Тлеулина Ж.К.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімі үшін
автоматтандырылған ақпаратық жүйені құру
Бүгінде Қазақстан әлемдегі экономикасы жедел дамып келе жатқан ондықтың қатарына кіреді. Барлық салалар сияқты,
өміріміздің бір бөлшегіне айналған ұялы
байланыстың да дамуы еліміздің экономикалық
ілгерілеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Қазіргі уақытта
Қазақстанда ұялы байланыс саласы жаңа даму сатысына
көтеріліп келеді. Осы орайда бұдан жеті-сегіз жыл бұрын
Қазақстанның байланыс нарығынан берік
қазығын қағып, тұтынушысының
талап-талғамын бірден жаулап алған «Билайн» компаниясы уақыт өткен
сайын қазақстандықтарға заманауи жаңа
қызмет түрлерін ұсынуымен
ерекшеленіп келеді. «Билайн» ұялы байланыс компаниясының басты
құндылықтары ретінде жаңашылдық, сенімділік,
әлеуметтік жауапкершілік, жеделділік және жұмыс жасап
жатқан компанияның елдің бір бөлігі болуға
ұмтылушылығы «Билайн» брендінің жаңа
бейнесінде көрініс тапқан. Ол компания дамуының жаңа
кезеңін бейнелейді және ҚР ұялы байланыс
нарығындағы «Билайн»-ның көшбасшы ұстанымын
нығайту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Ұялы
байланыс компаниясының басты мақсаты абоненттерге қызмет
көрсету болып табылады. Ұялы байланыс нарығында
бәсекелестік артып келе жатқанына байланысты абоненттерге сапалы
қызмет көрсету осы салада қызмет атқаратын кез-келген
компанияның басты мақсаты болып табылады. Бұл міндеттерді
іске асырудың бір жолы жаңа ақпараттық технологияларды
қолданып тиімді және сапалы қызмет көрсету. Осы
мақсатта ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімі
үшін автоматтандырылған ақпаратық жүйесін
құру өзекті болып
отыр.
Кез келген жобаны
жасау алдында алдымен оның интерфейсі жобаланады, яғни
жасалғаннан кейін бағдарламаның көрінісі қандай
болу керек. Ең алдымен компоненттер қойылады, олардың
қасиеттері өзгертіледі, жаңа формалар қосылады. Жоба
бірнеше бір-бірімен байланысқан қосымшалардан тұратын болады.
Интерфейс ол басқару бағдарламаларымен
қосымшаның, қол жеткізу және де қолданушыдан тыс
жасырылған механизмдер, құжаттармен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін, компьютерде
немесе одан тыс сақталынған
қор және басқа ақпараттардың сыртқы
қабығы [1].
Автоматтанған ақпараттық жүйе кез-келген
мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер
тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған
түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен
қамтамасыз етілді.
ААЖ жоғарыда
атап өткен қағидалардың барлығын
қамтыған. ААЖ-нің басты мәзірі үш бөлімнен
тұрады. Олар «Абоненттер», «Тариф жоспарлары» және «Мобильді
интернет». «Абоненттер» бөлімінде абоненттер туралы толық
ақпарат қарастырылған. Яғни телефон нөмірі,
аты-жөні және тегі, жеке куәлігінің нөмірі,
мекен-жай адресі, тариф жоспары және сатып алған күні.
Абонент туралы жеке ақпараттар клиентің жеке төл
құжатына сәйкес толтырылады. Ал телефон нөмірін оператордың
ұсынуы бойынша клиент өзінің қалаған
нөмірін таңдап алғаннан кейін оператор формаға
енгізеді. Тарифтік жоспар туралы ақпаратты оператор ААЖ-нің
сәйкес бөліміндегі ақпараттарға сәйкес
ұсынады, клиент өз таңдауын жасағаннан кейін оператор
тарифтік жоспарды және сатып алған күні туралы
ақпаратты формаға енгізеді. «Абоненттер» бөлімінің көрінісі 1 суретке сәйкес
бейнеленген.

Сурет
1 «Абоненттер» бөлімінің формасы
«Абонеттер»
бөлімінің саймандар тақтасында «Іздеу», «Редакциалау»,
«Жаңа абонент» және «Есеп» батырмалары орналасқан. «Жаңа
абонент» батырмасы жүйеге жаңа келген абонент туралы
ақпараттарды енгізуге көмектеседі. «Абонеттер»
бөліміндегі «Редакциялау» батырмасы жүйедегі абонеттер туралы
ақпараттарға өзгерістер енгізу қажетті туған
жағдайда қолданылады. ААЖ-нің «Абоненттер»
бөлімінде қажетті абонент туралы ақпараты жылдам табу
үшін «Телефон нөмірі
бойынша іздеу» қарастырлыған. Бұл жерде қажетті телефон
нөмірін бос формаға енгізіп «Іздеу» батырмасын басқан
жөн. «Тариф жоспарлары» бөлімінде «Билайн» ұялы байланыс
комапниясының ұсынып отырған тарифтік жоспарлары жайлы
ақпарат алуға болады. Бұл бөлімдегі тариф жоспарлары
бойынша мәліметтер компанияның ресми сайтындағы
мәліметтерді ААЖ-ге қосу арқылы алынады.
Егер «Билайн» ұялы байланыс компаниясының
ресми сайтында жаңа тариф бойынша ақпарат пайда болса, онда оны
ААЖ-ге қосу үшін алдымен ресми сайттағы тарифтік жоспар
бойынша веб-бетті ДК-ге белгілі бумаға сақтап, ААЖ-нің «Тариф
жоспарлары» бөліміндегі «Қосу» батырмасын басу керек. Пайда
болған терезеге жаңа html құжатқа атау беріп,
қосу батырмасын басамыз. «Тариф жоспарлары»
бөліміндегі кез келген тариф туралы ақпаратты операторға
абонентке баспаға шығарып беру қажеттігі туындаса
«Баспаға шығару» батырмасын басады. «Тарифті
таңдаңыз» бөлімінің көрінісі 2 суретке
сәйкес бейнеленген.

Сурет
2 «Тарифті таңдаңыз» бөлімі
«Мобильді
интернет» бөлімінде «Билайн» ұялы байланыс компаниясының
ұсынатын мобильді интернет қызметтері бойынша ақпарат
алуға болады. Ол үшін «Интернет-дестені таңдаңыз»
бөліміндегі ашылатын тізімнен қажетті интернет қызметін
таңдау керек.
Автоматтандырылған
ақпараттық жүйені құрастыру үшін Delphi
бағдарламасы қолданылды. Деректер қорындағы
мәліметтерді жинастырып, сақтау үшін MS
Access-тің негізгі функцияларына талдаулар жүргізіліп,
жұмысты орындау барысында олар кеңінен қолданылды. Бұл
бағдарламаны болашақта ұялы байланыс компаниясының
абоненттік бөлімінің жұмысын автоматтандыруда
қолдануға болады. Автоматтандырылған ақпараттық
жүйе ұялы байланыс компаниясының абоненттік бөлімінің
операторларының жұмысын көп жеңілдетеді деген ойдамыз.
Әдебиеттер:
1. Яворский В.В., Томилова Н.И. Проектирование программного обеспечения
информационных систем. Учебное пособие. КарГТУ, 2003г. – 98 с.
2. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi. Быстрый старт. – СПб.:
БХВ-Петербург, 2002. –102 с.
3.
Карпова Т.С. Базы
данных: модели, разработка, реализация. – СПб.: Питер, 2001. – 304 с.