Педагогика/Современные
методы преподавания
Педагогика және психология
магистрлері,
аға оқытушылар
Агыбаева С.Е., Салгараева Г.И.
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
Өзін-өзі
тану сабақтарында этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Оқушыны әр сабақ сайын жаңа
білім көлемін қосып қана қоймай, оны өзі игеруі,
іздеп табуы, пікір алысуы, тапқан жаңалығын дәлелдеу
деңгейіне көтеру – қазіргі заман талабы. Аталған
талапты өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың
ұлттық құндылықтарын, дүниетанымын
қалыптастыруда этнопедагогикалық материалдарды
басшылыққа алу мақсат етіп қойылуы тиіс. Жеке
тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен және
қалыптасуында балалар мен жастардың қоғамдық
қозғалыстары мен ұйымдары, шығармашылық
одақтары айрықша рөл атқарады
Қоғамымыздың
ертеңгі болашағы – жас жеткіншектер. Оларды халықтық
салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге,
құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол
мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып
қалыптасуына берер пайдасы зор. Оқушыларды
ұлтжандылыққа, халқын қастерлеп, оған
қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және
адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында
күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық
педагогиканың тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді.
Ұрпағын
ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу
жоқ. Халықтық оқу-тәрбие ісінің негізгі
мақсаты – жалпы адамды, ең алдымен баланы ұлттық
құндылықтарымыз бен дүниетанымдарымызды бойларына
сіңіре отырып тәрбиелеу.
Ұлттық
құндылықтарымыз бен дүниетанымдарымызды
оқушылардың бойына сіңіруде «Өзін-өзі тану»
пәнін алуды көздедік. «Өзін-өзі тану» пәні
оқушыларға адамгершілік–рухани білім бере отырып, жан-жақты
үйлесімді дамыған жеке тұлға тәрбиелеп
шығаруды басты назарға қояды.
«Өзін-өзі
тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас
жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен
жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен
және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру,
әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы,
сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді
құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның
жан-жақты қалыптасуын қарастырады [1].
«Өзін-өзі
тану» пәнінде ғана кездесетін әдіс-тәсілдерге
«Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім»,
«Шығармашылық жұмыс» т.б. жатқызуға болады.
Бұл тәсілдерді тиімді пайдалану балалардың сабақты тез
меңгеруіне олардың арман, қиялдарын дамытып, рухани өсе
түсуіне көмектеседі.
Өзін-өзі тану сабағының
ерекшелігі әр сабақ оқушыларды өзіндік ізденуге
итермелейді, олар әр мәселенің түрлі шешімін ойлап
табуға тырысады, яғни өзіндік қиялын іске асырады.
Этнопедагогикалық материалдар
оқушылардың ұлттық сана-сезімін ғана емес, оларды
рухани да дамытады, сонымен қатар денені шынықтыруға да
ықпал етеді. Мысалы асық ойнау, алтыбақан тебу, кілем, алаша
тоқу, текемет басу белгілі бір тұрғыда дене күшін де
керек етеді. Сонымен қатар, шыдамдылыққа,
сабырлыққа, ұқыптылыққа да
тәрбиелейді [2].
Оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеу iсiн жетiлдiру
үшiн олардың жас және дербес ерекшелiктерiн есепке алып,
оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезiмiн ояту,
өз бетiнше жұмыс iстей бiлуге үйрету –
мұғалімнің басты мiндетi. Тәрбие мен білім беру
іс-әрекеттерінің нәтижесінде оқушының
тұлғасы қалыптасады.
Академик Г.Н. Волковтың пікірінше, халықтық
педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге
келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың
қоғамды құруда, қоршаған ортаны
табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек
тәрбиесінің адамдар өмірінде басты рөл
атқарғандығы; халық тәрбиесі күнделікті
қолданыста болғандықтан үнемі жетілу үстінде;
халық педагогикасы ұлыстардың ұрпақ тәрбиелеу
тәжірибесіне негізделіп, халықтың тәрбие
құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
ойын түрлері, ауыз әдебиетінің) арқылы іске
асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық
ойларға, ғылымға негізделген [3].
Мектепте
рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында
ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын
қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап
айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ,
жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, шешендік
сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі.
Батырлар
жырындағы бабалардың елін, жерін қорғаудағы
ерліктері; лиро-эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен
мөлдір сезім, балалардың өз халқына деген
сүйіспеншілік, құрмет сезімін асқақтата
түседі. Әдебиеттің ерекше жанры драмалық туындылардағы
кейіпкерлермен кездесе отырып, балалар адам бойындағы жағымды
немесе жағымсыз қасиеттердің мәнін ұғынып,
өз істерінде оғаштық көрсетпеуді түсінетін
болады.
