Современные информационные технологии/ 4.Информационная безопасность

 

К.э.н, Алдажаров К.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті,  Алматы қ.

Досымбеков Т.К

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті 2-курс магистранты, Алматы қ.

 

Бейнебақылау жүйелері

Қазіргі заман талабына сәйкес мекемелер мен улкен кызмет орындарының қауіпсіздігі үшін бірнеше қауіпсіздік шаралары қолға алынуда олардың ішіндегі кең қолданыста журген бейне бақылау жүйелері. Солардың түрлері мен  құрамына тоқталар болсақ:

Бейнебақылау жүйелері (CCTV - Closed Circuit Television – тұйық теледидар жүйелері) жауапты нысандарда бейнебақылауды ұйымдастыруға арналған. Пайдаланылатын жабдықтың түріне байланысты бейнебақылау жүйелерін аналогтық және сандық деп бөледі.[1]

Аналогтық жүйелер әдетте ақпаратты бейнемагнитофонға бір мезгілде жаза отырып, бейнебақылау үшін қолданылады.  Бейнебақылаудың сандық жүйелері, әдетте, қауіпсіздіктің кешенді жүйелеріне интеграцияланады. Мұндай кешендер бейнекамералардан, күзет және өрт датчиктерінен келіп түскен ақпаратты тіркейді, жазып алады және талдайды, сондай-ақ күзетілетін нысанды қорғау бойынша өз бетінше шешім қабылдауға арналған «интеллектке» ие.[2]

Бейнебақылау жүйесінің минималды конфигурациясына:

- бейнекамералар;

- бейнесигналдарды өңдеу қондырғылары (квадраторлар, мультиплексорлар және т.б.);

- жазып алатын қондырғылар (бейнемагнитофондар, бейнетіркегіштер);

- бейнелерді шығару қондырғылары (бейнемониторлар) кіреді.

Ірірек CCTV жүйелерінде қосымша басқарушы және қосалқы қондырғылар – матрицалық коммутаторлар, бейнекамераларды басқару клавиатуралары, термопринтерлер, күшейткіштер-бөлгіштер, модуляторлар және т.б. пайдаланылуы мүмкін.

Бейнекамералар-бұл объектив арқылы өтетін және зарядтық байланысы бар қабылдау матрицасына келіп түсетін жарық ағынынан бейнесигнал қалыптастыратын қондырғылар.

Аналогтық бейнекамераларды (қарапайым және арзан) және сигналды сандық өңдеуі бар бейнекамераларды айырып таниды. Өздерінің конструкциялары және бейнебақылау міндеттері бойынша SenTECH, WATEC, JVC, Video Controls Limited (VCL) секілді өнім өндірушілерден шыққан бейнекамералар – корпуссыз, шағын, сезімталдығы жоғары, куполдық болып бөлінеді.

Куполды бейнекамералардың мүмкіндіктерін және шағын бейнекамералардың өлшемдерін үйлестіретін желілік болып бөлінеді.

Бейнекамераларда объективтер орнатылады, бұл бейнекамералардың жұмыс істеу алыстығын арттыруға және техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Қозғалып отырған нысандарды бақылау үшін айнымалы фокустық қашықтығы бар объективтерді – трансфокаторларды пайдаланады. Жылдам өзгеріп отыратын жарықталғандық жағдайларында автодиафрагмасы бар объективтерді қолданады.

Сонымен қатар бейнесигналдарды өңдеу қондырғыларына  бірнеше бейнекамерадан алынатын бейнесуреттерді өңдейтін, бейнені талдайтын және оларды белгіленген форматта бейнемониторға беретін аспаптар жатады. Пайдаланылатын бейнекамералардың түріне байланысты бейнесигналдарды өңдеудің ақ-қара немесе түрлі-түсті қондырғылары қолданылады.

Квадраторларды (бейнемониторға 4 бейнекамералардан бейнелерді бір уақыттта шығаруға арналған құрылғы) және мультиплексорларды (4-32 бейнекамерадан бейнелерді бейнетіркегішке (бейнемагнитофонға) бірізді жазуға және осы бейнелерді мониторға шығаруға арналған құрылғы) айырып таниды. Мультиплексорлар бір мезгілде бірнеше бейнекамерадан «жанды» бейнені қарап отыруға және бұрынырақта жазып алынған фрагменттерді қайта көруге мүмкіндік береді.

Бейне бақылауды жүзеге асыру барысында бейне тіркегіштердін атқарар міндеті үлкен. Бейнетіркегіштер (бейнемагнитофондар) бейнекамерадан да, бейнесигналдарды өңдеу қондырғысынан да келіп түсетін бейнелерді жазуды, сақтауды және одан кейін қайта шығаруды қамтамасыз етеді. Аналогтық бейнемагнитофондар VHS стандартындағы бір бейнекассетаға 960 сағатқа дейін бейнематериалдар жаза алады. [3]

Ал бейнекамерасы бақылау аймағында болып жатқан жайттарды нақты уақыт мезетінде бейнеманиторынан коруге болады. CCTV бейнемониторлары бейнебақылау жүйесінің бейнекамераларынан бейнелерді тәулік бойы және жоғары сапалы көрсетуге арналған. Пайдаланылатын бейнекамераларға байланысты ақ-қара немесе түрлі-түсті бейнемониторлар пайдаланылады.

Сонымен қатар бейне бықылайда матрицалық коммутаторлар колданылады. Матрицалық коммутаторлар бейнебақылау жүйесінің кез келген бейнекамераларынан бейнелерді қосылған бейнемониторлардың немесе бейнетіркегіштердің кез келгеніне шығаруды қамтамасыз етеді. Әдетте матрицалық коммутаторлар бейнекамераларының саны 32-ден асатын, бейнебақылаудың ірі жүйелерінде пайдаланылады.

Аталған бейне бақылау жүйесін кең қолданысқа енгізу қауіпсіздіқ саласында кен қолданысқа ие болуда. Осы орайда коптеген жетекші компаниялар өз шешімдерін тұтынушыларына ұсынуда. Жан жақты қарастырылған қауіпсіздік қызметінде бұл жүйе қазіргі уақытта қатынас құру бақылау жүйесімен сәйкестендіріліп көптеген мекемелерде қолданыс табуда. Турникет, ID карталарға тіркелген әр қатынас құрушының бейнесімен қатынас құрудағы мүмкіндіктерін бақылауга ала отырып бейне тіркегіште қызметкерлердін қозғалысын жазып отырады. Бұл қауіпсіздік саласына жоғары сатыға өрлеуінің айқын көрсеткіші деп айтуға болады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     http://ru.wikipedia.org/wiki/ - система видионаблюдения

2.     http://www.sspm.ru/cctv/analsys.htm- Аналоговые системы виденаблюдения

3.     http://www.cbc-group.ru/ - Видеорегистраторы, объективы и видеомониторы для систем охранного наблюдения