Бекжанов А.С.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Web-қосымша шаруашылықты алға жылжыту құралы ретінде

 

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аймақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды шешімдерінің бірі болып саналады [1].

Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды қолданудың басым үлесі өндірісті басқару, құжат айналымы мәселелерін шешуге тиесілі. Ауылшаруашылық өндірістік кәсіпорыны сияқты күрделі, көптеген табиғи факторларға тәуелді болатын жүйені басқаруда, оның дамып, өркендеуін болжап-бағдарлауда ақпараттық жүйелердің берер көмегі зор.

Ақпараттық технологиялар нарығы туралы басылымдық мәліметтерді талдау еліміздегі ақпараттық технологиялардың көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарға арналғанын байқатады. Осы тұрғыда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ақпараттық технологияларды өз деңгейінде пайдалануы төменгі деңгейде болып отыр. Осыған орай, аймақтың агрокешенін басқаруда, өнімділікті болжауда, ресурстық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде, ішкі және сыртқы азық-түлік нарығындағы ахуалды зерделеп, өнім өткізу арналарымен байланысуда жаңа сипаттағы техникалық жағынан көп мүмкіндікті ақпараттық технологияларды тиімді қолдану агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің табысты өрлеуіне және оларға қарасты ауылдық аймақтардың да әлеуметтік, экономикалық дамуына жол ашады.

Зерттеу барысында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданына қарасты «Бірлестік-ТАҢ» ЖШС қарастырылды. Серіктестік қызметінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану ішкі және сыртқы нарықта өз орнынын тауып, экономикалық бәсекелестік тудыра алатын, шаруашылықтың жұмысын жеңілдетіп, экономикалық ахуалын жоғарлатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан «Бірлестік-ТАҢ» ЖШС-не арналған web-қосымшаны құру қажеттігі туындаған.

Кәсіпкер өз web-қосымшасында тауар жайлы барлық ақпаратты, фотосуреттер және графикалық материалдарды енгізуі қажет, сонда кез келген әлеуметтетті тұтынушы шаруашылықтың тауары мен қызметі жайлы кеңседе немесе үйде отырып-ақ толық ақпарат ала алады [2].

«Бірлестік-ТАҢ» ЖШС-не арналған web-қосымшаның пайдаланушылар бөлігінің интерфейісін сипатамасы төменде қарастырылған. Web-қосымшаның пайдаланушы бөлігін жүктегенде «Басты бет» ашылады. «Басты бет» 1 суретке сәйкес бейнеленген.

 

Сурет 1 Web-қосымшаның «Басты беті»

 

Басты беттің сол жақ бөлігінде навигация орналасұан. Олардың көмегімен web-қосымшаның басқа теттеріне өтуге болады. Төменгі бөліктегі жүгірме жолда «Бірлестік-ТАН» ЖШС-нің мекен жайы туралы ақпарат жылжымалы түрде жүреді. Web-қосымша келесі бөлімдерден тұрады:

-     шаруашылық туралы ақпарат;

-     хабарландыру;

-     агрожаңалықтар;

-     біздің серіктестіктер;

-     байланысу;

-     бізге хат жазыңыз.

«Шаруашылық туралы ақпарат» бөлімінде шаруашылық туралы толық ақпарат жазылған. «Хабарландыру» бөлімі «Сауда» және «Жұмыс» бөлімдерінен тұрады. «Сауда» бөлімінде шаруашылық өзінің клиентеріне шығаратын өнімдері бойынша ақпаратты ұсынады. Өнімнің түрі, сипаттамасы, бағасы туралы мәліметтер жазылған. «Жұмыс» бөлімінде шаруашылықтағы ваканциялар бойынша мәліметтер жазылады. «Байланысу» бөлімінде «Бірлестік-ТАҢ» ЖШС-нің мекен-жай адресі жазылған. Кез-келген пайдаланушы осы бөлімде көрсетілген байланыс телефондарымен  хабарласып немесе e-mail адреске хат жазып өдерін қызықтырған ақпараттар бойынша толық мәлімет алуларына болады. «Бізге хат жазыңыз» бөлімінде осы сайттың көмегімен тікелей хат жазып, сауалдарын қоюға болады. Ол үшін пайдаланушы өзінің аты-жөнін немесе ұйымның атауын, e-mail адресін көрсетіп, үшінші формаға хат мәтінін жазады да «Жіберу» батырмасын басу қажет.

«Бірлестік-ТАҢ» егін шаруашылығы  көрсеткіштерін пайдалана отырып, жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен  шаруашылық құрылымдарын жоспарлауды жүргізу  өндіріс тиімділігін арттыратынын көрсетті. Ауылшаруашылық өндірісі кәсіпорнының оңтайлы құрылымын анықтау моделін агроөнеркәсіп саласы шаруашылықтарында қолдануға болады. Ұсынылып отырған web-қосымша қазіргі таңда кең қолданыстағы компьютерлік операциялық жүйелермен үйлесімді және ауылшаруашылығы мамандарынан шаруашылық өндірісі тиімділігін аттыруда маңызды орын алатын оңтайлылық есептерін шешу мен талдау тұрғысынан терең білімді талап етпейді.

 

Әдебиеттер:

1.   Әрінов Қ., Нағымтаев А. «Агрономия негіздері». Астана, 2007.120б.

2.   Зольников Д.С. PHP 5. Как самостоятельно создать сайт любой сложности. – М.: НТ Пресс, 2010г. –230 c.

3.Яворский В.В., Томилова Н.И. Технология разработки программного обеспечения информационных систем. Монография. КарГТУ, 2011г. –156 c.