Қазақ
ертегілері жас ұрпаққа патриоттық - ерлік тәрбие
беруде үлкен рөл атқарады. Олар өзінің
мазмұндылығымен, шыншылдығымен, тапқыр әжуа-
мысқылымен, әлеуметтік мәнімен көркем
құбылыс болып табылады.
Мақал-мәтел – ауызекі
халық шығармашылығында ерте заманнан келе жатқан
өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл
ойының көркем жиынтығы. Еңбек тәрбиесінің
таптырмас құралы.
Халықтық
мақал-мәтелдердің тақырыбы кең,
өмірдің барлық қырларын қамтиды. Онда шынайы
адамның тіршілік ету мәселелері маңызды орын алады. Демек,
қазақтың мақал-мәтелдерінде адам
өмірінің бастан кешірген тарихи-әлеуметтік іс-әрекетіне
түгелдей қамтылып, ақиқат түрінде бейнеленеді.
Рухани
болмысымызды ұлттық тұрғыдан зерделей келгенде, жас ұрпақтың,
жастардың ұлттық дүниетанымға деген
түсініктерін қалыптастыру қажет екендігін айқындайды.
Әсіресе, ұлттық
дүниетанымдарымызды оқыту барысында яғни,
мақал-мәтелдерімізді, ойындарымызды, ертегілерімізді сонымен
қатар үлкенді сыйлауға,
еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп
отыратындығын байқауымызға болады.
Жоғарыда айтылып өткендей, халқымыздың
этнопедагогикалық дүниетанымдары мен асыл мұраларын 5 сынып оқушыларына «Өзін-өзі тану» сабақтарында
пайдаланылды. Зерттеу жүргізу барысында
әңгімелесу, сауалнама әдістері арқылы,
оқушылардың этнопедагогикалық материалдарды
қаншалықты игергендігі туралы деңгейлері анықталды.
Олар: төменгі, орта, жоғары деңгейлер.
Төменгі деңгейі: Ұлттық
құндылықтарға немқұрайлықпен
қарайды. Халқымыздың әдет-ғұрыптары,
салт-дәстүрлері, ырымдары мен тыйымдары туралы түсінігі аз.
Орта деңгейі: Ұлттық
құндылықтар туралы түсінігі болмағанымен, оны
жекелеген түрлеріне қызығушылығы байқалады.
Жоғары деңгейі: Ұлттық
құндылықтардың мән-мазмұнын шынайы
түсініп жақсы меңгерген, оларды бар зейінімен тыңдап,
өз бетінше қызға оқиды.
Осы деңгейлерді анықтағаннан кейін төмендегідей
жұмыстар жүргізілді:
- өзін-өзі тану сабақтары ұлттық құндылықтарды пайдаланыла отырып
өткізілді және сабақ барысында өз бетімен дайындалатын
жұмыстар жүргізілді. Осы сабақтарды жүргізу негізінде
алдымызда мынадай міндеттерді жүзге асыруды көздедік:
- оқушылардың өз ұлттық
құндылықтары туралы терең түрде хабардар болуын
және бойларында қалыпты көзқарастарын
қалыптастыруды;
- халқымыздың салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптарын, ырымдары мен тыйымдарын этнопедагогика
материалдарының негізгі құралы деп алып оны
өзін-өзі тану пәнінде оқыту арқылы, бірте-бірте
бойларына сіңіру, өзіндік пікірлерін қалыптастыру болды;
- халықтық дүниетанымда тәрбие мәселелерінде,
ұлы ғұламалардың дұниетанымдық
көзқарастарындағы өзін-өзі тануды оқыту
арқылы оқушыларда өзіндік ой қалыптастыру.
Өзін-өзі тану пәнінің негізінде әр
тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді. Өзін-өзі
тану сабақтарының барысында қызықты,
шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.
Осы жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың
этнопедагогика материалдары көмегімен көзқарастарының
анағұрлым кеңейіп, ой-өрісінің
әлдеқайда жетілгендігі байқалды. Оны төмендегі суреттен
көре аламыз.

Этнопедагогика материалдарын пайдалана отырып оқушыларға
өзін-өзі тану пәні бойынша сабақтарды өткізу,
оқушылардың өз бетімен дайындалатын шығармашылық
түріндегі жұмыстар, мұнда мұғалім тарапынан
бағыт-бағдар бере отырып оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуге жағдай туғызу және оқу
үрдісінен тыс жұмыс түрлері болып табылады.
Осы аталған жұмыстардың барлығы
оқушылардың ұлттық
құндылықтарға деген көзқарастарының
белгілі бір деңгейде дамығандығын байқатты. Демек, өзін-өзі
тану пәнінде халқымыздың ұлттық
құндылықтарын пайдалана отырып сабақ өткізу
өз нәтижесін көрсетеді.
Әдебиеттер:
1. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития / В.Г. Маралов. - М.: Издательский центр
«Академия», 2002. – 256 с.
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.
- Алматы, 1995.
3. Волков Г. Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, Чувайское кн. Изд. 1974.