едагогические науки/3. Методические основы воспитательного про­цесса

 

Шаймаганбетова А.Х., Байменова К.С.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан, Қостанай

Этнопедагогикада-әдептілік негізгі тәрбие

         

            Қазақстанда қыз балаларға білім берудің негізін қалаған Ы.Алтынсарин. Балаға жас күніннен  түзү тәрбие беру, оның болашақ өміріне керек: «Баланы дүрыс күт, түзү тәрбиеле, қысығын түзе, адасса айқын жолға сал» деді Ыбырай Алтынсарин. « Бақша ағаштары»атты әңгімесінде, яғни тәрбиенің үлкен рөлі атқаратының көрсеткен. Қазақ қызының әдептілігі этнопедагогикада басты мәселенің бірі.Ана тілі мен қазақ қызы. Осы екі сөз бір бірімен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелі ұғым тәрізді көрінеді. Анғарғанға ананың ақ сүті мен аялы алақанысыз ана тілінінің қанат жаюы мүмкін бе. Рүхани тарихымыздың тарғыл беттерін парактасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі түралы толғанбаған тұлгалар сирек екен.Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейрімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған.  «Қыз өріс, ұл қоныс» деп білгендіктен қазақ өрісін кенейтер қыз балаға айрықша көніл бөлген.

«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып қыз балаға қырық үйден тыйм жасайды. Қыздың әдепті тәрбиеленуінде женгенің ықпалы зор«Қызы бар үйдін женгесі сүйкімді келеді», өйткені әке шеше айта алмайтын сырды женге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді.  Ата ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазақ қызды бетімен де жібермейді, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудікі» деп қыз тәрбиесіне мейлінше сақ қарайды. Айта келгенде қыз бала тәрбиесінде әйел-аналардың    орны айрықша. Барлық ізгілік, мейрім, шапағат адам баласының бойына ана сүтімен дарыса керек. Әрбір ана бойндағы тағдыр берген бар асылын тоғыз ай толғатқан перзентінен аямаған. Әйел ана, әйел жар, әйел батыр, әйел сұлү... ұлы қазақ ұлтының тарихы тілінен май тамған шешен ақындармен, жауға тап берген көкіректі батырларымен ғана бай емес, атадан балаға мұра болып келе жатқан, ақылды да парасатты, ержүрек қыздары түралы аныздарға да бай Мысалы,Томирис ( Тұмарша) ханшайымның анызға айналған откірлігі. Домалақ ананың озбырлыққа қарсы түрып, адамгершілікті жақтауы, халық тарапынан қолдау тапқан. Баршаға жасаған жақсылықтары үшін, халық оңы, Домалақ ана деп кеткен. Сондай –ақ халқын өнерімен, әйелге тән назік қылығын сүйсіндіре білген атақты әнші Майраның, қазақ халқының дәстүрін қүрметтеп, қазақты сүйген Мариям Жагоркызының әңге арқау болған ғашықтық сезімі, әдептілігі этнопедагогиканың нысаны болумен қатар, бүгінгі қыздарымызға үлгі ретінде үсынылыды.

