Болашақ бастауыш сынып мұғалімін
педагогикалық практика арқылы дайындау
магистрант Казкенова Г.
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастырылған және жеке тұлға мен
қоғамнның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
көп деңгейлі үздіксіз білім берудіің ұлттық
үлгісін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудың
стратегиялық басымдықтарын белгілеу,... болашақ
мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, кәсіптік
шығармашылығын дамытуға, оны ұйымдастыра білуге
дайындау, өздігімен білім алу қажеттіліктерін
қалыптастыруға бағытталуы тиіс» екендігі айтылып
көрсетілген. Мұғалімнің даярлығы –
қоғам дамуының қай кезеңінде де
көкейкестіліген жоймайтын мәселе, өйткені дамудың әр сатысында
қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері
өзгеріп, өз кезегінде өскелең ұрпақы
қоғамдық өмірге дайындау мәселесінде да
жаңа талаптар пайда болып отырады.
Мұның өзі мұғалімнің
кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерді туындатып, осы
мәселеге деген көзқарастарды түрлендіріп отырады. Бастауыш
сынып мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселелерін өз дәрежесінде шешу үшін ең алдымен
адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп,
күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын
жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз
іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей дәрежеге жетуі
тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте
жұмыс істеу тәсілін меңгеріп, олармен дұрыс
қарым-қатнасқа түсе алады.
Бастауыш сынып оқушылары мінез-құлқы
тұрғысынан алғанда тез өзгергіш, сенгіш, сезімтал,
алғыр, көргенін тез және нақты қабылдайтын, маңайында
болған, не кездескен құбылыстарға еліктегіш, елгезек,
жедел шешім жасайтын, шапшаң қимылдаитын ерекше
тұлға болып келеді.
Сондықтан да, қазақтың белгілі психологі М.М.Мұқанов ²Бастауыш
мектеп оқушыларының психологиясын бөлек алып қарау
себебіміз, бұлардың оқу әрекеттерінің
ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас
психологиялық қасиеттерді тудырады. Міне бастауыш мектеп жасын
бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан²-дейд.
Бастауыш буын оқушыларының осы кезеңдегі физиалогиялық,
психологиялық тұрғыдан үлкен өзгеріске
ұшырауы мұғалімдердің сол ерекшелікті жете
меңгеруін керек етеді.
Жоғарыда аталған
ерекшеліктер негізінен бастауыш буын оқушыларының барлығына
ортақ болса,сонымен қатар, осы ерекшеліктерге
қарама-қарсы олардың жекебас психологиясы бір-бірінен
үлкен айырма жасайды. Оқу үрдісінде бұл
айырмашылықтар мен ұқсастықтарды білмейінше
деңгейлік білім беру принципін жүзеге асыру мүмкін емес. Дегенмен, бастауыш сынып
оқушыларының бәріне тән ортақ психологиялық
ерекшелік-білуге құштарлық, жаңалыққа
талпынушылық, қызыққыштық, сонымен қатар
еріксіз зейіннің басымдығы. Сондықтан да, бастауыш сынып
оқушыларының ерікті зейінін қалыптастыру да күрделі
жұмыстың бірі. Мұны ескерген мұғалім үнемі
тапсырма беру, не өздігінен жұмыс орындату кезінде
оқушыға істейтін жұмыс түрін нақты
түсіндіріп, оны орындаудың жоспарын көмектесе отырып,
оқушының өзіне
жасатуды ешқашан естен шығармайды. Ерікті зейін
оқушының әрбір істің маңызын түсініп, іштей
сол нәрсені істеуге ынтығуынан туындайтынын ескерек, бұл
қасиетке оқушыны дайындап, оның іске деген ынтасын
туғызу педагогтің теориялық, әдістемелік және
психологиялық дайындығын керек етеді. Жалпы оқушылардың
оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының білім алудағы,
айналадағы құбылыстар мен нақты дүниені
қабалдаудыға психологиялық ерекшеліктері мен оларды жетілдіру
жолдарын көптеген атақты орыс психологтары мен педагогтері негіздеп көрсетіп отыр.
Олар дың қатарына В.В.Давыдов, М.А.Данилов, Н.Г.Дайри
еңбектерін атап қана қоймай, оларды білім беру барысында
басшылыққа алуға тиіспіз.
