Қазақстан суретшілер туындыларындағы ұлттық болмыстың тәрбиелік мәні

     

Мусабаев Бекзат Найзабекұлы -Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Магистратура және PhD докторантура  институтының  6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1 курс магистранты. Алматы қ-сы.

 

       Адамзатты асыл қасиетке тәрбиелеп өз отанын қадір- қасиетін құрметтеуде, рухани байлығымыздың берері мол. Өз егемендігімізді алып, тәуелсіз мемлекетке айналып, болашақа нық қадам басып, еліміздің өркендеуіне халқымыздың мәдениетінің шынайы рухани бағалы қазыналарымызды  ашып көрсетуге және оны тереңірек зерттеуге негіз қаланды. Елімізде ғылым білімнің, мәдениет саласындағы осы көне мәдениетімізге тереңірек зерттеп үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау, оны бүгінгі жас ұрпақтың рухани тәрбие алуына  өз қажеттілігіне айналдыру қазіргі таңда қоғамымыздың өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазақстан Републикасы «Білім туралы» заңы, Қазіргі таңда жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде  кәсіби білім мен тәрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі және білім беруде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында: “... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру” – деп көрсетілген [1],

        Казақ бейнелеу өнepi негізінде революциядан кейін, мөлшермен 1925-1935 жылдары калыптаса бастады. Осы кезенде бұрыннан қазақ елеліне ciнiciп, шабыттана жұмы істеп жњрген Н.Г.Хлудов және басқа орыс cypeтшішілері Н.И.Крутильников (1896-1961), Г.А.Брюлов (1898-1945) т.б. тњрлі көркемсурет студияларын ашып, жас суретшілерді дайындауда жемісті енбек eттi. [2-244 б ]

         Елімізде Еуропада дамыған бейнелеу өнерінің түрлері- кескіндеме, графика, мүсін өнері және тағы да басқа өнер түрлері дамыған десек, ал бұл өнер түрлерінің елімізде 1920 жылдан бастап кәсіби тұрғыда дамыды. Осы   кездерден бастап қазақ жерінде, қалаларында көркемөнер студиялары құрылып, мемлекеттерден келген майталман кәсіби суретшілердің көрмелері қойыла  бастады. Осы уақыттардан бастап елімізде кәсіби бейнелеу өнері біртін келе даму үстінде. Күні бүгін де қазақ жерінде бейнелеу өнерін дамуына үлкен септігін тигізген, ұлттық   көркем  дүниелерді қыл қаламмен   шебер бейнелеген, қазақ суретшілер туындыларындағы ұлттық болмыстың, мазмұнға толы талай толғамды көркем дүниелерді суреттеген.    Қазақ суретшілерінің ішінде ұлттық болмысымызда рухани байлығымызды бейнелеген Ә.Қастеев қана емес, басқа да суретшілер болды. Олар: тағы басқа суретшілердің шығармаларында ұлттық сана сезімге патриотизмге халықтық әдет-ғұрыпқа құрылған кең диапозонды туындыларды жарыққа шығарды. Шығамаларында отандық өнертану аясында ұлттық дүниетанымдары өте бай болғанын айта кету қажет. Суретші ағаларымыздың  алған көркем кәсіби білімдерінде,салған туындыларында, картиналарында халқымыздың өткен тарихын алуан түрлі  тұрмыс тіршілігі мен салт- дәстүрі шығармаларында орын алған. Мұндай ауқымды маңызды дүниелерді әрі терең тарихи тақырыпта күні бүгінге дейін қазақ бейнелеу өнері үшін бағалы рухани қазынамызға айналды. Қазіргі таңда тарихымыздан сыр шертетін және осындай қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік ұлттық  таңбаны мөр етіп, өшпес із қалдырған жастарға ұлттық этетикалық тәрбие, рухани қуат беретін құнды мұрамыз.

