ӘОЖ 318.02.Н-14

Нұрмашқызы Ақтолқын, Шымкент қаласы

 

«Studding the English lesson with the new technology»

 

                                                                      Түйін

Мақалада ағылшын тілі пәнін жаңа технологиялармен оқыту негізі қарастырылған

                                                                   Резюме

В этой статье рассматривается средства повышения эффективности урока

 

Нақты оқу үрдісінің маңызды функциясының ерекше тұсы - оқытушы мен оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Оқушылардың басқа тілде сөйлеу тәжірибесін меңгеруі мен жаңа мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тануы осындай қарым-қатынастың нәтижесі. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында оқытушының оқушыға ықпалы туралы 60-70 жылдарда педагогика ғылымының  орнына білім берудің жаңа тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамасы келді. Білім берудің тұлғалық-бағдарлық бағыты оның мазмұнын түбегейлі өзгертті. Онда оқушылардың әлеуметтік тәжірибені, яғни қоғамда қалыпты өмір сүруге қажетті білімдер мен шеберліктерді меңгеруге ықпал етуін, мектеп оқушысының еркін ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етті.

Тұлғалық-бағдарлық бағыт, оқушының тілдік тұлғасына бағыт ұстау шет тілді оқытудың негізгі ұстанымы болып табылады. Оқыту ұстанымдары - оқыту үрдісінің сипатын анықтайтын негізгі қағидалар, олар таңдап алынған бағыт пен сол бағытқа сәйкес жолдардың негізінде жасақталады. Оқытудың анық жасалған ұстанымдары оқытудың қандай мазмұнын қалай іріктеп алу, қандай тәсілдер мен материалдарды пайдалану туралы мәселені шешуге көмектеседі. Шет тілді оқыту оқушы бойында екінші тілдік қасиеттерін қалыптастыруға бағдарлау ұстанымы оның үйреніп жүрген мәтіндік қызметті жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын, өзге мәдениет пен оның өкілдерімен тең тұрғыда араласу қабілетін дамыту міндетін өзекті етеді.

Осылайша шет тілді тұлғалық-бағдарлық оқыту оқытушының білім беру қызметін, сондай-ақ оқушының тіл үйрену қызметін қайтадан ой елегінен өткізуді қажет етеді. Оқушы оқу үрдісінің басты субьектісіне айналады. Оқытушы оқушыға пән мазмұнын меңгертуге баулитын ынталандырушы модератор рөлінде ғана емес, оның көмекшісі де. Оқу үрдісі оқу материалының басымдылығы тұрғысына құрылмайды, оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі - оқушы.

Тілді оқыту - оқушының өзара байланысты коммуникативтік және социомәдени дамуын ескертіп, мәдениетікке оқыту. Тілді дамыту - концептуальды жүйелер әлемінде тиісті айырмашылықтарды меңгеру. Тілдің көмегімен көрсетілетін «әлем суретінің» түпнұсқалық проблемасы ерекше мәнге ие. Оқыту үрдісі сөйлесу деңгейінде оқушылардың енжарлығын болдырмауы тиіс, демек коммуникативтік қызметті өз бетінше жүзеге асыру қабілетін дамытуы тиіс. Соңғысы оқыту үрдісіне «тежеусіз меңгеру» мүмкіндігін береді, сөйтіп оны барлық жағынан екінші тілді табиғи тілдік жағдайда меңгеру үрдісіне жақындатады. Сөйтіп құр еліктеуден гөрі оқытудың мазмұнды аспектілеріне екпін түсіретін және «ойлау жүктемесін» мәнді ететін оқытудың шығармашылық, әлеуметтік түрлерімен тәсілдері басым түседі. Шет тілді оқытумен үйренудің тағы бір ұстанымы пәнді оқытудың қызметтік негізі оқушының сыртқы және ішкі (ойлау) белсенділігінен байқалады. Сөйлеу белсенділігін тек оқытушы танытып, ал оқушы сұрағанда ғана белсенділік көрсететін дәстүрлі жаппай оқытудың дербес, топтық және ұжымдық түрлерінің пайдасына қысқарды. Нақты тілдік қатынас жағдайын «ынталандыратын» тәсілдерді пайдалануға  тиімді болып  табылады.

Оқушы саналы (ойлайтын) және жеке (дербес) қызмет істейтін индивидум ретінде оның сөйлеу қызметі (тілді меңгеруде) тілді меңгеру мен сол тілде араласуды жалпы, үнемі өзгертіп отыратын сөйлеу тәжірибесінің ықпалында болды. Олай болса оқу үрдісі әр оқушының бойындағы іскерлік қабілетін, білімі мен сөйлеу тәжірибесін, әсері мен көңіл-күйін белсендіруге және осы тұлғалық қасиеттерін дамытуға тиіс. Сондықтан оқу үрдісін оқушы белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешетіндей, қажеттілікті сезінетіндей және өз ойын жүзеге асыратындай мүмкішілікке ие болатындай етіп құру керек. Шет тілін меңгеру үрдісі көбіне  шет тілдер  жүйелерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі оқытудың жеке алғы шартына қатысты. Оқушылыр тілді үйрену үшін тілдік құралдарды пайдаланумен қиын жағдайдан шыға білуге түрлі стратегиялар мен технологияларды меңгеруі тиіс, яғни ол:

- оқушының жеке басына, оның ңақты сұраныстары мен уәжіне, жеке бағдармаларына бағытталуы тиіс;

- оқушы ең алдымен өзіне қатысты жеке үрдісті сезінуі тиіс;

- оқытушы әр оқушының оқуға құлшынысын дәл тауып, оны тілді ойдағыдай меңгеруге бағыттай білуі;

- оқушылардың өз белсенділігін танытуын;

- ана тілі мен шет тілі жүйелерінің арасындағы айырмашылыққа емес, оқыту мен оқыту жағдайларының жеке алғы шарттарын ескерсе, оқушылардың оқу кезінде шет тілді меңгеру үрдісі табысты болмақ.