7-11 жас
арасындағы оқушылардың осы ерекшеліктерін болашақ бастауыш сынып
мұғалімдеріне меңгертетін арнаулы пәндер жалпы
психология, ұстаздар психологиясы және жасерекшеліктер
психологиясы. Бұл пәндерге оқу жоспарында жеткілікті
уақыт бөлініп қана қоймай, сонымен қатар
оқушылар психологиясын талдауға арналған семинарлық
лабараториялық сабақтарға баса назар аударылған.
Себебі, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік
шеберлігінің қалыптасуы балалар психологиясын жете білумен тікелей
байланысты. Келешекте мұғалім болаатын маманның бала
табиғатын, оның даму, қабылдау және ойлау
ерекшеліктерін [көрнекілік негізінде қабылдау және
нақты ой басым] толық
білуге тиістігін кезінде Н.К.Крупская да айтқан болатын .
М.М.Мұқановтың
пікірінше оқушының оқу әрекеті бұрын білетін
ережелерді, не түсініктерді белгілі бір мәселені шешу үстінде
қолдана білуіне негізделеді. Осылайша бұрын алған білімін Іс
жүзінде қолдану үшін оқушының ұғымды
қабылдауы тиянақты болуы керек. Бастауыш сынып
оқушыларының таным процесі қабылдау, зейін, жад пен ес,
қиял, ойлану негізінде жүзеге асады. Бастауыш сынып
оқушыларының қабылдауы біраз дамыған, едәуір
қалыптасқан болып
көзбен көргенді жедел қабылдап, естігенді тез
ұғынады. Сондықтан да, оларда көрнекі,бейнелі
қабылдау басым келеді. Олар көбіне не қызықтырса, не
қажет болса, соны жақсы қабылдайды. Бірақ
оқушының кез келген нәрсені тиянақты қабылдауы
үшін жәрдем керек. ²Мұғалім
бір нәрсені балаға көрсеткенде, сол нәрсенің
нендей қасиетіне мән беруді айтып, қандай жағына назар
аудару керектігін ескертіп
отырады².
Бастауыш
сынып оқушыларының жоғарыда көрсетілген психологиялық
ерекшеліктерінен осы сыныптарға сабақ беруге
бағытталған маман дайындаудың күрделілігі мен
жауапкершілікті туындатады. Мұнымен қатар, бастауыш сынып
мұғалімі оқушылардың мақсат-мүделеріне
және мүмкіндіктеріне сай оқу нәтижелерін бірнеше
деңгейде жоспарлай білуі қажет. Мүндай деңгейлерді
қазіргі таңдағы зерттеу нәтижелері негізінде үш
топқа бөлініп отырғанын көреміз. Ол деңгейлер
міндетті, ілгеріленген, тереңдетілген деңгейлер. Берілетін білім
мазмұны бағдарлама талаптарын орындауды қамтамасыз еткен жағдайда
міндетті деңгей жүзеге асса, оның мазмұнын
қазіргі таң талаптарына негіздеп, оқушының
ізденушілігіне сүйеніп, оларды шығармашылыққа
жетелейтіндей біліммен қамтамасыз ететін жағдайда ілгерілеген,
тереңдетілген, яғный мүмкін деңгейге жетуге болады. Кез
келген оқушыда мүмкін деңгей бар, бірақ сол
деңгейдің болмысын ашу мұғалімнің шеберлігін,
білімділігін, оқушы психологиясын жете меңгеруін керек етеді.
Сондықтан да, жоғары білімді бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындауға арналған оқу жоспарына
жалпы педагогика пәні еніп қоймай, бастауыш мектеп педагогикасы,
дидактика, педагогикалық шеберлік, шағын жинақталған
мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі де қамтылып отыр. Оқу
жоспары мен оқу бағдарламаларының мұндай мазмұнды
қамтуы, болашақ бастауыш сынып оқытушыларын
педагогикалық ғылымның сан-саласынан қабардар,
әмбебап білім иесі, әдістемелік, психологиялық
тұрғыдан қалыптасқан қазіргі заман талабына сай
маман етіп дайындау мақсатынан туып отыр.
