Кененбаева
Г.,магистрант
Ауыл шаруашылығын қолдауға
бағытталған салалық бағдарламалар
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ауыл
шаруашылық саласына жоғары көңіл бөлінуде. Ауыл
шаруашылығы қазақ елінің дәстүрлі
саласы және Елбасының
әр жолдауында аграрлық секторға басымды көңіл
бөлінуде. Соңғы 2014 жылдың 17
қаңтарындағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы саласын
инновациялық дамыту көзделген [1].
2008-2012 жж. республикалық бюджеттің
шығындарын қарастырсақ, ауыл шаруашылығына арналған шығындардың
оң динамикасын байқаймыз. 2008 жылмен салыстырғанда ауыл
шаруашылығына шығындар 2 есе өсіп, 224,5 млрд. теңгені
құрады (Кесте 1).
Кесте 1 – 2008-2012 жж. республикалық
бюджеттің ауыл шаруашылығына шығындары, млрд. теңге
|
Атауы |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
Өсім, +,-2012/2008 |
|
Республикалық бюджет шығындары,
барлығы |
2716,0 |
3178,0 |
3897,7 |
4647,4 |
5301,0 |
2585,0 |
|
Ауыл шаруашылығына шығыстар, млрд.теңге
соның ішінде: |
118,8 |
151,7 |
193,4 |
228,2 |
224,5 |
105,7 |
|
Республикалық бюджет шығындарына
пайызбен, % |
4,4 |
4,8 |
4,9 |
4,9 |
4,2 |
х |
|
Дерек көзі:
ҚР Қаржы министрлігі |
||||||
Аграрлық секторға шығындардың өскеніне
қарамастан, мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз. Мысалы, ЕО
мемлекеттерінде ауыл шаруашылығына арналған шығындар
ЖІӨ-ге 25 - 30%, Ресейде - 1%, - Қазақстан
Республикасында тек 0,7 % құрады.
Қазіргі
уақытта ауылдық аумақтарды дамыту бойынша іс-шаралар
қолданыстағы мемлекеттік, салалық
бағдарламалардың және облыстардың аумақтарын
дамыту бағдарламалары бойынша іске асырылуда [2].
Республикада аграрлық салада 2010 жылға дейін ауыл
шаруашылығын дамыту Стратегиясы, 2004-2010 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтарды
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Ауыл шаруашылық
министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық
жоспары жүзеге асырылды.
Қазіргі сәтте АӨК-ні дамытуды мемлекеттік қолдау
мынадай бағдарламалар арқылы
іске асырылды (Кесте 2).
Кесте 2 - 2010-2012 жж. республикалық бюджеттен салалық бағдарламаларды
қаржыландыру, млн. теңге
|
Атауы |
2010 |
2011 |
2012 |
|
2010
- 2014 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін дамыту
жөніндегі салалық бағдарлама |
221156,3 |
242 166,9 |
192 421,2 |
|
2011-2020
жылдарға арналған "Ақбұлақ"
бағдарламасы |
35118,0 |
41908,7 |
21 351,9 |
|
2010-2014
жылдарға арналған «Жасыл Даму» салалық бағдарламасы |
10353,4 |
13635,9 |
15 204,8 |
|
"Дипломмен
ауылға" әлеуметтік бағдарламасы |
4211,5 |
5328,8 |
7 863,9 |
|
Дерек көзі:
ҚР Қаржы министрлігі |
|||
Қазақстан
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қазіргі заман
талаптарына толық мәнде жауап бермейді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың
құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін
жаңа салалық бағдарлама әзірлеу қажеттілігі
туындады. Осыған орай және Мемлекет
басшысының тапсырмасын орындау
үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013
жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Қазақстан
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020
жылдарға арналған «Агробизнес -2020» жаңа бағдарламасы бекітілді. «Агробизнес -2020»
бағдарламасының басты мақсаты -Қазақстан
Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің АӨК-тік
қалыптастыруы үшін жағдай жасау үшін келесі міндеттерді
шешу қажет:
- АӨК-ні қаржылық сауықтыру;
- АӨК субъектілері үшін тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтердің экономикалық
қолжетімділігін арттыру;
- АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйелерін дамыту;
- АӨК-ні
мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Ол негізгі
төрт бағыттан тұрады.
Бірінші бағыт
– агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық сауықтыру. Ол
несие беруші тарапынан ауылшаруашылық тауар өндірушілері
несиелерінің мерзімдерін ұзарту, төлеу кестесін қайта
қарау, ал мемлекет тарапынан несиелер бойынша сыйақы ставкасын,
салықтар төлеудің мерзімін ұзарту, салықтар
бойынша жеңілдіктер беру, стратегиялық инвестор табуға
көмектесу, өнімдерді кепілді сатып алу, депозиттерді орналастыра
отырып несие берушілерді қорландыру және басқа да
іс-шараларды жүзеге асыру арқылы ауылшаруашылық тауар
өндірушілерді бір реттік қаржылай сауықтыру шараларын қамтиды.
Бұл бағытқа 2013-2015 жылдары 300 миллиард теңге
қаржы жоспарлануда.
Екінші бағыт –
агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызметтер мен
жұмыстардың, тауарлардың қолжетімділігін арттыру.
Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенінің басымдық
инвестициялық жобалары үшін инвестициялық субсидиялар,
ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қарыздарын
сақтандыру және кепілдендіру қызметтерін субсидиялау,
алынған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлерін субсидиялау,
сонымен бірге өсімдік және мал шаруашылығы,
ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу
өндірісін субсидиялау және т.б. мемлекеттік қолдау
бағыттары қарастырылған.
