Ж. Исатаева, И.Ж. Ұзақбай
Банк саясатын жасақтау және стратегиясы
(«Қазақстан Халық Банкі» мысалында)
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық
нарықтың көптеген сегменттерінде банктік және ілеспе
қызметтердің қайсысында болмасын ауқымды даму
әлеуеті бар Қазақстан Республикасының әмбебап
қаржылық тобы болып табылады. Жақсы қаржылық
ахуал, ауқымды әрі тұрақты клиенттік база,
қаржылық өнімдердің кең көлемді
жиынтығы, кеңінен тармақталған
инфрақұрылым, сонымен қатар бірінші кезекте клиенттердің
барлық санаттары тарапынан елеулі сенім ресурсы болуына байланысты
іскерлік бедел – міне бұлар «Қазақстан Халық
Банкінің» бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз
ететін шешуші көрсеткіштер болып табылады.
Банк дағдарыс кезеңінің қиындықтарын
сәтті еңсеріп, одан жаңғыра түлеп шықты
және өзінің Қазақстандағы үздік банк
ретіндегі айқындамасын айтарлықтай нығайтып алды әрі
шетелдіктердің үлесі жоқ банктер арасында
халықаралық ең жоғары рейтингтерге ие болды.
Банк дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде
көрсетілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланды және
қызметінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуі
арқасында еліміздегі қаржылық институттардың ішінде
бірінші болып мемлекетке кіріс әкеле отырып, өз капиталына
салынған мемлекет қаржысын мерзімінен бұрын қайтарды.
Банктің үш жылға арналған стратегиялық
мақсаты қаржылық қызметтер нарығы
сегменттерінің барлығында көшбасшылық орынды
сақтау және нығайту және соның нәтижесінде
негізгі бәсекелестермен салыстырғанда бизнестің
артықшылық берілген бағыттарында барынша жоғары
өсім қарқынын сақтауға саяды.
Банктің үш жылға арналған шешуші басымдықтары
ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша мақсаттар
айқындалған:
Банктік қызмет бойынша:
-
Қаржылық
нәтижелер - Банктің
пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізу, Банк капиталының рентабельділігі
(ROE) және шығындар тиімділігі (cost/incomе) көрсеткіштерін
тиімді деңгейде ұстау, пайыздық маржа деңгейін (NIM)
тұрақтандыру, комиссиялық табыстардың және
клиенттерге валюта сату/сатып алу түсімінің жыл сайынғы
өсімін кемінде 10% деңгейінде қамтамасыз ету.
-
Акционерлік құнды
ұлғайту – Банк акционерлік капитал құнын
бизнестің мақсаттық өсім қарқынын
және негізгі қаржы нарықтарында шешуші позицияларды
нығайтуды қамтамасыз ететін барынша жоғарғы пайда табу
арқылы ұлғайтуды көздейді. Бұл ретте Банк
реттеуші орган (ҚҚК) нормативтерімен және капитал туралы
Базель келісімінің талаптарына сәйкес белгіленген талаптарды
сақтауға; капиталдың рентабельділігін ұлғайту
мақсатында капиталдандыруды оңтайландыруға ниеттеніп отыр.
-
Клиенттерге кредит беру
көлемін өсіру – берілетін кредит көлемінің жыл
сайынғы өсімін Банктің жиынтық активтерінің
кемінде 10%-ы деңгейінде қамтамасыз ету және брутто кредиттік
портфель үлесін 70%-ға дейін ұлғайту.
-
Активтердің сапасын арттыру
– қайта құрылымдау, кепілмен қамтамасыз етуді
өткізу және берешекті шығынға жазу жолымен жұмыс
істемейтін кредиттер үлесін азайту.
-
Жаңа өнімдерді дамыту
– клиенттердің мүмкіндіктерін арттыратын және тәуекел
тұрғысынан, бірінші кезекте операциялық-кассалық
қызмет көрсету, карточкалық бизнес үшін қолайлы
және клиенттер бизнесінің талабына жоғарғы
деңгейде жауап беретін жеке-дара айырбастау бағамдары мен
тарифтерді белгілеу бойынша жылдам іс-қимылдар жасау арқылы
клиенттерге валюта сату-сатып алу секілді кредиттік емес сипаттағы
банктік және қаржылық өнімдерді алға жылжыту.
-
Сатылым арналарын кеңейту –
клиенттердің банктік сервиске деген айтарлықтай өсіп
отырған сұраныстарын мейлінше толығымен
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жоғары
технологиялық, тиімді және оңай іске асырылатын
қашықтан сату арналарын дамытуға және барынша
кеңейтуге көңіл бөлу.