          Дана халқымыз қыз тәрбиесіне сонау ерте заманнан бастап ерекше мән берген. Қызды елдің көркі деп үкілеп еркелетіп өсірген. Ұлттың өркендеуін ойлаған ата бабаларымыз қыз баланы тәрбиелеу ісінде ешқашан уақытпен санаспаған. Әлі күнге дейін қыз бала отырған жерге ер адам баса көктеп кірмейді, алдымен рұқсат сұрайды. Қыздың көзінше бейсауыт дөрекі сөздер атымен айтылмаған. Дала мінезді періште пейіл халқымыз ар ұят, абырой мәселесіне қатты көңіл бөлген.   Біздің қазақ халқына табиғилық сезім тән. Табиғат тылсымына ерекше қүрметпен қараған қазақ әйелдері табиғи сұлүлықты қыздардың бойына дарытуға тырысқан. Аққудың адалдығы, гүлдердің нәзіктігі, тау бұлағының күміс сыңғыры,еліктің еркелігі мен даланың даналығы қазақ қызының бойынан табылатыны сондықтан. Әр қазақ нәзік жандарға ерекше құрмет пен қөшемет көрсеткен. Әр қазақ ауылының өз Қыз Жібегі, Баян сұлуы болған. Кенпейіл халық қыздарының атын атамай « еркем», « айнам», « ботам» деп атап,олардың еркін әрі жайдары болып өсуін мерей тұтқан. Бала десе бауыр еті өбектейтін халықпыз әсіресе қыз баласына жекіп, дауыс көтерген емес. Содан да қыздар бұла, ерке боп өскен. Қыздың жатжұрттық боп жаратылатынын ескерген сұнғыла халық кыз бала есейгенше оның көніл-күйіне кірбің түсірмей, эмоциялық-психикалық қабілеттердің мейлінше дұрыс зор ыкпал жасаған. Барлық әдемі қылықтарды қыз бойына дарытуды көздеген. Нәтижесінде біздің қыздар сыпайы, инабатты болып келеді. Баланың ақыл-есін дамыту үшін оларға ауыз әдебиетін жаттатқызып, мидың жетілуін дамытатын ойындар ойнатып, аныз ертегілермен сусындатқан. Жылдың төрт мезгілінде табиғат аясында болғандықтан, қыз бала дала мінезін жете меңгеретін болған. Қазақ қыздары терең ойлы, әсіресе сыршыл, құбылмалы қылықты болады. Өзге ұлттардан бөлектеніп тұратын қазақ қызының ұяндығы оны бөтен қылықтардан қорғап тұратын пердесі іспеттес. Үлкендердің бетіне тіктеп қарамайтын, ешкімнің жолын көлденеңдеп кеспейтін қыз өзінің ұяңдығы арқасында әрқашан жаман әдеттерден қорганып жүреді. Қыздар өзін өзі тәрбиелеуге саналы түрде үмтылады. Дарынды педагог К.Д. Ушинскийдің өзін- өзі тәрбиелеу ережесінде:

1.Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт қөзге.

2. Әрекетті жан жақты ойластыру.

3. Батылдылық.

4.Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

5.Санасыз уақыт өткізбеу,  көнілге үнамсыз іспен  айналысу.

6. Әуесқойлық, қүмарлыққа емес қажеттілікке немесе сүйсініске шығындану.

7.Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.

8. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Қазақ халқының, оның ішінде әйел-қыздарының табиғи ерекшелігін мінез-қылықтарындағы, нәзіктілік сияқты сезім иірімдерін корсететін қүралдардың бірі ұлттық киімде. Қазақтың киім кию дәстүрі бүгінде әлем  халықтарының таң қалдырып жүрген құбылыстын бірі. Киім кию мәдениеті кез келген ұлттын ішкі психологиясының айкын көрсеткіш іспеттес. Қазақ ұлтының ерекшелігі сол, оның әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, наным-сенімі, сондай ақ әлеуметтік-түрмыстық болмысының өзі түнәп тұрған философия. Даналықты қасиеттеу, қасиетті қадірлеу, сұлүлықты ұлықтау сонау ата-бабадан мирас қылып келе жатқан моральдық ұстанымыз. Даналық-сұлүлықтын, кендіктін, ішкі түйсік өресі мен ақыл-ой терендігі өлшемінің символикалық белгісі. Киім кию үрдісі тәлім-тәрбие негізімен тығыз байланысты. Қазақ халқы әйел затының киім-кешегіне ерекше мән берген. Нәзік жандарға арналып тігілген киімдердің барлығы етек-жеңі мол, ұзын, төгілмелі болып келеді. Бұл әлбетте, ұлттық мінез-құлқымыздың кең пейілділігі мен жан дүниеміздің дархандылығын көрсетсе керек. Қазақ қыз-келіншектері киімінің негізгі ерекшелігі-дене бітімі толық жауып тұратындығында. Әйелдер киімі, әсіресе бас киімі оның жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты өзгеріп отырған. Бүрмелі көйлек етегінің ұзындығы ибалықты білдірсе, кимешек –көшпелі халықтың шанырақ шырайлыларын желдің өтінен, күннің ыстығынан, қыстың  ызғарынқорғаған. Ата-бабаларымыз қыздарын киіндіргенде, ақ түске ерекше мән беріп отырған. Бұл- бір жағынан, ниет тазалығын білдірсе, екінші жағынаң, ақ түстің днесаулықты қорғай алатын ерекше қасиетін ескергені. Дүние есігін ашқан нәрестеге, әлбетте, иткөйлек кигізген. Есі кіріп қалған қыз балаларға тізесін толық жауып түратын көйлек кигізіп, бастарына сәнді тақия кигізген. Тұлымшағын өріп қойган. Қазақ барлық қолөнерлік шеберлігін бойжеткендер киіміне жұмсаған.  Қыз балаға айрықша құрмет көрсеткен дана халқымыз, қыздары сұлу болуы үшін оларға жіліктің майын беріп отырған.  Бойжеткендер жаздыгүні жұқа матадан тігілген өрнекті тақия кисе, қыста құндыз бөрік киген. Сәукелелі арулар барынша сәнді киініп жүруге тырысқан. Қыздардың киімдері қыз дүниенің қүлпырған қызғалдақ өмірін мәңгілік есте қалдырардай аса шеберлікпен, әсемдік ұқыптылықпен тігілген. Әсірісе, қынама бел қызыл камзол жас арудың құлын мүшесін кқрер кқзге ерекше тартымды етіп көрсетеді. Қыздың киімі ою-қрнектің сан түрімен әшекейленіп түсті әшекей гауһар, жақұт тастармен көмкеріліп отырған. Көбінесе, айшықты, жұлдызды өрнектер оюланып, жұлдызы солынан шыгып, айы оңынан тусын деген ізгі ниет киім үлгісінде жарасымдық тапқан. Әр киім талғамына сай сырға, білезік, алқа, шашбау сияқты әшекей бұйымдар бойжеткенді ерекше сұлуландырып жіберетін. Бұрымын әсемдеп өріп қойып, шолпысын сыңғырлатып келе жатқан уылжыған ару жан, қазақ табиғатының шыркау шегі десе де болады. Қазақ қызы шаш күтіміне ерекше назар аударып, күтіп, шаш әдемілігіне аса құрметпен қараған. Бойжеткен-қыз кезінде басына ақ жаулық, қара орамал тарпайды. Себебі, ақ жаулық тұрмысқа шығу белгісі болса, қара орамал жесір қалуды білдіреді.   Бойжеткен, өзге шанырақтың босағасын аттаған соң, оған ақ жаулық салып, еншілейді.Келіншек үй тірлігін атқарғанда, шашы кедергі келтірмес үшін, тамақ пісіргенде басына орамал тартқан. Салт бойынша, балалы болғаннан кейін әйелдер кимешек киген. Кимешек кию-ана болғаның белгісі. Кимешек- кеуде, иық,жонды жауып тұрады. Әйел затының бет әлпеті ғана көрінетін киім киюдің мәнісі де өте зор. Әйел жаланбас отырып бала емізсе, шайтан түртіп, қайызғақ баланың аузына түсіп кетеді деп ырымдаған. Жас келіншектер кимешектерін ою-өрнектермен әшекейлеп, үй тірлігі мен қонаққа барарда киетін кимешектерін бөлек киген. Әйел жесір қалған жағдайда кимешектің моншақ,өрнектерін алып тастайтын болған. Әйел егде тартқан сайын, оның киімі де кеңге көсіліп, қарапаымдана берген.