Бастауыш
сынып мұғалімдерінің әмбебап білім иесі болу керек
деген пікіріміздің дәлелі – адам өмірінің бүкіл
алдағы кезеңдеріне білім жағынан да, мінез
құлық ұйытқысының қалыптасуы
тұрғысынан да негіз боларлықтай іргетасы оқушылар
бойында осы бастауыш сыныптан бастап қаланады. Оны мықты етіп
қалау мен негіздеу, саналы, білімді, жан-жақты дамыған,
қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез икемделегіш,
кәсіби шеберлігі қалыптасқан, оқушылардың
психологиялық ерекшелігін жете білетін
маманның ғана қолынан келеді.
Бастауыш
сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігін
қалыптастырудың күрделілігі мен өзіндік тағы бір
ерекшелігі- білім беру жүйесінің бастауыш буынының көп
пәнділігінен туындайды. Егер, жоғары сынып мұғалімдері
мектеп қабырғасында бір, не екі ғана пәннен дәріс
беруге дайындалатын болса, бастауыш сынып мұғалімі мектепте сегіз,
не он пәннен дәріс беруге дайын болады. Бір пәннен білім
берудің өзі сан-салалы дайындықты керек етсе [тәрбиелей
отырып оқыту, дамыту, шығармашылыққа баулу т.б.], ал,
бастауыш сынып мұғалімі мазмұны жағынан да,
мақсаты жағынан да әр түрлі және оқыту
әдістері мен оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыс
жүйелері де сан-алуан пәндерден білім береді. Сонымен қатар,
әр пәннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық
мақсаттарын саралай білу шеберліктерін көрсетуге тиіс.
Бастауыш
сыныптарда оқытылатын пәндерді мазмұн ерекшеліктеріне
қарай гуманитарлық, биологиялық, матиматакалық
және өнер топтарына бөлуге болады. Гуманитарлық
пәндерге енетін ана тілі, қазақ тілі, тіл дамыту сияқты
пәндер мұғалімнің оқушылармен эмоцианалдық
тұрғыдан қарым-қатысқа түсуін,
олардың тек тілдік, не әдеби мазмұны мен мағанасын
талдап қана қоймай, эстетикалық, этикалық, ой
дамытушылық, қиял өрбітушілік жақтарын ашуды
көздейді. Ал, матиматика, дүниетану пәндері ғылыми
ұғымды талдау, табиғый заңдылықтарды
ұғындыру, экологиялық білім беру, табиғат
құбылыстарының ерекшеліктерін және олардың
бір-бірімен байланысын дәлелдеуге үйрету, табиғат,
қоғам, адам арасындағы сабақтастықтарды
түсіндіру сияқты күрделі мәселелерді меңгертуге
бағытталады. Бұл пәндерді оқытып, олардың
мазмұнын меңгерту барысында
кейін жоғары сыныптарда өтілетін жануартану, өсімдіктану,
химия, физика, матиматика ғылымдарының негізі қаланады.
Бастауыш
сынып мұғалімі оқытудың әдіс-тәсілдерін
меңгерумен бірге шебер, икемді, үнемшіл, эстетикалық
талғамы жоғары болатындай тұрғыда дайындалады. Себебі,
бастауыш сыныпта жеке пән ретінде жүргізілетін еңбек
және бейнелеу өнері пәндері мұғалімнен осы жоғарыда
айтылған біліктіліктерді талап етеді. Әсіресе, бейнелеу
өнерін кез келген басқа пәндермен кіріктіре оқытуы
арқылы мұғалім оқушылардың дамуына ғана
әсер етіп қоймай, оның өткен материялдарды есінде
тиянақты сақтауына жағдай жасайды. Бастауыш сынып
оқушылары нақты ойдан біртіндеп заттың басты қасиетін
көзіне елестете отырып ойлануға көше бастайды. Осы
тұста бейнелеу өнерінің маңызы күшейеді.
Сөйтіп, оқушылар бойындағы есте сақтау сияқты
психологиялық процесті дамытуға мүмкіндік туады.
Мамандар жетіспейтін ауылды
жерлердегі шағын жинақталған мектептерде тіпті, орыс тілі мен
музыканы да негізгі мұғалімнің өзі беретінінің
куәсі болғанбыз. Кейде осының бәрімен қоса дене
тәрбиесін де бастауыш сынып мұғалімнің өзі
жүргізеді. Осы келтірілген
деректерден-ақ, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
кәсіптік шеберлікке дайындаудың қаншалықты жауапты да,
күрделі де екенін байқауға болады.
