И.Ж. Ұзақбай, Ж. Исатаева

Банк саясатын жасақтаудағы стратегияның рөлі

Банк саясатын жасақтау коммерциялық банктің қызметінің мақсатын анықтауды және банктің ресурстары мен мүмкіндіктеріне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге даму стратегиясын айқындауды талап етеді.

Банк қызметіне қатысты, стратегия сөзі бұл бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ресурстарының орналасу аясы мен қызметінің нысанын анықтайтын ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы. Ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасының негізіне банктің мақсаты жатады. Кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты пайда табу болса, коммерциялық банктерде сондай мақсатты көздейді.

Басқару теориясы менеджменттің мынадай қызметтерін атқарады:

-       мақсатын белгілеу;

-       болжау және жоспарлау;

-       ұйымдастыру;

-       иелену;

-       координациялау;

-       мониторинг және бақылау.

Мұндағы жоспарлау қызметінің ерекшелігі банк менеджментінің қалған барлық процесстерінің әдістемесін және технологиясын жасайтындығымен сипатталады.

Банктік менеджменттің теориясында жоспарлаудың мынадай түрлері қарастырылады:

-            стратегиялық жоспарлау;

-            маркетингтік жоспарлау;

-            бизнес-жоспарлау;

-            жедел (оперативті)  жоспарлау;

-            қаржылық жоспарлау;

-            бюджеттік жоспарлау;

-            ағымдағы жоспарлау.

Жоспарлаудың барлық түрлерін бір бірімен тығыз байланысты, олардың кейбіреуі банктің даму стратегиясының жекелеген кезеңдерімен бірқатар жүзеге асуы мүмкін /2/.

Банктің стратегиясы – банкті өзге бәсекелес банктерден ерекшелендіретін және банк қызметінің  басымдық мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тұжырымдамасы.

Банк стратегиясы банк менеджментінің барлық жүйесінің негізі болып табылады. Банк стратегиясын жасау негізіне нарықтағы бәсекелестерге талдау жасау нәтижесінде бәскелестермен салыстырғандаға банктің нарықтағы ұстанымын,  күшті және әлсіз жақтарын айқындау, сондай-ақ әлуетті мүмкіндіктерін анықтау жатады.

Стратегиялық жоспарлау – нарықтың талаптары мен банктің ішкі мүмкіндіктерімен келісілген банктің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін банкті басқаруды (маркетинг, ресурстар мен тәуекелді басқару және банк қызметкерлерін ұйымдастыру саласында) ұйымдастырудың баламалы стратегиясын жасау процессін білдіреді.

Стратегиялық басқарудың мақсаты – нарықтағы банктің үлесін және табысын арттыруды қамтамасыз ететін, банк қызметін жаңа бағыттарын және жаңа банктік өнімдерді жасау, енгізу және дамыту болып табылады.

Стратегиялық жоспарлау мынадай кезеңдерді қамтиды:

Бірінші кезең. Ситуациялық талдау кезеңі. Бұл кезеңде біріншіден, банк қызмет ететін оның  қоршаған ортасын талдау (сыртқы талдау) және банктің ішкі әлуетіне сипаттама беру үшін ішкі талдау жұмыстары жүзеге асырылады. Сыртқы талдау процессі мыналарды қамтиды:

-            қоғамның әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси, заңи, технологиялық даму сипатына талдау жасап, экономикадағы жағдайлардың өзгеру ықтималдығы анықтау;

-            банктік қызмет көрсету нарығы сегменттеледі және олардағы қызмет түрлеріне деген сұраныс пен ұсыныстың негізгі ағымын талдау;

-            банктік қызмет көрсету нарығындағы банктің ағымдағы бәсекелестік ұстанымын анықтау.

Содан кейін барып, банк қызметіне ықпал ететін негізгі факторлар таңдап алынады. Бұл факторлар банктің күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау барысында пайдаланылады.

Негізгі факторларға макроэкономикалық көрсеткіштер, заң және нормативтік актілер, саяси ағымдар және аймақтық экономкалық жағдайлар жатады.

Ішкі талдау жүргізу процессі мыналарды ескереді:

-            банктің қаржылық жағдайы;

-            бәскелестерінің көрсететін қызметтері мен өнімдерімен салыстарғанда банктің көрсететін қызметтері мен өнімдерінің сапалық және сандық сипаты;

-            банктің клиенттік базасы мен оның өзгеру үрдісі;

-            банк алдындағы міндеттерді шешудегі ұйымдастырушылық құрылымдардың адекваттылығы;

-            банк қызметкерлерінің білікітілік деңгейлерінің жеткіліктігі.

Ішкі талдау нәтижесінде жасалаған қорытындыларды әрі қарай жүйелік талдаудың қорытынды кезеңі болып табылатын SWOT-талдауына пайдалану мақсатында банктің күшті және әлсіз жақтары тізіміне қосу керек.

SWOT-талдауының басты мақсаты – жоспарлы кезең ішіндегі банктің күшті және әлсіз жақтарын банк қызметін қатты ықпал ететін қауіпті жақтары мен мүмкіндіктерін анықтау.

Ситуациялық талдау процесінде жасалаған қорытындылар негізінде банктің болашақ даму стратегиясы жасалады.

Стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңі банктің бас міндеттерін немесе миссиясын анықтау кезеңі. Банк міндеттерінің немесе миссиясы анықталуы Банктің директорлар Кеңесі деңгейінде іске асырады. Банк миссиясын анықтау банк қызметіне ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар ескеріледі. Банк миссиясының құрамына мынадай ішкі факторлар ықпал етеді:

-            жетекшілердің құнды бағдарлары;

-            банктің тарихы мен жинақталған экономикалық әлуеті;

-            ішкі корпоративтік мәдениеті;

-            банктің ұйымның құрылымы;

Ал сыртқы факторлар ретінде мыналар ескеріледі:

-            ұлттық экономиканың жағдайы,

-            мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты;

-            қызмет ететін заңдар мен нормативтік актілер.

Банк миссиясының негізінде банктің несиелік, инвестициялық саясаты туралы меморандум, банк өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеу мәселелері жөніндегі меморандум, банк қызметкерлерін басқару ережесі және т.с.с. банк құжаттары жасалады.

Банк стретегиясын жасаудың үшінші кезеңінде банктің міндеттерінен туындайтын банктің страттегиялық мақсаттары жасалады. Стратегияның мақсаттары банктің миссияларын нақтылай отырып, олардың мынадай шарттарды қанағаттандырылуын айқындайды: нақтылығы, өлшемділігі, уақытқа бағдарлануы, қолжетімділігі, қайшылықсыздығы, бірін бір толықтыратындығы.

Банктің даму стратегиясы мынадай стратегияларды қамтиды:

-            маркетингтік старегиясы;

-            тәуекелді басқару стратегиясы;

-            қызметкерлерді басқару стратегиясы.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.   Н.Ә. Назаpбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» // «Паpагpаф» ақпаpаттық жүйесі 2013.

2.   С.Б. Мақыш. Банк ісі. Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы. 2008. – 498 б.