсіпорындары неміс экономикасының «спинной хребет»  құрайды. 

Шағын және орта кәсіпкерліктің және Германияның жалпы экономикасының жемісті дамуының негізгі алғышарты – әлеуметтік нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуі үшін құқықтық және экономикалық шарттардың тұрақтылығын мемлекет тарапынан кепілдік етуі. Халықаралық эксперттер шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты неміс саясатын, Германияда пайдалы қазбалардың жоқ болуына қарамастан әлемдік жетекші экономикалық жүйелерге кіретін неміс экономикасын әлемдік нарықта күшті, бәсекеге қабілетті экономика үшін маңызды негізді қамтамасыз етеді деп бағалайды. Мұндай жетістікке жетудің маңызды негізі Германияда экономиканың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шығарылатын заңдар, қаулылар және нұсқаулықтардың жүзеге асуын федералды, аймақтық және жергілікті деңгейдегі білікті және сатылмайтын әкімшілік іске асырады. Мемлекет ішіндегі және шетелдегі Германияның мемлекеттік құқықтық тәртібіне сенімділік Германияның экономикалық және саяси тұрақтылығының негізгі факторы болып табылады.

Еркін құқықтық және экономикалық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша неміс мемлекетінің маңызды реттеу функцияларына келесілер жатады:

1.                                                                                      Кәсіпкерлік қызмет бостандығына негіз болатын құқықты қамтамасыз ету, мысалы, келісімдер жасауға құқық, бірлестіктерге кіру, бөлімдер мен бөлімшелер құру, мамандық пен жұмыс істеу орынын ерікті таңдау, өздігінен баға қою және өз пікірін ерікті түрде айту.

2.                                                                                      Жеке меншікке негіз болатын құқықты қаматамасыз ету және онымен иелік ету, ең алдымен өндіріс құралдарымен (жер телімі, ғимараттар, көліктер және басқа да негізгі қорлар).

(1-ші және 2-ші тармақта көрсетілген негізгі құқықтар ерікті дербес заңды түрде бекітілген кәсіпкерлік қызметтің негізі болып табылады).

3.                                                                                      Әлеуметтік-саяси мақсаттарға жету және дұрыс экономикалық дамудан ауытқушылықты төмендету және жою үшін экономикаға мемлекеттік араласудың шектеулігі. 

        Жемісті экономикалық саясаттың және шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты саясаттың аталған алғышарттарына жоғары көңіл бөлумен қатар Германияда келесідей қағидаларға үлкен мән беріледі:

1.                                                                                             Әрбір кәсіпорын өзгеретін нарық шарттарына өздігінен бейімделеді (мемлекеттік қолдаудың емес, ал кәсіпорынның жеке басымдылығы). Жалпы экономиканың мүддесі үшін мемлекет нарықтық шарттардың табиғи өзгерісін орта және ұзақ уақытылы болашақта сақтап қалуға құқылы емес. Бұл нарық дамуына бейімделуге жағдайлары келмейтін тиімсіз кәсіпорындар мен салалардың нарықтан кетуі керек екендігін білдіреді. Сондай-ақ мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті бәсекелестіктен қорғауға құқығы жоқ.

2.                                                                                             Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша іс-шараларды өткізу кезінде Германияда нарықтық механизмдерді қолдануға көп көңіл бөлінеді. Мұндай іс-шаралар шағын және орта кәсіпкерліктің тиімсіздігіне байланысты емес, ал ірі бизнеспен салыстырғанда үлкен емес көлемдерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған, мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің капитал нарығына және жаңа технологияларға қол жетімділік жеңілдетіледі.

       Германияда шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты саясатты жүзеге асыратын және оларға қолдау көрсететін ұйымдар:

1.                                                                                             Мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары

       Германияда шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты саясат саласындағы шешімдерді федерациялық, федералды жерлер, қалалық және жергілікті округтер, қоғамдар деңгейіндегі билік органдары, сондай-ақ көп жағдайда Брюсселдегі Еуропалық одақ Комиссиясы қабылдайды.

2.                                                                                             Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсететін ұйымдар

     Мемлекеттік басқару органдарының жұмысын жеңілдету және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тиімділігін арттыру мақсатында мұндай қолдауды көрсету бойынша маңызды функциялар бірқатар көпшілік-құқықтық институттарға берілді, сонын ішінде КредитанштальтфюрВидерауфбау (КфВ) сияқты маманданған банктерге, сондай-ақ жеке бизнестің өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, мысалы, кәсіпшілер палатасына және сауда-өндірістік палаталарға.

       Шағын және орта кәсіпкерлікті ақпараттық және материалды қамтамасыз етудегі инвестицияларды мемлекеттік қолдау бағытын шектеу.

       Германияда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау федералды және аймақтық деңгейде 500-ден аса бағдарламаларды қосады және шағын және орта бизнес саласындағы инвестициялық қызметке көмектесуге бағытталған. Инвестициялар нарықта жаңа кәсіпорындардың пайда болуы және нарықта жұмыс істеп жүрген кәсіпорындардың өзгеретін жағдайлар мен техникалық прогресске бейімделуі үшін негізін қалайтын алғышарт болып табылады. Инвестицияларды өндіріске халықаралық нарықта неміс экономикасының өнімділігін қолдау және арттыруда негізгі үлес ретінде кіргізеді. Сол себепті Германия және басқа да батыс елдерінде шағын және орта кәсіпкерлікке инвестициялар салуды қолдау экономикалық саясаттың негізі міндеті болып табылады.

      Қазіргі кезде Қазақстан шағын және орта бизнесті құру және дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылдың наурызында жарияланған қаулысы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құру үшін негіз болды.

      «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» - сауда, қызмет көрсету, өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, ҚР Заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды жүзеге асыратын бағдарлама.

       Қордың негізгі функциялары:

·                                                                                               Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыруға қатысу;

·                                                                                                           Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бағытты несиелендіру;

·                                                                                                           Шағын кәсіпкерлік саласында және өзін жұмыспен қамтуда жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесу;

·                                                                                                           Екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің пайдасына кепілдемелер ұсыну;

·                                                                                                           Бизнес-орталықтар мен шағын кәсіпкерлік инкубаторларын, шағын кәсіпкерлік саласында кеңестік, оқу-әдістемелік, лизингтік және басқа да нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға көмектесу;

·                                                                                                           Қазақстан Республикасының Үкіметінің тәртібімен бекітілген несиелік бағдарламаларға қатысу.

       Мемлекет бәсекелестік ортаны ұзақ мерзімді қолдау мен дүниежүзілік даму үшін және оның тұрақтылығын шаруашылық орта ретінде қолдауға күш-жігер салу керек, сол кезде ғана біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре аламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ширшова Л.В.  Анализ развития малого и среднего предпринимательства в РК // Вестник. Серия экономическая.- 2013- № 2.- С. 116-123

2. Воевутко А. Ю.  Государственная поддержка малого и среднего бизнеса в Казахстане // Финансы Казахстана.- 2013. - № 5.- С. 37-40

3. Ауезканов А.Б.  Предпринимательская деятельность - объективная основа организации малого бизнеса // Финансы Казахстана.- 2012.- № 3-4.- С. 73-76

4. www.samruk-kazyna.kz

5. Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 – 2014 года