Үшінші
бағыт бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту шеңберінде
фитосанитарлық, ветеринариялық қауіпсіздік жүйелерін
дамыту міндеттерін шешу жоспарлануда. Атап айтқанда, бұл шаралар
фитосанитарлық және ветеринарлық зертханалар құру
мен жабдықтауға, фито және ветеринарлық
қауіпсіздіктің диагностикасы мен мониторингі, жануарларды
бірегейлендіру, аурулардың таралу қаупін төмендетуге
бағытталған. Сонымен бірге, үшінші бағытта суармалы
егіншілік пен мал жайылымдарын суландыру мәселесін қолдау да
қамтылған.
Төртінші
бағыт – агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
жүйесінің тиімділігін арттыру. Бұл бағыт бойынша
агрохимиялық қызмет көрсету, дақылдардың
мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру, АӨК субъектілері
үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту,
ауылшаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту
үшін жағдайлар жасау жұмыстарын жүзеге асыру
жоспарлануда.
АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға
бөлінген қаражат үлесі және мемлекеттік реттеу
жүйесінің тиімділігін арттыруға шығыстар үлесі
2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 1,2 есе өседі (Кесте 3).
Кесте 3- Бағыттар
бойынша қажетті қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Бағыт |
2013 жыл |
2020 жыл |
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге |
|
|
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру |
157 980 000 |
4 620 000 |
|
АӨК субъектілері
үшін тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру |
127 865830 |
378 476 512 |
|
АӨК субъектілерін
мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту |
51 123 538 |
61 934 883 |
|
АӨК-ні
мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру |
2 747 728 |
3 393 487 |
|
Барлығы |
339 717096 |
448
424 882 |
«Агробизнес - 2020» бағдарламасын іске
асыруға 8 жыл ішінде 3,1 трлн. теңге қаржы жұмсау
жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджет қаржы
есебінен 2,6 трлн. теңге бөліп, қалған қаражатты
облигациялық қарыздар (300 миллиард теңге) мен
«ҚазАгро» Холдингі (96 миллиард теңге) мен «Азық-түлік
келісім-шарт корпорациясының» (2,1 миллиард теңге) меншік
қаражатының есебінен жүргізу жоспарланып отыр. Биыл аталған
бағдарламаны орындаудың алғашқы жылы. Алайда,
еліміздің 2013 жылдарға арналған республикалық
бюджетінде Ауылшаруашылығы министрлігіне бөлінген қаржы
өткен жылмен салыстырғанда 46 миллиард теңгеге немесе 17
пайызға азайып, небары 177 миллиард теңгені құрады.
Бұл жағдай аталған бағдарламадағы
Агроөнеркәсіп кешені алдына қойылған міндеттер
тұрғысынан алғанда өте түсініксіз. Сондықтан, алдағы кезде
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауды бағдарламаға
сәйкес, жыл сайын көтеріп отыруымыз керек. Дұрыс,
жүйелі түрде қалыптасқан, қолжетімді, пайыздық
ставкасы төмен несие ресурстары ауылшаруашылығының дамуына
ықпал етеді, шаруалардың жағдайын жақсартуға
көп септігін тигізеді. Алайда, екінші деңгейлі банктер
ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге несие бермейді, кепілдікке жер
мен олардың ауылдағы ғимараттарын, техникаларын алмайды. Мысалы,
2012 жылы екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі 9,9 триллион
теңгені құраса, соның небәрі 322 миллиард
теңгесі немесе 3 пайызы ғана ауылшаруашылығы саласына
берілген [3].
АӨК-ні
дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыруға қажетті жалпы шығыстар мынаны
құрайды (Кесте 4).
Кесте
4 - АӨК-ні дамыту
бағдарламасын іске асыруға қажетті ресурстар, 2013 – 2020
жылдар, мың теңге
|
Жылдар |
Барлығы
бюджеттік қаржыландыру |
||
|
Республикалық бюджет есебінен |
Жергілікті
бюджеттер
есебінен |
Барлығы |
|
|
2013 |
156295487 |
28 266 609 |
184 562 096 |
|
2014 |
282765 241 |
28 205 879 |
310 971120 |
|
2015 |
286782 518 |
27 878 622 |
314 661 140 |
|
2016 |
301342 632 |
27 389 139 |
328 731 771 |
|
2017 |
342 099 458 |
27 393 139 |
369 492 597 |
|
2018 |
363 503 877 |
27 395 139 |
390 899 016 |
|
2019 |
368 876 171 |
27 396 139 |
396 272 310 |
|
2020 |
401 028 243 |
27 396 639 |
428 424 882 |
|
Жиыны |
2 502 693
627 |
221 321 305 |
2 724 074
932 |
|
Дерек көзі:
ҚР АШМ |
|||
Бағдарламада көзделген іс-шараларды
қаржыландыру көлемі ҚР-дың заңнамасына
сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық
және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Бағдарлама ауылшаруашылығы саласын әрі қарай
дамытуда көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып, Кедендік Одақ
жағдайында және алдағы Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіру қарсаңында агроөнеркәсіп кешенінің
бәсекеге қабілеттiлiгін арттыруға бағытталып отыр [4].
Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты
жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы
экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлі зор
және Қазақстанның КО-ға кіруі мен
ДСҰ-ға алдағы кіруіне байланысты Мемлекет тарапынан аграрлық
саланы қолдау қажет екені мінсіз.
Әдебиет:
1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы
Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», Астана, 2014
2.Ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша Үкімет
отырысындағы Өңірлік даму вице-министрі С.
Жұманғариннің баяндамасы/Интернет ресурс: http://minregion.gov.kz/ауылдық-аумақтарды-дамыту-мәселесі-б/].
3. Айтаханов Қ. «Агробизнес - 2020».
Бағдарлама ауылға не береді / Дала мен қала 2013 жылдың 17 мамырынан
4. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы «18» ақпандағы № 151
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020
жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы»