Медиева
С.Х.,Нұрланова С.С.,Тұтқышева Ғ.Т.,Ахметова И.А.
Қарағанды
мемлекеттік университеті ,Қазақстан
Өзін-өзі
тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік
қасиеттердің қалыптасуы
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде,
оқу процесінде өркениетті қоғам мен
құқылы мемлекеттің, нарықты экономика
кезеңінің қалыптасуы өскелең
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кәсіби біліктігі
мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Әрбір
балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне
тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар
екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген
ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін,
диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін
айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны
қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп
өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің
ғана жемісі болып табылады.
Оқыту процесі жүйесіндегі бастауыш мектеп
оқушысының өзін-өзі тануды дамытып, білімді
меңгертуге негіздеу болып табылады. Мектептегі арнайы
ұйымдастырылған оқыту процесінде өзін-өзі тану
іс-әрекеті құрылып және ол күрделі
психологиялық білім бола отырып, оқыту процесінің
өзімен қоса өрістейді [1].
Мектепке алғаш келген балалардың ой-өрісінде,
сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық
даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық
қабілет-қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып,
кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология
ғылымдарында теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан дәлелденген. Атап айтсақ, А.Н. Леонтьев, Л.С.
Выготский, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский,
М. Мұқанов, С. Балаубаев, Қ. Жарықбаев, А. Темірбеков,
А.А. Любинская, Л.И. Божович, С. Рахметова, Ә. Сыдықов, Н.
Айғабылов тағы басқа ғалымдардың барлығы да
өз еңбектерінде оқушының психикалық дамуын
ойдағыдай басқару үшін, оның бойындағы бар
мүмкіндіктерін, ересек адамдармен және өз
құрдастарымен қарым-қатынастарын жан-жақты
зерттеу қажеттігін айтады. Ол үшін педагогиканың,
психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын
кіріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді. Себебі
оқытудың психологиялық негіздерін білу әр
оқушының өзін-өзі тану деңгейін дұрыс
саралауға да көмектеседі. Ал, оқушыны тұлға
ретінде жан-жақты зерттеп білу – оның даму бағытын
айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі
педагогикалық психологияның оқушының саналы
әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Біз өзімізді
түсінуді үйренгіміз келеді. Тұлғалық қасиетіміз
қалай қалыптасады? Адамдардың бізге ықпалы
қандай? Біз күнделікті өмірдің түйткілінен арылу
үшін өзімізді қалай танып, білуіміз керек? Өзімізді
танығаннан кейін ғана, өзгелерді түсініп, өмірді
танитын боламыз, тек сонда ғана алға қойған
мақсатымызға жетеміз [2].
Өзін-өзі танудың алғашқы қадамы:
өзін-өзі тану, өзінің істеген ісінің салдарын
білу, оны саналы түсіну. Біз өзімізді тануды ойымызды, ісімізді,
өзгелердің бізге қарым-қатынасын саналы түсінуден
бастаймыз. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның
бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын
қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен
үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады.
Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке
тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында
жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда
ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің
негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың
құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын
дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны
таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне
бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі
танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.
Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты
бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік
шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған.
Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік,
әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық,
имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік,
кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау,
әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат,
қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты
құндылықтарды қалыптастыру көзделген.
Өзін-өзі тану психологиялық, педагогикалық,
философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына
міндеттердің орындалуын көздейді:
- жеке тұлғаның
«Менің» (өзімшілдігін емес) ояту;
- қоршаған ортасына деген
қызығушылығын ояту;
- негізгі рухани-адамгершілік
категорияларына көңіл аударту;
- балалардың бойында әлем
және адамзат туралы түсінік қалыптастыру;
- өзінің адамгершілік
мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерін;
танымдық белсенділігін арттыру.
«Өзін-өзі тану»
жоғары психикалық функциялар дамуының бастамасы болып
саналады, ол адамға тек ішкі әлемін ғана көрсетуге
емес, сол әлемде өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Яғни, адам жеке тұтас жүйе ретінде, қандай
жағдайда болса да өзімен өзі қала білуі. Бірақ,
А.Н. Леонтьев бұл проблеманы «тұлға психологиясында
жоғары мәнді мәселе ретінде қарастырады, тұтастай
шешімін таппаған, ғылыми-психологиялық анализден алмақ»
деп бағалаған [3].
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Базарова Т.М. КАСУжаршысы №3 - 2007
2. Джакупов С.М. Психология познавательной
деятельности. – Алматы,
1992-
ж
3. Тілеуова С. Жеке тұлғаның құндылық
бағдар жүйесінің танымдық
мәні. - Ізденіс – 1998ж