        Кимешек көшпелі өмірге бейімделіп тігілгендіктен, әйелдің денесін таза, әрі жылы ұстауға лаықты болған. Кимешектің үстінен жаулық тартылған. Қазақтың ұлттық, киімдері халқымыздың эстетикалық талғамының жоғары денгейде екенін көрсететің. Шілдехана-нәрестенің дүниеге келу күрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерінің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Бұл салтты еліміздің кей жерлерінде «шілделік» деп те атайды. Шілдехананың көне атауы « шілде күзет» болған. Мағынасы: туырганнан кеінгі қырық күндік күзет( анасы мен баласын жын-шайтандардан 40 күн бойына, яғни қырқына дейін күзету). Халықтың ескісеніміңінде туған нәрестені жалғыз қалдырса, әр түрлі « перілердің» салкыны соғуы мүмкін. Сондықтан да, одан оны қорғау үшін сәби дүниеге келген күні кешкілік ауыл жастары шілдеханаға жиналып, ән айтып, күй тартады. Қыз- келіншектер мен бозбалар айтысып, женгендері тоғызын алып, әр түрлі ойындар өткізіледі. Кейде шілдехана үш күнге созылады. Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді. Баланың анасына түған туыстар ерекше күтіммен қарайды. Шілдехана тойында жаңа босанган әйел үшін қалжаға соылған малдың еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі мойын омыртқаны қолына алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіріп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қояды. Мұнысы-баланың мойыны тез бекісін деген ырым. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл бала дүниеге келуін «ұл туғанға күн туған», қызбаланың дүниеге келуін «қыз туғанға ай туады» деп ерекше бақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шанырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Қазақ халқында ұл бала туылса да, қыз бала туылса да жақын туыстарына хабарлап, сүйнші сұраған.   Бала дамуына ықпал ету. Бір екі жастағы баланың ерте дамуына ата-ананың көмегі ауадай қажет. Баланың жан-жақты жетілуіне көп көңіл бөлінуі керек. Сабидің қалыпты дамуы-физиологиялық, психикалық саулығының кепілі. Баланың өсуі түрлі даму кезеңдерінен тұрады. Оны тәрбиелеуде даму кезеңдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бар жағдайды жасай білу-баланыздың қалыпты дамуына оң әсерін береді. Бір мен екі жас аралығындағы баланың ой-өрісі саусағының ұшымен әр затты ұстап көруі арқылы жетіледі.Түрлі заттарды ұстау аркылы олардың түр сипатын, ыстық-суығын, түрлі қалпын анықтай түседі. Бұл жас шамасында ойыншық түрлерімен ойнатудың маңызы зор.  Оның тындау, есту қабілетін жақсарту үшін әуен тындап, ән айтып беріп немесе дыбысы бар ойыншықтардың түрлі дыбысын естіртіңіз. Әуен еститін болса, әуенді де жиі өзгертіңіз. Жазуға беймділігін білдірсе, қарындаш, маркер беріп, қағазға сурет салып көрсетсеніз, ол өзі салуға тырысады.   Қағазға түсірген әр шимайын көріп, ол қуанары сөзсіз. Ондайда оған қолдау көрсетіп, мақтай түсініз.  Кейбір алғыр балалар нақты сөздермен сөйлеп кетуі де мүмкін. Оларды қыз балаңызбен салыстырып, уайымға берілудің еш кажаті жоқ. Балалардың даму деңгейі әрқилы болатынын ескеріңіз. Буындап сөйлей бастаған балаға толық сөзді айтып, қайталатып үйрете бастаңыз. Отбасында бауырлары бар балаларға сөйлеуде көп жаттығудың кажеті жоқ. Олар өзгелерге қарағанда ерте сөйлеп кетіп жатады. Ал үлкендердің ортасында өсіп келе жатқан балаларға ата-ананың айрықша көмегі керек. Туғаннан қасында анасы болатындықтан бала әрдайым оның жанында болуды қалайды. Ол анасы жанында болса; өзін қауыпсіздікте сезінеді. Сол себепті де анасынан бір сәт алыстағысы келмейді. Баланың кез келген ортада өзін еркін сезініп, қалыпты жағдайда ұстауы үшін оған ғана емес, өзге отбасы мүшелерінің де ыстық ықыласы мен мейірімі кажет. Бір жарым жас- баланың коршаған ортаны танып-білуге қүмар кезені болғандықтан, ол әр нәрсені ұстауға ұмтылады. Бұл кезеңде балалар әр қимыл қозғалысты бақылап қана қоймай, көп нәрсені бүлдіріп, сындырады. Ондайда балаға ұрысып, дауыс көтеруге болмайды.

Айналасын жаңадан танып-біліп бастағанда ұрыс естіп, таяқ жеп, айқай-шудың ортасында болу, оның психикасының дамуына кері ісер тигізеді. Оған әрдайым мейріммен қарап жылы сөйлеуге дағдыланыңыз. Кішкентай деп қарамай , осы жастан әр нәрсені түсіндіруді қолға алыныз. Ол затты өзі ұстауға болатын, не болмай тынын ұғына бастау керек. Егер қандай да бір затты ұстағалы жатса, «алма», деп жекіргеннен  « балам болмайды» мейрімді сөздермен сөйлесеніз,оған қабылдау женіл болады. Ұстауға болатын затты ұстатып, болмайтынын жаман немесе болмайды деп қолмен итеріп көрсету керек. Тәртіп-белгілі бір ортадағы жүйге немесе қалыпқа бейімделу. Адамның жасағысы келген қалауы мен тілегін орындау үшін өзін-өзі қадағалап, өзгелердің құқығымен және көніл-күйімен санасу. Баланы тәртіпке баулуға бір жарым немесе екі жас ерте демеңіз. Ерте егіліп, жақсы бапталған егіннің түсімі мол болатыны секілді кішкентайынан тәртіпке дағдыланған баланың тәрбиесі де берік болады.