          Ұлттық таңба жөнінде сөз бастағанда халықтың өнері мен реалистік бейнелеу өнерін өз шығармаларында ешқандай жасандылықсыз ұштастыра білген суретші  қазақтың кәсіби бейнелеу өнерін қалыптастырудың бірі Әбілхан Қастеев оның шығармалары толық аяқталғаны мен қарапайымдылығы мен және түсініктілігімен әр уақытта көрермен назарын өзіне аударып отырады. Оның әсіресе 1930 жылдардағы туындыларынан қазақтың дәстүрлі өнеріне жақын әуен байөалады. Суретші жұмыстарында кездейсоқ штрихтар, бояу таңбалары жоқ . Оның шығармаларындағы дәстүрлі ой- сана шынайылықтың  бүкілпсихологизм мен еш нәрсені назардан тыс қалдырмай бейнелеу тәсілінен көрінеді деп айтуымызға болады.[3- 168 б]                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

             Суретші ойдының көркемдік композициялық  шешімін ерекше ұлтық рухани ерекше табиғи әсермен картинаның түстердің сәйкес түзілімін негізінде құрығанын байқауға болады. Ә. Қастеев шығармаларындағы жоғары  ыдағаттылықпен салт- дәстүрді ұқыптылықпен бейнелеген, әр деталға мұхият зер салып, тиянақты бейнелеудің арқасында кәзіргі уақытта көптеген ұмыт бара жатқан  ұлттық мәдени жәдігерлеріміздің  басты сипатын көре аламыз, суретшінің  көркем туындылары келер ұрпақтың өзінің ұлттық тарихи мәдениетін танып білуге ұлттық сананың қалыптасуына орны бөлек шығармалар болып табылады.  

        Сондай-ақ Ә.Қастеевтің сол кездегі жазған шығармалары «Мектепке» атты әйгілі шығармасын айтуға болады. Бұл шығармада бейнеленген кейіпкерлерден жарқын болашаққа деген сенім ғылым білімге деген жастардың құлшынысы ынтасы байқалады. Суретшінің осы бір ғана туындысында ғана емес басқа да шығармаларында байқалады. Мәселен «Түркисіб», «Үйдің ішкі көрінісі», «Амангелді сарбаздары», «Жас Абай», «Ескі және жаңа тұрмыс» және тағы осы сияқты көптеген туындыларында қазақтың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық көріністе бейнеленген кезеңдерді көруге болады. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайлов, Қ. Қожықовтың пейзаждарымен жанрлық кенептері кәсіби кескіндеме шеңберңнде мифопоэтикалық дәстүрлі көзге көрінетіндей қып басқаша етіп өзгертті. Бұл күш-қуатқа толы тамаша табиғат туралы мифті, Жер мен Көк екі бастаманың мен бөлінбейтіндігін, осы екі құдіретті ұлылықтың арасында өтіп жатқан өзінің күделіктілігімен қымбат адам өмірі жайлы мифті құрау болып табылады. Құдай берген тамаша табиғаттың әсемдігі мен парасатына қатыстылық адам өмірінің барысына салтанатты іс кейіпін білдіреді. Мифтің жан-жақты поетикалық кенептердің композициялық ракурстарында туындайды және бұл жерде суретщілердің шеберлігі психологиялық мақсатта адамзаттың қысқа ғұмырын міңгілік өлшеммен өлшеу үшін көрермендердің алдына даланың ұқұшаққа симайтын бүкіл кеңістігін жайып тастағандай болады.[4-215 б]                                                                        

         Қазіргі суретшінің дүниетану жөніндегі  түсінігінің қазақтардың ұлттық этикасымен, эпикалық фольклорлық дүниетанымдық дәстүрлері мен  туыстығы көздің алдына анық байқалады, бұл жерде кейіпкер күшінің қайнар көзі- оның туған даласы мен жақындығында. Қазақ кескіндемесінің негізін салушылар,  олар Ә. Қастеев О.Таңсықбаев, Қ.Қожықов, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, Н.Нұрмұханбетов, К.Наурызбаев, Қ.Шаяхметов  мммммммммммммРамазан   