Бастауыш
сыныптарда сабақ берудің, тәрбие жұмысын
жүргізудің теориялық және әдістемелік
мәселелерін меңгеру жан-жақты дайындықты керек ететінін
өз кезінде мектеп ашып, ол мектептерде білім беру жүйесін
жолға қоюмен айналысып, қазақ халқының
білімі, мәдениеті, сана-сезімінің көтерілуіне жол
салған Ы.Алтынсарин да айтып кеткені белгілі. Сол атақты педагог
бастауыш мектепте сабақ беруге кез келген мұғалімнің
күш-жігері, кәсіби ыңғайы келе бермейтінін айта келіп, ²Өйткені бұратана елдерінің балаларын,
белгілі бір бағыт нұсқау алмай-ақ, өз беттерімен
оқыта беру оқытушылардың бәрінің бірдей
қолынан келе бермейді²-дейді .
Педагогикалық
институттың бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға
арналған оқу жоспары мен бағдарлама мазмұны маман
дайындаудың жоғары деңгейде жүзеге асырылуын
қарастырды және талап етеді. Сондықтан да, әрбір жеке
пәндердің теориялық және әдістемелік негіздері
жоспарға қатар енген. Білім беруге арналған оқу
жоспарының бұл құрылымы әр пән бойынша
семинарлық, практикалық, лабараториялық сабақтар ұйымдастырып,
болашақ мамандарды аудиторияда институт қабырғасында
педагогикалық практикаға шықпас бұрын-ақ,
алдынала дайындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың
негізгі бір мақсаты студенттерді
педагогикалық практикаға алдынала дайындаудың
жүйесін, мазмұнын, әдістемесін негіздеу. Осыған дейінгі
жарық көрген еңбектердің бәрінде дерлік,
педагогикалық практикаға дайындықтың керектігін
сөз еткенмен, қандай дайындықтарды айтатыны белгісіз болып
қала береді. В.А.Сластенин педагогикалық практикаға дейін
студенттердің педагогикалық ойының дамуына мән беру
керек десе, М.И.Лукьянова кәсіби
бағдар қалыптасу үшін алдымен педагогикалық
құзырлығы басым болуы
шарт деген пікір айтады. Қалай болғанда да, педагогикалық
практикаға шықпас бұрын алдынала дайындаудың өте
тиімділігіне жүргізілген эксперименттік жұмыстар кезінде
көзіміз жетті. Әсіресе, студенттердің түрлі сабақ
типтерін ұйымдастыру барысындағы жасайтын өзіндік
жұмыстары, курстық тақырыптарды орындау барысындағы ізденушілік
әрекеттері олардың кәсіптік бағдарын нығайта
түсудің кепілі бола алатындығын айқындады.
Студенттердің сабақ
барысындағы және сабақтан тыс жұмыстарының
мазмұнын жүйелеп, оны орындаудың түрлері мен
әдістерін анықтап алу арқылы оларды педагогтік мамандыққа
үздіксіз және жүйелі дайындау мақсаты орындалды.
Мұндай жұмыстарды орындау
барысында студенттердің өз мамандығының мәнісін,
маңызын, келешектегі мақсатын түсіну деңгейі дамып,
танымы қалыптасады. Танымның түрі көп екені белгілі.
Ғалымдардың танымы мен студенттердің оқу білім алу
кезінде қалыптасатын танымдарын салыстыруға болмайды. Студенттер
субьективтік жаңаны, ғылым бұрын зерттеп, танып
қойғанды ғана қабылдап, таниды. Ал, ғалымдар
болса, жаңаны іздейді, зерттеу жолында сәтсіздікке кездесуі де
мүмкін. Соның негізінде басқа жол іздестіріп, талай
қиындыққа ұшырайды. Студенттер болса, әбден
байқаудан өткен әдіс-тәсілдерді танып, оның
қолдану ретін іздестіреді. Бірақ, осы ізденістің өзі
олар үшін жаңа танымға жетелеп, жаңа ұғым
береді. Сол жаңалықты меңгеруге жетелейтін, ізденуге жол
сілтейтін, жаңалықтың іс жүзінде қолданылу ретін
көрсететін жоғары оқу орнының мұғалімі.
Сондықтан да, студенттерге берілетін кәсіптік шеберлік үнемі
олардың таным процесін дұрыс үйымдастырып, іс жүзінде
ізденушіліктерін тудырып отыру арқылы жүзеге асады. Мұны
жоғары оқу орының оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда ескерген жөн деп санаймыз.