Тұрсынбеков А.Ж.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Ұйымдағы компьютерлік техниканы бақылауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйені әзірлеу

 

Кез-келген мекемедегі компьютерлік техниканы есепке алу жүйесі жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтар туралы үлкен көлемді ақпаратты сақтайды. Мекеменің тиімді қызмет етіуі үшін түгендеме жұмыстары жиі жүргізіліп отыруы керек, яғни негізгі құрал-жабдықтардың бар екендігін және қалып-күйін қадағаланып отыру қажет. Инвентаризация мақсаты түгендеме жүргізілу объектілерінің есепке алу мәліметтерімен дәлме-дәл келетінін анықтау. Деректерді сәйкестендіру материалдық құндылықтардың сақталуын бақылап, қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл мекеменің экономикалық тиімділігін арттырады.

Мекеменің табысты дамып және ұлғаю үшін онда мекеме теңгеріміндегі барлық жабдықтарға егжей-тегжей есеп және аудит жүргізу қажет. Оның ішінде жетекшілерге компьютерлер мен оргтехникаларды үзіліссіз есепке алу жолдарын қарастыруға тура келеді, себебі осы компьютерлер мекеме қызметкерлерінің басты «еңбек құралы» болып табылады [1].

Зерттеудің мақсаты «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы «СҚО бойынша БАҚДИ» компьютерлік техникасын бақылауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйені әзірлеу.

«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» облыста әлемдік білім беру кеңістігіне ену мемлекеттік саясатын табысты іске асырушы ғылыми-әдістемелік орталық болып танылды. «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы «СҚО БАҚДИ» құрамында: 2 кафедра, 1 басқарма, 1 орталық, 7 бөлім. Зерттеу объектісі ретінде «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы «СҚО бойынша БАҚДИ»-дың Ақпаратық технологиялар бөлімі қарастырылды.

Ақпараттық технологиялар бөлімі филиалға ақпараттық қызмет көрсету және компьютерлік техниканы, перифериялық және желілік жабдықтауды, жергілікті торапты алып жүру және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар филиалдың шаруашылық қызметін басқарудың ақпараттық коммуникациалық жүйесінің дамуы аясында техникалық қорды жаңартуды қамтамасыз ету және ақпараттық қызмет көрсету, заманауи әдістерді және ақпараттарды өңдеу құралдарын еңгізу, өндірісті қамтамасыз ету және ұйымды заманауи ақпараттық технологиялармен басқару мақсатымен ақпараттық қызметтер нарығын талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізелді.

Құрастырылп отырған ақпараттық жүйе «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы «СҚО бойынша БАҚДИ»-дың Ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметін жүйелеп және автоматтандыру үшін құрастырылып отыр. Ақпараттық жүйенің басты міндеті мекемедегі компьютерлік техниканы бақылау және есепке алу, инвентаризация жүргізу. Ақпараттық жүйе қолдануда икемді және баптау жеңіл, дизайні жағынан пайдаланушыға тез қабылданатын интуетивтік түсінікті интерфейсі бар.

Ақпаратық жүйені іске қосқанда басты форма ашылады. Форманың жоғары бөлігінде қызмет батырлмалары орналасқан. Оның астынан мекеме қызметкерлері туралы ақпарат беретін тізімі шығады. Форманың астынғы бөлігінде қосымша ақпарат жазылады. Саймандар тақтасының оң жақ бөлігінде «Жөндеу және қызмет көрсету» батырасы орналасқан. Осы батырманы басқан кезде курсор бағдарламаның жұмыс аумағындағы қай қызметкерді белгілеп тұр, сол қызметкерге тіркелген компьютерлік техниканың жөндеу жұмыстарынан өткені мерзімі мен жөндеу жұмыстары бойынша сипаттама жазылады. «Программалық қамтама» батырмасын басқанда қызметкерге тіркелген дербес компьютерде орнатылған Программалар бойынша толық мәліметттер жазылады. «Жабдықтар» батырмасын басқанда қызметкерге тіркелген жабдықтар туралы келесі ақпараттар тізімі шығады: түгендеме нөмірі, жабдық түрі, жабдық, техникалық сипаттамалары, сомасы, бөлім, сатып алған күні, кепілдік, кепілдіктің аяқталуы, мәртебе, ІР-адресі, желідегі атауы, бағдарламалық қамтама. Бас форманың бейнесі 1 суретке сәйкес көрсетілген.

 

Сурет 1 Бас форма

 

Бүгінгі таңда ақпараттандыру жүйесі өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданылады. Әрбір ұйым жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімін арттыруға ұмтылады, олардың көмегімен тиімді жұмыс істеуге болады. Бұл бағдарламалық өнім қолданыстағы деректер қорларымен және оны басқару құралдарымен бәсекеге түсе алады. Болашақта номенклатуралық істердің көбеюіне байланысты құжаттардың жаңа түрлерін енгізуге болады.

 

Әдебиеттер:

1.        Томилова Н.И. «Проектирование информационных систем». ЭОС. КарГТУ, 2008. – 107 с.

2.        Д. Раскин «Интерфейс: новые направления в проектировании компьютерных систем» М.; «Альт» 2005. – 45 б.

3.        Страуструп Б., Язык программирования. - М., Радио и связь, 1991. – 267 с.