ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ
МЕКТЕПТЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН
МӘСЕЛЕЛЕРІ
(Ұлытау ауданы
Байқоңыр ауылындағы №17 мектеп негізінде)
Насыритдинова Г.Н.,
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
Байқоңыр ауылындағы №17 мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Қазіргі
таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде
орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым
көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер
саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе
жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен
қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде
тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе
жатыр.
Шағын
жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда
жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген
сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу
үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері
бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын
жинақты мектеп:
-
біріктірілген сыныптармен;
-
біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс
жасайды.
Мектеп
құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен,
мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап
барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып
қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп
жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу
керек.
Шағын
жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен
Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш
мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты
еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден,
сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау
алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда
болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей
байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан
бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн
тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді [1, 3].
«Соңғы
15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті.
Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп
жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық
оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды»[2].
Шағын
жинақты мектептің үш түрі болады, олар:
1)
Бастауыш шағын жинақты мектеп;
2)
Негізгі шағын жинақты мектеп;
3)
Орта шағын жинақты мектеп.
Білім беру
мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі –
ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған
ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты
мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік
құжаттарға сай жүзеге асырылады:
«Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім
алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім
алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім
алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған
жағдайда жұмыс істейді»[4].
Осы
нормативтік талапқа сай №17 Байқоңыр орта мектебі орта
шағын жинақты мектеп болып табылады. Ондағы соңғы
оқу жылдары шегіндегі оқушы контингенті кестеде берілді.
№ |
Көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
2010-2011 |
2011-2012 |
2012-2013 |
1. |
Оқушылар контингенті, барлығы |
саны |
107/7 |
94/5 |
84/6 |
2. |
Оқушы саны: Бастауыш мектепте Негізгі мектепте Орта мектепте |
саны саны саны |
34 50 23 |
31 47 16 |
30 42 12 |
3. |
Мемлекеттік тілде оқитындар |
саны |
107 |
94 |
84 |
4. |
Мектепті үздік бітіргендер, барлығы.
Оның ішінен: 4 сыныптардан 9 сыныптардан 11 сыныптардан |
саны саны саны |
11 10 4 |
13 7 0 |
13 9 0 |
Кестеде
көріп отырғанымыздай, мектеп оқушыларының саны жыл
санап азайып отыр. Бұл ең алдымен, 1-сыныпта
қабылданушылардың саны жылда кеми түсуімен, екіншіден,
оқушылардың көпшілігі 9-сыныптан соң білімдерін
колледждерде жалғастыруды қалайтындығымен, үшіншіден,
ауыл тұрғындарының қала, аудан орталықтарына
қоныс аударуы жиі орын алатындығымен түсіндіріледі.
Оқушы
санының аздығына байланысты шағын жинақты мектептерде
сыныптардың біріктірілуіне жол беріледі. №17 Байқоңыр орта
мектебінде де 2-3 сыныптар біріктіріліп оқытылады.
«Шағын
жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес
1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам
басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі,
талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн
оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
9,
11-сыныптар бiтiрушi сыныптар болғандықтан, олардағы бала
саны аз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып
оқытылмайды [3].
Сыныптарды
бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас
және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі
жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру
педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді,
өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне,
жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк
жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек
көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып
оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт
бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Шағын
жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастырудың ерекшеліктері:
-
сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме
орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде
сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс
істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше
кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір
күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін
санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық
байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай
уақытында тиянақты дайындалуы қажет;
-
мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып
оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың
үстінде мұғалім әр түрлі жастағы,
ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс
жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы
білуі тиіс;
-
мұғалімдер ұжымының аздығына қарай,
әрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын
жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады,
сондықтан мұғалімнің басқа
оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу,
тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады,
шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ
тиімділігін төмендету қаупі туады;
-
мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір
бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал
қалған уақытта тек оқушылардың өздік
жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана
жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында
ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын,
көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,
оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау
жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын
белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз
бетімен жұмысты орындау
әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де
көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық
материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын
қадағалау керек;
- біріктірілген
сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты
уақытын ғана жұмсайтындықтан, көбінесе,
әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға
соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты,
сондықтан уақыт жетіңкіремейді;
-
өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар
мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала
алмайды;
- белгілі бір
жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық
жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
-
оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып
оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның
өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері
әсер етеді;
-
оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін
өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені
ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын
тыңдаудан кенде, кейін қалады;
-
бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты
мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;
-
шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс
арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінше жұмыс істеу
әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс
таппаған;
-
шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып,
баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік
құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты
мектептердің кітапханалық қоры нашар.