-
Дивиденд саясаты – дивиденд
төлеу бойынша заңнамалық шектеулер болмаса және
халықаралық кредиттік рейтингтер және меншікті
капиталдың жетімділік нормативтері жалпысалалық нормативтерден
төмен емес деңгейде сақталған жағдайда,
аудиттелген біріктірілген қаржылық есептеме бойынша
анықталатын есептік жыл үшін жалпы таза табыстан қарапайым
акциялар бойынша 15-тен 50-ге дейінгі пайыз мөлшерінде дивидендтік
төлемдерді қамтамасыз ету.
-
Жоғары рейтингтер – Банктің
ең тұрлаулы әрі клиенттер мен кредиторлардың сеніміне
ие болған, халықаралық стандарттарға сәйкес
жұмыс істейтін және бизнес жүргізу бойынша
таңдалған стратегиясының сәттілігін іс жүзінде
дәлелдеген Қазақстан Республикасының
қаржылық институты ретіндегі имиджі мен іскерлік беделін
нығайтуға септігін тигізетін
Қазақстандағы шетелдік үлес қатысуынсыз
жұмыс істейтін банктер арасындағы үздік халықаралық
рейтингін сақтау.
Стратегияны жүзеге асыру бизнес жүргізудің әрекет
етуші моделін одан әрі жетілдіруді және Банк бизнесінің
әрбір бағытының функциялық стратегиялық
жоспарларын сәтті орындауды талап етеді. 2013-2015 жж.
кезеңіне оларды шешу осы Стратегия арқылы алға
қойылған жаңартуларды жүзеге асыру үшін негізді
және алға қойылған мақсаттарға жетуді
қамтамасыз ететін мынадай міндеттер айқындалған:
-
Қаржыландыру және
қызмет көрсетудің бәсекелі талаптарын ұсыну;
жаңа өнімдерді алға жылжыту; тұрлаулы
қаржылық жағдайы бар әлеуетті клиенттерді тарту
арқылы корпоративтік клиенттер
сегментінде де, шағын және орта кәсіпорындар сегментінде де
жинақталатын сатылымдар мен табыстар көлемін ұлғайта
түсу.
-
Агрессивтік саясат жүргізу
және жалақылық жобаларға және кредиттік
карточкаларға баса назар аудару; ипотекалық кредит беру секторында
жетекші орынды иемдену, өнімдер желісін жетілдіре түсу; сервис
сапасын жақсарту және баламалы (қашықтан) сатылым
арналарына айрықша көңіл бөлу арқылы желі
тиімділігін арттыру есебінен, нарықтың өсім динамикасына және
бәсекелестіктің арта түсуіне байланыссыз, негізгі
бөлшек өнімдер бойынша бөлшек секторда жетекші орынды
сақтап қалу.
-
Портфельдегі ірі депозиттерді
шоғырландыруды төмендете отырып, сонымен қатар
біруақытта заңды тұлғалардың депозиттері бойынша
нарықтық үлесті сақтау. Бос өтімділіктің
тиімді деңгейін клиенттер алдындағы міндеттемелерден және
Банктің басқа міндеттемелерінен кемінде 20% деңгейінде
ұстау.
-
Төлем карточкалары
нарығында жетекші позицияны сақтау және айналымдағы
әрекет етуші карточкалардың
саны бойынша үлесті ұлғайту, қолма-қол валютаны
сату-сатып алу бойынша нарықтағы үлесті ұстап отыру,
сондай-ақ құжаттық операциялардың көлемі
бойынша жетекші орынды иелену.
-
Қазіргі бар
клиенттердің және олардың мүдделерін қолдау,
сондай-ақ жаңа заемшыларды тарту мақсатында кәсіпкерлік
субъектілерінің бизнесін кеңейтуге және олардың
қаржылық жағдайын жақсартуға
бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсене
қатысу.
-
Банктің кең
таралған филиал желісі және еншілес шетелдік банктер арқылы
қаржылық өнімдер/қызметтер ұсыну жолымен
өнімдердің сатылым географиясын кеңейту; жобалардың
келешегі болған жағдайда Қазақстан Республикасынан
тысқары жерде жаңа еншілес ұйымдар құру
және сатып алуға инвестициялар салу жолымен экспансияны
жүзеге асыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Н.Ә. Назаpбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» //
«Паpагpаф» ақпаpаттық жүйесі 2013.
2.
С.Б.
Мақыш. Банк ісі. Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы. 2008. –
498 б.
3. «Халық» Тобының 2013-2015 жж.
кезеңге арналған негізгі стратегиялық даму мақсаттары.