ӘЖК 37.01 (1-11) : 378
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ
ТӘЛІМ –ТӘРБИЕЛІК ИДЕАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
магистр-оқытушы
Нұргүл Жалелатдинқызы Дүйсекеева
магистр-оқытушы
Әсел
Махамбетқызы
Өмірзақова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Әл-Фарабидің философиялық
мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын
жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Әл-Фараби өзі
жаңа замандағы жаңғырған қазақ
мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды.
Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан
ұлттың аса көрнекті философ
тұлғасының, былайша ғажайып түрде
тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік
әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір
ерекше құбылыс. Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ
әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - данышпан, энциклопедист
ғалым. Энциклопедист,
ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі –
ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді.
Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және
күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның
өлеңдерінен үзінділер де сақталған.
Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер
көптеп кездеседі.
Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда
түркі халықтарының орталығы болған Отырар
қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден
шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің
туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның
дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд
Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты
еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты
«Қарышоқы» деп көрсетеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері
қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы
ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз
үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым
академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты
еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған,
ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске
түсініктеме»,
« Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері»,
«Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді
әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін
аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары
Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше
және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков
тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық
университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің
қолжазбалары - өз алдына
бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш
қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің
Отырар кітапханасында сақтаулы.
Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия
мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен
жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын
неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200
трактат деп көрсетеді[1.199с].
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы
Аристотельдің "категориялар", "метафизика",
"Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші
және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4
сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері
күні бүгінге дейін де мәні — маңызын жоғалтқан
жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен
ежелгі мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.
Сондықтан да XI ғасырда өмір
сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-Сина (980—1037)
тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель
еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан
қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған
екен. [2;480с].
Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын
дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғалымдардың
шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі",
"Кемеңгерлік меруеті", "Ізгі қала тұргындарының
көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы",
"Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу
кажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы",
"Әлеуметтік-этникалық трактаттар",
"Философиялық трактаттар", т. б. көптеген
философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның
философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта
қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер
жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика,
психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған
еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа
неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке
ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың
мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген
"теорияның" негізсіздігін соғұрлым айқын
көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында
із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер,
шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді.
Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи
тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған
елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің
ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты.
Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр
сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау
жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз
заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала
білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.
Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер
салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы
жоқ деуге болады[3;320с].
Осындай ғылым білім саласындағы
құнды еңбектеріндегі Әл-Фарабидің тәлім тәрбиелік идеяларын және
құнды пікірлерді
тәрбие теориясы, педагогика мамандығына кіріспе,
педагогиканың жалпы негіздері, педагогика тарихы, әлеуметтік
педагогика пәндерінде тиімді пайдаланып құндылығын
дамыту келер ұрпақ бізге тікелей байланысты. Осы ойларымызды дәлелдеу мақсатында төмендегі кестеге назар
аудар
Әл-Фарабидің
тәлім-тәрбиелік идеаларын педагогикалық пәндерді
оқытуда пайдалану жолдары
|
№ |
Пәндердің аттары |
Пән бойынша тақырыптар |
Әл-Фарабидің педагогикалық ой-пікірлері |
Әл-Фарабидің
тәлім-тәрбиелік ойларын Педагогикалық пәндерді
оқытуда пайдалану жолдары |
|
1. |
Педагоги калық мамандыққа кіріспе |
Педагогқа
қойылатын кәсіптік талаптар.Педагогтың адами
қасиеттері |
"Білімді болу
деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға
қабілетті болу деген ұғым","Білім жолына
түскен жан"деген адамның ақыл-ойы айқын,
ерік-жігері.тілек мақсаты ақиқат пен әділдік
үшін талап жолында болуы шарт.Оқыту әдістері: тыңдау
әдісі,түсіндіру әдісі, түсінік беру
әдісі."Ұстаз өз шәкіртінен адалдық,
сыпайылық,ізгілік,әділдік сияқты қасиеттерді
көргісі келсе,оның өзінде
осы аталғандар болуы шарт. "Ұстаз өткір
сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін анық бере алуы шарт"
жаратылысынан игі істерге ынтызар. |
Еңбек,экологиялық
тәрбие. |
|
Отбасы тәрбиесі |
||||
|
2 |
Педагогиканың жалпы негіздері |
«Оқыту
әдістері»; оқыту
қағидалары, өзін-өзі
тәрбиелеу,адамгершілік тәрбиесі;Білім берудің
тәрбиелік қызметі, «Азаматтық
тәрбие», «Ақыл-ой
тәрбиесі», «Эстетикалық
тәрбие», «Еңбек, экологиялық тәрбие»,
«Экологиялық тәрбие» |
"Бір
нәрсені, яки жаңалыққа
талпын"."Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі тиіс,ал тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас
жауы, ол адам өміріне апат әкеледі". "Тәрбиелеу
дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық
ізгіліктер мен өнерлерді дарыту
деген сөз". "Ұстаздық
еткен адамның оқыту
әдісі тым қатаң болса, онда оқушылар" |
Құқықтық
тәрбие,саяси –қоғамдық көзқараста. |
|
Оқыту мазмұны, әдістер,принциптері, білім мазмұны. |
||||
|
Ақыл-ой тәрбиесі |
||||
|
3 |
Педагогика тарихы |
Педагогика тарихының мақсат,
міндеттері.Педагогиканың даму диалектикасы.Ұлы
ғалымдардың педагогикалық көзқарастары |
"Ақылды адам ғана жаңа білімдерді
меңгереді, ол өзінен бұрынғы
ұрпақтардың тәжірибесін қабылдай алады және қолдана алады".
"Адам алдымен жаратушыны
мойындау, аспан әлемінің және басқалардың
жандүниесін түсіну,
мемлекеттік және саясат ғылымдарын меңгеруі тиіс"
"Әртүрлі қоғамда, адам баласы
дамуының әрбір тарихи
кезеңдерінде-ғалымдар, философтар, тарихшылар,педагогтар білімді
адамдардың обьективті
өмір |
Адамгершілік-имандылық тәрбиесі. |
|
Әстетикалық тәрбие |
||||
|
4. |
Әлеуметтік педагогика |
Ұстаздың қоғамдағы алатын орны.Бала
тәрбиесіндегі қоғамдық ортаның
ролі.Қоғамдық тәрбие. |
"Ұстаз баланы тәрбиелесе,қала басшысы барша
халықты тәрбиелейді ".Олай болса мұның екеуі де "Сегіз қырлы ,бір
сырлы"халыққа қай жағынан болса да үлгілі
адамдар болуы тиіс. Бүкіл қоғамды
"Ұлы","Орташа",және "кіші"деп
үшке бөлген. "Кіші қоғамда ол жетілген адамның бірінші басқышы, онда тәрбие
мен білім беру жүйесі адамды жан-жақты жетілдіру және
оның адамгершілігін қалыптастыру ". "Тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін
қалыптастыру" |
Азаматтық, патриоттық тәрбие |
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Ауэзов М.М. Возрождение учителя: о
жизни и творчестве Фараби. –Алма-Ата, Жазушы, 1975. –199с
2.
Әбиев Ж. Педагогика тарихы:
Оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2006.- 480 б
3.
Табылдиев Ә. Қазақ
этнопедагогикасы (Оқу құралы). Алматы: «Санат», 2001. –320
бет.
Резюме
В статье исследованы
возможности использования
педагогических идей великого ученого
Әль-Фараби в процессе изучения
педагогических дисциплин в
условиях университетского образования.
В работе указаные конкретные путы
применения идей великого ученого Әль-Фараби в изучении
педагогических дисциплины.
SUMMARY
The article deals with the
research of possibility of using pedogogical ideas of the well – known scholar
Al – Farabi in the process of studying pedogogical disciplines in terms of the
Higher Education. The ideas of the well – known scholar Al – Farabi in studying
pedagogical disciplines are given in the article.