Малкенова А.,
Ким Г.А.
М.Қозыбаев
атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Қоймадағы
тауарлар есеп шотының АЖ құру
Соңғы
жылдары адам өмірінің барлық: экономикалық,
қаржылық, саясаттық, рухтық салаларында
ақпараттың ағымы мен көлемі өсуде. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және
жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа
да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып
отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың
жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын
автоматтандыру үшін қолданылатын кәсіптік-бағытталған
кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады.
Жұмыс орнын автоматтандыру үшін
көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер
мен құрылғылар қолданылады Ал қоймада жұмыс
істейтін жұмысшылар тауарлар туралы мәліметтерді, яғни
тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда
және т.с.с. білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек
мәліметтер алдында дайын тұрады осы мақсатты орындау зерттеу мақсатының
өзектілігі болады.
ЖШС «Волна» дүкенінде
сауда үрдісімен басқару тауарлардың түсу, сатылу
және сұрау динамикасын, құрылымын және
көлемін бейнелейтін ақпаратқа негізделеді. ЖШС «Волна»
және сыртқы орта (тасымалдаушылар, сатыпалушылар) арасындағы
ақпараттың жылжуы ақпараттар тасқыны түрінде
орындалады. Көтерме кәсіпорынға қатысты ақпаратты
енгізу, ішкі және шығу тасқындары бойынша ажыратыла алады.
Көтерме кәсіпорынның ақпарат тасқынының
оңтайлы ұйымдастырылуынан, жинау, тіркеу, тасымалдау, сақтау
және ақпаратын өндеу әдістерінен, оның
құрылымынан және уақытында алуынан сауда
үрдісімен тиімді және жедел басқаруға тәуелді
болады.
Қоймалық есепшотты ұйымдастыруға және қорды басқаруға кіріс ақпарат болып осы кәсіпорын үшін өткен кезеңде болған тауар таратылымы, орын ауыстырулары және кіріс туралы ақпараттар саналады.
АЖ-ні
іске қосқанда «Қойма» АЖ-сінің автоизациялау терезесі
ашылады. Бұл жерге пайдаланушы өзінің логині мен
құпия сөзін енгізеді. Авторизациядан өткеннен кейін
«Қойма» АЖ-сінің негізгі формасы ашылады. Ол үш бөлімнен
тұрады «Азық-түлік», «Тұрмыстық химия» және
«Тұрмыстық техника». «Азық-түлік» бөлімінде
қоймадағы азық түліктер бойынша деректер
сақталады. «Азық-түлік» формасының көрінісі 1
суретке сәйкес көрсетілген.

Сурет 1 «Азық-түлік»
формасы
Екінші
бөлім «Тұрмыстық химия» формасы. Мұнда қоймадағы
тұрмыстық химия тауарлары, саны, өлшем бірлігі,
біреуінің құны және белгілі бір тауардың
барлығының жалпы санымен есептегендегі жалпы соммасы,
қоймаға қашан келіп түскені, сақтау мерзімі
және тасымалдаушылыар туралы ақпараттар сақталған.
Үшінші
бөлім «Тұрмыстық техникасы» бөлімі. Дүкен
әмбебап дүкен болғандықтан мұнда
азық-түлік, тұрмыстық химиямен қатар
күнделікті өмірде қажетті ұсақ-түйек
тұрмыстық техниканы да сатады. «Тұрмыстық техникасы»
формасында қомадағы тұрмыстық тауарлар туралы
ақпараттар сақталған.
«Қойма»
ақпараттық жүйесінің жоғарғы
бөлігінде «Есеп», «Өшіру», «Редакциалау», «Жаңа тауар»
және «Іздеу» қызмет батырмалары орналасқан.
Қоймаға жаңа тауар келіп түссе тауар бойынша деректерді
АЖ-ге енгізу үшін керек бөлімді таңдап алып, «Жаңа
тауар» батымасын басу қажет. Тауар бойынша мәліметтері енгізіп қолғаннан
кейін «Өнімді қосу» батырмасын басамыз да келесі тауар туралы
ақпаратты енгіземіз. Барлық тауарларды АЖ-ге енгізіп
болғаннан кейін «Сақтау және шығу» батырмасын басамыз.
Егер АЖ-дегі тауар бойынша деректерге өзгерістер енгізу керек болса
«Редакциялау» батырмасын басамыз. Керекті өзгерістерді енгізіп
болғаннан кейін «Сақтау және шығу» батырмасын басамыз.
Егер АЖ-дегі тауар туралы деректерді өшіру керек болса сәйкесінше
«Өшіру» батырмасын басамыз. Қоймада тауарлар санының
көп екеніне күмән жоқ. Сәйкесінше АЖ-де көп
деректердің ішінен қажеттісін табу үшін қажетті
бөлімді таңдап алып, «Өнім бойынша іздеу» формасына
тауардың атауын жазып «Іздеу» батырмасын басамыз. Қоймадағы
тауарлар бойынша мәліметтерді баспаға шығару үшін
«Есеп» батырмасын басу керек. Microsoft Word құжаты ашылып
қойадағы тауарлар бойынша есеп беру мәліметтері шығады.
«Қойма» АЖ-сінен шығу үшін «Жүйеден шығу»
батырмасын басу керек.
«Волна» дүкені есепке
алу өзін бухгалтерлік, жедел және статистикалық есепке алу
жиынтығы ретінде ұсынады. Есепке алу – басқарудың
еңбекқорлық қызметтерінің бірі. Есепке
алудың ерекшелігі, ол шығатын және қорытынды
көрсеткіштердің басым көпшілігі және біртектестігі.
Ереже бойынша, қорытынды көрсеткіштер шығатын
алғашқы деректерді күрделі есептеулерді қолданбай
әртүрлі белгілеулер бойынша көп рет топтастыру жолымен
құралады.
Әдебиеттер:
1.
Дьяченко Е.Г. «Управление складом в торговой сети», 2011. – 107 с.
2.
Артюхова Г.А., Воробьев С.В. Автоматизация торговых операций и складского учета: Учебно-методическое
пособие. - Елец: ЕГУ им. И.А. Бунина, 2006. – 55 с.
3.
Грекул В.И.,
Денищенко Г.Н., Коровкина Н.Л. Проектирование информационных систем - ИНТУИТ, 2005. – 240 с.