 Ата-ана тарапынан болатын рұқсат бермеу, шектеу, өкпелеу т.б. әрекеттер де жазалау әдісіне жатады. Халқымызда « Баласын мақтар-бас жаман» десе де, баланы мақтағанның жағымды жақтары көп. Балаларды жиі мақтаса, бала өзін тым ерекше сезініп, өзімшіл боп кетуі ғажап емес. Ал кейде тіпті керісінше, оның істеген істеріне, талаптарына мән бермей қою және немқұрайды қарау баланың бүкіл еңбегін, кұштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Шамадан көп орынсыз мақтау баланың санасына жағымсыз әсер етуі ықтимал. Жазалау-тәрбиенің тиімді әдістерінің бірі. Бірақ оны тиімді деп үнемі қолдану-қате. Ата-аналарға ескерте отырып жазалау деген тек таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан болатын рұқсат бермеу, шектеу, өкпелеу, тағы басқа әрекеттер де жазалау әдісіне жатады. Баланы жиі мактаса, бала өзін ерекше сезініп, өзімшіл болады, кейде оның істеген істеріне, мән бермеә қою жіне немкұрайды қарау баланың бүкіл енбегін, қүштарлығын жойып жіберуі мүмкін.  Баланың өзіндік бағасын төмендетпей, өзіне сенімділігін күшейту үшін, қабілетің дамыту үшін мақтау қажет. Мақтау шынайы болуы манызды. Сонда ол дүрыс нәтиже береді. Қазіргі заманғы отбасындағы ата-аналар бала тәрбиелеу ісінде қателікке бой алдырып жатыр. Себебі, ата-ананың барлығы жақсы тәрбиеші емес, сондықтан баланың тәрбиесін аса маңызды санамауы да мүмкін. Ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесін тек оның физиологиялық және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеледі. Бала тәрбиесі- күрделі де ұзақ процесс. Қиындығының өзі сонда, бірден нәтиже  бермейді. Кателіктер көп жағдайда баланың әрекеті теріс болса да оның сөзін жақтауда, мектептен тыс уақыттағы әрекеттерін қадағаламауда, баланың бос кезінде немен шұғылданатының білмеуде. Жас ата-ана өздерің әлеуметтік рөлін менғеру барысында тәжірибесіздікке бой алдырып, қателіктер жіберуі мүмкін. Бала тәрбиесі-ортақ қоғамдық мәселе. Оның шығармашылығының ең бастапқы, түбегейлі ерекшелігі-педагогикалық ғибраттық сипатында.

Әдебиеттер:

1.     Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы – А.,2001.

2.     С.Калиев. Үлгі үйдің ұл-қызы – А., 2000.

3.     С. Ұзакбаев. Тамыры терең тәрбие – А.,1995

4.     С. Калиев, Оразаев М, Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

        

ЭТНОПЕДАГОГИКАДА-ӘДЕПТІЛІК НЕГІЗГІ ТӘРБИЕ

ЭТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ В ЭТНОПЕДАГОГИКЕ

ETHIC BASES OF EDUCATION ARE IN EHTNOPEDAGOGICS

 

АННОТАЦИЯ

В статье рассматривается воспитание детей и девочек в казахском обществе. Воспитание передается из поколения в поколение. Главное внимание уделено этике поведения девочек. Приведены примеры из литературы казахского народа.

 

ABSTRACT

In the article education of children and girls is examined in Kazakh society. Education is passed from a generation in a generation. Main attention is spared to ethics of behavior of girls. Examples are made from literature of the Kazakh people.

 

Ключевые слова: этика, воспитание, самовоспитание, народная  педагогика, обычай, дисциплина.

 

Keywords: ethics, education, self-education, folk  pedagogics, custom, discipline.