Шағын
жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді
жақтары да бар:
-
балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір
оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын
тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
-
дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа
арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
-
оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
-
оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа
бейімделеді;
- бір
оқу бөлмесінде
күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып
(3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір
баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім,
білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге
мүмкіндік мол;
- аталмыш
мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге
асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
-
оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен,
олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы
ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік
жасалады;
- оқушылардың
бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын
жүзеге асырылады;
- үлкен
сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп
бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына
мүмкіндік туады.
Екі немесе
үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда,
сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке
өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында
сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.
№17
Байқоңыр орта мектебінде біріктірілген 2 және
3-сыныптардың сабақ кестесін ұсынамыз.
Сабақ кестесі
2013-2014 оқу жылы. ІІ жарты жылдық
Күні |
Сабақ реті |
2
– сынып 5 оқушы Алдабергенова С. |
Кабинет |
3-
сынып 5 оқушы Алдабергенова С. |
ДҮЙСЕНБІ |
1 2 3 4 |
Математика Әдебиеттік оқу Дүниетану Денешынықтыру |
13 13 13 спорт зал |
Математика Әдебиеттік оқу Дүниетану Денешынықтыру |
СЕЙСЕНБІ |
1 2 3 4 |
Әдебиеттік оқу Математика Қазақ тілі Денешынықтыру |
13 13 13 спорт зал |
Әдебиеттік
оқу Математика Қазақ
тілі Денешынықтыру |
СӘРСЕНБІ |
1 2 3 4 |
Әдебиеттік оқу Математика Қазақ тілі Еңбекке баулу |
13 13 13 10 21 |
Әдебиеттік
оқу Математика Қазақ
тілі Еңбекке
баулу Орыстілі |
БЕЙСЕНБІ |
1 2 3 |
Математика Қазақ тілі Дүниетану Еңбекке баулу |
13 13 13 10 |
Математика Қазақ
тілі Дүниетану Еңбекке
баулу |
ЖҰМА |
1 2 3 4 5 |
Қазақ тілі Өзін-өзі тану Музыка Денешынықтыру |
13 13 13 спорт з 13 |
Математика Қазақ
тілі Өзін-өзі
тану Музыка Дене
шынықтыру |
СЕНБІ |
1 2 3 |
Әдебиеттік оқу Бейнелеу өнері |
13 13 10 |
Орыстілі Әдебиеттік
оқу Бейнелеу
өнері |
Біріктірілген
сыныптағы сабақ – оқу-тәрбие үдерісінің
негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы
тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар.
Сабақ құрылымы:
-
мұғалім басшылығымен жұмыс;
-
өздік жұмыс.
Сөздік
және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты
тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге
көмектеседі.
Мұғалім
тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты
қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау
беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп,
келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты
түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс
береді.
Оқу
жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты
орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты
жүргізіп отырады.
Қарағанды
облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылындағы №17 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі С.Алдабергенованың
екі сыныпты (2-3) біріктіре жүргізген сабағының жоспарын үлгі
ретінде ұсынамыз.
Шағын жинақты мектептегі қазақ
тілі пәнінен сабақ жоспары үлгіcі
2-СЫНЫП Қазақ тілі |
3-СЫНЫП Қазақ тілі |
Сабақтың тақырыбы: |
|
Дара және күрделі етістік |
Негізгі
және туынды етістік. |
Сабақта көзделген мақсат: |
|
1)Оқушылардың етістік туралы білімдерін толықтыру;
етістіктің құрамын ажырата білу; 2) Сөздердің айтылуы мен жазылуын
түсіндіру. |
Оқушылардың етістік туралы білімдерін толықтыру;
етістіктің тұлғасына талдай білу; 2) Туынды етістік жасайтын
жұрнақтарды ажырата алу; |
Сабақтың көрнекілігі: |
|
Іс-қимылды бейнелейтін суреттер, әр
оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте |
Етістік кестесі, негізгі және туынды
етістікке арналған перфокарталар, |
Сабақтың барысы: |
|
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын
жұмыстар. (2-3- сыныптарға ортақ қайталау) Етістік туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап
әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі
сыныпқа ортақ қойылады: ·
Етістік дегеніміз не? Етістік қандай
сұрақтарға жауап береді? Оқушылар
етістіктің анықтамасын
айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті.
Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын
жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына сұрақтар жалғастырылды. |
|
·
Етістік
сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да,
етістіктің астын сызыңдар. ·
Оқушылар
жаңа сабаққа даярлық ретінде етістіктің құрамдық
турлеріне мысалдар беру арқылы
салыстырмалы түрде дара және күрделі деген
ұғымдардың мағынасын ашу. |
Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара
және күрделі етістікке мысал келтір. Сұрақтарға жауап беру, мысал келтіру
арқылы өткен материал пысықталды. Жаңа материалды
түсіндіру. Кестедегі мысалдарды түсіндіру арқылы оқушыларға
негізгі және туынды етістікке ереже шығарту. |
Өз бетімен орындалатын жұмыс. Кестеде жазылған етістік (дара және күрделі
түрін) сөздерін, сұрақтарын оқып, танысып,
өздеріне мысалдар жазу тапсырылды. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс а) кесте бойынша жазылған сөздерді оқытып, дара
және күрделі екендігі сұралады ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тексерілді. б) кестеде жазылған сөздерді оқытып, дара етістіктің
бір ғана сөзден жасалатындығы, күрделі
етістіктің бірнеше сөздің тіркесуі арқылы
жасалатындығын түсінеді. Оқулықтан ережені
оқытып, ауызша мысал айтылды. Өз бетімен орындалатын
жұмыс. Дайын тұрған
конверттен карточкаларды алып, берілген тапсырмаларды орындату (бірнеше
етістіктерді беріп, дара, күрделі түріне сөйлемдер
құрату; қысқаша мәтіннен дара, күрделі
түрлерін ажыратып жазу; |
Өз бетімен орындалатын жұмыс. Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған
конверттен перфокарта алып, берілген сөздерден негізгі және
туынды етістіктерді ажырату. 18-жаттығу Бейнесөз шешкізу. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс. Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу және
перфокарта бойынша жазғандарын кезектестіріп оқытылды. |
Мұғалім басшылығымен орындалатын
жұмыс. Электрондық
оқулықтан
«Бауырсақ» ертегісін
көрсету арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі екі
түрлі мақсатта пайдаланылды. |
|
Екінші сынып оқушылары етістіктерді теріп жазып, оны дара
және күрделі түріне талдайды. |
Үшінші сынып оқушылары етістіктерді теріп жазып, негізгі
және туынды түріне талдайды. |
Осылайша сабақ соңында екінші және үшінші
сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды. |
Шағын жинақты
мектептердің басты мәселелерін былай көрсетуге болады:
-
қосалқы сыныптарда оқу өткізудің
ыңғайсыздығы;
-
аз толтырылған сыныптарда оқытудың
дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
-
кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік
жоқтығы;
-
қосымша білім беру ұйымдарының
және мәдени орталықтардың жоқтығы;
-
арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы;
-
мұғалімдердің, әсіресе, тәжірибесіз жас
мамандардың шағын жинақты мектеп ерекшелігіне байланысты
оқыту үдерісіне дайын болмауы;
-
мұғалімдердің біріктірілген сыныптардағы
сабаққа дайындалу, өткізу барысында шамадан тыс жүктеме
орындағанына қарамастан, еңбекақыларына
үстемеақы қосылмауынан, ынталарының төмендеуі;
-
әмбебап кәсіби педогогикалық мамандардың
жетіспеушілігі;
-
мұғалімдер ұжымының орташа жас
көрсеткішінің жоғарылығы;
-
материалдық-техникалық базаның нашарлығы;
-
оқу үдерісінің интерактивті-мультимедиялық
құралдармен, зертханалар мен компьютерлік сыныптармен
жасақталмауы, жасақталған күнде де
мұғалімдердің барлығының бірдей ондай заманауи
құрылғылармен жұмыс істеуге дайын болмауы;
-
сыныптағы оқушы санының аздығына қарамастан,
жыл санап ҰБТ көрсеткішінің төмендігі.
Республика
бойынша шағын жинақты мектептердің жұмысын
ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ,
сондықтан да оларды шешуде де барлық осындай деңгейдегі
мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.
Шағын
жинақты мектеп саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай
отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы
барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді.
Ал оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына
байланысты. Сондықтан да ғылыми жұмыс тақырыбы
бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты
бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы:
Алматы, 2010.
2.
Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
(жобасы).
3.
Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық
орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ
заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).
4.
Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған
мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді
пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
5.
Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі
оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.