Оқыту мазмұнына келер болсақ, оқытушы (мұғалім қызметі) мен оқу материалын қолға алғандардың (оқушы қызметі) өзара байланысты қызметі сияқты категориялармен арақатынаста болмақ.

Шет тілді оқыту мазмұны көп компонентті, оған мыналар енеді:

- коммуникативті қызмет салалары, тақырыптар, жағдайлар, коммуникативті және әлеуметтік рөльдер, сөйлеу қызметі мен сөз материалы (мәтіндер, сөйлеу үлгілері т.б.);

- қатынас құралы ретінде, ішінде интермәдени жағдайларда шет тілді тәжербиелік меңгеру деңгейін сипаттайтын сөйлеу шеберлігі;

- оқып жүрген елдің тілінің ұлттық-мәдени ерекшелігі мен ақиқатын білу жүйесі.

Тілдік қатынас құралдары (сөздер, грамматикалық құбылыстар) және сол құралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес. Сондықтан шет тілді оқыту мазмұнына, тілдік білім (тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер, ережелер ретінде үйренетін  тілдің негізін, мәні түрлі тілдерде түрлеше айтылатын ұғымдарды білу) мен тілдік дағдылар енгізілді. Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың  ойдағыдай пайдалану, сол сияқты белгілі бір коммуникативтік ниетті білдіретін әдепті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет. Оқушының қабілетін тексеру үшін кейде сөздерді дұрыс тәртіпте қойып орындайтын тапсырма да беруге болады. Мысалы:

Тапсырма: Put the words in the correct order 

1.Were/yesterday/what/doing/you/ at/ 3/ o`clock/

2.Was/ watering/ flowers/I/

3.Enjoy/ I/ working/ in the garden/ mother/ my/ was/ the / flowers/ watering/.

Тапсырма: Күшейтпелі сын есімдерді жазыңыз:

Bad, good, many, few, terrible, typical, long

Тапсырма: Бос орындарға төмендегі етістіктерді Present Perfect я болмаса Past Indefinite түрінде қойып жазыңыз:

1. I ... never... this book (to read)

2. I ... this book last summer (to read)

3. He... his report at last (ti finish)

4. I ... Leningrad many times (to visit)

5. Ann ... as she was crossing the street (to fall down)

6. When the bell rang, Dan ... from his seat and ... out of the room (to jump, to run)

7. The day before yesterday we ... a bad storm (to have)

8. The rain ... but a cold wind is still blowing (to stop)

9. I ... not ... my parents since autumn (to see)

Тапсырма: Бос орындарды модальді етістіктермен толықтырыңыз:

1. I...swim (жасай аламын)

2. Doctor, ... I come in? (рұхсат етіңіз)

3. You... go home (беруі шарт)

4. ..I read this lesson? (қарыз)

5. They take these books (рұхсат алу)

Тапсырма: Бос орындарға төменде берілген көмекші сөздерді қойып, қазақ тіліне аударыңдар:

of, at, in, to, on, of, under, since, for from

1. It is dark here. Please switch ... the light

2. I have lived here ... 1966.

3. They sat down ... the table and began to eat.

4. She left ... our town yesterday.

5. Are you afraid ... wild animals?

6. I have worked b here ... many years.

7. It is not good to bathe ... the sea ... this time of the year.

8. He laughed ... me when I left the room.

9....first we sat ... a big tree, and we went swimming ... the river.

10....what time do you have dinner?

Тапсырма: етістіктерді Past Indefinite Tense түрінде жазыңдар:

To be, to live, to leave, to get, to take, to have, to do, to begin, to go, to come, to study, to try, to contain.

Тапсырма: Бос орындарға мына сөздерді қойыңыз to take place, to take part.

1. The meeting ... in the hall.

2. He ... in the concert.

3. The Conress ... in London.

Оқу үрдісінің сапасы оқытушының кәсіби шеберлігінен де, оқушының оқу пәнінің міндеті мен мазмұнын түсініп қабылдауына байланысты. Оқушы сөйлеу дағдысы мен әдеттерін меңгеру қызметін тиімді де нәтижелі құруға, оқушылармен, оқытушымен дұрыс қатынас орнатуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренуге тиіс. Сондықтан оқушының тіл үйрену стратегиясын құрайтын оқу шеберлігі шет тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті ретінде айрықшаланады [23].

Шет тілді оқыту мазмұнына сондай-ақ пәннен және оны меңгеру үрдісінен туынданған эмоциялық қызмет те енеді. Оқу материалы оқытушы қызметінің ынта-қажеттілік саласына ықпал етіп оның тұлғасы, шығармашылық тәжірибесі, эмоциональды саласы арқылы оқушыға, оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Мысалы: «Дұрыс па әлде бұрыс па» ойыны: True (T) or False (F) )

a. At these shows gardeners get prizes ___________

b. Looking at flowers or eating vegetables is more important ________

c. The process of growing plants is tne most important ___________

            Шет тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа, ұқыптылыққа дағдыланады.  Кез-келген сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де толықтай қолданылады: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Әр сабақ мазмұнында компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталау дағдылары меңгертіледі. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады, оқушымен тікелей жұмысты іске асырады; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. «Шетел тілін оқыту әдістемесі». - Астана, 2007.

2.Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. М: Просвещение, 2005.- 357  б.

3.Пассов Е.И. Коммуникативный метод  обучения иноязычному говорению. - М: 1991.