             Міне осындай сретшілердің  дүниелер арқылы жастарға ұлттық тәлім тәрбие беруде қандай ғасыр қай заманды алып қарамайық, оқытушы (педагог, ұстаз, мастер, шеберші, үйретуші, кеңесші, жаттықтырушы т.б ) Өмірдің өркендеуі  елдің еселі  дамуы  алдымен ұстазға байланысты. Анасыз бала болмайды дегендей  өмірінде ғұлама ғалым, асқан шебер биік – биік деңгейлерге жеткен қайталанбас адамдарды (Леонардо да Винчи, Нютон, Энштейн, Платон, Ал-Фараби т.б.)да ұстаздар оқытып дәріс берген. [5-5 б]      

Біздің басты мақсатымыз – оқушыларды  Қазақ  халқының  кәсіпқой ұлттық суретшілер шығармаларындағы дәстүрлі өнер бағыттары мен өзіндік қайталанбас стильдік ерекшеліктері  мен көзқарастары салыстырмалы талдаулар жасай білуге баулу, үйрету. Сондықтан да «Қазақ халқының дәстүрлі өнерін » үздіксіз қарастыру, оқыту, зерттеу,оқушылардың рухани – мәдени тұрғыдағы білім деңгейлерін әр уақытта көтеріп оқыту – оқытып тәрбие беру саласының басты кездерінің бірі болып есептеледі.[6-8б]                        

               Өнердің мұраты - көркем шындықты бейнелеп, санасы бар жанның эстетикалық сезімін тудыру болса, суретшінің қоғамдағы орнының әлсіреуі, баяғыдай ұлттық ойдың басы-қасынан табылмауы, суретшіні етікшімен шатастыру, әрине жаныңды    жүдетеді. Суретші деген халық - ақын, жазушы, композитор, режиссер сияқты тың дүниені өмірге әкелетін жандар ғой, ендеше оларды солармен бірдей, тең дәрежеде құрметтеген дұрыс. Көп жағдайда орындаушылардың өзі суретшілердің алдына түсіп кетіп жатады.       Суретші сезімнің адамы болғандықтан, оған қиянат жасамай, керісінше, оларды жігерлендіріп, қанаттандырып отырған жөн. Халқымыздың дәстүрлі өнері қоғамымызда оның ішінде жас ұрпақтың бойына сарасына ұлттық мәдени тәрбиелік тұрғыда білім беруде үлкен маңызды рөл атқарады.                          Қорыта келгенде ұлттық мәденитіміз бен рухани байлығымыздың қайнар бұлағы өнер болғандықтан бұл салада біз бұрынғы өткен өзіндік мәдениетімізді оқып біліп, есте ұстауымыз, одан рухани күш- қуат алып, өзіндік ұлттық көз қарасымызды, филасофиялық дүние танымымызды қалыптастырып, ой өрісімізді кеңейту керек.      Біздің халқымыз - әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де жаңа өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, жаңа қоғамның моральдық қасиетін уағыздауымыз керек

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалаған әдебиеттер:

 

1.                   Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы.  Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ.

2.     ТөлебиевӘ.Т.,ӘлмұханметовБ.А                                                                     Өнер тарихы. Жалпы білім беретін мектептің оқушыларына және студенттерге арналған оқу құралы- Астана; «Арман-ПВ», 2009. 304- бет

 

3.    Байжітов Б.К

 Қазақтың қол өнер тарихы: Сәндік қолданбалы өнер жіне халықтық        кәсіпшілік; Арнайы жоғары кәсібм білім бертін оқу орындарына арналған оқу құралы,- Алматы 2012- 265 бет.

 

4.     Қазақ өнер тарихы,- 3томдық (XIX ғасыр және XXғасырлардың бірінші жартысы,III том, 1- кітап).- Алматы; ‘Өнер’, 2008.- 608 бет.

 

5.    Мизанбаев Р.Б

 Живипись: Оқулық\ РАмазан Мизанбаев. – Алматы: Абай атындағы   ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. -2013- 208 бет.

 

6.    Ақбаева Ш.Ә, Жұмабаева Ж.Т, Ж.Б. Утепова

Қазақ халқылың дәстүрлі өнері. Бағдарлама. – Алматы, « Тау-       Самал», 2010 ж,- 48 бет. 

 

 

.